1 Мəделі Жүсіпқожаұлы Шортанбай Қанайұлы Қалнияз Шопықұлы Шынияз Шанайұлы Нысанбай жырау шығармалары «Нұрлы Press kz» Алматы



жүктеу 0.9 Mb.
Pdf просмотр
бет10/12
Дата27.03.2017
өлшемі0.9 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

233
Ағасы өлсе алдында, 
Інінің күні қараң-ды. 
Аттансын деп батырлар, 
Шашалық жарлық хабарды. 
Енді мұнда, тақсыр хан, 
Тұрмағымыз арам-ды.
Кене хан, жауап беріңіз, 
Екі-үш жүз кісі алайын. 
Көп кешікпей, тезірек 
Ержанды іздеп барайын. 
Асуына шығармай, 
Айырып алып қалайын.
Қан құстырып келейін 
Сақау қырғыз талайын.
Кене хан жауап бермеді, 
Наурызбай бүй деп келген соң. 
Келіспестей көрінді 
Наурызбайды бөлген соң,
Қырғыздың қолы көбейіп, 
Жақынға келіп төнген соң. 
Қолға толы Самсы мен 
Қызылсудың кемері. 
Шығар мезгіл таянды 
Ат пен ердің өнері. 
Бір мезгілдер болғанда, 
Ұзын бойлы, жебелі, 
Күрең қасқа ат мініп, 
Шонайдың ұлы Бедері 
Жекелеп кірді майданға. 
Ер Қанайдын немересі 
Нысанбай  жырау

234
Бедер кірді майданға. 
«Жеке, батыр, жеке!» – деп, 
Қарсы қарап тұрады. 
«Кеке, батыр, Кеке!» – деп, 
Таянып келіп тұрады, 
Жақын жерден шөкелеп, 
Казақтан ешкім шықпады 
Жылдамырақ төтелеп.
Байұзақ датқа сөйлейді 
Ашуланып, ақырып. 
Халыққа қарап сөз айтты 
Оң-терісті сапырып. 
«Неғылып шықпай отыр?» – деп, 
Батырларын шақырып, 
Дулаттан шыққан батырдың 
Талайына батырып:
– Қолға толды Самсы мен 
Қызылсудың арасы. 
Қысылған жерде əркімнің 
Тəңірім болсын панасы. 
Қара ағаштай көп қазақ 
Ханға болды қарашы. 
Бедер кірді майданға – 
Қырғыздың бір баласы. 
Оның бізден артық па 
Атасы менен анасы?! 
Бедерге қарсы барыңдар 
Бізден бір батыр данасы. 
Таусылдың ба, Мəмбеттің, 
Найза ұстаған баласы?!
Нысанбай  жырау

235
Батырлардың майданда 
Қызбас болды ойыны. 
Қайғыға толды бұл сапар 
Қазақтардың қойыны. 
Байұзақтың сөзіне 
Бастамады тойыны. 
Еш адам басын көтермей, 
Төмен түсті мойыны.
Қырғыздың қолы көбейді, 
Əр жерлерден құралып. 
Қыстай мінген қазақы ат 
Тастап жатыр тұралып. 
Шыдамады Наурызбай,
Киіміне қыналып. 
Түрегелді орнынан, 
Шыбықтай белі бұралып. 
Қамзол ішік үстінде, 
Бауын үзіп белсеніп, 
Ақбоз атқа мінді де, 
Түсті таудан теңселіп. 
Қатуланып жөнелді, 
Алғалы жауды еңсеріп.
Наурызбай сөйлеп жөнелді, 
Батырлар, құлақ салыңыз: 
– Қара ағаштай көп қазақ, 
Бақытты болсын ханымыз! 
Жау қарасын көргенде, 
Қайтпасын бастан бағымыз. 
Ержан түсіп қырғызға, 
Дұшпанға кетті арымыз. 
Онан біздің артық па 
Нысанбай  жырау

236
Майданға кірмей жанымыз?! 
Ержан үшін жарассын 
Ақауыз атқа қанымыз.
Қара ағаштай көп қазақ 
Іс көрсетер күн бүгін. 
Ержан түсіп қырғызға, 
Бізге қайғы күн бүгін. 
Арманда болған ер үшін 
Кегін алар күн бүгін.
Қылыштасып майданда, 
Қол сілтесер күн бүгін.
Таудың басын алсын тұман, 
Жаббар Ием болсын панаң. 
Қырғыздарға бермей иман, 
Ұмтылыңдар, келсе шамаң. 
Болсын жауға ақырзаман, 
Жаннан кешер күн бүгін! 
Наурызбайдың болды зары, 
Ұрыстың қызсын базары. 
Кенекемнің қошқарлары 
– Қайтпасын жаудан назары, 
Барлық қырғыз тажалы, 
Қол ұстасар күн бүгін!
Наурызбай мұны айтады, 
Ерліктен ешкім таңбасқа. 
Тартып-тартып жіберді 
Ақауыз атты жамбасқа. 
Қолын салып суырды 
Тұрсынбай берген алмасқа. 
Артына көзін салмады 
Үйдегі қалған мал-басқа. 
Нысанбай  жырау

237
Наурызбай шыға шабады 
Кекіліктен зырқырап. 
Бедер шапты қасқа атпен 
Құйындай шаңы бұрқырап. 
Сонда басын көтерді, 
Отырған көзі жылтырап.
Наурызбайдың сөзіне 
Батырлары шыдамай, 
Хан қасынан ұмтылды 
Меңдібай, Дулат, Ағыбай, 
Арғыннан шыққан үш жігіт 
Шəкір, Жəуке, Төлебай. 
Олардан тірі қалар ма 
Табыннан Қабан, Бұқарбай! 
Сегіз кісі жөнелді 
Наурызбайдың соңынан. 
Бұл сапарда төренің 
Жұлдызы туды оңынан.
Шаба алмайды қазақы ат 
Тас пен таудың тонынан.
Бедер сонда сөйлейді: 
– Патшазада баласың, 
Ақылың асқан данасың! 
Алдыңа айдап қырдың, сен 
Қырғыздың қатын, баласын. 
Ер деуші еді, Наурызбай, 
Жеке келсең, болмай ма, 
Ыкпалың жүрген данасың? 
Тойғындарыңды* ертіп, 
Төрем, қайда барасың?
*Тойғын – қырғызша «ит» деген
Нысанбай  жырау

238
Жолсыз істі қылмаған 
Наурызбай асыл ер еді. 
Артына қарап сол жерде, 
Батырларың көреді. 
Оларға жолды сөз айтып, 
Қайтуға жарлық береді: 
– Əрбіреуің шерге ұқсап 
Келдіңіз бе, нарымыз? 
Шықпақ болса кеудеден 
Бүгінгі күн жанымыз, 
Келгенменен, ерлерім, 
Қорғауға келмес əліңіз. 
Берсе Тəңірім абиыр, 
Түсірген атты алыңыз. 
Жазым болсам, артымнан 
Сүйегіме шабыңыз. 
Қырғыздың айтқан сөзінен 
Төгілер болды арымыз. 
Сөзге сынық болмайын, 
Ерлерім, кейін қалыңыз!...
Бедер менен Наурызбай 
Жақындасып барысты. 
Астарына мінген ат 
Ауыздыққа қарысты. 
Ат үстінде алысты, 
Найзаменен салысты, 
Бір-біріне жабысты,
Керегедей қабысты, 
Ерлерінің артына 
Мініп-мініп қалысты. 
Жəне қайтып екеуі,
Нысанбай  жырау

239
Бұрқ-бұрқ етіп айқасты. 
Айқасып қалған уағында, 
Төренің асты айласы. 
Найзаменен салғанда, 
Қайраттың тиді пайдасы. 
Шолтаң етіп Бедердің 
Аспанға ұшты найзасы. 
Бедер шығып жолыққан 
Қызылсу, Самса бауырынан, 
Наурызбай шығып жолыққан 
Кекіліктің тауынан. 
Айқасқанда екеуі, 
Өшігіскен жауынан 
Бедер барып жығылды 
Күрең қасқа аттың сауырынан.
Қыстай шауып жол болған 
Шу мен таудың арасы. 
Бұл сапарда жар болды 
Хан Абылай бабасы. 
Қырғыз аттан жығылып, 
Батып еді қарасы. 
«Я кұдайлап» шулады 
Үш алаштың баласы.
Аллаға Науан сыйынды, 
Аузы кетпей тілектен. 
Қайраты көп болған соң, 
Найзасы аумай білектен, 
Шанышқан екен Бедерді 
Ер Наурызбай жүректен. 
Артына шығып найзасы, 
Жерге басы түйрелген. 
Нысанбай  жырау

240
Суырылмады темірі, 
Қан менен қатты-ау жібектен. 
Əр тараптан қырғыздар 
Жағалай шауып жиектен, 
Тұс-тұсынан ат қойды, 
Үмітті болып сүйектен.
Жалғыз шапты Наурызбай 
Жауға қарсы ендеуге. 
Арасы алыс, дауыстап 
«Барма, мұнда кел» деуге. 
Шауып барып Бұқарбай 
Ат үстінен көлбеді. 
Өткізіп қашты шылбырын 
Ер Бедердің белбеуге. 
Үш ай тоқсан күн еді, 
Шаруа шешкен күйегін. 
Науан бұл жолы ағытты 
Ерлігінін тиегін. 
Түсіріп төре кеткенде, 
Кене хан қақты иегін. 
Бұхарбай батыр əкелді 
Ер Бедердің сүйегін. 
Барлық казақ жабылып, 
Малақай қылды үйегін*. 
Ағыбай батыр шабады, 
Кашқан атын көреді. 
Қырғыздан қорқып таймады, 
О да қайсар ер еді.
Алып қанға келеді, 
Тарту қылып береді. 
* Үйек – бауыр терісі 
Нысанбай  жырау

241
Бұқарбайды мақтады:
– Бəрекелді, ерсің! – деп, 
Ағыбайды шақырды:
– Атын алып келсін, – деп, 
– Сүйекке шапқан ер болар, 
Атын бұған берсін, – деп,
– Үлгі қылып сөз айтты, 
Əркім мұны көрсін, – деп, 
– Жауға шапқан батырлар 
Намыстанып өлсін, – деп.
Көңілде үлкен ер едің, 
Сүйекке неге шаппадың? 
Жарамады олжа деп,
Ағыбай, атқа шапқаның. 
Сүйекке шапқан ер екен, 
Бұкарбайды мақтадым.
– Ағыбай батыр қорланды, 
Екі жағына сыймады, 
Ішін жарып өлерге 
Жанынан пышақ таппады.
Олжа болад баласы 
Ер Бедердін артынан. 
Ораз кірді майданға 
Озып жүрген халқынан.
О да айтулы ер екен 
Сұңқар құстай талпынған. 
Ораз келді жұлқынып, 
Бастан ауған бағы бар. 
Қатыны түсіп казаққа, 
Қарайып жүрген қаны бар. 
Ыза, қорлық көрген соң, 
Нысанбай  жырау

242
Тек шықпаған жаны бар. 
Жаны неғып шыдасын: 
Наурызбайдың қосында 
Некелеп алған жары бар. 
Ашуменен қабарып, 
Ораз шапты ар жақтан. 
Екі беті қызарып, 
Наурызбай шапты бер жақтан. 
Қырғыз, қазақ – екі жар, 
Қарап тұрды жан-жақтан.
Найзаларын көтеріп, 
Бірін-бірі көздеді. 
Ашуланған батырлар 
Жолыққанша төзбеді. 
Бірін-бірі аямай, 
Ер жүрекке меңзеді. 
Ораз батыр жығылды, 
Найза бұрын кез келді. 
Ақбоз аттың сол жақтан 
Ораз батыр жығылды. 
Қайтып адам болмастай 
Шыбын жаннан түңілді. 
Тілге келмей сол жерде 
Жер бауырлап сүрінді.
Баяғы сөзден Ағыбай 
Қарайған екен қанына. 
Жеткен екен төпелеп 
Наурызбайдың жанына. 
Түсіріп төре кеткен соң, 
Шауып барып Ағыбай, 
Нысанбай  жырау

243
Өңгеріп алды Оразды 
Телқоңыр аттың жалына. 
Қоқилатып қырғызға 
Бермей кетті тағы да.
Əзір оңнан қарап тұр 
Наурызбайдың жұмысы. 
Əзір аса біткен жоқ 
Хан Кененің тынысы. 
Қара ала атты бір қырғыз – 
Жанқараш бектің інісі 
Жекелеп кірді майданға, 
Батыр екен мұнысы. 
Наурызбай қарсы шабады 
Жеке шыққан батырға. 
Тайынбай қарсы келеді, 
Кашатұғын қатын ба?! 
Жетіп барды жақынға, 
Жалақтатып найзасын, 
Алақтатып, састырып, 
Батырды ұрды қапыда.
Жеке шыққан батырдың 
Бəріне берді ақылды. 
Орнынан тұрмай жатсын деп,
Найзасын қатты батырды. 
Қызыл ала қан қылды 
Қызылсудың жиегін. 
Науан батыр ағытты 
Ерлігінің тиегін. 
Жақын жерде қырғыз боп, 
Өзі алып қалды сүйегін.
Нысанбай  жырау

244
Шапқан сайын Ақауыз 
Жерді тарпып өктеді. 
Наурызбайдың ерлігін 
Қырғыз, казақ сөкпеді. 
Екі мың қырғыз жиналды
Шын бір қайрат еткелі. 
Ерлердің алдын орады 
Жаяу мерген төккелі. 
Жекелеп енді соғыспай, 
Қырғыздар тұрды бекерге, 
Хан иек қақты нөкерге. 
Арба арысын көтерді, 
Зеңбірекке оқ берді, 
Кұлағына от берді. 
Асығыс атты бойламай, 
Алдында əскер жоқ болды.
Зеңбіректің аузына
Селдір, сирек топ келді.
Зеңбіректің ауызы
Қолды болды көтінен.
Сегіз кісі ұшырды
Селдір, сирек шетінен.
Бір боз атты ұшырды
Қолдың арғы бетінен.
Мұны көріп қырғыздар,
Ойран болып күйінді.
Қасында тұрған Наурызбай
Сұнқардай-ақ түйілді.
Екінші оқтап атқанда,
Бір керемет білінді.
Ұрмай, соқпай зеңбірек
Ортасынан бөлінді.
Нысанбай  жырау

245
Қырғыздар шыдап тұра алмай, 
Қаша берді алақтап. 
Наурызбай кетті соңынан 
Найзаменен шабақтап. 
Бір-біріне ат қойды 
Қырғыз, қазақ жалақтап. 
Бір тозаңның астынан 
Гүл-гүл жанып ыржақтап, 
Шыға келді Наурызбай 
Тоғыз ат тізіп салақтап. 
Он бес атты əкелді 
Меңдібай, Дулат, Ағыбай.
Он екі атты əкелді 
Шəкір, Жəуке, Толыбай, 
Он төрт ат бар қолында 
Қабан менен Бұхарбай, 
Құрман келді төрт атпен, 
Дүбірі шығып тұлпардай. 
Бəрі келіп қосылды, 
Қызылсудын белінде. 
Көңілі бітті Науанның 
Тұз татырған еріне. 
Науан тағы жөнелді 
Екі мың қырғыз қырылып, 
Мерген төккен жеріне 
– Таудың төскей өріне, 
Қашып барып қырғыздың 
Қамал сокқан жеріне. 
Жөңкіліп жүрген қырғыздың 
Наурызбай үстін қаптады. 
Сегіз мерген бір жерде 
Білте шертіп жатқаны. 
Нысанбай  жырау

246
Жалғыз барған төрені 
Бəрі тегіс атқаны. 
Шара бар ма, Құданың 
Бұл сапарда қаққаны... 
Қой боғындай қорғасын 
Қаза болып таппады.
Мылтығын тастап тас-тасқа, 
Кайта қашты мергені. 
Лап қоя шапты қырғыздар 
Мергеннің атын бергелі. 
Жалғыз шауып Наурызбай, 
Араға түсіп кернеді. 
Үшеуін шаншып өлтірді, 
Бесеуі тірі – өлмеді. 
Бес мергенді тірі айдап, 
Ханға алып келгені. 
Сегіз мылтық өңгеріп, 
Тарту қылып бергені.
Сол уақытта Ақауыз 
Жер тарпыды оянып. 
Наурызбай жүр үстінде
Қылышы қанға боялып.
Қанына қырғыз қарайды,
Несіне тұрсын аянып!
Наурызбайдың үстіне
Қалың келді таянып.
«Аллалап» жүрген қырғыздың
Желі тұрды оңынан.
Ай мүйізді қошқардың
Бөрі тартты қоңынан.
Нысанбай  жырау

247
Мұрттай ұшты Ақауыз
Бір мылтықтың оғынан.
Наурызбайға лап қойды
Қалың қырғыз шоғынан.
Қызылсу мен Дуанның
Аңғарынан шаң асты.
Қырсықтың басы емес пе,
Төреден қазақ адасты. 
Қырғыз, қазақ – екі ұдай 
Наурызбайға таласты. 
Қияда жүрген Бұхарбай 
Атына қамшы бір басты. 
Үзеңгісін шығарып, 
Наурызбайға жанасты. 
Бұхарбайдың алдына 
Наурызбай кетті міңгесіп. 
Құтылуға қырғыздан, 
Қаша берді «шұу» десіп. 
Бұл екеуін тұтпаққа, 
Қырғыздар шапты ілесіп. 
Қазақтан адам аз болды 
Соғысатын тіресіп.
Бұл екеуін қорғауға – 
Ағыбай сыртын айналды. 
Шама келсе, тіресіп, 
Алдырмасқа ойланды. 
Бұқарбай мен Наурызбай 
Салар еді ойранды, 
Мінгесулі бір атқа, 
Бұлардың қолы байланды. 
Сол уақытта қырғыздар 
Нысанбай  жырау

248
Басқын жетіп өрледі. 
Жалғыз өзі Ағыбай
Қорғауға əлі келмеді. 
Алдыңғы жеткен қырғызбен 
Араға түсіп кернеді. 
Қолындағы жарағын 
Оңды-солды сермеді.
Атасы заңғар Абылай, 
Тілекті берген бір Құдай. 
Бұқарбай мен Науанға 
Ұмтылды қырғыз жабыла-ай! 
Шəкір де жетті сол кезде, 
Қабан менен Меңдібай, 
Кертайлақ атты жеткізді 
Дəуке менен Толыбай. 
Кертайлақ қолға тиген соң, 
Мініп алды Наурызбай. 
Сегіз кісі бас қосып, 
Су бойында ұрысты. 
Тоқтата алмай көп жауды, 
Үстіртке ойнап шығысты. 
Кезек жұмсап келеді 
Найза менен қылышты. 
Қалың жеткен қырғыздан 
Ала алады тынысты.
Сыйынады батырлар, 
Аузы кетпей тілектен.
Шұбыртпалы Ағыбай 
Талайды шанышты жүректен. 
Адасып атып, Шəкірдің 
Нысанбай  жырау

249
Оғы тиді білектен. 
Итшілесіп, сілкісіп, 
Əрең шықты түбектен. 
Бұл сапарда Құдайым 
Ерлердің жолын оңдады. 
Кертайлақты мінсе де, 
Ақауыз аттай болмады. 
Астындағы атына
Төренің көңілі толмады. 
Сонда да Тəңірі жар болып, 
Тұтылып жауда қалмады. 
Кұтылып келіп Наурызбай, 
Ханның түсті қасына.
Көреді пенде көп істі 
Əуелде жазған басына. 
Келе сөйлеп килікті 
Құдайменді ағасына:
– Тау суындай сарқырап, 
Дулат жатыр əрінде. 
Қырғыз тұтқын қылыпты 
Ержандай асыл беренді. 
Қырғыз тұтқан шағында 
Арманда кеткен зеренді: 
«Екі ағам бар, інім бар, 
Іздер ғой мені» деген-ді. 
Сөйдеп айтқан Ержанның 
Ағасының бірі – сен. 
Ұзақ күнгі майданда 
Бір көрмедім сені мен. 
Бір нəсілдің ішінде 
Мұнша неге тудың кем? 
Нысанбай  жырау

250
Үйдегі ұршық иірген 
Қатынменен сен бір тең! 
Сені қара басты ма, 
Қолыңа найза алмастай? 
Жүрегің ұшып кетті ме, 
Жауға қарсы бармастай? 
Қызметі сенде бар еді 
Ержанды шерге салмастай! 
Намысы сенде бар еді 
Соңынан тірі қалмастай. 
Ала бір таудың жылғасы, 
Бауырында ойнар құлжасы. 
Тар жерде жолдас болады 
Ерлердің найза құрдасы. 
Белсеніп жауға шабады 
Жігіттің жанға мырзасы. 
Ержан болса қасымда 
Бөлекше туған тұлғасы, 
Болар ма едім қазаққа 
Əзіл сөздің олжасы? 
Балалы арқар баурайды, 
Баласыз арқар маңырайды. 
Күйік қылмай көзіме, 
Жасаған сені алмайды.
Сүйегімнен бұл таңба 
Өле-өлгенше қалмайды. 
Ержан жауға түскенше, 
Сен түссең жауға болмай ма!..
Қамығып келді ер Науан, 
Жаудан қайтып назары. 
Қырық мың əскер аттанып, 
Нысанбай  жырау

251
Бұғыдан Орман келген соң, 
Қызды деп батыр ойлады 
Соғыстың енді базары. 
Ақауыз ат оққа ұшып, 
Қанаты сынып оңынан, 
Ерің тартты азаны.
Қамығып Науан сөйледі: 
– Ей, қырық жігіт, қуатым, 
Екі жыл шөлге қамадық, 
Қырғыздың бермей суатын. 
Қырық жігітім, сендер ең 
Тауды бұзып жол қылып, 
Тасты талқан қылатын. 
Садырдан соңғы атақты 
Орманы келді Бұғыдан 
Ер майданын құратын. 
Азамат үшін жан кешіп, 
Ат бауырынан қан кешіп, 
Міндет болды ерлерге 
Соларға қарсы тұратын – 
Талапты Алла оңдаса, 
Аттанып мұнан қол барса, 
Қасқыр тиген қойдай қып 
Жапыра қырғыз қуатын. 
Жауызбенен алыспай, 
Алысып, найза салыспай, 
Бірлік етпей, күн қайда 
Бостандық басқа туатын?! 
Абылай аспас асудан 
Асамын деп өрледім. 
Қырғызды таудан асырып, 
Нысанбай  жырау

252
Құмбелден жай алғанша, 
Шыбын жанды аманат
Жаратқан Хаққа бергенім! 
Кенекем еді алдымда 
Ақылға диқан зерегім. 
Ержекем еді құрыш болат, 
Айнымас көңіл мергенім. 
Белдеріңді бекем бу, 
Ерегіс жерде жан қиған, 
Олжалас жерде жан қиған, 
Азамат, жолдас ерлерім! 
Ақсудан əрі өте алмай, 
Ойға алған жерге жете алмай, 
Кетпесін іште шерлерім! 
Арқадан ауып көшкенде, 
Қызылсу, Ақсу жайлау қып, 
Құмбелден қыстау алмаққа 
Осы емес пе еді келгенім? 
Алла оңдаса, жігіттер, 
Мақсатты жерге жетеміз, 
Босатпай белді, шерлерім.
Арқада азынап жүргенде, 
Садақты ілдік сағымға. 
Не көрмейді ер жігіт 
Денсаулық, тірлік шағында? 
Егесіп дұшпан кəр қылмас, 
Азаматым есен боп, 
Кенекем тұрса тағында. 
Жаратқан Жаббар Жасаған 
Ердің ашқай қабағын. 
Бұрын жаудан қайтқан жоқ, 
Нысанбай  жырау

253
Азаматым, таланың. 
Талапты Алла оңғарса, 
Есен-сау барып көрерміз 
Кұмбелдің барып самалын.
Арқадан ауып біз көштік, 
Рақым көрмей орыстан. 
Дəм айдап келді бұл жерге, 
Ауысқан соң қоныстан. 
Болмашы жерден жау салып, 
Шайқама, Құдай, толыстан. 
Ер жігітте арман жоқ, 
Тағдыры бітсе алысып 
Қан майданда соғыстан.
Ой, қырық жігіт, қуатым, 
Жауды көрсе – жайнаған, 
Жай тасындай ойнаған, 
Айдаһардай ысқырып, 
Жүз мың жауды айдаған, 
Қарына ілген ақ сүңгі 
Шаншысаң – қанға тоймаған. 
Запыран жұтпай, май ішпей, 
Ат бауырынан қан кешпей, 
Талапты туған жігіттің 
Болар ма ісі ойлаған?!
Сол уақытта ер Науан 
Нысанбайға толғанып, 
Айтуға бір сөз ойлаған. 
Қашаннан бергі жан жолдас 
Бұлбұлы еді сайраған. 
Нысанбай  жырау

254
– Ей, Нысанбай, құлақ сал, 
Қобызыңды қолыңа ал. 
Кəдірін білген ерлерге 
Лебізің еді шекер, бал. 
Көңілден шықсын қапамыз, 
Түрлендіріп күйге сал! 
Шырын, шекер сөз қозға, 
Айтатын болсаң, тез қозғал, 
Көңіліңде қанша өнер бар. 
Үлгілі сөзді сөйлейтін 
Өзіңнен қайда шебер бар?!
«Біссмілла» деп қолына 
Нысанбай қобыз алғаны. 
«Япырым» деп баяулап, 
Əн қосып айғай салғаны. 
Он бес жастан Науанға 
Ілінген еді қармағы. 
Өлеңші болып сөз толғап, 
Бал ашып, сəу көтеріп, 
Бар еді өнер тармағы. 
Ерлердің көңілін көтеріп, 
Біразырақ толғады.
Шешендікпенен желденіп, 
Дүниенің жүзін шарлады. 
Қорқыттан қалған мұра деп, 
Қобызбен тағы сарнады: 
«Керейттен шыққан жеті ер, 
Қайдасың, – деп қармады. 
– Кетірме, Құдай, бағымды, 
Сындырма, Ием, сағымды, 
Нысанбай  жырау

255
Осы жолда мүдіртіп, 
Байлама тіл мен жағымды. 
Байлауда арда көр едім, 
Заманым неғып тарылды? 
Кесел қып жаудан қайырма 
Дəуірлеген шағымды. 
Атасы өткен Абылай 
Мұрасы қалған əуелден, 
Аударма алтын тағымды! 
Бетіміз қайтып бұл жаудан, 
Арқаға тағы аударып, 
Аузы түкті кəпірге 
Боламыз неғып жалынды?!»
Балын ашып қараса, 
Ақсұңқар құс ілінген 
Құсбегенің торына. 
Арғымақ ат жығылған 
Қаланың қазған орына. 
Ерсінген жігіт кез болған 
Он екі жерден ту алған 
Əскердің сонша молына. 
Қыздан шыққан бегілік нар 
Адасып келіп кез болған 
Барса келмес жолына. 
Анықтап болжап қараса, 
Ілінген сынды сұңқарлар 
Егескен жаудың қолына.
Наурызбайды жыр қылып, 
Бұрынғы өткен шайырлар 
Таратып жұртқа жолдаған. 
Нысанбай  жырау

256
Үш ай тоқсан күнінде 
Қара жер қатып тоңданған. 
Мəселі қайтса, кайтесің,
Ежелден бергі төреге 
Нысанбай еді жолды адам. 
Қайтарын бақтың білген соң, 
Ойымен болжап көрген соң, 
Шешен туған Нысанбай 
Өзінің басын амандап, 
Қашуға қанат қомданған.
Бəрі де жау боп көрінді – 
Алатаудың тастары. 
Елден бұрын Нысанбай 
Өзінің басын амандап, 
Жоқ сұмдықты бастады. 
Бастағанның белгісі – 
Қобызы қалды сайлаулы 
Қосшысының жанында.
Қобыздарын тастады, 
Кейінгі қосқа қашқалы.
Қыстай шауып жол болды 
Алатаудың арасы. 
Бұл сапарда қазақтың 
Болмады қабыл тобасы. 
Рүстем менен Сыпатай – 
Төренің нағыз баласы, 
Үндес болған қырғызбен, 
Міне, ауыздың аласы! 
Он екі мың Дулатты 
Қашырды түнде, расы.
Нысанбай  жырау

257
Үш қазақта Ұлы жүз 
Дулат деген ел екен. 
Ол Дулаттың ішінде 
Рүстем менен Сыпатай 
О да бір бастық, ер екен. 
Қырғызбенен бұрыннан 
Қарым-қатынас арасы, 
Таныс болған жер екен. 
Сөйтсе-дағы Рүстем 
Байұзақтан ұялып, 
Наурызбайдан сескеніп,
Кұр сүлдесі жүр екен. 
Қыстай мінген қазақы ат 
Жалы кетіп, арыпты. 
Көмек қылған көп Дулат 
Уəдесінен таныпты. 
Дақ түскенін абайлап, 
Төренің айызы қаныпты. 
Таныған сон ыңғайын, 
Рүстем менен Сыпатай 
Қырғызға хабар салыпты:
«Қырғыздан бүгін аттансын 
Бір буын əскер шамалап. 
Қараңғы түннің ішінде 
Асуды келсін жағалап. 
Азы-көбін əскердің 
Білмесін ешкім бағалап. 
Дабыл қақсын күңіреніп, 
Көбейгендей балалап. 
Даяр боп біз де тұрайық, 
Сыйынып Хаққа тобалап. 
Нысанбай  жырау
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет