1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні 9 мамыр —



жүктеу 10.37 Mb.
Pdf просмотр
бет5/17
Дата03.03.2017
өлшемі10.37 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Бітімгершілік 

институтын 

дамытудағы 

қажыр-қайраты

Б

үгінгі таңда еліміздегі құқық саласын із-



гілендіру мен әділеттілік, азаматтардың 

өзара қатынасын реттеу мәселесіндегі 

өзекті бір құрал — медиаторлық жүйеге жүгіну. 

Медиация — еркін процесс.  Медиация рәсімінде 

тараптар талапкердің талабын қанағаттандыру 

тәсілі туралы келісімге келу  көзделген. Меди-

ация    Тәуелсіз  еліміздің  сот  жүйесіндегі  жаңа 

бастамалардың  жалғасы  ретінде  және  оң 

өзгерістердің  жүзеге  асырылып  жатқандығын 

айғақтайды.

Елімізде барлық озық әлемдік стандарттарға 

сай  келетін,  азаматтардың  құқықтары  мен 

бостандықтарын  қорғауды  ашық  және  бүкпе-

сіз  сот  жүйесін  қалыптастыруға  бағытталған 

көптеген шаралар қабылданып келеді.

2011  жылы  «Медиация  туралы»  заң  қабыл-

данды.

Халқымыз  ежелден  сыйлы  адамның  уәжіне 



тоқтаған.  Сол  игі  дәстүр  бүгінде  қайта  жаңғы-

рып жатыр.

БҰҰ-ның  Даму  бағдарламасы  әлемнің  166 

елінде  жұмыс  істейтіндіктен,  халықаралық 

тәжірибемен алмасу да маңызды рөлге ие.

 Бітімгершілік институтын дамытуда шаралар 

кешенін әзірлеу үшін сот, прокуратура және әділет 

органдарының күші біріктірілген.  Осы  мақсатта 

«Бітімгершілік-Примирение»  тұжырымдамасы  

қабылданған.  Ол бітімгерлік шараларын пай-

дала-

ну мүмкіндіктерін кеңейтуді,



дауларды  шешудің  соттан 

тыс  тәсілдерін  жетілдіруді 

көздейді. 

Жаһандық 

юриспру-

денция  бір  орнында 

тұрмайды. 

Әлемдік 


үрдіс  бітімгерлік  әдіс-

тің  кең  масштабта 

қолданылуы 

болып 


отыр.

С о т т а р д ы ң 

ұдайы  «Ашық  есік 

күндерін»  өткізіп 

отыру 

мәселесі 



де  жолға  қойылған.  Бұл 

шара  барысында  сот  жұмысынан 

қоғамның  әрбір  өкілі    толғандырып  жүр-

ген  мәселелер  бойынша  мәлімет  алып,  сот 

басшылығымен,  судьялармен,  сондай-ақ  сот 

қызметкерлерімен пікірлесе алады.

Соттарда  халыққа  қолжетімді  болуы  үшін 

жасалып  жатқан  шаралардың  бірі  —  «се-

нім  жәшіктері»  ұйымдастырылған.  Ол  «сенім 

жәшіктеріне» сот жұмысынан мүдделі кез келген 

жеке тұлға не заңды тұлға өкілі сот жұмысына 

немесе нақты бір судьяның іс-әрекетіне байла-

нысты өз пікірін білдіріп, қажет болған жағдайда 

шұғыл  түрде  сот  қызметкерінің  негізсіз  іс-

әрекетіне тисті шара қолдануды сұрай алады.

Сот жүйесін материалдық-техникалық құрал-

жабдықтармен  қамтамасыз  етудегі  тағы  бір 

жаңалық  —  қаралып  жатқан  істердің  дыбыс 

және бейнежазбаға жазылуы. Бұл — қазіргі за-

ман талабы. Қазақстан  соты бұл жолда  да ТМД 

елдері  арасында  озық  келеді. Мұның  бәрін 

өз  басынан  өткізген кәсіби  маман ғана атқара  

алады.    Судья  болу  үшін  оның  риторикалық, 

логикалық,  интеллектуалдық  қабілет-қарымы  

болуы    керек.  Одан  соң  ол    адам  уақыттың 

түрлі  сындарынан өтуі  тиіс. Осының  бәрінің  

бастауында    Жоғарғы    сот  төрағасы  Қайрат  

Әбдразақұлының  тұрғаны да  сондықтан. 

   

Ермек  Жұмахметұлы

Ақ тілек


07

ҚАЗАҚСТАН – 2050: МƏҢГІЛІК ЕЛ

30 СƏУІР ЖЫЛҚЫ ЖЫЛЫ  ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN 

NEDEX шыныпакеттерге арналған химиялық тауар-

лар дайындап шығарады. Компания өндіретін тауар-

лар желісінің ең маңыздылары молекулярлық сито, по-

лисульфидті герметик, хотмелт, яғни ыстық герметик, 

бутилді герметик, алюмин және “жылы” дистанциондық 

жиектеме және шыныпакеттерді оқшаулауға арналған 

материалдар.  Жыл  сайын  дүниежүзінде  NEDEX  тау-

арын қолдана отырып жасалған 250 000 000 шаршы 

метр шыныпакеттер шығарылады.

2011  жылы  NEDEX  компаниясы  Қазақстан  Рес-

публикасының Алматы қаласында өзінің NEDEX Alm-

aty атты қоймасын ашты. 2012 жылы «NEDEX Almaty» 

компаниясы дистанциондық жиектеме (спейсер) және 

полисульфидтігерметик өндірісін іске қосты.

NEDEX компаниясының тауарлары сатылып отырған 

ел  нарығына  бағытталған  бірнеше  жүйеден  тұрады. 

Техникалық тұрғыдан алатын болсақ, NEDEX тауар-

лары EN, ГОСТ тәріздес халықаралық стандарттарға 

сай сертификатталған.

NEDEX тауарларын шығару барысында өз саласын-

да  дүниежүзі  бойынша  көшбасшы  болып  танылатын 

компаниялар шикізаттары қолданылады. Өндіру бары-

сында жоғары сапалы, барлық биік стандарттарға сай, 

толық бақылаудан өткен шикізат қана қолданылады.

Шыныпакет  өндірісімен  айналысатын  әр  ком-

панияның  өз  қоятын  талаптары  және  күтер  оңтайлы 

нәтижелері  бар.  NEDEX  компаниясы  осындай  ком-

панияларға өзінің сан алуан тауралар жүйесін ұсына 

отырып, қысқа мерзімді келешек емес, ұзақ мерзімді 

қызметтестік ұсынысын жасайды. Сонымен қатар, өз 

тауарына толықтай кепілдік бере алады!

ҚҰРЫЛЫС ТЫНЫСЫ

«NEDEX Almaty» компаниясы 

— Қазақстанда

Әке, сізді 

жоқтаймыз, 

сағынамыз!

1941 жылы соғыс 

басталғанда, біздің әкеміз 

Жұмағалиев Салых небәрі 

19 жаста болатын. Сұм 

соғыстың алғашқы күні-ақ 

жауынгер қатарына жазылып, 

елін, жерін, Отанын қорғауға 

соғысқа аттанды. Соғыстың 

бүкіл қиыншылықтарын 

көреді. Қан майданда 

бірнеше рет жарақат, 

контузия алып, айыққаннан кейін, жауынгерлер 

қатарына тағы да қосылып, 1946 жылы жеңіспен елге 

оралады. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін омырауында 

“Даңқ” ордені мен басқа да медальдар жарқырады. 

Әлі  есімде,  жылда  9  мамыр 

— 

Жеңіс  күнін  тойлағанда,  әкемізді 



мектепте өтетін түрлі шараларға, сұхбат кештеріне шақыратын. Бұл күні 

біз, балалары, ерекше мақтанып, бір көтеріліп қалатынбыз. Әкеміз жеңіс 

күніне  қандай  қиыншылықпен,  ыстыққа  күйіп,  суыққа  тоңып,  аштыққа 

мойын  ұсынбай,  қан  кешіп  жеткені  туралы  әңгімелейтін.  Әкем  өзінің 

зенит-артиллерия  полкі  қатарында  соғысқанын  айтатын.  Бірде  залда 

отырған бір бала: «Сіз неге біз, біз дейсіз, өзіңіздің ерлігіңіз туралы неге 

айтпайсыз?» 

— 

деп сұрайды. Сонда әкем: «Мен деп сөйлемейтін себебім, 



жалғыз адам жауды жеңе алмайды, қоян-қолтық ынтымақтасып жеңіске 

жеттік», 

— 

деп  жауап  берген.  Қазір  ойланып  қарасам,  әкем  “мен”  деп 



сөйлемейтін жан болған екен. Бұл да ол кісінің кішіпейілділігі, кісілігі екен 

ғой. Әке деген аса қасиетті, қастерлі жан екенін ол өмірден өткеннен соң 

ғана сезіне бастадық. Әкеміз салмақты, байсалды, бір нәрсені бабымен 

жасап, әр мәселені нақтылап, асықпай, ойланып шешетін. Ол кісінің дауыс 

көтеріп  қатты  сөйлегенін  көрген  де,  естіген  де  емеспіз.  Бізді,  яғни  алты 

баласын балапандай бағып-қағып, өсіріп, тәлім-тәрбие беріп, жөн-жоба 

көрсетіп, ержеткізді, адам қылды. «Жалғыз әке жүз ұстазды алмастыра 

алады», 


— 

деген сөз тегін айтылмаған-ау. Бәрімізді де жоғары білім алып, 

еңбекке араласуға жетелеп жеткізді. Мәдениетті де тәрбиелі болуымызға 

жағдай жасап, ақыл-кеңестерін айтып отырды. Бізге: “Қайырымды, көпшіл 

болыңдар. Дос таңдай біліңдер, жолдас-жораларыңды қадірлей біліңдер. 

Досты да, дұшпанды да бір дастарқанның басынан табасыңдар. Ешқашан 

жалған  сөйлемей,  турашыл  болыңдар,  қонақ  күте  біліңдер,  қонаққа 

жағдай жасаңдар. Қонаққа жайған көрпелерің 

 өздеріңе жайғандарың. 



Әр қонақ өз ырысымен келеді”, 

 деп отыратын. Оның үлгісін өзі көрсете 



білді. Біздің үйден қонақ арылмайтын. Өзінің жақын достары Бақтыгерей, 

Асқар, Сәкен ағалар, Александр Иванович Егоров деген кісілермен аңға 

шығып, жиі кездесіп тұратын. Кейін Александр Иванович Мәскеу қаласына 

көшіп кетсе де, бір-бірінен алыстамай, араласып тұратын. Әкеміз әрқашан 

ағайын-тумалардың  арасын  біріктіруге,  ауру-сырқауларға,  мұқтаждарға 

көмек беруге дайын тұратын. Ұлды ұяға, қызды қияға қондырып, немере, 

жиендер  сүйді,  құдандалы  болды.  «Алладан  хабар  келсе,  аспандағы 

жұлдыз  да  жерге  түседі», 

— 

дейді  ғой.  Қазір  әкетайымыз  о  дүниелік. 



Әке!  Сіздің  даналығыңызға,  қамқорлығыңызға,  мейірімділігіңізге 

бәріміз  басымызды  иеміз.  Мәңгі  есімізде  сақтаймыз.  Сізді  жоқтаймыз, 

сағынамыз.

Балалары атынан қызы Майра Жұмағалиева

Жемқорлық барлық қоғамда 

бар. Міне, осы дерекпен-ақ 

өзімізді жұбатып, тамырға 

бойлаған індетті ақтап 

алуға болар еді. Алайда 

жемқорлықты, сыбайластықты 

ақылмен тізгіндеген, заңмен 

ауыздықтаған, моральдық 

құндылықтармен алмастыра 

білген мемлекеттер де бар ғой. 

Ол елдерде коррупция атымен 

жоқ деуге және болмайды, 

бірақ тұрғындардың өмір 

сүру деңгейі жоғарылаған 

сайын көлденең кеселдерден 

қоғамның өзі тазарып отыраты-

нын байқау қиын емес. 

Жемқорлықтың  тарихы  тіпті  терең.  Адам-

зат  қоғамы  пайда  болғалы  бар  десек  те 

қателеспейміз.  Демек,  адамзатпен  бірге  жа-

сасып келеді. Есте жоқ ескі замандардан ке-

ліп  жеткен  деректер  бойынша,  парақорлық, 

жемқорлық  туралы  алғашқы  деректер  біздің 

дәуірімізге  дейінгі  ХХIV  ғасырда  қағазға 

түскен.  Шумерлердің  Лагаш  атты  мемле-

кет-шаһарының 

патшасы 


Уруинимгина 

жемқорларды  қатаң  жазалап  отырғанына 

қарамастан,  елдегі  бұл  індеттің  түп-тамыры-

на  толық  балта  шаба  алмағаны  айтылады. 

Әрине,  адамзаттың  даму  үдерісінде,  ежелгі 

замандарда билеушілерге бағыныштылардың 

сыйлық жасауы, өз тартуы өзгелердікінен асып 

түсуі үшін мейлінше қымбат әрі құнды сыйлық 

жасауға  тырысуы  белгілі  жайт.  Билеушіге 

жасалған  сыйлық  көп  жағдайда  пара  болып 

есептелмей  келгені  де  рас.  Қорытынды  мы-

надай болмақ: адамзат қоғамы дамыған сай-

ын, моральдық өсу деңгейіне сай, жемқорлық 

та  өз  бейнесін  құбылтып  отырды.  Бұл  үрдіс 

көбінесе  жеке  қажеттіліктер  мен  мүдделерді 

шешуге бағытталды.

Бірақ бүгінгідей ғылым мен техника дамыған 

заманда,  адамзаттың  ақыл-ойы  ғылымның 

барлық саласында үлкен жеміс беріп отырған 

дәуірде  жемқорлық  болмаса  керек  еді  ғой. 

Алайда  жемқорлық  қауіпті  құбылыс  ретінде 

қазір әлемнің 200-ден астам мемлекетінде де 

күн тәртібінде тұр.

Қатал заң ғана 

тосқауыл бола алады

Қазақстан  Республикасының  Президен-

ті  Нұрсұлтан  Назарбаев  халыққа  дамудың 

басты  бағыты  ретінде  ұсынған  «Қазақстан-

2050»  Стратегиясында  мемлекеттілікті  одан 

әрі  нығайту  және  қазақстандық  демократия-

ны дамыту тетігінің бірі ретінде жемқорлыққа 

қарсы  күресті  атады.  «Мемлекет  пен  қоғам 

жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға 

тиіс.  Жемқорлық  –  жай  құқық  бұзушылық 

емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенім-

ді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген  

тікелей  қатер  болып  саналады.  Біз  түпкі 

мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде 

жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды 

жетілдіру  арқылы  жемқорлықпен  күресті 

қатты күшейтуіміз керек», — деп атап көрсетті 

Президент. 

Елбасының  жемқорлықпен  күреске  мем-

лекет  халқын  жұмылдырып  отырғаны  те-

гіннен-тегін  емес.  Өйткені  кез  келген  жаңа 

қоғамда  әуелгі  кездерде  адамдардың  ел 

қазынасын  өз  меншігіндей  көріп,  бірінші  өзін 

жарылқауға  тырысатыны  бұрыннан  бар 

құбылыс.  Бұл  дерттен  дер  кезінде  ес  жиған 

ел ғана алға қадам жасай алады. Қазақстан 

Республикасының Парламенті ТМД елдерінен 

бірінші  болып  1998  жылдың  шілде  айында 

«Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  тура-

лы»  Заң  қабылдады.  Кейіннен  бұл  саладағы 

ұлттық  заңнаманы  жетілдіру  барысында 

Қазақстан  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Сы-

байлас  жемқорлыққа  қарсы,  Трансұлттық 

ұйымдасқан  қылмысқа  қарсы  конвенция-

ларын  және  басқа  да  жалпы  жұрт  таныған 

халықаралық  актілерді  ратификациялап, 

сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  бүкіләлемдік 

қоғамдастықтың тең мүшесіне айналды.

Қазақстан Республикасы ратификациялаған 

2003  жылғы  31  қазандағы  Біріккен  Ұлттар 

Ұйымының  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 

конвенциясының 21-бабына сәйкес, әрбір оған 

қатысушы мемлекет экономикалық, қаржы не-

месе  коммерциялық  қызметтің  барысында 

жасалатын кейбір әрекеттерді қылмыс деп та-

нуы қажет. Ол әрекеттердің  қатарында жеке 

сектор ұйымында оның жұмысына басшылық 

ететін,  немесе  кез  келген  салада  осындай 

ұйымда жұмыс істейтін кез келген адамға өзі не-

месе делдалдар арқылы қандай да бір заңсыз 

басымдылыққа уәде беру, оны ұсыну немесе 

беру әрекеттері аталған. Оған қоса жеке сек-

тор  ұйымында  басшылық  ететін  немесе  кез 

келген салада осындай ұйымда жұмыс істей-

тін  адам,  өзі  немесе  басқа  адам  үшін,  өзінің 

міндеттерін бұза отырып, қандайда бір әрекет 

немесе әрекетсіздік жасауы мақсатында тіке-

лей өзі немесе делдалдар арқылы қандай да 

бір заңсыз басымдылықты қорқытып алу не-

месе қабылдау туралы да айтылған.

Елімізде  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 

күрес  мәселелерін  реттейтін  ҚР  «Сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңынан 

бөлек,  ҚР  Қылмыстық  Кодексі,  Әкімшілік 

құқық  бұзушылық  туралы  кодексі,  Еңбек  ко-

дексі, ҚР Президентінің Жарлығымен бекітіл-

ген  Қазақстан  Республикасының  мемлекет-

тік  қызметшілерінің  Ар-намыс  кодексі  негізгі 

нормативтік құқықтық актілері бар. Мемлекет 

басшысының    «Қазақстан  Республикасында 

қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

күресті  күшейту  және  құқық  қорғау  қызметін 

одан  әрі  жетілдіру  жөніндегі  қосымша  шара-

лар туралы» Жарлығы да қолданысқа енгізіл-

ген.  Бұл  Жарлық  еліміздегі  құқық  қорғау  ор-

гандары  қызметтерін  жетілдіруге  бағыттала 

отырып,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 

әрекеттер  мен  олардың  пайда  болуының 

алдын  алуда  жүйелі  әрі  тұрақты  шаралар 

атқаруды қамтамасыз етеді. 



Дерт дендеген 

салалар

Ешбір  өкілетті  орган,  ешбір  жеке  агент-

тік  нақты  мәліметтер  ұсынбаса  да,  елімізде 

жемқорлық жайлаған салаларды нақты атап 

беру  қиын  емес.      Парламентте  сыбайлас 

жемқорлық  мәселесі  талқыланғанда,  мемле-

кеттік  қызмет,  жергілікті  өзін-өзі  басқару  ор-

гандары, бюджет процесі, мемлекеттік меншік-

терді жекешелендіру, банк, лицензиялау және 

құқық  қорғау  салаларында  бұл  құбылыстың 

етек алып, тіпті ырыққа көнбей бара жатқаны 

айтылды. Бұл салалардан бөлек, мемлекеттік 

сатып  алу  және  білім  беру  салаларында  да 

жемқорлықтың  дендеп  енгенін  байқау  қиын 

емес.  Демек,  «Қазақстан-2050»  Стратеги-

ясында  жемқорлықты  ұлттық  қауіпсіздікке 

төнген  тікелей  қатер  деп  көрсету  бекерден-

бекер емес. 

Бүкіл әлемдегі жемқорлық сипатын зерттей 

келгенде, кез келген елде адамдар өз бизнесін 

гүлдендіру үшін пара алуға және пара беруге 

бейім екені анықталған. Бұл көрініс Қазақстанда 

да  бар.  Қанша  жасырып-жапқанмен,  бүгінде 

мемлекеттік лоттарға ие болу үшін ұйым, ме-

кеме, фирма басшыларының тиісті адамдарға 

алдымен «қалпақ» кигізетіні (лоттарды иеле-

ніп кету үшін алдын ала пара беретіні) немесе 

алатын лоттың белгілі бір пайызын мәселені 

шешуші адамға беруге келісетіні белгілі. Бұл 

қылмыспен  жылына  ондаған  ірі  лауазымды 

шенеуніктер тұтылып жатқанына қарамастан, 

оның  бәсеңдеуі  байқалмайды.  Мысалы, 

жақында  2011  жылы  Алматы  және  Астана 

қалаларында өткен қысқы Азия ойындарының 

ұйымдастырылу жұмыстары кезінде 600 мил-

лион теңге ақша жымқырылғаны анықталды. 

Кінәлі адамдар табылып, заң алдында жауап 

беріп  те  жатыр.  Мұндай  фактілер  жеткілікті, 

алайда  айыпталып,  қылмысы  мойындалып, 

ондаған жыл арқалап кетіп жатса да, әсіресе 

мемлекеттік сатып алу саласындағы осындай 

жымысқы әрекеттер азаяр емес.

Жемқорлық бүкіл қоғамның санасын билеп, 

өзгертіп  барады.  Мектеп  бітіретін  баланың 

ата-анасы пара беретін адам іздейді, оқу ор-

нын  бітірген  жас  маман  пара  беріп  жұмысқа 

қабылданады,  қызметінде  белгілі  бір  білік-

тілік  деңгейіне  жету  үшін  де  пара  ұсынады. 

Бұл,  шынында  да,  қоғамды  дендеген  дерт. 

«Пара  бергенше,  бара  бер»  дейтін  қазақы 

түсінік бүгінде өз маңызын жойып алуы әбден 

ықтимал.  ҚР  Парламенті  Мәжілісіндегі  «Нұр 

Отан»  партиясы  фракциясының  мүшелері 

Елбасының  көрсеткен  бағытына  қарай  «Сы-

байлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес»  туралы 

жаңа  заң  жобасын  әзірледі.  Бұл  жобада  ел-

дегі  жемқорлыққа  аса  бейім  11  сала  атап 

көрсетілген.  Жоба  Мәжіліс  қарауына  енді 

ұсынылады. 

Қазақстан Республикасының экономикалық 

қылмысқа  және  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы  күрес  агенттігі  сыбайлас  жемқорлық-

пен  күрестің  негізгі  қағидаларын  былайша 

анықтады: 

1. Баршаның заң және сот алдында теңдігі.

2.  Мемлекеттік  органдар  қызметінің  нақты 

құқықтық тәртібін, заңдылығын және осындай 

қызметтің  жариялылығын,  оған  мемлекеттік 

және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету.

3. Жеке және заңды тұлғалардың құқығы мен 

заңды  мүдделеріне  қатысы  бар  сұрақтарды 

шешу  процедурасын  және  кадр  жұмысын, 

мемлекеттік аппарат құрылымын жетілдіру.

Қысқаша  айтқанда,  жемқорлық  шынында 

да мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін 

құбылыс  болып  тұр.  Өкінішке  қарай,  2013 

жылы әлемнің ешбір елі жемқорлықпен күрес 

мәселесінде  үлгі  боларлықтай  қадам  жасай 

алмаған. 

Ең жемқор ел, 

ең таза ел

Transparency  International  коммерциялық 

емес халықаралық ұйымының «Жемқорлықты 

тану индексі» бойынша 2013 жылы Қазақстан 

әлемнің  177  елінің  ішінде  143-орын  алған. 

Бұл  мақтанышпен  айтатын  нәтиже  емес. 

2012 жылы Қазақстан бұл рейтингте 28 ұпай 

жинаған  болса,  бір  жыл  ішінде  2  ұпайдан 

айырылған,  яғни  26  ұпаймен  әлемнің 

жемқорлық жайлаған елдерінің қатарына ен-

ген. ТМД елдерінің ішінде Қазақстаннан төмен 

Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан 

және  Тәжікстан  ғана  орналасқан.  Transpare-

ncy  International  зерттеушілері  бұл  рейтингті 

түзу үшін елдегі статистикалық мәліметтерді, 

халықаралық  сарапшылар  мен  іскерлердің 

пікірін  басшылыққа  алған.  Ең  бастысы,  мем-

лекеттік  сектордағы  жемқорлықтың  көлемі 

мен  жиілігі,  бюджет  қаржыларын  бөлудегі 

жымысқылық және қоғам өкілдерін хабардар 

етпей  шешім  қабылдау  мәселелері  есеп-

телген.  Сондай-ақ,  үкіметтің  коррупцияға 

қарсы әрекеті де басты шарттың бірі ретінде 

қарастырылған. Осы талаптарды есептей ке-

ліп, әр елдің жемқорлық шкаласы 0 және 100 

ұпай аралығында анықталды. Ұпай неғұрлым 

аз болған сайын, ол елдің жемқорлық рейтингі 

де төмендеп отырады. 

Осы  рейтинг  бойынша,  әлемде  жем-

қорлықтан ең алыс елдер ретінде Дания мен 

Жаңа  Зеландия  аталды.  Бұл  елдер  91  ұпай 

жинаған. Үшінші орында – 89 ұпайы бар Фин-

ляндия. Ал жемқорлық қатты жайлаған елдер 

қатарында  Сомали,  Ауғанстан  және  КХДР 

бар. Олар 8 ұпай ғана жинаған. Дегенмен әлем 

елдерінің 70 пайызы 50 ұпайға жеткізіп жинай 

алмағандықтан, олардың бәрінде «жемқорлық 

деңгейі жоғары» деп айтуға болады. 

Жемқорлық  –  қоғам  дерті.  Онымен  күрес 

бір  сәтке  де  тоқтап  қалмауға  тиіс.  Осын-

дай  әлемдегі  де,  еліміздегі  де  жемқорлық 

жағдайын  көре  тұра,  Қазақстанның  Пре-

зиденті  жемқорлыққа  қарсы  күресуді 

«Қазақстан-2050»  Стратегиясында  елдің 

приоритеттерінің бірі деп Үкіметке тапсырма 

бергені үміттендіреді. 



Кемелбек Ойшыбаев

ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫН ТҰРАЛАТАТЫН 

ДЕРТ  —  ЖЕМҚОРЛЫҚ

NEDEX компаниясы шыныпакеттер 

нарығында 1999 жылдан бері келе 

жатыр. Компанияның негізгі мақсаты 

— шыныпакеттердің оқшаулану жолын 

жақсарта отырып, қуатты үнемдеу. NEDEX 

компаниясы құрылған кезінен бастап өз 

тауарлары мен өндірісінің табиғилығына 

үлкен мән берді. Компанияның басты иде-

ясы шыныпакеттер өндірісімен айналыса-

тын барлық компаниялардың талаптарына 

сай келетін сапалы тауар өндіру болды.



Жұлд

ыз Әбішева

БОЛМЫСЫ 

БӨЛЕК БОЛЫС ЕДІ

Адамдарды өзіне 

тартып тұратын кісілігі 

мен кішілігін қатар ұстай 

білген азамат-ініміз Болыс 

Асанұлының мына жарық 

дүниеден қоштасқанына 

қырық күннің жүзі 

болыпты-ау. Алпыс бес 

жасқа қараған шағында 

Болыстың да  дәм-тұзы 

таусылып, өмірден өте 

барды.

Болыс  Асанұлы  1949  жылдың 



мамыр  айында  Қызылорда  облысы,  Жалағаш  ауданының  Мақпалкөл 

ауылында  өмірге  келіп,  сонда  орта  мектепті  бітіріп,  колхоз  жұмысына 

араласады.  1967-1972  жылдары  КазПТИ-дің  құрылыс-инженері 

факультетінде  оқып,  оны  үздік  бітіріп,  ұстаздарының  ұсынуымен 

өзі  оқыған  институтында  ұстаздық  қызметін  бастады.  Ол  1975-1997 

жылдарда Алматы құрылыс техникумында мұғалім, бөлім меңгерушісі, 

арасында  «ГосКомГаз»  мекемесінде  жетекші  инженер,  1997-2009 

жылдарда  «Тайқазантехносервис»  ЖШС-ның  бас  инженері,  2006-2012 

жылдар  аралығында  «КАТЭК»  ЖШС-ында  бас  маман  әрі  сарапшы 

қызметінде  болып,  еліміздегі  газ  қондыру  ісіне  белсене  араласты.  Газ 

шаруашылығында нәтижелі істері қалды. 2012 жылдан зейнеткер болса 

да, өзінің әріптестерінен қол үзбеді. Оларға ақылшы аға, ақсақалы бола 

білді.

Болыс  Асанұлы  асықпай  сөйлеп,  айтар  ойың  терең  жеткізе  білетін, 



сарбаз жігіттердің бірі еді. Өнерге жақын, әсіресе күй тартқанды жақсы 

көретін.  Болыстың  әкесі  Асан  молда  ел  ақсақалдарын  шаңырағына 

шақырып, ұлының есімін Болыс деп қоятынын айтқан. “Баласына Болыс 

деп  ат  қоюы  оның  болыс  болған  Қара  Жүргеновпен  бірге  қызметтес 

болғаны және Қарекеңді құрметтеуінен болар”, 

 деп шамалаймын. 



Маңдайы  жарқыраған,  бойынан  бекзаттық  қасиет  андағайлаған 

келбетті  азамат  Болыс  Асанұлы  ақсақалдыққа  бет  алған,  толысқан 

шағында ажал шіркін алып тынды. Әлі де оның алға қойған жоспарлары, 

мақсаттары, арманы көп еді. Халқына әлі де берері көп азаматты ажал 

арамыздан  жұлып  әкетті.  Бәрі  де  бір  Алланың  ісі  ғой,  бүгін  қазалы  да 

азалы  күні інімізді еске ала  отырып, жатқан жері жұмсақ, жаны жәннатта 

иманы қасында болғай деп тілейміз.




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет