1 Мəделі Жүсіпқожаұлы Шортанбай Қанайұлы Қалнияз Шопықұлы Шынияз Шанайұлы Нысанбай жырау шығармалары «Нұрлы Press kz» Алматы



жүктеу 0.9 Mb.
Pdf просмотр
бет11/12
Дата27.03.2017
өлшемі0.9 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

258
«Қол қаштылап» шабайық, 
Келгенде əскер қамалап. 
Бейқам жатқан төрені 
Қолына ұстап береміз, 
Қылмаса Құдай жаманат!»
Үш жыл шапты төрелер 
Қырғызға бермей мазаны. 
Таулар күйіп, тас жанып, 
Лебімен пісті қазаны. 
Жыр болып қалды артына 
Наурызбайдың ғазалы. 
Қолына тиді қырғыздың 
Рүстемнің жазған қағазы.
Алғаннан соң қағазды, 
Қырғыздар шулап мақтанды. 
Алармыз деп төрені, 
Мақтанып бəрі шаттанды. 
Ат-анжамын түзетіп, 
Қаруын алып саптанды. 
Қараңғы түннің ішінде,
Жеті жүз кісі қол болып, 
Төрелерге аттанды.
Үш жылдан бері төренің 
Алатау болды тұрағы. 
Талас болды қырғызбен 
Құмбелдің айқын бұлағы. 
Сөнетін мезгіл таянды 
Төренің жанған шырағы. 
Қазақтан шыққан қарауыл 
Нысанбай  жырау

259
Дабыл қағып күңіренткен 
Естіді дауыс құлағы. 
Анықтап болжап қараса, 
Қырғыздың қолы секілді 
Қоқиланған ұраны. 
Қарауылшылар есітіп, 
Қосына қайта шабады. 
Көз ұйқыға барғанда, 
Қарауыл хабар салады. 
Дайын тұрған Дулаттар 
Мініп алған атына, 
«Қол қаштылап» барады. 
Бейқам жатқан көп əскер 
Сасқалақтап қалады.
Айтайын сөздің сағасын, 
Жаңылды қазақ тобасын. 
Қысқа жерден сөйлейін, 
Келтіріп сөздің жобасын. 
Етегін киді біреулер 
Қараңғыда қармалап, 
Киімнің таппай бағасын. 
Жау таянды белдеуге, 
Дулатты болмас ел деуге. 
Бұрынғыдай заман жоқ 
Ерлер қолын сермеуге. 
Дара-дара əркімнің 
Өз басына күн туды. 
Біреуге біреу өтініп, 
«Маған жəрдем бер» деуде.
Аты түскен қолына, 
Атын келді ерлеуге. 
Нысанбай  жырау

260
Тоқымын салды атына, 
Сасқалақтап, ерінің 
Алдын салды артына. 
Жарқыратып жарыққа, 
Келтірмеді қартына. 
Жүген деп алды тұсауын, 
Найзам деп алды көсеуін. 
Арқыраған ерлерге 
Қараңғы түнде кез келіп, 
Тəңірінің берген мешеуін... 
Дəуірлеп жүрген күнінде 
Бір кісідей көрмеген 
Дұшпанның əлденешеуін.
Енді халық сасады, 
Сасқанының белгісі – 
Жүруге əлі келмеді. 
Тау басынан ылдиға 
Арқасымен шалқалап, 
Домаланып қашады. 
Бет түзеген жөні жоқ, 
Белгіленген жері жоқ, 
Бет-бетімен асады. 
Қашты халық бетімен, 
«Қол қаштылап» Дулаттың 
Өтірік амал лепімен. 
Таң атқан соң қарасақ, 
Шыққан екен Наурызбай 
Жиырмаға жақын кісі боп, 
Қайырсыз болған Алатау, 
Арқаға тарап шетінен.
Тар қолтықтан оқ тисе, 
Ерлер қабақ шытар ма-ай! 
Нысанбай  жырау

261
Асыл жібек тозар ма-ай 
Ажары кетіп жұқармай?! 
Ердің көңілі тоқтар ма, 
Тауы қайтып мұқалмай?! 
Наурызбайдың соңынан 
Сегіз кісі бұл келді 
Табыннан Қабан, Бұқарбай.
Он жеті жігіт қасында, 
Қасына келіп қосылды 
Ағыбай, Дулат, Меңдібай. 
Отыз алты кісі боп, 
Олар да келді бір жақтан 
Шəкір, Жəуке, Төлебай.
Дария тасып көл болмас, 
Үзілсе суы сағаның. 
Хан тағынан құласа, 
Бұзылғаны қаланың. 
Ат үстінен ер түссе, 
Жыртылғаны жағаның. 
Үй артына жау келсе, 
Тартылғаны заманың. 
Он алты жігіт қасында 
Құрманы келді Таманың.
Қайсыбірін айтайын, 
Тірі болып жол тапқан 
Келіп жатыр тозғындап. 
Мал секілді жұтаған, 
Қосылып жатыр азғындап. 
Тағдырдан жазу осылай, 
Нысанбай  жырау

262
Қашты деп мұны сөкпелік, 
Қиын ғой бекер жазғырмақ. 
Өтсең, өткел бермейді, 
Тасыса көлдің сағасы. 
Еру болып екі күн, 
Санағанда Наурызбай, 
Екі жүз де жиырма екі 
Адам болды шамасы. 
Аралас келген ішінде 
Төресі мен қарасы. 
Сол арада Наурызбай 
Жігіттерге сөйледі:
– Айдыннан сұңқар ілейік, 
Құдайдан жəрдем тілейік. 
Екі-үш күндей еру боп, 
Осы араға түнейік. 
Тірі қалған жан бар ма, 
Адасып жүрген хан бар ма,
Адам салып амалдап, 
Солардан хабар білейік.
«Мақұл» деді жігіттер 
Наурызбайдың сөзіне. 
Сол уақытта Науанның 
Жан көрінбес көзіне. 
Іріктеп адам шығарды 
Əскердің қашқан ізіне.
Атқа мінді белсеніп 
Ежелгі жолдас Ағыбай. 
Арғыннан шыққан екеуі – 
Нысанбай  жырау

263
Жəуке менен Төлебай, 
Үшеуі тартып жөнелді, 
Жар болсын деп бір Құдай. 
Сонда шықты үшеуі 
Алатаудың жанына. 
Тау басына шыққан соң, 
Қарады оң мен солына. 
Төреден не қарадан 
Түспеді адам қолына. 
Онан шығып жағалап 
Бата алмады баруға 
Қырғыздың қалың тобына. 
Жəне келді айналып 
Дулаттың қашқан жеріне. 
Он екі мың көп Дулат 
Бет түзеген секілді 
Өзінің мекен жеріне. 
Ізінің түгел жобасы, 
Назар салса тегіне. 
Мұны көріп Ағыбай, 
Келіп сөйлеп береді 
Наурызбай сынды бегіне, 
Ағыбай сонда сөйлейді:
– Айналайын Науанжан, 
Ақылға диқан зерегім. 
Салса да тастан қайтпайтын,
Жетесі құрыш беренім. 
Бақытың баста жүргенде, 
Асқар тауменен тең едің.
Неше күндей ізденіп, 
Білмедім ханның дерегін. 
Нысанбай  жырау

264
Айналайын сұлтаным, 
Жолдас болып жасымнан, 
Көзімнің майын жеп едім. 
Хақ ісіне амал жоқ, 
Қазам жетіп өлгенше 
Айрылмаспын деп едім. 
Алатауға барғанда 
Жер шаршысын көздедім. 
Көмек қылған көп Дулат 
Қайда екен деп іздедім. 
Байұзақ барда Дулаттың 
Тілегі бөтен болмас деп, 
Күдерімді үзбедім. 
Дулаттан тағы түңілдім, 
Көрген соң анық көзбенен. 
Калмастан тегіс кетіпті, 
Байқадым оны ізбенен. 
Қоқиланған қырғыздан 
Дулат қылған қауіпті. 
Айналайын Науанжан, 
Дулаттың беті ауыпты. 
Орыс пенен Қоқанға 
Кұл болып, ұран беруге 
Дулаттың жөнін тауыпты.
Наурызбай сонда сөйледі: 
– Кел, жігіттер, құлақ сал, 
Біздің жайдан хабар ал. 
Басымда бағым барында, 
Мен едім құба бегілік нар. 
Басыма үлкен іс түсіп, 
Басқа ауыр күш түсіп, 
Нысанбай  жырау

265
Кең дүнием болды тар. 
Қиыншылық зорайып, 
Жалғыз қалып сорайып, 
Қара басым болды дал. 
Бұл күнде бізден əл кетті, 
Болмаса егер Құдай жар. 
Қанатым сынды майырылып, 
Кенекемнен айырылып,
Бір көруге болдым зар! 
Белсеніп жауға кіретін, 
Өзіммен бірге жүретін, 
Кенеден хабар білетін 
Талапты жігіт қайда бар? 
Қысылшаң жерде табатын, 
От болып жайнап жанатын, 
Кенені қолға алатын, 
Кайсысыңда айла бар?
Арқадан аудық əуелде 
Жетпіс екі адам боп. 
Дəм айдап келді бұл жерге, 
Арқаның суы арам боп. 
Əскерді жүрдік азсынып, 
Көңіліміз оған алаң боп. 
Қоқаннан ауған көп Дулат 
Бізге нөкер болып ед 
Он екі мыңдай адам кеп. 
Жеткізіп еді Құдайым 
Əскердің саны тəмəм боп. 
Он екі мың көп əскер 
Жауға шапты көбейіп. 
Тілімді алсаң, жігіттер, 
Нысанбай  жырау

266
Қырғызға таман жөнейік. 
Ноқталы басқа бір өлім, 
Қазамыз жетсе, өлейік. 
Қараңғы кешті бетке алып, 
Бір шетінен енейік. 
Алла оңдаса, жігіттер, 
Кенені алып келейік. 
Ала алмасақ күш келіп, 
Тым болмаса, жігіттер, 
Артық туған Кененің 
Дидарын барып көрейік.
Сөзімді тыңда, халайық,
Іріктеп жігіт алайық. 
Ат маңдайын түзетіп, 
Алатауға салайық. 
Коқиланған кырғыздан 
Кенені тартып алайық.
«Наурызбай қашып кетті» деп 
Ат алғанша, жігіттер, 
Көрсетіп қара тұрайық. 
Өзінің басын амандап, 
Жолдасын тастау жігітке 
Бола ма екен лайық?
Сол арада ой ойлап, 
Қазақтар қалды кеңеске. 
Кеңескенде не десті? 
Бірі ілгері, бірі кейін, 
Сөздері қалды егеске. 
Кашаннан бері ала ауыз, 
Белгілі қазақ емес пе? 
Нысанбай  жырау

267
Ала ауыз емей, немене, 
Тілек тілеп жөнімен, 
Қазақ деген ел болып, 
Өзінің қамын жемес пе?! 
Төреге жауап бере алмай, 
Болып отыр көмескі. 
Кеңестері бірікпей, 
Шыға алмай отыр белеске. 
Сезеді қазақ өздері 
Кененің қолға түскенін, 
Көріп отыр көздері. 
Қазақ болып кеңесіп, 
Ұйғарған мынау сөздері:
– Ханға нөкер болып ек, 
Төренің еріп соңынан. 
Пайда көрдік Кененің 
Ақылының молынан. 
Шыққанша Кене талай бар 
Қырғыздың босап қолынан. 
Бұл жерден, қазақ, кетейік, 
Ендігі жерде жан сауға, 
Елге таман жетейік. 
Ер жігітке сол пайда – 
Бас аманда қос тапқан, 
Қалармыз бүгін секейіп.
Өткен іске ем болмас, 
Ерге Қыдыр дарымай.
Ер жігіт мырза болмайды, 
Уызына жарымай. 
Қабыл болмас тілегі, 
Нысанбай  жырау

268
Ер қысылып, налымай. 
Əбжыландай толғанып, 
Атына мінді ер Науан, 
Қазақтан сөзге жарымай.
Алды Науан киініп, 
Етек-жеңін жиынып, 
«Бағымды, Алла, ашқын!» деп, 
Бір Құдайға сыйынып. 
Көпке қарап сөйлейді, 
Қаламдай қасы қиылып:
– Жаратқан Жаббар Жасаған, 
Ердің бергей тілегін! 
Басымда бағым барында, 
Үш қазаққа басшы боп, 
Тілеуін елдің тіледім, 
Ел қылам деп қазақты, 
Сүйрегеннің бірі едім. 
Ала ауызды қазақтың 
Опасызын білмедім. 
Басымнан бағым тайған соң, 
Жемек түгіл ел қамын, 
Əуре болып жүдедім. 
Қырғыздан қашып құтылып, 
Жалғыз қалып жұтынып, 
Арқаны барып көргенше, 
Ел көзіне көрінбей, 
Жақсы емес пе өлгенім?! 
Лаж білген азамат 
Қара болып ергенін. 
Ермегенің жата бер, 
Нысанбай  жырау

269
Қош айтысып жөнедім, 
Алды-арты осы көргенім.
Жүріп кетті ер Науан, 
Көптен көмек көре алмай. 
Əр топтан шыққан сегіз ер 
Көз майын жеген төренің.
Олар да қалды ере алмай. 
Болып еді сегіз ер 
Төренің туған ұлындай. 
Ер мəселі қалар ма 
Бір киеге ұрынбай? 
Төре аттанып кеткен соң, 
Бытырап кетті қалған жұрт 
Бақсының тозған жынындай.
Құлақ салсаң, азамат, 
Асыл туған Наурызбай 
Адамның ардагері еді. 
Бақыты баста жүргенде, 
Асқар таумен тең еді. 
«Бағымды, Алла, ашқын!» деп, 
Алатауға жөнеді. 
Қырғыздың қалың еліне, 
Өзінің көрген жеріне 
Именбестен, бөгелмей, 
Жасқанбай жетіп келеді.
Құмары болды Кененің 
Қызылсудын белесі. 
Неше ерлердің жетпеген 
Бұрыннан оған өресі. 
Нысанбай  жырау

270
Абылайлап аса алмай, 
Кемшілік тапты қазақтың 
Алдына салған төресі. 
Жетіп келсе Наурызбай, 
Ержан менен Кенені 
Колына алып, кырғыздың 
Мынау екен кеңесі:
«Қолына түспей əскердің, 
Наурызбай кетті құтылып. 
Амалы көп қу төре 
Қолдан кетті сытылып. 
Бұл Кенені өлтірсек, 
қасына ауыр қол алып, 
Бір күні келер жұтынып. 
Ашулы болып ол залым, 
Жын ұрғандай құтырып, 
қатын менен баланы
Жесір қылып шулатар. 
Мəуелеген бəйтерек, 
Шөлмектей қылып қуратар. 
Куанбайық бұл күнде 
Тайды деп төре табаны. 
Қол жиып келер бір күні, 
Төренің көп еді амалы. 
Азаматтар, тіл алсаң, 
Жіберейік төрені, 
Жақсы ғой бастың аманы».
Сонда шықты Наурызбай 
Алатаудың басына. 
Сөз аяғы басылмай, 
Нысанбай  жырау

271
Қырғыздың келді қасына. 
«Ажалдың оғы жігітке 
Балдан тəтті болады» 
Деген мақал осы да. 
Тізесі батқан сорлының, 
Наурызбайды танитын 
Қырғыздар тұрды шошына. 
Төрені қырғыз тойлады, 
Тойлайын деп ойлады. 
Өзі келген төренің 
Қолын бекем байлады. 
Оны көріп Кененің 
Зығырданы кайнады. 
«Əттеген-ай, əттең!» деп, 
Бармағын кесе шайнады.
Ажал оқ тиіп, сөгілді 
Ақ сауыттың көбесі. 
Төрені ұстап, қырғыздың 
Көкке тиді төбесі. 
Ала алмаған соғысып, 
Босқа келді төресі. 
Ержан менен Наурызбай, 
Қосыла түсті кеңесі. 
Қырғыздар енді бас қосып, 
Төренің болды кеңесі: 
«Төременен жау болдық, 
Алатауға таласып. 
Арқадан ауып келіп ед,
Бізге таман жанасып. 
Əуелі тату болып ек, 
Дəм-тұзымыз жарасып. 
Нысанбай  жырау

272
Ақырында жау болып, 
Шығардық əскер санасып. 
Соғысымыз зорайды, 
Күннен-күнге ұласып. 
Ержан менен Кенені 
Ақырында қолға алдық, 
Қор болып, құдай қарасып. 
Мына тұрған Наурызбай 
Өзі келді ерлікпен, 
Келген жоқ бізге адасып. 
Бұл секілді ерлерді 
қан майданда өлтіру 
Бола ма бізге мүнəсіп? 
қан майданда өлтірмей, 
қолымызға алайық. 
Əрқайсысын əр адам 
Үйге апарып байлайық. 
Каншама жау деп айтқанмен, 
Нəсілі еді асылдың, 
Өлтірмей, бағып қарайық. 
Қырғызға төре еліксе, 
Жарасып көңілі беріксе, 
Бұрынғы төре қалпымен 
Адам қылып алайық. 
Елікпесе бұл төре, 
Койнына жесір салайық –
Жесір салып қойнына, 
Туғызып тұқым алайық. 
Туған бала төреден 
Дұшпанға кекті жібермес, 
Жиналып тұрған, азамат, 
Көрсеңдер мұны лайық».
Нысанбай  жырау

273
Осы сөзді мақұл деп, 
«Мұнан артық табылмас 
Ойланғанмен ақыл» деп, 
Төрелерді үлесті 
Ортаға түскен олжадай. 
Дүние ісі – əмірмен, 
Басқа тиді ақыр кеп.
Кенені алды əуелі 
Қалша ханның ағасы. 
Үлкейіп қалған кісі екен, 
Алпысқа келген шамасы. 
«Қалша ханды ұстатқан 
құныкерің осы, – деп, –
«Ханның басын хан алар», 
Тап өзінің тұсы», – деп, 
Кенені алып жөнелді. 
Сақау қырғыз төреден 
Кезегін алып, кенелді. 
Бұрын осал болса да, 
Өзі келген төрені 
Олжаға салып, бөледі.
Кұмары болды Кененің 
Қызылсудың өзені. 
Басында бағы барында 
Салтанатын түзеді. 
Басынан бағы тайған күн 
қолына түсіп тұтқын боп, 
Қырғыздан көрді тізені. 
Кенені алып болған соң, 
Алатұғын екінші 
Ержанның келді кезегі.
Нысанбай  жырау

274
Өткен майдан кезінде 
Қара ала атты бір қырғыз 
Майданға келіп еніп ед. 
Ер Бедердің соңынан 
Жекпе-жек деп келіп ед. 
Кекіліктін тауында 
Наурызбайдан өліп ед. 
«Ініңнің мынау құны» деп, 
Есқожаның баласы 
Жанқараш биге береді. 
Не десе де, қырғыздың 
Айтқанына көнеді. 
Басында бағы барында, 
Ержан сынды құрыш болат 
Қай ерлерден кем еді?! 
Басынан бақ тайған соң, 
Бұйдалаған тайлақтай 
Қырғызға еріп жөнеді.
Қырғыздарға кең қоныс 
Қызылсу, Ақсу саласы. 
Шамалы ғана жер екен 
Екеуінің арасы. 
Баяғы шешен Кəрібоз 
Ер Қанайдың баласы. 
Шонай еді туысқан 
Кəрібоздың ағасы, 
Бедер өліп Науаннан, 
Кəрібоздың сол күнде 
Көңілінде бар-ды жарасы. 
«Ініңнің мынау құны, – деп, – 
Сатсаң, толар пұлы» – деп, 
Науанды берді қолына. 
Нысанбай  жырау

275
Шарықтап жүрген сұңкарлар 
Ілінді жаудың торына. 
Басынан бақ тайған соң, 
Ел бастаған көзелдер 
Қырғыздың ерді соңына.
Айтайын кеңес басынан, 
Наурызбай менен Кененің 
Келгендей болып қасынан. 
Бұл ерлерді бір күні 
қанадан асып тасыған, 
Басынан бақыт тайған күн, 
Салтанатты төрелер 
Жұмыртқа болды сасыған. 
Қызыл тілім, сөйлеп қал 
Кұрметі үшін төренің. 
Саушылығын тілейміз 
Он екі мүше дененің. 
Тұра тұрсын кеңесі 
Ержан менен Кененің. 
Ашалап басын сөйлейін 
Арманда болып жас кеткен 
Наурызбай сынды төренің.
Үйіне Наурызбайды алып келді, 
құр кайнап зығырданы, налып келді. 
Сыншы еді Кəрібоздың өзі шешен, 
Сүйегін Наурызбайдың танып келді.
Тіктірді Наурызбайға бір ақ орда, 
Көтеріп алты атан келді зорға. 
Жау болып саушылықта төременен, 
Келген соң, кұрметтеді, енді қолға.
Нысанбай  жырау

276
Батырды сол араға кіргізеді, 
Кұрметтеп, кісілігін білгізеді. 
Төренің қызметінде болыңдар деп, 
Алдына екі жігіт жүргізеді.
Алдына жүргізеді екі жігіт, 
Қолына екеуінің береді кілт. 
Кəрібоз жігіттерге айтты келіп: 
«Қашар деп бұл төрені қылма үміт.
Егер мен жан танысам, төре қашпас, 
Сендерден рұқсатсыз есік ашпас. 
Кетпесін сырттан соғып андыған жау, 
Төреге біреулер дос, біреулер қас».
Ордада сол күтумен Науан жатты, 
Көрмеді жаны төзіп рақатты. 
Көңілі Наурызбайдың тасысын деп, 
Əртүрлі сырнайлармен əн шырқатты.
Науанның бас көтеріп тұрысы жоқ. 
Ұйқы ұйықтап, тамақ ішкен тынысы жоқ. 
Қаншама ойын-күлкі етсе-дағы, 
Əсілі, оныменен жұмысы жоқ.
Атасы хан Абылай – дегдар-асыл, 
Тараған тұқым шашып неше пасыл. 
Əуелден хан баласы еленген бе, 
Солардан келе жатқан төре нəсіл.
Көңілі Наурызбайдың жабығады, 
Өткен күн еске түсіп, қамығады. 
Нысанбай  жырау

277
Елігіп төре назар салмаған соң, 
Кəрібоз ойын тауысып, жалынады.
Күнінде үш ай тоқсан қатады мұз, 
Батырмен, дəм бұйырып, татады тұз. 
«Көңілі Наурызбайдың көтерілсін, 
Əр жерден таңдап сұлу, салайын қыз».
Көңіліне осылайша түсті қиял, 
Төреден көрінбейді жанын аяр. 
Түзетіп ажар-көркін, хош иістеп, 
Алдына қыз-келіншек қылды даяр.
Қаламдай қасы қиғаш, маңдай жазық, 
Бұралған тал шыбықтай белі нəзік, 
Мысалы пейіштегі хор кызындай, 
Сипатын болар емес хатқа жазып.
Төренің қызыл жүзі оңа берді, 
Ішіне қайғы-қасірет тола берді. 
Науанның оларға да зауқы болмай, 
Сарғайып запырандай сола берді.
Науанның көңілі жарым, қайғы басып, 
Əл кетіп, ақылынан тұр адасып. 
Бір күні Кəрібозға бір ой түсіп, 
Ордаға кіріп келді қадам басып.
– Мен келдім, төре, сені көрейін деп, 
Халыңды сау-саламат білейін деп. 
Етіп ем өз халымша сізге қызмет, 
Басыңды сау күніңе теңейін деп. 
Нысанбай  жырау

278
Ашық сөз, айқын көңіл көре алмадым, 
Етсем де жаным пида өлейін деп.
Алдыңа бүгін сенің келіп тұрмын, 
Бақсам да неше күндей елікпедің, 
Басыңды бір көтеріп ерікпедің. 
Рұқсат енді, төрем, бердім сізге, 
Кетуге өз жеріңе жерік пе едің?
Сол уақытта ер Науан 
Көтеріп басын алады, 
Кəрібозға қарады:
– Сіздерменен жау болып, 
Алатауға таластық. 
Қосынды əскер шығарып, 
Жағымыздан қарастық. 
Бір киеге ұрынып, 
Жолымыздан адастық. 
Қараңғы түнде дүбірлеп, 
Алатаудан біз астық. 
Өзімнің басым аман боп,
Кененің қолда қалғанын 
Көре алмадым жарастық. 
Он үш жасқа келгенде, 
Алшиып атқа мініп ем. 
Айқайласқан достардың 
Тілегенін беріп ем. 
Ерегіскен дұшпанды 
Табанға салып жеңіп ем! 
Басымнан бақ тайған күн 
Хан Кенені ізденіп, 
Алдарыңа келіп ем. 
Бастан ауды бағымыз, 
Нысанбай  жырау

279
Сөйлейді тіл мен жағымыз. 
Мəлім шығар Тəңірге 
Қара менен ағымыз. 
Кəрібоз, маған жауап бер, 
Осы күнде аман ба 
Ержан менен ханымыз?
Наурызбайдың сөзіне 
Кəрібоз сонда бөгелді. 
Бөгелгеннің белгісі – 
Төмен қарап үңілді. 
Төреге жауап бере алмай, 
Қабырғасы сөгілді. 
Кəрібоздың ыңғайын 
Енді Науан таныды. 
Үміт үзіп Кенеден, 
Ақырын өксіп, налыды. 
Хан Кенені қырғыздың 
Өлтірген сынды сарыны. 
«Уа» дегенде, Науанның 
Аузынан шықты жалыны:
– Он жеті жаста ат міндім 
Жал-құйрығын сүзілтіп. 
Əуре қылды дүние, 
Жер дүниені кездіріп. 
Атам Қасым айтқаны: 
«Жын салқыны – батырлық». 
Ақыры болды, мінекей, 
Туысқаннан бездіріп, 
Ағаны іні көре алмай, 
Күдерімді үздіріп.
Кененің тұрсың, Кəрібоз, 
Болғанын бақи сездіріп. 
Нысанбай  жырау

280
Дүниенін білдім жалғанын, 
Жалғанның мынау қалғанын. 
Уа, дариға, дүние, 
Көңілімде көп-ті арманым. 
Бас-аяғы тоғыз жыл 
От болып лаулап жанғаным. 
Он екі мыңдай ауыр қол 
Ертіп алып қасыма, 
Алатауға таласып, 
Қырғызға ойран салғаным. 
Шығасыға себеп боп, 
Болмашы жерден дақ түсіп, 
Кененің қолда қалғанын. 
Кенені іздеп мен келдім – 
Өзімнің мұндай болғаным. 
Атқан оққа Тəшкендей 
Кенекем еді қорғаным, 
Кайран сабаз Ержекем, 
Шырайы еді орданың. 
Осылардан айрылып, 
Мін емес пе, Кəрібоз, 
Арқаға менің барғаным?! 
Алдыма түскен ханым жоқ, 
Артыма ерген жаным жоқ, 
Арқаға қиын бармағым. 
Не де болса, Кəрібоз, 
Енді мені қинама, 
Ордаңда енді қалғаным. 
Қолыңда жатып көремін 
Жаратқан Хақтың салғанын.
Наурызбайдың сөзіне 
Кəрібоз қайран қалады, 
Үйіне қайтып барады. 
Нысанбай  жырау

281
Ер Науанды құрметтеп, 
Бұрынғыдай бағады. 
«Таза бақ, – деп, – төрені» 
Қызметтерін салады.
Күннен-күнге ауырлап, 
Төренің дерті үдеді.
Бетінен қызыл қан кетіп, 
Денеден қуат, əл кетіп, 
Енді терең жүдеді. 
Ендігі сөздің қысқасы, 
Асыл туған Наурызбай 
Өз иманын өзі айтып, 
Ақирет сапар жөнеді. 
Ұстағаны болмаса, 
Қырғыздан қаза тапқан жоқ, 
Өз бетімен өледі.
Көп жасаған қария, 
Көп қыдырған азамат 
Қоғамы күшті дер еді. 
Киімді бала тудырған, 
Ықпалы жүрген ер еді.
Алтынды қылыш будырған, 
«Абылайлатып» ат қойып, 
Дұшпанды көрсе, қудырған 
– Көп сарғайтып келместей, 
Кене хан, саған не болды?!
Тұлпардан сайлап ат мініп, 
Дорбадан жемін жегізген, 
Жем орнына бал беріп, 
Қысырдың сүтін емізген, 
Басқын қалың жау келсе, 
Нысанбай  жырау
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет