1 Мəделі Жүсіпқожаұлы Шортанбай Қанайұлы Қалнияз Шопықұлы Шынияз Шанайұлы Нысанбай жырау шығармалары «Нұрлы Press kz» Алматы



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата27.03.2017
өлшемі0,9 Mb.
#10400
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

25
Көрінбесін əр уақытта көзің жастан,
Датқа-еке, талай қылық өтті бастан.
Көк атқа қаракиік мінгеннен соң,
Бесеуді қабат шаныштым дем алмастан.
Ойлаймын тұман ба деп шыққан шаңды,
Ұрыспен аңдамадық атқан таңды,
Ерімен екі жүз ат олжа ап бердім,
Шығардым есен-аман бозбалаңды.
Адамның ол уақтағы бəрі де аят,
Рас деп бұл сөзімді айтқан шаят,
Нұректің киік алған сұңқарындай,
Бас болып бозбалаңа бердім тай, ат.
Дуа алған жеті атаңнан пірің едім,
Өзіңнің мезі қылсаң бірің едім,
Бар болса тентектігім далаға еді,
Артыңнан ұмыт болған інің едім.
Жалғыздың жаман болса шықпас үні,
Соқырдың тыс болғанмен атпас күні,
Дауыңа жауыңменен бірдей көмек,
Табылмас мен секілді саған іні.
Ойласаң менен жуық елің бар ма,
Қай жақта елің деген сенім бар ма,
Мені суық, Жаппасты жақын көріп,
Қоңыраттан кісі өлтірген жерім бар ма?
Деуші едім жалғыз шынар, Қанай сені,
Ілгері дастан қылдым талай сені,
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

26
Алдымда ағам едің асқар таудай,
Бауырға не себептен тептің мені?
Бұл өлеңді құлаққа тыңдағын-ай,
Дау мен жау ер жігітке бақты талай.
Алдыңда бас кесіп, қан төкпеп ем,
Алаштан алыс қылдың мені қалай?
Дəу едің дұшпан қарсы келе алмаған,
Тұлпар ең таңдай шауып дем алмаған,
Тепкенін сен жауырға білгеннен соң,
Қалмады еш дұшпаным кек алмаған.
Шынар ең биік шыққан биік тауға,
Саяңды мені тастап бердің жауға,
Ғайры дін, жынысы бөлек қосын жектім,
Үзген соң сенен күдер паналауға.
Датқа-еке, басың іскен асқабақтай,
Дəу келсе сөйлемес ең жасқалақтай,
Жаппастың жүз ділдəсін алып бердің,
Көк ұлын соғыстырып тастабақтай.
Ішінде бұл өлеңнің бар ма жалған,
Аузыма бұл өлеңді құдай салған,
Түзетер түсер айып ауыз екі,
Бар болса қата сөзім мұнан қалған.
Жүйріктің майда келер құйрық-жалы,
Айтпайды қата сөзді Мəмəдəлі,
Жаныңда жақын болса жүрмес пе еді,
Мен мұнда, Жаппас кетпей, жүрмін əлі.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

27
АҚ  ПАТША
Ақ патша əділмін деп сендіріп тұр,
Аузынан шыққан сөзін ем қылып тұр.
Ой мен қыр, жер мен суға ие болып,
Əр жерден қазық қағып, белгі ұрып тұр.
Қарыстап қара жерді бөлдіріп тұр,
Көнбегенді күшпенен көндіріп тұр,
Қарсыласқан түсер деп тас қамалға
Төбеңнен зеңбірегін төндіріп тұр.
Ел сорлы бəріне де көндігіп тұр,
Дария бойында сел қаптап, сең буып тұр,
Хакімге момындардың малын шашып,
Пысықтар жанын жалдап, шен қуып тұр.
Аузымен хан-қараны тең қылып тұр,
Ұзын арқан-тұсауды кең қылып тұр,
Зұлымның мəртебеге қолы жетіп,
Арада момын жатқан ел құрып тұр.
Біреуді артық, біреуді кем қылып тұр,
Біреудің айтқан сөзін жөн қылып тұр,
Құдай да қудың жағы болған білем,
Біреуді əкем біреуге жем қылып тұр.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

28
АППАҚАЙ,  АМАЛ БАР  МА  МЫНА  СОРҒА?
Атақты  Қоңырат  Қоныс  датқаның  қызы  Аппақай 
жалғыз ағасы Беркімбайдың айтқанын тыңдамай, түбі Қара 
кетелік ояз тілмашымен қашып кетіп бара жатқанда, жолда 
ұшырасып қалған Мəделі ақынның айтқаны:
Аппақай, амал бар ма мына сорға, 
Құс едің аспандағы түстің торға,
Үстінде көк арбаның селкілдейсің,
Көшкенде жақпаушы еді тарпаң жорға.
Аппақай, ашыды ма сенің миың,
Үстіңе қынамалап кидің киім.
Түскін де арбадан, ауылыңа қайт,
Жанында Жартытөбенің отыр үйің.
Аппақай, кеткенің бе жетілмей-ақ,
Сырбаздың былқылдаушы ең етіндей-ақ,
Қоныстың ен дəулетін ылайладың,
Дарияның ағып жатқан шетіндей-ақ.
Атыңа үш тұмсықтап қаққан тағаң,
Мойныңда қынамалы киген жағаң.
Айта кет, Аппақайжан, бір сырыңды,
Есіңнен шыққаны ма жалғыз ағаң?
Насиқат көп айтсам да ұға алмадың,
Боларын мұндай істің біле алмадым,
Май салып ауызыңа, бал емізген
Есіңе ата-анаңды бір алмадың!
Аппақай, есеймей-ақ ерге кеттің,
Төменнен жай таба алмай, өрге кеттің,
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

29
Қайыр қош, енді аман бол, қарындасым,
Көз көрмес, аяқ жетпес жерге кеттің.
Аппақай, ел ішінде өстің ерке,
Əйелсің шашың ұзын, ақылың келте,
Көзіңе Қамбар болып көріне ме,
Қалбайған қарға бұтты Қара кете?!
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

30
АТЫНАН  АППАҚАЙДЫҢ  ҚАРАСПАСАҢ...
Аппақайдың тілмашқа қашып кетуінің арты үлкен дауға 
айналады. Қара кете тілмаш Арғын Құлтума дегенге барып, 
уақытша сонда паналайды. Арада біраз уақыт өткен соң, ол 
кісі араға түсіп, Мəделіқожа арқылы оларды Беркімбаймен 
татуластырады да, табысқан күйеу баласы қайынағасына 
Қайысаяқ деген атақты жүйрік атын мінгізеді. Міне, сол 
тұлпарды Беркімбай астына мініп келе жатқанда, ескерусіз 
қалған Мəделіқожа былай дейді:
Ел қайда Желтиместен ары аспасаң,
Ат қайда Құлшоқынмен жараспасаң?
Аяғы Торышаның қою тартты
Атынан Аппақайдың қараспасаң!
Сонда Беркімбай астындағы жүйрік арғымақтан қарғып 
түсіп, сол жерде аттың шылбырын ақынға ұстата салған 
екен.
Ел ішінде осы бір оқиғаға қатысты əңгіменің біршама 
өзгертілген нұсқасы да сақталған. Онда Аппақайдың аға-
сымен тілмаштың татуласқаны былайша баяндалады:
...Аппақай қашып кеткен соң, араға біраз уақыт салып, 
сондай  келеңсіз  жағдайда  күйеуге  тиген  қыздың  тұрып 
жатқан ауылының үстінен ойда жоқта бір жақтан жолау-
шылап келе жатып, ағасы Беркімбай мен Мəделіқожа өтеді. 
Аппақай бұларды көре сала, ағасының астындағы аттың 
шылбырына оралып, үйіне түсулеріне жалынады. Ақыры 
оларды қонақ қылып, ағасына ат мінгізіп, тілмашпен та-
туластырады.
Қайтар жолда аты шабан тартқан ақын серігі Беркім-
байға жоғарыда келтірілген бір ауыз өлеңді айтып, қарын-
дасы берген Қайысаяқ деген атақты жүйрікке ауысып мініп 
алған екен делінеді.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

31
МƏДЕЛІНІҢ  ДОСАЛЫ  МЕН  ҚАСЫМБЕК 
ДАТҚАНЫ  ЖАРАСТЫРУЫ
Досалы, Қасымбек ең төс елінде-ай, 
Жылқы мал тебіспейді өсерінде-ай, 
Артыңды шабыс пенен тартыс қылма
Қартайып, дүниеден көшеріңде-ай.
Қалып ем қай жаныңнан жауланғандай,
Мен шоқ ем, сен жалын боп лаулағанда-ай,
Артыңды шабыс пенен тартыс қылма,
Басыңа кəрілік кеп аунағанда-ай.
Досалы, Қасымбек ең қырда жатқан,
Естерің бар емес пе, тəңір атқан,
Төбелессең Дулаттың баласы өлер,
Қожа өледі деймісің Сырда жатқан!
Ақсуда жасақ жиып тұрысқаның,
Жауыңды қашан бірге қуыспадым?
Атыссаңдар Дулаттың баласы өлер,
Жалған ба бір атадан туысқаның?
Домалап тасың шықса тау бетіне,
Мастанба қолыңдағы дəулетіңе,
Ашу-дұшпан тілімен адам өлсе,
Кек қалар жеті пұтты əулетіңе!
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

32
СЕН  ӨЗІҢ...
Қаратау асып, Созақ жаққа барар жолда Найман Бұзау 
датқаның үйіне түсерде, Мəделі қасындағы жігіттерін қыр 
астына қалдырып, өзі жалғыз барады. Сəлемдескен соң, үй 
иесі: «Мені жұрт Бұзау датқа дейді, ал сен қайдан боласың? 
Жөніңді айта отыр» деп жөн сұрайды. Сонда ақын: «Сыр 
бойынан  келе  жатқан  жолаушымын,  датқаның  даңқын 
есітіп, сəлем бере келдік» дейді.
Сонда  Бұзау  датқа: «Ау,  мына  жолаушыға  қазан 
көтеріңдер» дегенде, бір əйел үй ортасындағы қазанға су 
құйып,  қойдың  жалғыз  қолын  салып  қайната  бастайды. 
Датқа жантайып жатқан жерінен тұрып отырып: «Сол Сыр 
бойынан келе жатсаң Мəделіні білерсің» деп, батырлығы 
мен  ақындығы  жайлы  естіген-білген  əңгімелерін  аузына 
алып,  сөзінің  соңында: «Ол  туралы  білетініңді,  басқа 
бұйымтайың болса, оныңды айта отыр, жолаушым» дейді.
Сол кезде Мəделі былай депті:
Сен өзің Бұзау емес, торпақпысың,
Жауға шапсаң жалтақтап қорқақпысың?
Қазаныңа салғаның жалғыз жауырын,
Ұялмай оған өзің ортақпысың?
Жоқ, əлде Бұзау емес, баспақпысың,
Баспақ бола тұрсаң да асқақпысың?
Даңқын көрмей дəріптеп əңгіме еттің,
Мəделі келсе тұра қашпақпысың?
Осыдан  кейін  Мəделінің  бас-аяғына  қайтадан  назар 
салып  қарап  өткен  Бұзау  датқа: «Япыр-ай,  сен  ия  көзі, 
ия  өзі  шығарсың!»  дейді  де,  орнынан  тұрып,  қайтадан 
құшақтасып көріседі де, ішінен «бұл анық Мəделі болса, 
жанында жігіттері болуы тиіс» деп түйіп, жылқыдан бір ту 
биені алдыртып, барлық жігіттерімен күтіп аттандырыпты.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

33
ТАСТАМА  ЖҰРТҚА  ШАЛА  КӨШЕРІҢДЕ
(Ахмет Байтұрсыновтың «Əдебиет танытқыш» 
кітабында келтірілген нұсқа)
Дұшпандар тың салмай ма шабысыңа,
Тұлпардай əрбір шыққан дабысыңа,
Байұзақ, Батырбекпен екі нусың,
От салма өзді, өзіңнің қамысыңа.
Белбеуді бел қышиды шешерінде,
Жылқы мал тістеспейді өсерінде,
Екеуің орта жасқа келіп қалдың,
Тастама жұртқа шала көшеріңде.
Бір дұшпан екеуіңді жанып жүр ме,
Жел сөзге арадағы нанып жүр ме?
Басын тарт тұлпарыңның керістірмей,
Сауырын зорықтырып алып жүрме.
Мəделіқожаның  бұл  өлеңінің 1997-жылы  табылған 
толық нұсқасында мынадай төртінші шумағы бар екен:
Ақсуда жасақ құрып тұрысқаның,
Жауыңды қашан бірге қуыспадым,
Мылтық атсаң Дулаттың баласы өлер,
Жалған ба бір атадан туысқаның?
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

34
ТӨРЕНІҢ  БІР  АТАСЫ  ҚАЛМАҚ  ЕДІ...
Бірде Шымкент үйезінде қызмет істейтін Ахмет төре 
Кенесарыұлы, апасы Қалипаның күйеуі Мəделінің «тоқал» 
деп шақырғанына шамданып, қырдың суына атылғанын, 
оны қайнысы Кенжеханның ат жалдатып барып құтқарып 
алғанын есіткен соң, ақынға «Апам суға батып өліп кеткен 
жағдайда, құнынан құтыла алмайтын едің» деп нығызда-
ныпты.
Сонда Мəделі былай деп жауап қайтарыпты:
Төренің бір атасы қалмақ еді,
Өлерінде кебінін жалмап еді,
Ажалынан өлсе де маған төлет,
Жалғанда жемеген боғың қалмап еді!
Дарияның суы тасып, сазы қалды,
Шіркін-ай, көңілдің бір назы қалды,
Болмаса атыс-шабыс қадірі жоқ,
Батырдың күші қайтса, зары қалды.
Өмірдің көбі кетіп, азы қалды,
Шіркін-ай, көңілдің бір назы қалды,
Жиғанмен өліп-өшіп дүние-малды,
Көрге кірген күніңде адыра қалды.
Жүйріктің майда келер құйрық-жалы,
Сөйлемес жалған сөзді ер Мəделі,
Апаңның көзі кетсе мейлі еді,
Опасыз апаң үйде тірі əлі.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

35
МƏДЕЛІНІҢ  АХМЕТ  ТӨРЕНІ  МІНЕУІ
Болар ең түйе болсаң оқпақ қана,
Тұрар ең түске дейін оттап қана,
Түстен кейін жантаққа аунап-аунап,
Жатар ең жамбасыңды боқтап қана.
Болар ең інген болсаң маңқа інген,
Жүктерін кірекештер арта мінген,
Сайлау жерге қалғанда тартынақтап,
Жүретін мұрнын жыртып қатпа інген.
Базарға жылқы болсаң өтпес едің,
Теңгеге анық отыз өтпес едің,
Келі түйген қатынды айналсоқтап,
Бақанмен ұрса-дағы кетпес едің!
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

36
ӨРЕСКЕЛ  БОЛЫПТЫ  ҒОЙ  СОНЫҢ,  ЖИЕН
Қазақтың  арасында  нағашы-жиен  болып  ойнап,  сөз 
қағысу,  бір-бірін  мінеу,  əзілдесу  мен  қалжыңдасу – 
бұрыннан келе жатқан дəстүр. Оның күнделікті өмірден 
қаншалықты  орын  алғанын  мақал-мəтелдерден  оңай 
аңғаруға  болады.  Мысалы  «Жиен  мал  болмайды», «Бір 
жиен қыдырып келгенше, бес бөрі қойға шапсын» деген 
сөздерді естімегендер кем шығар. Ал енді екеуі бір-біріне 
туған  нағашы  мен  жиен  болып  келетін  Мəделіқожа  мен 
Майлықожаның  өз  ара  оқта-текте  сөз  қағысып  тұруы, 
тіпті, заңды құбылыс. Оны Майлықожа нағашысы қайтыс 
болғансоң,  басына  тұрғызылған  сағанасына  барып  «Тірі 
болсаң сөзімді елер едің, Мазақ етіп бір сөзбен күлер едің» 
деп аузына алған сөздерінен-ақ байқауға болады. Солардың 
ел аузында сақталып қалғандарының үшеуіне жол берелік.
Бірде Майлықожа дариядан салмен өтіп келе жатқанда, 
байлаған  салы  тарқатылып  кетіп,  киімдері  салмен  бірге 
ағып кетіп, өзі малтып жүріп, дарияның шетіне əзер шыға-
ды.  Жақын  жердегі  бір  үйден  тон  алғызып,  өзі  əбіржіп 
тұрғанда, үстіне Мəделіқожа келіп қалып:
Үстіңде құтты болсын тоның, жиен,
Тоныңа жасырынбас қолың, жиен.
Киіміңнің бəрі де салмен кетіп,
Өрескел болыпты ғой соның, жиен, – депті.
Сонда Майлықожа нағашысына қарап:
Салмен түстім дарияға,
Ақыл салмай қарияға,
Бұл да əзелден жазылған-ды,
Жар салмаңыз жарияға, – деген екен.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

37
ƏКЕҢНІҢ  АЙҚАСҚАСЫН                                            
КӨРГЕМ  ТОПТА
Ақбұлаққа  орыстар  келгенде,  Мəделіқожаға  оқ  тиіп, 
жарақаттанады. Батырды кілемге салып, төрт атпен төрт 
жігіт көтеріп келе жатқандарында, алдарынан жолаушылап 
келе  жатқан  Майлықожа  жолыға  кетеді.  Нағашысының 
хал-жайын  көріп-білген  соң,  жаны  біршама  жай  тапқан 
Майлықожа батырдың көңілін бір сергітпек оймен былай 
дейді:
Əкеңнің Айқасқасын көріп едім,
Қып-қызыл өзің шаптың жанған отқа,
Əлемге намы кеткен Мəмəдəлі,
Келесің ыңыранып жалғыз оққа.
Сонда Мəделіқожа:
Бұл сөзді айтар ма еді əлін білген,
Əкеміз Айқасқамен дəурен сүрген,
Орыстың маған тисе, оғы тиді,
Сені де зар илеткен жалғыз тікен!
Батырдың  жиеніне  бұлай  дегенінің  мəнісі – бірде 
Майлықожаның аяғына жиденің тікені кіріп, ол іріңдеп, 
дүңкиіп ісіп кеткен соң, ақын далаға біраз уақыт шыға ал-
май жатқан жайы болыпты. Сонысын есіне салып, алдына 
тартқаны екен.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

38
МƏДЕЛІНІҢ  БІР  ЖОЛЫ  МАЙЛЫҚОЖАНЫ 
СӨЗДЕН  ҚАҚҚАНЫ
Майлы ақын, міне бізбен ойнасаңыз,
Жүрсек те, жайымызға қоймасаңыз,
Шомайдың көк аласын неге алдың,
Ағайынның пайдасын ойласаңыз.
Ауылына барып қондық Кенжебайдың,
Қонып көрдік игілігін қант пен шəйдің,
Жал-жая, қазы-қарта бір леген қып,
Қазысын əкеп қойды асау тайдың.
Ас көрсе ақын Майлы қылмас сабыр,
Естен шықты бұрынғы өткен жəбір,
Мəнті қылып асайды шыны майды,
Шыны майдың сыртына орап қамыр.
Сақ келеді сары иттің сабалағы,
Келді айтқаным, жігіттер, бағанағы,
Түн ортасы болғанда абайласам,
Майлы ақынның жарылды қағанағы.
Есте бар ма ескі сөз қуамын деп,
Ойда бар ма дамбалға қуамын деп.
Екі қолың илікпей қалмап па еді,
Шалбарыңды қармен көп жуамын деп.
Біздің қоныс сұрасаң – Айкөл, əсте,
Ақынды санамаңыз ақылы еске,
Кенжебайдың үйіне қонған түні
Қонақ кəде қылғаны əлі есте.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

39
Көзімді ашсам, Майлы ақын тоңып отыр,
Жеген майдан көңілі суып отыр,
Жан-жағалай көрпені қаластырып,
Езгілеп, қарға үйкеп жуып отыр.
Қар болып, табылмады құрғақ кесек,
Ақынды кісі екен деп қылмай есеп.
Астына салғаныңмен былғап қояр,
Астына салмаңыздар жақсы төсек.
Батыр жаудан қайтпайды араламай,
Бірін шауып, біреуін жараламай,
Таң атқанша жуғанмен кетер емес,
Есіл-дерті болыпты қарала май.
Кенжебай аямады бізден сыйын,
Ақынға артқы жағы болды қиын,
Таң атқанша жуғанмен кетер емес,
Жазым боп былғаныпты есіл бұйым.
Майлы ақын, талай жерді майлағансыз,
Байларды қазысы көп жайлағансыз,
Таң атқанша төсекті былғап шығып,
Артыңызға көк сүңгіні байлағансыз.
Өзің тидің, Майлы ақын, бəле қуып,
Шалбарыңды алмап па ең, құммен буып,
Иманберді датқаның ауылында да
Екі құмған суменен алдың жуып.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

40
БАЖАҚТЫҢ  БОЛЫП  ЖАТЫР  МƏЖІЛІСІ
Бажақ  деген  дəулетті  кісінің  асына  Мəделіқожа, 
Майлықожа, Байырбек ақындар барыпты. Қонақтар нашар 
күтіліпті.  Сол  жайды  мінеу  мақсатымен  өлеңнің  басын 
Мəделіқожа, ортасын Майлықожа, аяғын Байырбек шыға-
рып айтуға келісіпті.
Мəделіқожа:_Бажақтың_болып_жатыр_мəжілісі,_Майлықожа:_Ит_жүгіріп,_құс_салған_əзіл_ісі._Байырбек'>Мəделіқожа:
Бажақтың болып жатыр мəжілісі,
Майлықожа:
Ит жүгіріп, құс салған əзіл ісі.
Байырбек:
Бұл кісі сахабадан кем болмады,
Атанды Меке барып əжі кісі.
Мəделіқожа:
Менің атым бұл жерден үркіп отыр,
Майлықожа:
Жүрегім май ішкендей кілкіп отыр.
Байырбек:
Үш қос уыс жем жеген тұғыр аттай
Байырбек те дорбасын сілкіп отыр.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

41
ТҮС  КӨРГЕНДЕ
Мəделі  үлкен  шаһардағы  медреседе  жеті  жыл  оқып, 
ауылына келе жатып, қатты шөлге душар болып қалады. 
Далада түнеп жатқанда, түс көреді. Түсінде оған Ұлбике 
көнектен  зеренге  қымыз  құйып  беріп  отырады.  Ауылға 
келген соң Мəделі Ұлбикеге көрген түсін айнытпай айтады.
Сонда Ұлбике:
Басыма салған едім желегімді,
Таппадым жеті жылдай дерегіңді,
Мүттəйі теріс басқан, зəлім қожа,
Тауып бер көнегім мен зеренімді, – деп əзілдепті.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

42
ШАҢҚЫЛДАП  КҮШІГЕН ҚҰС                                     
БҮРКІТ  БОЛМАС
Бір топ жолаушы келе жатып, «ат шалдырайық» депті. 
Іштерінде Майлықожа, Мəделіқожа, Құлыншақ ақындар 
бар  екен.  Басқалары  «осы  үшеуі  қосылып  бір  өлең  айт-
сын, солардың пікіріне қарай көрейік!» депті. Майлықожа 
өлеңнің басын, Құлыншақ ортасын, Мəделіқожа ақырын 
айтпақшы болып келісіпті.
Сонда Майлықожа:
Шаңқылдап күшіген құс бүркіт болмас,
Құлыншақ:
Қара су сапырғанмен іркіт болмас,
Мəделіқожа:
Таздың басы, саңыраудың құлағы екен,
Бұл жерге аттың басын іркіп болмас, – депті.
Осы сөзді есіткен соң, жолаушылар бастарын изесіп, 
ол жерге ат шалдырмай жүріп кете беріпті.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

43
ƏТТЕҢ-АЙ, АМАЛ БАР МА,                                          
АМАЛ БАР МА?
Жабыдан айғыр салсаң – ат тумайды,
Нəкəстің қызын алсаң - зат тумайды.
Көп беріп, көргендінің қызын алсаң,
Баласы оның туған таптырмайды.
Мысық жолдас болмайды тышқанменен,
Айтамын əр сөзімді мысалменен,
Баласы құладынның бөрі алмас,
Аспанда үш айналып ұшқанменен.
Жылдар өтіп барады, замандар да,
Бұлбұл боп сайрай алмас жаман қарға.
Кей есек тұлпармын дер бағы жанған,
Əттең-ай, амал бар ма, амал бар ма?
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

44
БӨРІНІҢ  ЖЕМЕСЕ  ДЕ  АУЫЗЫ  ҚАН...
(Тəтен датқаға)
Тəтеке, өлең айт деп қылдың бұйрық,
Бəйгеден бабы түспей озбас жүйрік.
Шашып, шапшып сөйлеуге жібермейді,
Жаппас жүр ақылымды қойдай иіріп.
Келіп ем дін ыслам қаласынан,
Алланың үмітім бар панасынан,
Келіп ем жұрт сағынып, көрейін деп,
Жаппастың тыншымадым жаласынан.
Кеміді келемін деп жарым жасым,
Бойыма тарамады ішкен асым,
Он жыл болды тыныштық көрмегелі,
Жанжалмен əуре болды жалғыз басым.
Келіп ем дін ысламнан, Бұқар ауып,
Көбейді мал даулаған бізді тауып,
Бөрінің жемесе де ауызы қандай,
Көбейді айғақ-куə, жала жауып.
Жұртым жоқ даудан басқа қарайтұғын,
Жаман күнге жақсы дос жарайтұғын,
Барамын Түркістанға зорлықпенен,
Ұлық жоқ əділетпен сұрайтұғын.
Тəтеке, өлең айтпақ көңіл қошы,
Мал тайса, қашық тартар ердің досы,
Орынсыз үкімменен мен барамын,
«Күн туса ер басына...» деген осы.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

45
Бүгінде не сөз шықсын тілімізден,
Қата болса өткейсіз мінімізден,
Датқа-еке, дуаңызды аямаңыз,
Қызметкер жолдас болған ініңізден.
Бүгінде мүшкіл іс бар басымызда,
Басы сау, сөйлеуші едік, жасымызда,
Құтқарса құдай аман бұл пəледен,
Бір барып сөз сөйлер ем қасыңызда.
Күнəм көп, кешкей құдай қатамыздан,
Бұл дəулет сізге қалған атаңыздан,
Аузыңның да дуасы бар ер едіңіз,
Үміткер болып келдім батаңыздан.
Қадірін ауырғанның білмейді сау,
Жылымшыған жанжалдан жақсы екен жау,
Датқа-еке, дуаңыздан қалдырмаңыз,
Сүйегін қожаекеңнің жасытты дау.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

46
ТƏТЕН  ДАТҚАҒА
ІІ-нұсқасы
Тəтеке, өлең айт деп қылдың бұйрық,
Бəйгеден бабы түспей озбас жүйрік.
Шашып, шапшып сөйлеуге жібермейді,
Жаппас жүр ақылымды қойдай иіріп.
Келіп ем дін ысламның қаласынан,
Алланың үмітім бар панасынан,
Келіп ем жұрт сағынып көрейін деп,
Жаппастың тыншымадым жаласынан.
Кеміді келемін деп жарым жасым,
Бойыма тарамады ішкен асым,
Он жыл болды тыныштық көрмегелі,
Жанжалмен əуре болды жалғыз басым.
Келіп ем дін ысламнан, Бұқар ауып,
Көбейді мал даулаған бізді тауып,
Бөрінің жемесе де ауызы қандай,
Көбейді айғақ-куə, жала жауып.
Жұртым жоқ даудан басқа қарайтұғын,
Жаман күнге жақсы дос жарайтұғын,
Барамын Түркістанға зорлықпенен,
Ұлық жоқ əділетпен сұрайтұғын.
Тəтеке, өлең айтпақ көңіл қошы,
Мал тайса, қашық тартар ердің досы,
Орынсыз үкімменен мен барамын,
«Күн туса ер басына...» деген осы.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

47
Бүгінде не сөз шықсын тілімізден,
Қата болса өткейсіз мінімізден,
Датқа-еке, дуаңызды аямаңыз
Қызметкер жолдас болған ініңізден.
Бүгінде мүшкіл іс бар басымызда,
Басы сау, сөйлеуші едік, жасымызда,
Құтқарса құдай аман бұл пəледен,
Бір барып сөз сөйлер ем қасыңызда.
Күнəм көп, кешкей құдай қатамыздан,
Бұл дəулет сізге қалған атаңыздан,
Аузыңның да дуасы бар ер едіңіз,
Үміткер болып келдім батаңыздан.
Қадірін ауырғанның білмейді сау,
Жылымшыған жанжалдан жақсы екен жау,
Датқа-еке, дуаңыздан қалдырмаңыз,
Сүйегін қожаекеңнің жасытты дау.
Кəнекей баяғыдай қылық болса,
Бұл сөзді аңлыр, ақылға тынық болса,
Түн қатып Түркістанға жүрер ме едім
Əділет мұсылманнан ұлық болса.
Кəнекей, Қаражардай елім болса,
Бір шалқар алыс жерде көлім болса,
Һарамды қанға бояп жүрмес пе едім,
Бір сүйеу алды-артымда ерім болса.
Қылар ем қолдан келер амал болса,
Амал жоқ төңірегім қамал болса,
Мəделі  Жүсіпқожаұлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет