1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні 9 мамыр —


Бейбіт Байсариев, зейнеткер



жүктеу 10.37 Mb.
Pdf просмотр
бет8/17
Дата03.03.2017
өлшемі10.37 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

Бейбіт Байсариев, зейнеткер,

Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы,

Тереңөзек ауылы

 ХАЛІҢ ҚАЛАЙ, ЖАС ҚАЙРАТЫ ЕЛІМНІҢ?

АТЫРАУ  

ОБЛЫСЫ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

Жақында  Оралдағы  жастар  мәдениет 

үйінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 

облыстық  «Жұлдыз-ай»  шығармашылық  фе-

стивалі өтті. Бұған облыстық көру қабілеті на-

шар  балаларға  арналған  мектеп-интернаты, 

есту және сөйлеу қабілеті бұзылған  балаларға 

арналған  мектеп-интернат  кешені,  ата-

анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім 

балаларға  арналған  №15  облыстық  көмекші 

мектеп-интернаты  мен  үйден  оқытылып 

жүрген  мүмкіндігі  шектеулі  балалар  қатысты.  

Қатысушылар  ән  салу,  би  билеу,  саз  аспап-

тарында  ойнау  және  сурдо  аударма  әндерін 

орындаумен қатар, бейнелеу өнері бойынша да 

өзара сынға түсті.  

Аталмыш  байқауда  Астана  қаласынан  ар-

найы келген республикалық «Жұлдыз-ай» қоры 

ұйымдастырушыларының  іріктеуінен өткен 10-

16 жас аралығындағы 119 бала өнер көрсетті. 

Екі  сағатқа  созылған  өнер  кешінде  дарынды 

балалардың 72-сі ән салып, би билесе, қалған 

47  бала  көрермендер  назарына  өздерінің 

көркем туындыларын ұсынды.     Көрермендер 

оралдық  «Аягөз»  би  ұжымының,  Владис-

лав  Истоминнің,  Аружан  Сабыржанованың, 

жаңақалалық  Әсел  Асқарованың,    жетім 

балаларға  арналған  №15  облыстық  көмекші 

мектеп-интернаты би тобының, облыстық көру 

қабілеті  бұзылған  балаларға  арналған  мек-

теп-интернат  тәрбиеленушілерінен  құралған 

ер  балалар  үштігінің  өнерлеріне  тәнті  болды.  

Әсіресе  Теректі  ауданынан  келген  Светлана 

Тастенова  (суретте)  «Аққу»  биін  билегенде 

тебіреніп,  толқымаған  көрермен  қалмады. 

Бұдан  басқа  дарынды  балалар  «Наурыз», 

«Батырлар», «Татар» билерін нақышына кел-

тіре биледі. Олардың орындауындағы «Менің 

анам»,  «Ата-анамыз  үшін  дұға  қылайық», 

«Астанаға  тағзым»,  «Құсни-Қорлан»  секілді 

әндер көпшіліктің көңілінен шығып, жас әншілер 

көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.  

Облыстық «Өркен» қосымша білім беру орта-

лы-ғының директоры Айболат Қожанғалиевтің 

айтуынша,  бұл  фестваль  мүмкіндігі  шектеу-

лі  балалардың  шығармашылық  қабілеттері 

мен  мүмкіндіктерін  дамыту,  оларды  қоғаммен 

араластыру  және  өздеріне  деген  сенімін 

қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған. 

Мұндай фестиваль елімізде осымен тоғызыншы 

рет  ұйымдастырылып  отыр.  Осынау  өнер  до-

дасына қатысқан мүмкіндігі шектеулі өрендерге  

арнайы  көмек-қолдаулар  көрсетілді.  Бұл 

олардың  өнерге  деген  ынтасын  арттырып, 

жарқын болашаққа сенімін молайтты. 

Айша Өтепали

Алға кәсіпкерінің ісі неге 

артқа кетеді?

Ауылдан шыққан академик

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

«Жұлдыз-айда»  жұлдыздары жанғандар

 Еркін Әлмағанбетұлы


10

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ – 69 ЖЫЛ

30 СƏУІР ЖЫЛҚЫ ЖЫЛЫ  ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN 



ЖАНБАҚЫТ 

МЕРЕКЕҰЛЫ

zhanbakyt.mereke@mail.ru



Тасқа жазылмаса да, 

хатқа жаздым атыңды, ата! 

Ж

ұмыс  күндерінің  бірі  болатын. 



Кеше  бітпей  қалған  шаруаны 

қолға  алып,  жазу-сызуымызды 

жалғастыра бергенім сол еді, ұялы телефо-

ным қоңыраулатып сала берді.

–  Мәке,  –  деді  арғы  жағындағы  көңілсіз 

дауыс.


– Иә, тыңдап тұрмын. 

Хал-жағдайды 

сұрап, 

әңгімелесіп, 



өздеріндегі жаңалықтарды әншейінде емен-

жарқын  жеткізетін  Гүлнәрдің  даусының 

бәсеңдігінен  жайсыз  бір  жағдайдың 

болғанын  бірден  ұқтым.  Өткенде  бір 

хабарласқанда  әкей  қатты  ауырып  жа-

тыр  деп  еді...  Осы  ойыма  келіп,  жөн 

сұрағанымша көңілсіздігінің сырын өзі жет-

кізді. 


– Мәке, – деді бағанағы бәсең дауыс, – 

әкей қайтыс болды... Гүлнәрдің арғы бетте 

жылап тұрғанын ұқтым.

Не  дейік  біз,  көңіл  айттық  ата-дәстүр 

салтымен. Ажалға араша түсер бұ дүниеде 

ешкімде  дәрмен  жоқ  қой!  Бұл  былтыр 

болған жайт еді. Арада жылжып жыл да өте 

шығыпты.


Әкесінің 1941 жылы басталған Ұлы Отан 

соғысына  қатысқан  майдангер  болғанын 

өзінен  естігем.  “Жеңістің  70  жылдығына 

жетсе  екен!”  —  деп,  аман-саулығын  тілеп 

жүргенін де білетінмін.

Манап  Қамзаұлы  Құрманов  1925  жылы 

1  қаңтарда  Алтай  өлкесі  Славогород 

ауданының  бұрынғы  Қызыл  ту,  қазіргі  Ку-

атовка  ауылында  дүниеге  келген.  Сол 

сұрапыл соғысқа соңғы қатысқандар 1925 

жылы  туылғандар  еді  ғой,  бұлардың  да 

қатары сирегені қашан.  Майдангер Манап 

ақсақал осылайша 88 жасында дүние салды 

былтыр. Бақытсыз өмір кешті дей алмаймыз. 

Зайыбы  Зейнелғарап Сәдуақасқызы екеуі  

9 бала — бес ұл, төрт қызды — тәрбиелеп, 

ержеткізді.  Барлығының  жоғары  білім 

алуына,  қанаттанып,  қатарға  қосылуына 

қолғабыс жасады. Бұлардан 20 немере, 19 

шөбере  өрді.  2004  жылы  күзде  дүниеден 

өткен зайыбының қазасы қарт майдангердің 

қабырғасын  қатты  қайыстырып  кеткен. 

Елу  төрт  жыл  отасқан  Зейнелғарабынан 

айырылған  соң  сырқатының  сызат  бер-

гені де бар еді. Жан жары, өмірлік жолда-

сы болған,  сенімді серігінің жөні бөлек те, 

балалардың жөні бөлек қой. Ол үшін ешкім-

ді де айыптауға болмас.

Қанішер  неміс  басқыншыларын  өз  ор-

дасына  қуып  тығып,  Жеңіс  туының  жел-

біреуіне  18  жасында  от  кешіп,  1943  жылы 

қаңтар  айында  қолына  қару  алып  қан 

майданға  аттанған  қатардағы  жауынгер 

Манап  Қамзаұлы  Құрмановтың  да  қосқан 

мол үлесі бар. 1941 жылы соғыс басталған 

алғашқы  күндері-ақ  алдындағы  екі  ағасы 

Хажиақпар  мен  Зейнелғабиден  әскерге 

алынды.  Соңынан  ержеткен  бұл  да    неміс 

басқыншыларымен  ерлікпен  шайқасты. 

Сонда  үйде кенже інілері 12 жасар Саттар 

ғана қалған еді. 

Әскерге алынған соң, алдымен Днепропе-

тровск  қаласындағы  №  200  барлаушылар 

даярлайтын  мектепте    әзірліктен  өтті.  Со-

дан  кейін  Дала  майданының  және  2-Укра-

ин  майданы  92-гвардиялық  дивизияның 

276  гвардиялық  полкінде  мотоатқыштар 

әскерлері  қатарында  жауынгерлік  сапта 

болды. Алғашқы шайқасқа сол 1943 жылы 

қыркүйек  айында  қатысты.  Украинаның 

бірқатар  қалалары  мен  деревняларын 

азат  етуде  ерліктің  озық  үлгісін  көрсетті. 

Днепрден бастап, болгар-түрік шекарасына 

шейін 1000 км-ден астам жауынгерлік жол-

дан өтті. Екі рет “Жауынгерлік ерлігі үшін” 

медалімен марапатталып, командирлердің 

басшылығы тарапынан екі рет Алғыс жари-

яланды  және  Жоғарғы  Бас  қолбасшы  Ио-

сиф Сталиннің қолы қойылған Алғыс хатта 

жауынгерлік ерлігі ерекше атап өтілді. Кейін 

бейбіт өмірге  араласқан кезеңде, Жеңістің 

мерейтойлары тұсында өңіріне бірнеше ме-

даль  және Отан соғысының ІІ дәрежелі ор-

денін тақты.

Жеңіс  күнін  1945  жылы  Болгария  же-

рінде  қарсы  алды.  Үйге  сол  жылы  тамыз 

айында  оралды.  Жиырмадағы  жас  қыран 

жігіт  жақын  тума-туыстарынан  сонда  бұл 

майданнан  жазған  хаттардың  бірде-бірін 

алмағанын  білген  еді.  Қилы  кезең,  кімді 

кінәлайсың?..

“Біз соғыста жүрген кезде үйге хат жазуға 

да қолымыз тие бермейтін,– деген екен бір-

де Манап қарт балаларына. – Үйден де жы-

лына бір рет хат алсақ, соның өзіне қатты 

қуанатынбыз. Ал біз хат жазсақ, оны “аман-

саумыз. Жеңіс біздікі болады. Көріскенше!” 

— деп, қысқа ғана қайыратынбыз”, — деп-

ті.

Әкесінің жауынгерлік сапта соғыста түскен 



кішкентай ғана бір суреті бар екен, оны әкесі 

шоколад конфетінің жылтыр қағазына орап, 

төс  қалтасына  сақтап  жүріпті.  Хатты  жау-

ынгерлер қарандашпен жазады екен. Оның 

өзін де бүкіл жауынгерлер қарандашты ке-

зекпен  алған.  Өйткені  қарандаш  біреу-ақ. 

Хат жазу үшін де жауынгерлерге дәптердің 

бір-ақ  парағынан    таратылып  берілетін 

болған.

Манап  ақсақалдың  балаларының  дені 



Павлодар  қаласында  тұрады.  Майдангер 

былтыр балаларының көз алдында, оларға 

батасын  беріп,  ақыл-кеңесін  айтып  жатып 

көз жұмды.

— Әкемнің майданнан 1944 жылы қаңтар 

айында жазған хатын 2010 жылы алғанымыз 

бар,  –  дейді  бізбен  әңгімесінде  Гүлнәр 

Құрманова. – Біз сенерімізді, не сенбесімізді 

білмей аң-таң болдық басында. Славогород 

ауданы  орталығынан  үйге  бірде  телефон 

соғылып,  мұрағаттан  әкемнің  1944  жылы 

жазған хаты табылғаны туралы хабарлады. 

Сөйтсек, бір майдангердің немересі атасы 

туралы мәліметтерді мұрағаттан іздестіріп 

жүріп, әкеміздің “Менің мекен-жайым: Дала 

почтасы – 11730 Н” деп жазған үшбұрышты 

хатына  кездейсоқ  кезігіпті.  Алпыс  алты 

жыл  бұрын  жақын  қарындасы  Құснидың 

атына  жазған  хатын  өзі  алған  сәтте  әкем 

қатты қапаланды. Қарындасының ол хатты 

мезгілінде ала алмағанына және ол хатты 

көрмей, оның өмірден озып кеткеніне шын 

өкінді.

Әкемнің  жазуы  өте  әдемі  еді.  Бір  парақ 



қағазды  бүлдіріп  алмайын  деп,  тым 

ыждаһатпен  жазғанын  байқауға  болады. 

Хат жарты бетке де жетпейді, қысқа ғана. 

Хатын  “Аман-саумын.  Өздеріңнің  хал-

жағдайларың қалай? Бір жылдан бері сен-

дерден хат жоқ. Неге жазбайсыңдар!? Менің 

бауырларымнан  хат  келіп  тұра  ма?  Егер 

бар болса, олар туралы және ауыл жайлы 

жазыңдаршы.  Менің  Саттар  інім  қалай? 

Ержетіп,  өсіп  келе  ме?  Оны  ренжітпеңдер 

әрі аялаңдар. Елге тірі оралсам, сендерге 

үлкен рақметімді айтамын. Басқа не жазай-

ын... Көріскенше күн жақсы болып, аман-сау 

болыңдар. Мені білетіндердің бәріне менен 

сәлем айтуды ұмытпа”, — деп таза қазақша 

жазыпты хатын.

Иә, Жеңістің биыл 69 жылдығы. Қан май-

даннан талай боздақ өз Отанына, өз отба-

сына  оралмады.  Хат-хабарсыз  кеткендері 

қаншама.


Соғыста  жарақат  алса  да  еліне  аман-

сау  оралып,  үйлі-баранды  болған,  бала-

шағасының  қызығын  көрген  Манап 

Қамзаұлы  Құрмановты  бақытсыз  жан  дей 

алмаймыз.  Нағыз  бақытты  кісі  ол.  Өйткені 

басында жалғыз бір өзі болса, отау құрған 

соң зайыбы екеуі кіндігінен 50-ге тарта ұрпақ 

өргізді.  Олардың  тамыры  қазір  тереңге 

жайылып  келеді.  Нағыз  бақыт  деген  осы 

шығар. 


Соғыстан кейін Куатовка ауылдық тұтыну 

қоғамында,  одан  Павлодар  облысының 

Успенка  ауданында  мал  шаруашылығы 

саласында  көп  жыл  абыройлы  да  жемісті 

еңбек етті. Үлгілі ісін жұрт бағалап, елі сый-

лады.  Құрмановтар  отбасын  бәрі  құрмет 

тұтты.  Ұрпағы  барда,  елі  барда  Манап 

ақсақалдың есімі өшпек емес.

Мына  мәліметті  майдангердің  балала-

ры жіберді. Соғыс жылдары Павлодар об-

лысынан әскерге 46257 адам шақырылған 

екен. Солардың 22252-і қаза тапқан. Ал 23 

павлодарлық  азамат  Кеңестер  Одағының 

батыры  атағына  ие  болса,  8-і  Даңқ 

орденінің толық иегері атанған. Батырларға 

мың мәрте тағзым!



Марат Әбдіхалық,

Қазақстан Журналистер Одағы 

сыйлығының лауреаты, 

ҚР Мәдениет қайраткері

66 


ЖЫЛ 

ЖОЛДА 


ЖҮРГЕН 

ХАТ


майдангер қарттың ө

з 

қолына 85 жасында тиіпті

БАЛА МЕН 

САНА

Ж

ылда Жеңіс күні жақындаған сайын 



осы  бір  қызықты  оқиға  есіме  ерік-

сіз  оралады.  Қызым  Фаризаның 

балабақшаға  барып  жүрген  кезі.  «Алды-

мызда  келе  жатқан  9  мамыр  қандай  мей-

рам?» — деп сұрақ қойған оған, бұл күн ата-

бабаларымыздың  жаумен  соғысып,  жеңген 

күні  екенін,  ол  соғысқа  Борантай  атасының 

да қатысып, оң қолының үш саусағын снаряд 

жұлып  кеткенін  айттым  және  түсінікті  болсын 

деген  оймен  үш  саусағымды  бүге  жасырып  

көрсетіп те қойдым.

Сонымен  мейрам  да  келіп  қалды.  Кешкі-

сін  қызымды  балабақшадан  алып  қайтқан 

қарындасым Лаура есіктен ентіге кірді. 

— Аға, қызыңызға елес көрінді ме, әлде біл-

меймін,  «Борантай  атамды  көрдім,  қолының 

үш саусағы жоқ екен», — деп қарап тұр. Есті-

ген  кезде  есім  ауып,  құлап  қала  жаздадым, 

— деді көзі шарасынан шығып. Атасы жайлы 

айтқаным  есіме  сап  ете  түскенімен,  а  деген-

де  мен  де  «апыр-ай,  бұл  кімді  көрді  екен?» 

—  деп    абдырап  қалғаным  рас.  Сөйтсем, 

тәрбиешілері балабақша балаларын 28 панфи-

ловшылар  саябағына  апарған  екен.  Сондағы 

Даңқ  мемориалындағы  мылтық  ұстаған  бір 

жауынгердің қолын көрген қызым «атам» деп 

ойласа  керек.  Сол  жолы  атасының  ерлік  жо-

лын ұрпағының ұмытпайтындай етіп сана-

сына сіңіргеніне күлдік те қойдық.

АЌ САЌАЛЫН ТАРАМ-

ДАП ЖАТУШЫ ЕДІМ

Иә,  менің  алты-жеті  жасымда  дүниеден 

озған  атам  Борантай  Елеусізұлы  соғыс  арда-

гері  еді.  Әлі  есімде,  ораза  кезі  болса  керек, 

таңға  жуықтаса  да  әлі  суи  қоймаған  пеш-

ке  арқасын  беріп,  апам  төсеген  ақ  тулаққа 

жайғасатын  атамның  алдына  шопиып  жата 

қалып,  шоқшалау  болса  да  алқымын  жауып 

тұратын аппақ сақалының астынан қарап, та-

рамдай тартқылап, жұтқыншағының ары-бері 

қозғалғанын    қызықтайтынмын.  Әншейінде 

мінезі  шатақтау  атам,  өздеріне  табиғы  бо-

лып,  ерке  өскен  маған  басына  шығып  ал-

сам  да  ештеңе  демейтін  және  менің  бетіме 

жан  баласын  тіке  қаратпайтын.  Үлкендердің 

айтуынша,  жарықтық  майданда  денесіне 

шашырай  тиіп,  терісімен  бірге  бітіп  келген 

снаряд жарықшақтарын елге оралғаннан кей-

інгі  оңаша  бір  сәттерде  де  сипалай  уқалап, 

шығарып алып отырады екен. 

ЇШ САУСАЌТАН 

АЙЫРЄАН МОЖАЙСК 

МАЙДАНЫ

Сонымен, менің атам қан майданда қай жер-



де соғысты екен?.. 

Атам  жиі  айтып  отыратын  Можайск 

жайлы  кейіннен  оқып,  білдік    қой.  Айтса 

айтқандай-ақ, соғыс бастала салып атыс-

шабыстың  астында  қалған    жерлердің 

бірі осы Можайск екен.  

1941  жылдың  жазында  жаудың 

Мәскеуге  басып  кіру  қаупі  зор  екенді-

гін  ескерген  Мемлекеттің  Қорғаныс  Ко-

митеті  Можайск  майданы  бағытында 

қорғаныс линиясының құрылысын ба-

стайды.  Кейіннен  Кеңес  әскерлері 

осы  қорғаныс  шебінде  жаудың 

«Орталық» («Центр») атты әскери 

құрамасына  қарсы  соғысады. 

Әсіресе  қазан  айларында  жау  өз 

әскерін  Минск  тас  жолына  шығару 

арқылы  Мәскеуді  алмақ  болып,  кескілескен 

ұрыс  салады.  Батыс  майданының  қорғаныс 

операцияларының  арқасында  әскерлер  бес 

күн  бойы  Можайскіні  бермей  ұстап  тұрған. 

Бес  күннен  соң  күші  басым  жау  қалаға  лап 

қойғанымен, бұл аймақта төрт партизан отря-

ды жаумен жаға жыртысып, соғыса береді. Бұл 

келтірген мысал Можайск майданына қатысты 

айтылған  бір  ғана  эпизод.  Мінеки,  байқап 

отырғандарыңыздай,  соғыс  бастала  салып, 

майданға  аттанған  атамды  бәлендей  ерлік 

жасапты деп әсіре айтпасақ та, әйтеуір оның 

қанды соғыстың  бел ортасында жүргені анық. 

Осы  орайда,  атамның  айтқандарын  естіген 

үлкендердің естелігінен үзінді келтірейін. 

Бірде  жанына  таман  жарылған  снарядтан 

атам  есінен  танып  құлайды.  Екі  тәуліктей 

жатып,  есін  жиса,  кеуде  тұсынан  жоғары 

топыраққа  көміліп  жатыр  екен,  аяқ-қолы 

қозғалмайды. Ерні кезеріп, айқайлауға шама-

сы келмей жатқан оны алысырақта жүрген өз 

әскерлеріміз де байқамайды. Өлген шығармын 

деп жатқанда қасынан өтіп бара жатқан өзбек 

жігіті ыңырси белгі берген атамды көріп қалып, 

әскери  санитарларға  хабарлайды.  Жүгіре 

жеткен  санитарлар  атамды  санчастьқа  алып 

келіпті.  Сол  жолғы  жарылыс-та  өзге  дене 

мүшелерінің жараланғанынан бөлек, атам үш 

саусағынан айырылған екен. Осылайша, сан-

частьте  екі-үш  ай  емделген  атам  қайтадан 

майдан шебіне оралыпты.

ҐР МІНЕЗДІ 

«БІЛМЕС» 

Тағы  бір  айта  кетер  жайт,  атамның  бойы 

шәпелтектеу болғанымен, Райымбек батырдың 

жанында  жүрген  серіктес  батырларының  бірі 

Ердес батырдың ұрпағы болғандықтан шығар, 

өр  мінезді  еді.  Сол  өр  мінезінің  арқасында 

әскерлер мен офицерлердің арасында сыйлы 

да болған. Анығырақ айтсам, сыйлата білген. 

Олай дейтінім, майдангерлер арасында орыс-

ша  білмейтін  атамды  о  баста  қақпақылдап, 

төмендеткісі  келгендер  де  болыпты.  Сондай 

кездерде атам: «Мен ештеңе білмеймін, орыс-

ша  да  білмеймін,  бірақ  менің  айтқаным  бо-

луы  керек!»  —  дейтін  көрінеді.  Әсіресе  «мен 

ештеңе білмеймін, тамақты бірінші алуым ке-

рек»,  —  деп,  өзін  қақпақылдаған  әскерлерді 

қаға-маға кеуделеп барып, тамағын алып жей-

ді екен. Осыдан кейін атамды бүкіл батальон 

«Білмес»  деп  атап  кетіпті.  Бұл,  әрине,  қай 

қазақтың да бойынан табылар қайсарлықтың, 

өзгелердің  алдында  өзін  өр  ұстауының  бір 

көрінісі еді. 

ПЕРЗЕНТТІК 

ПАРЫЗЫМ    

      


1943  жылдың  жазында  майданнан  жара-

лы  болып,  туған  ауылы  Шошанайға  оралған 

атам  қой  бағып,  қоңыр  тірлікке  араласады. 

Майданға  аттанғанда  артында  қалған  үлкен 

ұлы    Сұлтан  мен  ортаншы  ұлы,  менің  әкем 

Мереке  көкелеріне  көмектесіп,  қолғанат  бо-

лады.  Ал  соғыстан  кейін    дүниеге  келген 

баласының  атын  ер-азаматтарымыз 

елге  аман-есен  оралсын  деген  ни-

етпен,  Аман  деп  койыпты.  Бүгінде 

олардан 

тараған 


ұрпақтар 

бақытты ғұмыр кешуде. 

Атам көзі тірісінде ауылдағы 

соғыс  ардагерлерімен  бірге 

Жеңіс күні қарсаңында түрлі 

сый-сияпаттар алып, арқа-

жарқа бір желпініп қалады 

екен, жарықтық. 

Дегенмен, 

бір 


күні 

марқұм  әкем  Мереке 

үйге  көңілсіздеу  кел-

ді.  «Ауыл  мектебінің 

алдына 

орнатылған 



соғыс 

ардагерлерінің 

аты  жазылған  ескерт-

кіш  таста  көкемнің  (Бо-

рантай  атамды  айтады) 

аты-жөні  жазылмапты», 

—  деді  ренжіген  кейіппен 

ол. Кейіннен мен де көріп, 

кеудемді  намыс  кернегені-

мен,  дау  айтып,  даурығуды 

жөн  көрмедік,  әмбе  кеш  те 

еді.  Бұл,  сірә,  сол  кездегі  жі-

берген мектеп директорының кемшілігі немесе 

кішкене  ғана  ауылдағы  ұсақ  трайбализм  ау-

руына  шалдыққан  пысықайлардың  ісі  болуы 

мүмкін деген түйінге келдім. Қазір сол мектеп-

те Борантай атамнан тараған ұрпақтары білім 

алып жатыр. Олардың да ескерткіш таста өз 

аталарының  аты  тұрмағанына  қынжылары 

сөзсіз.  Ал  мен  тасқа  түспеген  атамның  есі-

мін  қағазда  қалдырғанды,  болашақ  кітабыма 

енгізуді,  осылайша,  ұрпақ  алдында  бабалар 

рухын  асқақтатуды  өзіме  перзенттік  пары-

зым деп санадым. Бұл жазғаным Жеңіс күніне 

байланысты  желісті  естелік  қана,  әйтпесе, 

атам туралы аңыз-әңгімелер жетіп-артылады. 

Оларды  келер  уақыттың  құзырына  қалдыра 

тұрайын.  



11

“АГРОБИЗНЕС — 2020”

30 СƏУІР ЖЫЛҚЫ ЖЫЛЫ  



ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN 

Астанада Халықаралық 

эпизоотиялық 

бюроның аймақтық 

семинары өтті

 Іс-шараға қатысушылар Халықаралық эпизоотикалық 

бюроның  ұсыныстарымен  әзірленген  аусыл  ауруымен 

күрес жөніндегі жоспарды талқылады. 

 Қазіргі таңда Орта Азия аумағындағы мемлекеттерде, 

соның ішінде біздің республикамызда аусыл ауруы бой-

ынша  эпизоотиялық  жағдай  күрделенуде.  Республика 

аумағында 2012 жылы аусыл ауруының 10 ошағы (Алма-

ты облысында — 4, Шығыс Қазақстанда — 3, Жамбылда 

— 3) болса, 2013 жылы 3 ошақ Шығыс Қазақстан облы-

сында тіркелген. 

 Халықаралық эпизоотиялық бюроның басшылығымен 

жануарлардың шекаралас ауруларын бақылау жөніндегі 

бағдарламасы аясында аусыл ауруымен ауқымды күресу 

стратегиясы  дайындалды.  Бюроның  ұсыныстарына 

сәйкес,  осы  бағдарлама  ұлттық  ветеринариялық 

қызметтердің жауапкершілігін арттыруды, сонымен қатар 

аусыл ауруына бақылауды күшейтуді көздейді. 

Осы ауқымды стратегияда аусыл індетін бақылау үшін 

тәуекелділікті  басқару  жөніндегі  ұсыныстар  бойынша 

мемлекет  арасында  ауруларды  таратпау  мақсатында 

барлық  елдің  Үкіметтерінде  алдын  алу  шаралары 

қарастырылған.  

  Орталық  Азия  елдерінде  аусыл  ауруының  тіркелуін 

талдау барысында, ұзақ уақыт бойы ұлттық деңгейде ша-

ралар жүргізіп отырғанымен, кейбір мемлекеттерде аусыл 

індеті жиі орын алуда.  

  Осыған  байланысты  Орта  Азия    елдері  (Қырғызстан 

Республикасы, Түркіменстан, Тәжікстан, Өзбекстан) үшін 

Халықаралық  Эпизоотиялық  Бюроның  Субрегинальдық 

Үйлестірудің  жаңа  кеңсесін  Астана  қаласында 

Республикалық мемлекеттік  кәсіпорын – Республикалық 

ветеринариялық зертханасында ашу жоспарланып отыр.

  Үйлестіру    кеңсесінің  жұмысы  келесідей  шараларды 

атқаруға бағытталған: аусыл індетін бақылауды күшейту; 

аймақтық деңгейде аусылмен күресу стратегиясын және бі-

регей тәсілді қалыптастыру; Халықаралық Эпизоотиялық 

Бюроның  арнайы  және  аймақтық    комиссиясымен  бірге 

аусылмен  күресетін  ветеринариялық  қызмет  күштерін  

біріктіру және ықпалдастықты  арттыруды Орта Азиялық 

елдер деңгейінде қамтамасыз ету. 

Құрманғали Нұрғалиев  

Қазақстанның 

маманданған 

сала-


сы  егін  мен  мал  шаруашылығы  екені 

көпшілікке белгілі. Сондықтан да еліміздің 

агроиндустриялық  іргелі  ел  болуға 

мүмкіндігі зор. Өкінішке қарай, егемендіктің 

алғашқы  жылдарындағы  агросаясатта 

кеткен  қателіктерден  агроөндірістік  сала 

құлдырады. Мәселен, еліміз кезінде Кеңес 

Одағы ет өнімдерінің 50%-ын берсе, қазір 

өзіміз  сыртқа  тәуелді  болып  отырмыз. 

1990  жылмен  салыстырғанның  өзінде  ет 

жеу  екі  есеге,  картопты  тұтыну  үш  есеге 

төмендепті.

Десек  те,  кеткен  олқылықтарды  жөнге  келтіріп  қана  қоймай,  жер 

жүзі елдері арасында өз орнымызды орнықтыру жолында мемлекет-

тік үлкен бағдарламалар жасалуда. Соның бірі – «Агробизнес – 2020 

» бағдарламасы. Былтыр қабылданған бағдарламаның маңызы мен 

міндеті не? Осыған азкем тоқталсақ...

Кедендік Одақ, оның жалғасы Еуразиялық Одақ 

— 

біздің экономикаға 



соны серпін беретін, 170 миллиондай халқы бар үлкен рынок. Біздің 

халық  санынан  он  еседей  үлкен  рынокты  құлаштап  жұмыс  істеп, 

қарыштап даму факторына айналдыратындай қылып пайдалануымыз 

қажет. Әрине, ол оңай емес! Өйткені, Ресейді айтпағанда, Беларусь 

елі ауылшаруашылық өнімдерінің басым бөлігі Еуропа Одағы стан-

дарттарына сәйкеседі, яғни бізден озық тұр. Мұндай жағдайда не істе-

уіміз қажет? Біз жылдам әрі жүйелі түрде табиғи, ғылыми өндірістік, 

және инфрақұрылымдық қырларымызды дамытумен қатар, Ресейдің 

де,  Беларусьтің  де  ауыл  шаруашылығының  кей  салаларындағы 

табиғи әлсіз жерлерін өзімізге тиімді пайдалануды да ұмытпауымыз 

қажет. Мәселен, Ресейде ет тапшы: жылына бір миллион тонна им-

порттайды. Осы бағытта үлкен талдау жұмысын жүргізудеміз.

Міне, «Агробизнес – 2020» бағдарламасы да осы кем-кетікті толты-

рып, агроэкономикалық потенциалды кеңінен пайдалануға жол ашпақ. 

Бағдарламаны  жүйелі  түрде  іске  асыра  отырып,  алдағы  уақытта 

Еуразиялық Одақта ғана емес, Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше 

елдер арасында өз орнымызды орнықтыра түспекпіз.  




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет