1 Мəделі Жүсіпқожаұлы Шортанбай Қанайұлы Қалнияз Шопықұлы Шынияз Шанайұлы Нысанбай жырау шығармалары «Нұрлы Press kz» Алматы



жүктеу 0.9 Mb.
Pdf просмотр
бет3/12
Дата27.03.2017
өлшемі0.9 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

48
Жаппасты жан сауғалап жүгіртер ем,
Қыбыладан жақсы бір шамал тұрса.
Барамын Түркістанға айдауменен,
Тістеулі бармақ басы шайнауменен,
Қыбыладан бір жақсы шамал тұрса,
Кіші жүздің күні өтер байлауменен.
Құдай-ау, өзің оңла бұл ісімді,
Дұшпандар біліп тұрсын күлісімді,
Өзіңе дін жолында қызмет қылып,
Қан төгіп, қанға бояп қылышымды.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

49
ҚЫСТЫҢ БІР  АЛТЫ  АЙЫ                                                 
ӨТКЕН  СОҢ...
Қыстың бір алты айы өткен соң,
Жаздың бір алты айы өткен соң,
Аспара деген етектен
Елім бір көшіп өткен соң...
Сыйқымнан Əжібек келді
   
 
 
туымен,
Батырбектің буымен,
Құрман келді қожадан,
Мың кісі келді тамадан
Өңкей батыр ағадан,
Мың кісі келді Сəмбеттен,
Байзақ келді Мəмбеттен,
Бестеректен келді бес қожа,
Кене ханға Сəлімбай...
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

50
ҚЫЗЫЛАУЫЗ  АТТАЙ  БОЛМАЙДЫ
Кене ағам тартып қырғыз барды,
Аз ауыл Құсшы деген қырғызды алды.
Кененің ішіп жатқан суын бұрып,
Қаңғырып Кене қолы шөлде қалды.
Кене ағам атысады жалғыз жатып,
Атының шаба алмайды мойны қатып.
Астында ер Науанның Қызылауыз,
Оқ үзді артқы аяғын бұлғақтатып.
Беріпті сөйлесін деп тіл менен жақ,
Наурызбай осындайда қимылдап бақ,
Өркеші жоқ түйедей мойны құлаш,
Əкелді Кертайлақты үйсін Байзақ.
Кертайлақты əкелді судан сүйрік деп,
Топтан да озған жүйрік деп,
Аяқты малға жеткізбес
Мұндағы жауға килік деп.
Кенеге тілеу болмайды,
Қырғызды құдай оңдайды.
Жамандатқыр Кертайлақ
Қызылауыз аттай болмайды...
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

51
МƏДЕЛІҚОЖАНЫҢ  ШƏРІП  БОЛЫСҚА 
АЙТҚАНЫ
Арғыннан Ташкент жаққа Шəріп барған,
Бұл жақтан бір əйелді алып барған,
Арыстанбай Шымкентке болыс болып,
Көп жұртқа дəрежесі анық болған.
Ол барған əйелді алып Арыстанбайға,
Қайратты жақсы жігіт жүрмес жайға,
Сіңісіп бірнеше жыл қызмет қылып,
Жүреді жолдас болып бірнеше айға.
Бақ алған Арыстанбай оң мен солдан,
Артынша, құдай қалап бақыт қонған,
Шымкентке Арыстанбай памошник боп,
Шəріпті өз орнына болыс қойған.
Ер Шəріп болыс болды судай тасып,
Бақ алған аса жұрттан қайраты асып,
Өр дəулет Қасымбекпен қас болады, 
Екеуі бір нəрсеге жанжалдасып.
Ер Шəріп қас болады Қасымбекпен,
Ол-дағы мықты болыс қолы жеткен,
Сыздықтың күйеуі бір үлкен төре 
Екеуі айтысуға соған кеткен.
Алдына сол төренің барады енді,
Жұмысын наһақ болған салады енді,
Жасырып Қасымбектен Шəріп болыс
Төреге жүз елу сом пара берді.
Қасымнан Шəріп жеңіп дауын алып,
Сүйсінді шыққанына барша халық,
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

52
Шəріптен жүз елу сом пара алғанын
Қасымбек есітеді құлақтанып.
Қасымбек ол төреге қайта барды,
Қалтаға бес жүз сомдай ақша салды,
Төреге бес жүз сомның бəрін беріп,
Айтысып Шəріппенен тағы барды.
Қасымнан ол төренің жегені көп,
Əр қашан мал шіркіннің себебі көп,
Шəріпті Қасымбекке жығып берді,
Тұрған соң өзі ұлық дегені боп.
Қасымға Шəріп шықты ақы беріп,
Төренің қиянаты болды серік,
Барды да бір төремен ақылдасты,
Қашаннан жүреді екен жақын болып.
Төренің айтты қылған қиянатын,
Өзінің қылған қанша саясатын,
«Айтыссам бұл төрені қайтер екен,
Сіз едің халық ішінде көңілі жақын?».
Төре айтты «Түрін көрдім бұл жұмыстың,
Тұрпатын көп көріп ем бұндай істің,
Қой балам, қудалама, не қыласың,
Бір алдың, бір алдырдың, кезек түстің».
Шəріпке жарамайды сөз шамасы,
Сыздықтың ол күйеуі, бұл ағасы,
Қылды ғой ақыр бұған жақындығын
Бұлардың таяу еді шекарасы.
Көңіліне мақұл көріп айтыспақты,
Бұл өсек ол төреге барып қапты,
Шəріптің айтысамын деп жүргенін
Бір орын анығында танып қапты.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

53
Ол өзі үлкен төре емес мықты,
Шəріптің əшкере боп мысы шықты,
Жеткізбей бір жетіге əлгі төре
Шəріпті болыстықтан түсіріпті.
Олардың тойды төре парасына,
Көз жетпес кімнің ағы, қарасына,
Мəделі дейтін білгір ақын қожа
Ташкеннің болды сырқат қаласында.
Бір айдан қожа ауырды артығырақ,
Барыпты көп жақсы адам көңіл сұрап,
Өзінің үзеңгілес жолдасынан
Бара алмай қалған екен Шəріп бірақ.
Ол қожа ауырыпты бір ай анық,
Бір күні жазылыпты сақтыланып,
Шəріптің көңілін сұрап келмегенін
Көңіліне жүреді екен əбден алып.
Шəріптің іші толған қайғы түтін,
Халыққа шығармайды көңілі бүтін,
Қожаны көңілі ашып сөйлетуге
Шақыра жібереді бір жігітін.
Домбыра, қожа келіп, алды қолға,
Жел сөзге өзі жетік судай жорға,
Шəріпті есек мысал құлан қылып,
Азырақ сөз сөйледі сонда қожа.
Айтайын арсы-гүрсі, лаухи қалам,
Алланың мақлұқаты барша ғалам,
Болмайды бір сияқты, бір мінезді
Болғанмен бір нəсілді барлық адам.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

54
Біреу – ақ, біреу – қара, біреу – сары,
Болмайды бір сияқты жанның бəрі.
Біреудің реңі бар тұмандайын,
Біреудің күннен раушан жамалдары.
Құдайым бір адамды ақын қылса,
Келтірер сөздің сəнін нақыл қылса,
Тартқанмен алтын суын тілде болмас,
Əуелде кімді құдай пақыр қылса.
Тұрғанмен алтын болып бірге түсі,
Астынан ақыр бір күн шығар мысы,
Өзінің бір задына тартпай қоймас
Жүрсе де қанша мықты жаман кісі.
Жаманға бақ зауымен қонса бір күн,
Ойланып өзін-өзі дейді дүрмін,
Семірген ертедегі есектей-ақ
Ілгері ұмытады өткен күнін.
Есектің қалай десек, жайы мынау,
Бір адам жүреді екен қылып ылау,
Дамылсыз күндіз-түні мінгеннен соң,
Арықтап, жүдеу тартып болады бұрау.
Үстіне жүк артқан соң ауыр-ауыр,
Арқасы неше жерден болады жауыр,
Бір күні есек жылап қылды налыс,
Құдайдан бір жал сұрап, өкпе-бауыр.
«Сүйегім тіршілікте ағармай ма,
Құтылар бұл пəледен заман қайда,
Құдай-ау, бір жеткізсең арманым жоқ,
Мінілмей бірер апта жүрсем жайға.
Біреуге жолықтырдың жаһанда қу,
Қоңыма мінуменен жүгіртпес су,
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

55
Қыламын нешік айла енді, Жаппар
Ішкенім – захар болды, жегенім – у.
Жүк артып көп жыл болды тасығалы,
Арқамды келмес шамам қасығалы,
Қыламын нешік айла енді, Жаппар,
Жауырым ішке түссе, сасығаны».
Құдайдың не қылса да еркі күшті,
Көрсетер пендесіне əртүрлі істі,
Есектің мінəжаты қабыл болып,
Сол күні егесіне бір ой түсті.
«Жануар жайы кетті бұл һарамның,
Мінгенде болдырмайтын тұлпарымның,
Қолыма осы есегім түскеннен соң,
Еш жері жыртылмады ұлтанымның.
Мінбейін, енді мұны оңалтайын,
Семіртіп, арқа-басын түзелтейін,
Семіртіп, арқа-басы түзелген соң,
Жүгімді есек болса, тағы артайын».
Қулықпен пайдасы жоқ еткен істің,
Араммен пайдасы жоқ тойған іштің,
Иесі қулық қылып семіртуге,
Қаптады бір терісін жолбарыстың.
Басқа – бас, ерінге – ерін кез қылады,
Қолға – қол, аяққа – аяқ тез қылады,
Сыртынан бұл есекті көрген жанға
Қатесіз жолбарыс деп сездіреді.
Бұл істі қылғандары күндіз еді,
Ықылап күн батқан соң жүргізеді,
Олардың ішкі сырын кім біледі,
Апарып шеткі бауға енгізеді.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

56
Иесі азанымен келді баудың,
Ісінен хабары жоқ сыртқы жаудың,
Сауыры шұбар болып көрінген соң,
Айласын біле алмады жақындаудың.
Ол жерден безіп кетті иелері,
Бауыма келіпті деп түнде шері,
Дамылсыз күндіз-түні оттай берді,
Бақ болып сол есекке шұбар тері.
Сол жерге қайырылмай адам қашты,
Есекпен құлан келіп араласты,
Семіріп əбден есек болғаннан соң,
Келді де бір құланмен болды досты.
Бір жүріп бұл екеуі, бір тұрады,
Бұлардың ішкі сырын кім сұрады,
Семіріп есек-екең жетілген соң,
Бір күні нəкүстігін білдіреді.
Мойнына көтере алмай біткен жалды,
Бұрынғы ұмытады өткен халды,
Өзіне ақырғаны мақұл болып,
Келді де құлан досқа ақыл салды.
«Сөзіме құлағың сал, құлан досым,
Келіп тұр осы күні көңіл-қошым,
Қоюға бір ақырып көңілім кетті,
Саламын саған ақыл, қалай досым?
Мен өзім бұрын арып ақырыппын,
Ақырмай əбден естен жаңылыппын,
Осы күні өзіме-өзім қарап тұрсам,
Дертінен арықтықтың арылыппын.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

57
Өзім бек, болып тұрмын өзіме хан,
Бар ма екен, сірə мендей жетілген жан?
Құлан дос, тамашаға қарап тұрсаң,
Қылайын жер-жаһанды айқай-ылаң».
«Қой, досым, аузыңды ашпа, артыңды қыс,
Басыңа түсіп қалар бір қиын іс,
Қолыңнан бұл дəулетің кетіп қалса,
Түбінде пайда бермес көп өкініш.
Достым-ау, артыңды қыс, аузыңды ашпа,
Дегенің шақырамын бəле басқа,
Дұшпаның сыртыңдағы сырыңды алып,
Жүрмегін басың тиіп бір жартасқа!».
«Болмасын меніменен ісің сенің,
Қай жақта мені ұстайтын кісің сенің?
Семіріп осыншама жетілсең де,
Қу екен желікпейтін ішің сенің».
«Қап, қойдым, ақыра ғой, досым енді,
Өзіңе құтты болсын осың енді»,
Қашуға сонда құлан даярланды,
Көңілі бұл досынан шошып енді.
Сол баудан құлан шығып, кетті қашып,
Ақырды есек сонда аузын ашып,
Жүргені жолбарыс деп есек екен,
Сыртынан бау иесі жүрген басып.
Жүгірді жан-жағынан қуанысып,
Есекті ұстап алды бауға тосып,
Жолбарыс бүгінгі күн есек болды,
Жүргенде бұрын қорқып, зəресі ұшып.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

58
Ағаштың ұрды кесіп келтесімен,
Шығарды жеген шөбін желкесінен,
Теріні үстіндегі сыпырып ап,
Айдады жоңышқаның көрпесінен.
«Қорлығың бізге сенің өтті!» – дейді,
Өкпеге ыңқылдатып тепті дейді,
«Бірталай жиып жүрген бауларымыз
Далаға ысырап болып кетті!» – дейді.
Жүруші еді едірейіп құлақтары,
Салбырап соның бəрі құлап қалды,
Шығарып ол есекті айдаған соң,
Жайына ақыр барып, тұрақтады.
Бұл сөзім бəрі нұсқа ойлағанға,
Ілгері бойын бағып бойлағанға,
Есектей едірейіп шығады есі,
Мал бітсе бұрын қарны тоймағанға.
Артылса қас жаманның мəртебесі,
Есектей едірейіп шығады есі,
Өзіне ақырғаны бəле болды,
Құланның қасындағы кетті несі?
Тарыдай тəкаппарлық болса кімде,
Иман жоқ махшар күнде ол адамда,
Не пайда адырайған қара тастан,
Жатса да гаухар артық су түбінде.
Болысжан, міне болды əңгімеміз,
Бір өлең айтшы бізге деп едіңіз,
Шəріпжан, көңіліңе ала көрме,
Мінекей қолымыздан келгеніміз.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

59
ЗАР  ЗАМАН
Зар заман, зар заман,
Зарлап өткен бір заман.
Сөздің басы – бісміллə,
Біз айталық, сіз тында
Мұсылманның тарихын:
Төрт аяқты хайуан – 
Бұ дүниенің жарығы.
Бағасы кеткен жігіттің
Бетінен алар зайыбы.
Бір Алладан басқаның
Көп-ті қылған айыбы.
Кесапаттың кесірі
Келе ме деп керт басқа,
Сол себептен қорқамын!
Əуелгі қорлар зор болды,
Сондай зорлар қор болды,
Əуелгі барлар жоқ болды,
Сондай жоқтар тоқ болды,
Жөн білмеген жамандар
Ел билеген бек болды,
Көтере алмай билігін,
Ұласқан үлкен кек болды,
Ниетіне қазақтың
Тым-ақ тəуір еп болды – 
Заманақыр болар деп,
Сол себептен қорқамын!
Қыс көбейді, жаз аз боп,
Бай таусылды мал аз боп,
Ағайыны көре алмай,
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

60
Атаға бала араз боп.
Əр нəрсенің болжалы
Келе жатыр жақындап.
Ағашты тауға үй салып,
Алды кəпір алқымдап,
Елді еркіне қоймады
Буыршындай тақымдап.
Дуанбасы, болыс тұр
Кəпірдің сөзін мақұлдап,
Бейшараның пұлы жоқ,
Қорыққаннан қақылдап.
Жарысқа кірген жақсылар,
Аша алмассың көзің деп,
Сол себепті қорқамын!
Елге егін жайылды,
Байға қоңсы жоламас.
Алдап-арбап жүрем деп,
Өз тілегін тілемес.
Арам сулы балаға
Атаның сөзі ұнамас.
Заманақыр боларда
Алуан-алуан жан шықты,
Қайыры жоқ бай шықты.
Ерегісіп жақсылар,
Ел ішінде лаң шықты
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ,
Ақша деген мал шықты.
Жарлы-кедей, жоқ-жітік
Қорлықпенен күн өтер.
Таңда махшар күн туса,
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

61
Таразыны аударар
Жаһаннам деген тозақта.
Шайтан болар жолдасы,
Кұбыласын білмей құл,
Сонда тартар жазасын.
Кешірмейді Құдайым
Бес намаздың қазасын.
Құрт-құмырсқа жиылып,
Сонда алады мазасын.
Жаһаннамның белгісі – 
Жалғанға болар расың.
Мұқып қылмай Құдайым
Ол залымның тəубесін.
Сақта, Құдай, солардан,
Сол себепті қорқамын!
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

62
ҚОНДЫГЕРГЕ  ХАТ
Байлар ұрлық қылады,
Көзіне малы көрінбей,
Билер жейді параны
Сақтап қойған сүріңдей.
Заманың сенің құбылды
Текеметтің түріндей.
Ойлағаны жамандық,
Жарадан аққан іріңдей.
Жеті жұрт кеткен қожадан, 
Сен тұрмайсың бүлінбей.
Қазақ ұлы жиылып,
Құдайыңа сиынып,
Қондыгерге хат жазып,
Кешіктірмей дат жазып,
Өлместің де қамын қыл,
Басың сотқа ілінбей.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

63
ҚАЙ ЗАМАН?
Мына заман қай заман?
Азулыға бар заман,
Азусызға тар заман. 
Тарлығының белгісі:
Жақсы жаннан түңілген,
Жаман малдан түңілген,
Мұның өзі – зар заман.
Зарлығының белгісі:
Бір-бірлерін күндеген,
Жай-жайына жүрмеген,
Мұның өзі – тар заман.
Тарлығының белгісі:
Мұсылманнан хал кетті,
Тəңірім болғай деместен.
Анты жұқпас бойына,
Əрне түсер ойына,
Жалмауыз болды үлкенің,
Қазақ, сенің сорыңа.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

64
АРҚАДАН  ДƏУРЕН
Арқадан дəурен кеткен соң,
Қуғындап орыс жеткен соң,
Тіпті амал жоқ, қазақтар
Түсті сонын торына.
Орыс – бүркіт, біз – түлкі,
Аламын деп талпынды,
Орыстан қорлық көрген соң,
Отырып билер алқынды.
Мың-мың жылқы айдаған,
Сары қазы шайнаған,
Қымызын судай сапырған,
Ішіп мас боп ақырған
Арқаның құтын қашырған,
Жылқының етін жемес-ті
Жағаласқан мына жау
Кетірер сонда сиқыңды.
Қолыңды қойса айдауға,
Жарар сол да жылқыңды.
Бұхарға жетер күн болса,
Тыншытар ма едің ұйқыңды?
Қанар кəпір халқыңды
Көп жасады неліктен?
Көтерілді керемет
Кəламдағы алыптан,
Тəубесі қабыл бір жан жоқ
Қазақ деген халықтан.
Сөйлеген сөзі жалған-ды,
Шайнаған асы арам-ды,
Кім мұсылман, кім кəпір,
Бір Аллаға аян-ды.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

65
Дос кісіге кас қылсаң,
Өз бойыңа жаман-ды.
Атасы ұлға нанбайды,
Көңіліне қуаныш қылмайды,
Уəліден кетті керемет,
Патшадан кетті ғаделет,
Ақырзаман таянды.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

66
НАСИХАТ  СӨЗДЕР
(Шортанбайдың өлер алдында қатын-бала, 
ел-жұртына арыздасып айтқаны)
Мінеді ғаділ патша алтын таққа,
Иман бермей қалмайды көңілі аққа.
Шортанбай өзі тірі заманында
Сапар шегіп барып қайтты Семей жаққа.
Құдайдың, ойлап тұрсам, қаһары қатты,
Тірлікте пенденің жаны тəтті.
Бір күні кеш боп кетіп ел, таба алмай,
Далаға мейман болып қонып жатты.
Жатқанда екі кісі түсіме енді,
Қосыма түсі суық кісі келді.
Кісінің сипатынан қорыққаннан:
«Жаһанда мен көрмеген кімсің?» – деді.
«Өлгенде имансыз құл жолда қалған,
Мен – Ғазрайыл, пенденің жанын алған.
Шүкір қыл иман айтып, Шортанбайым,
Құдайдан жетті бұйрық, келді саған».
Екенін періштелер көңілім білді,
Дем алғызбай кеудеме келіп мінді.
Қолында күрзісі бар, түсі суық,
Жаныма бір шыбындай қысым қылды.
Келтірдім сонда тұрып сұбұхан алла,
Мен білдім жүрмесімді бұл жаһанда.
Көнбеске, Құдайыма шарам бар ма?
«Беруге бір күн рұқсат аял бар ма?»
Түсіме періштелер кіре берді,
Үстімнен сол сөзбенен түрегелді,
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

67
«Ажалың ертең кешке болады», – деп,
Бір күнге аял беріп жүре берді.
Өзімді келтірейін сөз басына,
Қатты қиын ісім бар өз басымда.
Ұйықтап жатқан жерімнен оятып ап,
Тағы да бір сөз айттым жолдасыма.
Амал жоқ, енді жүрдік, күн-түн қатып,
Жəкеме кетейін деп арыз айтып,
Жəкеме қатын-бала тапсырайын,
Келген бе өлген адам тірі қайтып?
Өлімге жақын болды менің басым,
Бір Алла ақыретте жарылқасын!
Жалғаннан ақыретке көшпек болдым,
Кеше көр, үш жолдасым, жолдас хақын.
Таң ата Жанғұттыға енді келдім,
Сөйлес деп, тыста тұрып хабар бердім.
Келген соң ажал жақын, амал бар ма,
Белгілі жүйрігі едім тамам елдің.
Семейден төрт ат алдым бес жүз теңге,
Тоймады екі көзім бұл жалғанға.
Көрмедім қатын-балам өз үйімде,
Мен көштім бұ дүниеден боп арманда.
Үйінен Жəкем шықты түске таман,
Айтыстым сəлемнен соң есен-аман,
Алладан ажал жақын келді білем,
Келмеді сөйлесуге енді шамам.
«Жаралған Жəкем едің асыл зат қып,
Өзгеден бір кісі едің ақылы артық.
Алладан ажал жақын келді білем,
Кетейін енді сізге ғарыздасып».
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

68
Сонда менің сөйлерге есім кетті,
Бір жерге Жəкем барып шатыр тікті.
Жалған шіркін, шынымен қалдың ба деп,
Қарадым көзім салып төңірекке.
Жанға қысым таяды, жалғыз жанға,
Тоймадың екі көзім бұл жалғанға.
Көрмедім қатын-балам, өз үйімді,
Мен көштім бұл дүниеден енді арманда.
Мені көрген дүниеден ғапыл қалма,
Бір тиын қазақ байдан қарыз алма.
Əркімнен қалады екен дүние шіркін,
Өтіңіз тəубе қылып аз жалғанда.
Əммə отырған халайықтар айтты: «Бұ жауабыңыз бар-
шасы өлім мысалы болды. Бірдерге бір насихат айтыңыз», – 
деді. Сондай айтқаны:
Адамның жалған дүниесі,
Дүние – жолдас қимасы.
Дүниені жолдас демеңдер,
Көп болар оның күнəсі.
Өлгеніңше тою жоқ,
Түңілмей ырза болу жоқ.
Жалғанның арты жақын деп,
Жегенін қазақ қою жоқ.
Сəлем айтып кетейін
Ағайын мен туғанға,
Бала менен қатынға.
Насихат шашып кетейін
Аз ғана сөзді артыма.
На ғаріптің десеңіз,
Бүгін менің басымда:
Жетім болып ұл қалды,
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

69
Жесір қатын тұл қалды.
Ал көшіріп қасыңа
Арқаның дəмі – жегенім,
Қазақтың сөзі – дегенім.
Жүйрік болса мінсем деп,
Сұлу болса сүйсем деп,
Күннен-күнге сіндендім.
Арқадан қылдым жайлауды,
Əркімнен алдым байлауды.
Қиямет күн болғанда
Қандай жерде мекенім
Мен ғаріптің сайлаулы?
Əммə алдына шай қойды, шайдың жарымын іше алмай, 
шыныаяқты жерге қойды да, мына сөзді айтты:
Қалықтаған сұңқар ем,
Қанатым сынды ұша алмай,
Қиядан қуға түсе алмай.
Нəпсім, қарар таптың ба,
Дүниеге тоймайтын,
Бір шыны шай іше алмай,
Жалғаннан дəмім таусылды,
Жарылқа, Құдай, артымды!
Хаққа тəубе қыла алмай,
Мекке жүзін көре алмай,
Қу нəпсімді тыя алмай,
Кəмірһе қылдым жасымды!
Екі сөздің басына
Келтірейін өзімді,
Тыңдаңыз, жұртым, сөзімді.
Тыя алмадым жырымды,
Көре алмадым елімді,
Қиямет күн кез қылғай
Құдай, менің пірімді.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

70
Билер, пара жемеңдер,
Жалғанды жолдас демеңдер,
Ақырет қамын іздеңдер,
Жанға бетті кезбеңдер.
Кісі хақын алмаңдар,
Аузыңа харам салмаңдар,
Дүние жиып өткен жоқ
Бізден бұрынғы пайғамбар.
Сөзін айтып үлкендер:
Құдайдан қапы кетпеңдер.
Əлің келсе, Мекке бар,
Артық дəулет біткендер!
Старшын, болыс болам деп,
Ысырап қылып, малды төкпеңдер!
Таяндың енді өлімге,
Алты табан көріңе,
Сатып алған күнəнің
Кешуі болмас күнінде,
Ұл, атаны сыйлаңдар.
Ендігі туған балалар,
Атаңның сөзін бұзбаңдар!
Сəлем айттым бəріңе,
Қызмет етіп жүріңдер
Басы бүтін кəріңе.
Ұяларсың Құдайдан,
Өлгеннен соң қоймайды
Тірідегі халіңе.
Үлкендер, саған айтайын:
Мал басыңа бармаңдар,
Ақырет қамын қармаңдар,
Дүниенің боғы үшін,
Сірə, тіпті, азбаңдар!
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

71
Тентек болма балаға,
Безер болма келінге.
Қадірің кетер еліңе,
Қарауыл қой сөзіңе.
Қанша нəрсе ереді
Өлгеннен соң өзіңе.
Қарай алмай жүрерсің
Таңда махшар күнінде
Бір Құдайдың жүзіне.
Атаның тілін ұлы алмас,
Ананың тілін қызы алмас,
Айта беріп қайтейін,
Өлінің тілін тірі алмас.
Жақыннан шыққан жақсыны
Ағайын жұрты көре алмас.
Заманақыр белгісі –
Бірге туған бауырың
Тату да болса жүре алмас.
Дұғай сəлем айтайын
Тəшкен менен Бұхарға,
Мұсылманның баласы
Қор болмасын дұшпанға.
Ақырет күн дозақ жоқ
Бір Құдайдан қорыққанға.
Қызмет етпей мен өттім
Ата бірлəн анама,
Қарнақтағы сəлем айт
Үш қайтара бабама.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

72
* * *
Бабама қол бермедім,
Мекке жүзін көрмедім,
Қайғылы болып барамын
Жалғанда жеген парама.
Жəне сəлем айтайын
Бауырлас туған ініме.
Дүние деген осы ғой,
Жалғыз маған ерді ме?
Не деп жауап береміз
Қияметтің күнінде?
Жұрт тамаша болушы ед
Жалғыз ауыз сөзіме,
Дүние ыстық көрінді
Құрғыр, менің көзіме.
Жалғанға тіпті тоймадым,
Өлмейін деп ойладым,
Дүниенің боғы осы деп
Өлгенімше шайнадым.
Тəубе қылмай жасымда,
Қанша пəле болады
Қиямет күн басымда?
Қасықтап жиған көп малым
Қалды менің артымда.
Өлім деген қиын ба?
Жұртты жеген Шортанбай
Төрт қарыс бөз бұйырмай,
Қалды менің артымда.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет