1 Macromedia Flash бағдарламасының интерфейсі және мүмкіндіктері



Дата20.06.2023
өлшемі19,99 Kb.
#102516
түріБағдарламасы

1)Macromedia Flash бағдарламасының интерфейсі және мүмкіндіктері
Адамзат өркениетінің даму қарқынының негізгі сипатының бірі
Қазіргі уақытта индустриалдықтан ақпараттық қоғамға болып отыр.
Жаппай компьютерлендіру жаңа ақпараттық технологияларды оқыту
Саласында бизнесте, өндірісте, ғылыми зерттеуде және әлеумет тік
Өмірде кеңінен қолданудың, дамудың жаңа деңгейін жасайды. 70
Жылдардың басында компьютерлік бөлшектер шығару саласында
Үлкен техникалық жаңалық ашылды, үлкен интегралдық үлгілер
Пайда болды. 80 жылдардың ортасында жергілікті және ауқымды
Желілер дами б астады.
Бүгінгі таңда технологияның қарқынды дамуына байланысты
Компьютерлердің графикалық мүмкіндіктері күннен -күнге үлкеюде.
Қазіргі компьютерлердің мүмкіндігіне байланысты бағдарламалар да
Аз жасалып жатқан жоқ. Соның ішінде, анимация жасауда көп
Қолда нысқа ие Macromedia Flash бағдарламасы. Бұл бағдарламаны
Көбінесе Web -сайттарды құруда көп қолданады. Соңғы кезде
Электронды оқыту өнімдері нарығында, Macromedia Flash
Технологиясы негізінде жасалған және тәжірибесі жоқ компьютер
Қолданушысына бағдарламал ық өнімдер жасау мүмкіндігін беретін
Оқу құралдары мен мультимедиялық оқулықтар саны көбейіп барады.
Қазір Macromedia Flash -технологиясы ең жаңа және кең қолданылып
Жатқан технология болып табылады. Macromedia Flash технологиясы
Анимация жасаушылар үшін өт е қолайлы бағдарлама, өйткені ол
Төмендегі сапаларға ие:
— жинақтылық (компьютерде тез жүктеледі) – векторлық графиканы
Пайдалану есебінде;
— интерактивтілік – пайдаланушы Flash -фильмдегі іс әрекеттерді
Тікелей басқара алады;
— қолайлылық – Macromedia Fl ash технологиясының негізі,
Компьютермен жұмыс істеу дағдысы бар кез -келген адамға түсінікті.
Сондай -ақ компьютер жадында өте аз орын алуы мен тез
Жүктелетіндігі Macromedia Flash пайдаланушылары үшін үлкен
Мүмкіндіктер туғызады.
Flash техналогиясының негіз гі векторлық графикалық
Форматынан Shockwave Flash (SWF) құрылды. SWF қосымшасының
Артықшылығы оның жеңіл тасымалдауында, яғни бұл формат әртүрлі
Аппараттық – бағдарламалық платформада қолданылады.
Flash техналогиясының құрамына мыналар кіреді:
— векторлық графика;
— анимацияларды қолдау;
— интерфейстің интербелсенді элементтерін құру мүмкіндігі;
— әртүрлі графикалық форматтарды қолдау;
— Flash фильмдерді HTML форм атына қосу;
— Flash фильмдерін Web — браузерде көру мүмкіндігі;
— әртүрлі визуальді саймандардың болуы.

Flash MX -те жұмыс жасау мүмкіндігі


Macromedia фирмасы SWF форматын қолайлы құралдармен,
Қарапайымдылықпен жабдықтағандықтан, аталмыш формат өзінің
Табын ушыларын а бай. Негізінде, бұлай жабдықталған құралдар
Жетерлік.
Олардың қайсыбірі мультимедиялық презентация жасауға
Бағытталса (Macromedia Director Shockwave Studio), келеcі бірі
Графикалық бейнелерді дайындауға бағыталған (Macromedia FreeHand
И Macromed ia Fireworks), ал үшіншілерімен интерактивті оқу курсын
Дайындауға болады. (Macromedia Authorware және Macromedia
CourseBuilder). Дегенмен тор беттерін құрушылардың арасында
Macromedia Flash көп қолданылады, өйткені тек осы өнім ғана, тор
Бетін аяғына дейі н әрлей алады. Ал жақсы әрленген бет әрине
Көпшіліктің көңілінен шығады. Интернет пайдаланушылардың жақсы
Көретіндігінен болар, бұл өнімді жай ғана Flash деп атайды. Сонымен
Flash технологиясының құрамына не кіреді соны көрейік:
— Векторлық графика;
— Анимац ияның бірнеше түрін қолдайды;
— Интерфейске интерактивті элементтер жасауға болады;
— FLASH фильмдерін HTML форматына ғана емес, интернетте
Қолданылатын кез келген форматқа көшіруге болады;
— Платформалық тәуелсіздік;
— FLASH фильмде рді автономдық түрде де, то р бра узерінде де
Көруге болады;
Macromedia Flash MX 2004 және Macromedia Flash Professional
Көптеген қызықты интерактивті мультимедиялық презентацияларды
Дайындауға мүмкіндігі көп. Flash те векторлық графикамен және
Анимациялар мен жұмыс істеуге болады. Әдетте бұл бағдарламамен
Басқарушы, растрлы графика, бейнематериалдарды монтаждауға және
Дыбыстық файлдармен жұмыс істеуге болады. =
Flash – те анимация, эффекті, векторлық графика, интерактивті
Мысалдар, бағдарламалар, Web – сайтттағы презентацияларды жаса уға
Болады. Flash – те істеген жұмыстарды FLA форматта сақтайды. FLA
Форматында керекті ресурстарды, бейнематериалдар дыбыстар мен
Кодтар сақтайды. Қазіргі таңда Macromedia Flash MX интернетті
Қолданатын барлық адамдарға танымал.
Қазірг і кезде тор беттерін әрлеуге көбінесе растрлық графика
Қолданылады. Оларға GIF (Graphics Interchange Format, ақпарат
Алмасуға арналған графикалық формат), JPEG (Join Photographic
Experts Group – Біріккен бейне эксперттерінің тобы) және PNG
(Portable Networ k Graphics – Жылжымалы графикалық формат)
Жатады.
Растрлық графика нүктелер жиынтығы (пиксель – pixel)
Арқылы сипатталады. Бұл нүктелер бір бірімен байланыста
Болмағандықтан, олардың әрқайсысының түсі мен координатын
Анықтау керек. Жай ғана мысал, екі -ақ т үсті (ақ қара) бейнені
Сипаттаған кезде, әр пиксельдің түсін беру үшін екілік санау жүйесін
Пайдаланады: 0 – қара, 1 – ақ.. Ал, 256 түсті бейнені сипаттаған кезде
Енді әр пиксельге 8 -дік санау жүйесін қолданады (256=28). Суреттің
Сапасы жақсы болу үшін, әр пиксель үшін 24 разрядқа дейін
Қолданылады.
Растрлық бейнелердің тағы бір кемшілігі — бейне сапасы,
Пайдаланып отырған монитор пиксельдерінің өлшеміне де
Байланысты. Яғни кей мониторларда суреттің сапасы әдемі болып
Тұрса, екінші жерде ол ондай қасиеттен айырылады. Сапасы нашар
Суреттердің пикселін көбейтуге арналған бағдарламалар болғанымен
Олар да бұл жағдайды толық шеше алмайды.
Векторлық графика – орналасуын математикалық формулалар
Арқылы сипаттайтын қисықтар жиынтығынан туратын бейне.
Мысалға, кез келген шеңберді бейнелеу үшін 3 -4 сан ғана керек,
Радиус, центр координаттары, сызық қалыңдығы. Осыған
Байланысты, векторлық графика растрлық графикаға қарағанда
Бірнеше артықшылықтарға ие:
— Математикалық формулалармен сипатталған суреттер,
Растрлық графика ға қарағанда жадыда аз орын алады.
— Бейнені өзіміз қалаған кез келген масштабқа сапасын
Жоғалтпай, өзгертуге болады.
— Кез келген платформаға еш «қатесіз» көшіруге болды.

2) Алгоритм және программалау тілдерін оқыту әдістемесі


ЭЕМ-ді пайдалану істерін қарастырмас бұрын оның жұмы сымен тығыз байланысты алгоритм, программа ұғымдарын
Білуіміз қажет. Əрбір ЭЕМ алдын ала берілген алгоритммен,
Яғни жоспармен жұмыс істейді. Алгоритмді заңдылық, реттелген амалдар жиыны, кезекпен орындалатын операциялар тізімі
Деп ұғынған жөн. Бұл ұғым қазіргі кезде кеңінен қолданылып
Жүр. Оның көптеген анықтамалары да бар. Соның бірін келтіре
Кетейік.
Алгоритм – берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру. Кез келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритмді
ЭЕМ-де орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.
Сонымен, алгоритм оны атқарушы ЭЕМ-ге жұмыс тəртібін
Түсіндіретін ережелер мен нұсқаулар тізбегінен тұрады. Алгоритмді атқарушының рөлін негізінен адам немесе автомат тандырылған аспап, яғни ЭЕМ, робот, т.б. атқарады. Мысалы,
Y=(ax+b)(cx-d) функциясын есептеу төменгі іс-əрекеттерден
Тұрады:

  1. А-ны х-ке көбейту, оны R1

Деп белгілеу;

  1. Оған b-ны қосу, нəтижесін R2

Деп белгілеу;

  1. С-ны х-ке көбейту, оны R3

Деп белгілеу;

  1. Одан d-ны алу, оны R4

Деп белгілеу;
5) R2
-ні R4
-ке көбейту, оны y деп белгілеу.
Алгоритмнің орындалу кезінде оны орындаушыға келесі жолы
Қандай нұсқау бойынша орындалатыны белгілі болуы қажет. Ал
Орындаушының жүзеге асыра алатын командалар жиыны – командалар жүйесін құрайды.
Алгоритм мен программаға байланысты ЭЕМ-нің мынадай
Жұмыс ерекшеліктері болады:
1) есепті шығару жолы алгоритм түрінде өрнектелуі қажет;
2) алгоритм программаға айналдырылуы тиіс;
Программа машина жадына енгізіліп, ретімен орындалуы
Керек. Алгоритм күнделікті тұрмыста да кеңінен қолданылады.
Мысалы, студент болу үшін алгоритмнің мынадай қадамдарын
Орындау керек.
1. Орта мектепті бітіріп, аттестат алу.
2. Керекті құжаттарды аттестаттың түпнұсқасымен бірге
Бел гілі бір оқу орнына өткізу.
3. Конкурстан өту.
Бұл көрсетілген пункттердің орнын ауыстыруға болмайды.
Олар көрсетілген ретпен кезектесіп орындалуы тиіс. Сонда ғана
Керекті нəтижеге (студент болу) қолымыз жетеді.
Алгоритм информатиканың іргелі ұғымдарының бірі. Квадрат
Теңдеудің түбірін табу ережесі, үшбұрыштың ауданын есептеу
Жолдары алгоритмдердің мысалдары болып табылады.
Алгоритмдеу – есепті шығару алгоритмін құрастыру процесі, мұның нəтижесінде мəліметтерді өңдеу процесінің кезеңдері айқындалады да, кезеңдер мазмұны формальды (жасанды)
Түрде жазылып, солардың орындалу реттілігі анықталады.
Алгоритмдік тіл – алгоритмдерді жазуға арналған символдар мен сол символдардан тұратын конструкцияларды құрастыру жəне түсіндіру ережелерінің жиыны.
Программалау тілі ЭЕМ-дерде программаларды орындау
Ісін атқарады.
Программа – алгоритмді машинаға түсінікті нұсқаулар
Тізімі ретінде жазу. Программада берілген мəліметтердің сипаттамаларымен бірге оларды өңдейтін командалар болады.
Осы командалар тізбегі орындалу барысында есептің нəтижесі
Шығады. Командалар қандай мəліметтер қандай операцияларға
Қатынасатынын, олар қандай реттілік пен орындалатынын жəне
Нəтиженің қандай түрде шығарылатынын көрсетеді. Бұлар операторлар арқылы жүзеге асырылады.
Əрбір ЭЕМ алдын ала жазылған программамен істейді. Процессор программаның құрамындағы командаларды кезекпен
Орындап отырады. Командалар тізбегін программа деп қарасты руға болады. Команда бір ғана қарапайым амалды орындау
Үшін берілген бұйрық ретінде беріледі. Командалар: арифметикалық немесе логикалық амал; ақпаратты тасымалдау командасы;
Берілген сандарды салыстыру командасы; келесі командаларға
Көшу тəртібін орындау, т.с.с.
Алгоритм жəне программа ұғымдары ұқсас екені көрініп тұр,
Алгоритм есептің шығару жолын қарапайым əрекеттер тізбегімен
Өрнектесе, программа сол өрнекті машинаға түсінікті тілмен
Жазып береді. Сондықтан программа жазу тəсілдері солардың
Қандай ережені пайда ланып, қандай компьютерлерге арналып
Жазылғанына байланысты алгоритмдік тілдер немесе программалау тілдері ұғымына келіп тіреледі.
Мəліметтер – белгілі бір процесс көмегімен тасымалдап,
Өңдеуге болатын, формальды түрде бейнеленген фактілер мен
Идеялар.
Оператор – операциялар мен мəндерді көрсететін немесе
Солардың элементтерінің қай жерде орналасқанын білдіретін
Символдар жиыны. Мысалы:
А:= В+С; {А, В, С – айнымалы;}
К:= 2; IF T<0 THEN …
Айнымалы – программа орындалуы барысында өз мəнін
Өзгерте алатын объект.
Айнымалы қасиеттері:

  1. Айнымалы белгілі бір мəнге ие болғанша, анықталмаған

Болып саналады. Оған мəн беру мынадай тəсілдермен
Орындалады:
• сырттан енгізу арқылы;
• тұрақты мəнді (константаны) меншіктеу арқылы;
• бұрын анықталған айнымалының мəнін беру арқылы;
2. кез келген сəтте айнымалының белгілі бір мəні болады немесе ол анықталмаған болып есептеледі;
3. айнымалыға соңғы берілген мəн оның алдыңғы мəнін жойып (өшіріп) жібереді. Айнымалыны таңдау (оқу) жəне оны
Пайдалану айнымалының мəнін өзгертпейді.
Бұл пəннің заттық негізі болып (ЭЕМ-де шығару мақсатында) алгоритмдер мен программаларды құрастыру тəсілдері мен
Құралдары саналады. Программалар құру үшін программалау
Жүйелері пайдаланылады.
Программалау жүйесі – программалауды автоматтандыру
Құралдары. Олар программа лау тілінен, осы тілдің трансляторынан, құжаттамаларынан жəне де программаларды дайындау, əрі

Орындау құралдарынан тұрады.

Транслятор – бір тілді екінші тілге аудару программасы. Ол

Интерпретатор жəне компилятор сияқты екі топқа бөлінеді.

Интерпретатор – бұл командаларды аударып, оларды бірден

Орындауға арналған трансляторлық программа.

Компилятор – бұл алгоритмдік тілдің конструкцияларын

Толығымен машиналық кодқа түрлендіретін программа. Есептің



Нəтижесін алу түшін машиналық кодты орындау керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет