1 Мəделі Жүсіпқожаұлы Шортанбай Қанайұлы Қалнияз Шопықұлы Шынияз Шанайұлы Нысанбай жырау шығармалары «Нұрлы Press kz» Алматы



жүктеу 0.9 Mb.
Pdf просмотр
бет5/12
Дата27.03.2017
өлшемі0.9 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Мəделіқожа:
Ебің жоқ ат ұстауға, ордаңдадың,
Сұңқар деп бағушы едім, оңалмадың,
Əкеңнен жасық тудың жалтаң болып,
Сен, шіркін, əкеңдейін бола алмадың!
Майлықожа:
Мəделі, сауырың – керсен, белің – құшақ,
Құдай қалап асындың тіллə пышақ,
Асыл ердің ақыры жасық болған,
Еш ұл тартып тумайды əкеге ұқсап.
Мəделіқожа:
Айнымадым, əкеме мен ұқсадым,
Туғанымнан асқар тауға бел ұқсадым,
Тепкі тимей шалқаңнан жығыласың,
Елдегі шын қорқаққа сен ұқсадың.
Майлықожа:
Əкең Жүсіп – аққан бір дария еді,
Бақ қарап, қыдыр оған дарып еді,
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

101
Жесір менен жетімнің қамқоры еді,
Сен секілді бейрəһім сары ма еді?
Мəделіқожа:
Мен секілді еш бір жан туған да жоқ,
Бүгінде пірін сыйлар ел қалған жоқ,
Дұшпанға кеткен емес менің арым,
Қайрат-күшім атамнан кем болған жоқ.
Майлықожа:
Ер Жүсіп айқасқа атпен ұрған топқа,
Сауыты тоқтау берген он бір оққа,
Жарымай жамандықтан ыңыранғансың,
Шыдамай Түркістанда сен бір оққа.
Мəделіқожа:
Менімен кім тең келер ұлы дүкен,
Сендерден зуаламды қылған үлкен,
Мендегі қытайшаның оғы түгіл,
Апта сені ыңырантқан жиде тікен.
Майлықожа:
Мəделі, ер емессің, сен бір ұры,
«Ұрының Жалтақ ата – дейді – пірі»,
Əлімқұлдың қосыны кеп қалғанда,
Мəделінің бір түнде кеткен сұры.
Мəделіқожа:
Шардарадан мен кеттім оймен қашып,
Кепелік дарбазаны бергенде ашып,
Жақыпбектен көмек жоқ, өзіміз аз,
Бұл істі парық қылмайды сендей сасық!
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

102
Майлықожа:
Шардарадан сен кеттің оймен қашып,
Кепелік дарбазаны бергенде ашып,
Жүсіптің жаудан қашқан жері бар ма,
Мен жасық боп туғанда, сен де жасық!
Мəделіқожа:
Туғаннан мен атамнан зор боп тудым,
Сен атаңнан туғаннан қор боп тудың,
Атқа мініп даладан мал таппайсың,
Етің – жасық, сүйегің – бор боп тудың!
Майлықожа:
Мен неғылып атамнан қор боп тудым,
Сен неғылып атаңнан зор боп тудың?
Аз ғана ауыл қожаны алты шауып,
Зор болмадың, қожаға сор боп тудың!
Бұған дейінгі жарық көрген басылымдарда нағашы-жи-
енді екі ақиық ақынның арасында болған бұл айтыс осы-
лайша  бітетін.  Ал 2006-жылдың  күзінде  халық  мұрасын 
жинаушы  Тұрсынəлі  Айнабекұлының  айтуымен  Шым-
кентте  тұратын  Абдолла  деген  молдадан  осы  айтыстың 
бұрын-соңды ұшыраспаған 16 жолын жаздырып алудың 
реті келгені. Соны ешбір өзгеріссіз, мысалы мұнда аталған 
ақбоз атты жоғарыдағы осы айтыстың басталуына арқау 
болған батырдың əйгілі шұбар атына алмастырмай, бүгінге 
жеткен баз қалпында беруді жөн көрдім.
Мəделіқожа:
Мен əкеден туғанда зор боп тудым,
Сен əкеден туғанда қор боп тудың,
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

103
Əкең Жүсіп тəуір-ақ адам еді,
Етің – жасық, сүйегің – бор боп тудың!
Майлықожа:
Сен əкеден туғанда зор боп тудың,
Мен əкеден туғанда бор боп тудым,
Қожа мен Қоңыратқа құн төлетіп
Зор болмадың Мəделі, сор боп тудың!
Мəделіқожа:
Ақбоз атқа саламын терлігімді,
Дұшпанға қылып жүрмін ерлігімді,
Əкем Жүсіп тəуір-ақ адам болса,
Қай жерімнен көресің кемдігімді?
Майлықожа:
Ақбоз атқа саласың терлігіңді,
Дұшпанға қылып жүрсің ерлігіңді,
Əкең сүдір, сен орақ, Мəмəдəлі,
Сонан-ақ білмейсің ба кемдігіңді?!
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

104
ҰЛБИКЕ  МЕН  МƏДЕЛІҚОЖА
Ұлбике:
Əке сөзін жасымнан жаттап алғам,
Тал бойыма жинақтап қаттап алғам,
Жеке шығып бəйгеден тұлпардай боп,
Өлеңімді əніммен баптап алғам.
Мəделіқожа:
Жастайымнан сұлуды көп таңдаймын,
«Мінезіне ісі сай ма?» деп таңдаймын.
Өздеріңдей сұлудың зəрлі сөзін
Көңіліме ауырлап өкпе алмаймын.
Ұлбике:
Əудемжармен əуелі үнімді аштым,
Он екімде өлеңмен тілімді аштым,
Он үшімде өзімдей бозбаламен
Жұмбақ айтып, өлеңмен жағаластым.
Мəделіқожа:
Бақ-құт деген бармақтай болады екен,
Қыз бен жігіт басына қонады екен,
Еркін өссе екеуі он алтыда,
Аспандағы айдай боп толады екен.
Ұлбике:
Моншағымның əр тасы бір өлең-ді,
Бесігімде үйренгем бар өлеңді,
Балапандай кезімде қайран шешем
Тал бойыма дарытқан күллі өлеңді.
Мəделіқожа:
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

105
Сұлу қызға тұс-тұстан көз түседі,
Қысылса да, аузына сөз түседі,
Өлең айтып отырған Ұлбикенің
Кеудесінде бұлбұл құс тілдеседі.
Ұлбике:
Бес жасымда шешеме болдым шырақ,
Сегізімде əкеме қойдым құлақ,
Тоғыз жасқа келгенде үрдей болып,
Өлең айттым наурызда үй жағалап.
Мəделіқожа:
Өлең айтып бəдікте үніңді аштың,
Көп алдында қалқайып маржан шаштың,
Ат арытып айтысқа келгендердің
Арқасына ырситып қамшы бастың.
Ұлбике:
Əуелден-ақ адамзат тіл, көмейлі,
Шайпау сөз қыз жөнінде не демейді?
Іздеп келген сол ақын кетіп қалған,
Қой да үріккен жағына беттемейді.
Мəделіқожа:
Бетке жақса опа да əр береді,
Ақ көйлекке қос етек өң береді,
Сұлу қыздың жүрісі, жөні бөлек,
Ондай қызға қай жігіт тең келеді?
Ұлбике:
Адасқан жүре берсе жолын түзер,
Арық ат жал біткенде белін түзер,
Айтатын осындайда жұмбағым бар,
Күрмеуді шеше алмаған арқанды үзер.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

106
Мəделіқожа:
Көзі ашық адам ашар кітап бетін,
Біліммен тоқсан тоғыз тілдесетін,
Бір тілді ақын қызға қамдап келгем,
Абайла, кездігім бар тіл кесетін.
Ұлбике:
Бүгінгі пісіргенім кесте күлше,
Үш бұрыш, төрт бұрышты кеспе күлше,
Жалын-оқ ішімдегі атылады
Бейауыз қай-қайдағы бөспе күлсе.
Мəделіқожа:
Тон киер ару жігіт сəнді əдіпті,
Хат жазар, орамамен жеті əліпті,
Арғымақ асау тайдан қалып кетсе,
Əйтеуір не де болса бір кəдік-ті.
Ұлбике:
Шықпайды неге ажырық сортаң жерге,
Теңізде дем тартпайды шортан неге?
Айта ғой, білгіш болсаң өлеңіңмен,
Кешке қарай шықпайды Шолпан неге?
Мəделіқожа:
Білгендер балық жаны суда дейді,
Тамыры ажырықтың буда дейді,
Жер үстін мекендеген Шолпан қыздың
Шырқаған шыбын жаны нуда дейді.
Ұлбике:
Əуелгі ел мен жұрттың тегі бар ма,
Аспанның керегесі, шегі бар ма?
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

107
Тағы да ауыл көшсе мекендейтін
Құдайдың жер астында жері бар ма?
Мəделіқожа:
Екі айдың батар, шығар екі ортасы,
Айтайын сен білмесең үй арасы,
Айта жүр сұрай қалса ел-жұртыңа,
Болмайды жер мен көктің шекарасы.
Ұлбике:
Ішінде əптиектің «пе» болады,
Қос ноқат қойса үстіне «те» болады,
Айта ғой білгіш болсаң, ей Мəделі,
Сұраймын құс атасы не болады?
Мəделіқожа:
Əуелден жаратқанның жолы аян,
Өлеңге құлағың сал, бері таян.
Кем ақыл, сен білмесең, мен айтайын,
Болады құс атасы Шегірбаян.
Ұлбике:
Бұқара оқығанның өрісі бар,
Балаға тəлім болар дəрісі бар,
Қожадан оқып шыққан кəлпелердің
Əйтеуір қайда болсын ырысы бар.
Мəделі  Жүсіпқожаұлы

108
МƏДЕЛІ  МЕН  БАЙТАҚ  АҚЫН
Түркістан  шəһарінде  жиналған  мəжілісте  Қоқан  бек-
терін жанды Байтақ деген ақын мен Мəделі батыр былай 
қаржасыпты:
Байтақ:
Етесің қуаң-қуаң, қуаң қожам,
Сыймаған сұрып көйлекке, жуан қожам,
Жолына шариғаттың шəк келтіріп,
Кетті ғой қабыл болмай дуаң, қожам.
Сонда Мəделі:
Арық Байтақ,
Басы таз, ішек-қарны
Жарық Байтақ
Шариғаттың жолында шəк келтірмей
Қоқанға құл бола ғой барып, Байтақ! – 
деп, қолынан ұстап, есікке қарай лақтырып жіберген екен

109
Шортанбай
Қанайұлы
(1816-1888)

110
ӨЛЕҢДЕР

111
«ЖИЫРМА БЕС» ƏНІ
Шыңжан қазақтарының атақты əншісі Хамит Ысқақұлы 
Шортанбайдың бұл əнін Қазақстаннан алып қайтқан. Əн 
композитор Ілия Жақановтың қолында сақтаулы тұр.
Сауғанмен жалғыз сиыр іркіт болмас,
Өнерді бойға біткен іркіп болмас.
Мысалы, əр нəрсенің бəрі сондай,
Қаңқылдап қара қарға бүркіт болмас.
Ит қызыл болғанменен түлкі болмас,
Ойнақтап сиыр үркіп жылқы болмас.
Мысалы, əр нəрсенің бəрі сондай,
Ағашқа саясы жоқ бұлбұл қонбас.
Қайырмасы:
Ахау, өтті-ау заман,
Хош бол аман, жиырма бес
Қайта айналып келмес маған.
Жабыдан айғыр салма, жалды екен деп,
Жаманмен жолдас болма, малды екен деп.
Жүйрікті жол үстіне тастап кетпе,
Қан түсіп аяғына қалды екен деп.
Жабыдан жүйрік шықпас баптағанмен,
Жаманнан асыл шықпас мақтағанмен.
Ителгі қайырсаң да түлкі алмайды,
Алтындап томағасын қаптағанмен.
Қайырмасы.
Өлген соң арыстаннан тышқан артық,
Мейірімсіз жаман достан дұшпан артық.
Шортанбай  Қанайұлы

112
Қолына кей жаманның алтын түссе,
Қадірін біле алмайды мыстан артық.
Кісі емес, кісі артынан жамандаған,
Дос емес, дос көңілін таба алмаған.
Қолына кей жаманның тұлпар түссе,
Қандырып тақым құрышын шаба алмаған.
Қайырмасы.
Жақсы атқа жасық темір таға болмас,
Ит тері илегенмен жаға болмас.
Үлгісіз үлкендерді үрлесең де,
Қарыны қампайғанмен аға болмас.
Жайлауда сəн болмайды жайламаса,
Болмай ма құлын асау байламаса.
Өлген соң жылағанның керегі не,
Тірлікте бірін-бірі сыйламаса.
Қайырмасы.
Шортанбай  Қанайұлы

113
* * *
Құдыққа  еңкейгенде,  басындағы  топысы  суға  түсіп 
кетеді. Шортанбай қарманып, ұстай алмай қалады. Сонда 
былай деген екен ойланбастан:
Басымда топым ба еді көп көргенің,
Мен бе еді осыншама жек көргенің.
Бар сенгенім сен болсаң, екі қолым,
Кəнеки, тап бергенде – ап бергенің?
Пенде жоқ тəубе қылған ісін біліп,
Төрт кісі өз жақыныңнан талап алар
Оң жаққа салғаннан соң шешіндіріп,
Қолынан қарындастың келгені сол,
Көрге сап, көміп қайтар көсілдіріп.
Шортанбай  Қанайұлы

114
* * *
Шортанбай Қарқаралы қаласына келіп, күн батып, шам 
жаққан мезгілде Қамыт деген бай ноғайдың қақпасын қаға-
ды. Қақпаны ешкім ашпайды. Сонда Шортанбай терезенің 
тұсына келіп, мына өлеңді айтқан екен:
Осы күнгі ноғаймен атамыз бірге
Хауа анадан жаралды.
Бейіштің дүзін көрмесін
Деген екен сараңды.
Сараң пенде кім десем,
Ноғайларға ұқсайтын көрінеді реңді.
Кіргізбейтін кісіні,
Күн батқан соң бекітіп ап қораңды.
Ноғай, сенің салмасын
Мұсылманға жораңды.
Жер ортасы – Көктөбе,
Ноғай ауған жерінен,
Айырылған соң жау алған
Орманбет хан ерінен.
Қазаққа кеп бай болды,
Ашуланса ноғайды
Айдар қазақ елінен.
Қамытбай: «Ойбай, Қожа екен ғой!» – деп өзі шығып, 
қақпасын ашқызып, құрметтеп, үйіне кіргізіп, отырар-о-
тырмастан  он  топ  кездеме  əкеп  алдына  қояды.  Сонда 
Шортанбай:
Он топ лəңке ал дейсің,
Қоржыныңа сал дейсің.
Ендігі жыл болғанда
Шортанбай атты қожада
Сексен қойым бар дейсің, –
деген екен.
Шортанбай  Қанайұлы

115
* * *
Құсбек төре дуанбасы болып сайланғанда, құтты бол-
сын  айта  келген  Шортанбайға  бір  айғыр  үйірлі  жылқы 
айдатыпты.
Жолда келе жатса, Жамантай хан жылқысының ішінде 
жүр екен. Келіп амандық-саулық сұрасады.
Жамантай: «Қожа, қайдан келесің?» – депті.
Шортанбай: «Құсбек  ханға  қайырлы  болсын  айтып 
келемін», – дейді.
Жамантай: «Иə, Құсбекті хан қоя алмай-ақ жүр екен-
сіндер-ау», – дегенде Шортанбай:
Ежелден өлең айтқан мен Шортанбай,
Тұсында əрбір ханның бір сұрқылтай.
Құсбек хан дуанбасы болып еді,
Мен түгіл өзің қайттің, хан Жамантай, –
дейді.
Жамантай: «Хандықтан айырылған соң жолын ұмытты 
дерсің», – деп о да бір айғыр үйірлі жылқы беріпті дейді.
Шортанбайдың Кенесарыны Айыртау – Ортауда Орта 
жүздің ханы деп көтергенде айтқаны:
Ортауда Кенесары хан көтерген,
Орта жүз соңына ерген тым ертеден.
Бесата баласынан Жанғұтты бар,
Байсейіт, Дүйсенбай мен Есбай, Қара – 
Бір қол боп көрінетін жеке-дара.
Шортанбай  Қанайұлы

116
* * *
Шортанбайдың  Ұлытауда  Кенесарыны  қазақ  елінің 
ханы етіп, ақ киізге салып көтергенде айтқаны:
Ұлары шулап Ұлытау,
Орыс, қазақ қылған дау.
Алаша хан, Жошы хан,
Қазақтың басы қосылған.
Жалаңаш шапқан ер жігіт
Қолдаса Құдай келер сау.
Шортанбай  Қанайұлы

117
* * *
Шортанбайдың Құнанбаймен бірге Ертіс бойына ба рып, 
онда сыңсып қонған мұжықты көріп айтқаны:
Ертістің бойы ен жайлау,
Көшіме түсті бір байлау.
Алғаның мұжық аз дейді,
Жер қосып тағы жаз дейді.
Келіп те қапты төресі,
Жоқ шығар бізге бересі.
Шортанбай  Қанайұлы

118
ЖЫР  НАСИХАТ
Бір насихат айтайын,
Тыңда мұны, жарандар.
Есіткенің ұмытпа,
Қайсыңда сенің сана бар?
Жақсы адамның белгісі,
Төңірегіне қаранар,
Артық-кем сөзге бармайды,
Өз ақылын шамалар,
Жамандардың белгісі:
Жақсы адамды көре алмас,
Жақсылар аттан жығылса,
Сыртынан тұрып табалар,
Жақсының тілін алмайды,
Өзі жақсы болмайды.
Талайына таласып,
Айнала аңдай қамалар.
Жаманға түссе бір жұмыс,
Болды деп қорқып қиын іс,
Дұшпандығын ойға алмай,
Ақыры соны паналар,
Жаман жанға мал бітсе,
Ұлықсынып тұрады,
Көтере алмай аз малды,
Өлгенше паңдық құрады.
Қонаққа бермей жұма күн,
Жасырып өзі тояды,
Үйіне келсе бір ғаріп,
Қаңғырып, неғып жүрсің деп,
Бір тостаған дəм берсе,
Кемітіп көзін ояды.
Сөйтіп жүріп бұл жаман,
Шортанбай  Қанайұлы

119
Жұт пенен жауға кез болып,
Айырылып малдан қалады.
Кісіге берген малы жоқ,
Құдайға берген қайыр жоқ,
Құдайдан бұған рахым жоқ,
Адамнан табар мейір жоқ,
Тірі қор сонда болады,
Атамыз қазақ алаш-ты,
Шаруа малмен жарасты,
Мал шырдасы жер еді,
Өскен соң қазақ таласты,
Ел көбейіп, жер өспес,
Түңіліктей жерге қысылып,
Мал шырдасы қазақтың,
Жер-су түгел болмасты,
Бір шаруаның артының
Егінді жерге салмақ-ты,
Үйренбеген бұ қазақ,
Ұқсатып оны салмапты,
Қара бауыр Сарыарқа,
Шөбінен де тасы көп,
Топырағынан құмы көп,
Салқар ағын суы жоқ,
Жалпақ елге біткендей,
Егіндік жер таппас-ты,
Егін де жерге салынар,
Аз-аз бидай алынар,
Егін тамақ қамынан,
Егінді бақса мал кетер,
Мал кеткен соң, мəн кетер,
Қазақтан басқа халықта,
Май шұрасы азайды,
Шортанбай  Қанайұлы

120
Жерден алған бидайың,
Майсыз тамақ болмас-ты,
Мал кеткен соң май кетіп,
Құр бидайды үнем қып,
Сірə да қазақ оңбас-ты,
Ойлар тұрсам, жігіттер,
Сарыарқада береке,
Ит жүгіртіп, құс салып,
Жүз жыл көрер мереке,
Көк ала шатыр тігулі,
Қонаққа деген көлеңке,
Ат басын қонақ бұрмайды,
Аударып түсіп жатқаны,
Бағлан қозы сойғыз деп,
Сары қымыз сапырып,
Сатусыз ішіп тамақты,
Рахатқа батқаны
Осыдан қарап ойласам,
Сарыарқада береке,
Рас-ау деймін айтқаны,
Жаз қонғаны көк орай,
Шалғынға байлап биені,
Кешке таман болғанда,
Ботасы боздап түйесі,
Айнала шуыл күңіреніп,
Мөңіреп сиыр бұзаулы,
Маңырап шулап табысар,
Қойлары мен қозысы,
Қаршыға алып қолына,
Дабылын байлап жанына,
Мылтығын салып мойнына,
Үйрек пен қаз ілгізіп,
Шортанбай  Қанайұлы

121
Ақ сақалды күлгізіп,
Қазақтың қызық мұрасы,
Қыс қыстауға қонғаны,
Бір қызығы қазақтың
Қиратып соғым сойғаны,
Ит жүгіртіп, құс салып,
Сонармен таудан түлкі алып,
Мергені атып маралды,
Ол бозбаланың думаны,
Келе жатқан қазақтың,
Бұрыннан осы жорасы,
Алла ағзам біледі,
Сөздің осы ырасы,
Енді қандай болады
Жаратқан хақтың
Пəрмені?
Шортанбай  Қанайұлы

122
АЙТЫСТАР

123
ШОРТАНБАЙ  МЕН  ОРЫНБАЙ  
АҚЫН  АЙТЫСЫ
Шортанбай:
Жаратқан бəрімізді бір Құдайым,
Падиша пендесінің білер жайын.
Атыңа анық, түсіңе танық едім,
Жолың болсын, жүрмісің, Орынбайым.
Орынбай:
Дуана қожа атасы барар Мекке,
Мейрамға имам болған жалғыз, жеке.
Жолың болсын дегенің жақсы лепес,
Құдай берсе, мол болсын, е, Қожеке.
Шортанбай:
Өлеңге бір кісідей тынысың бар,
Бақ берген тіл мен жаққа ырысың бар.
Барымташы кісідей, мол болсын деп,
Əлдеқандай кісіде жұмысың бар?
Орынбай:
Былтыр сізді шақырды Құсбек батыр,
Хан шақырса, не тұрсын ақын, батыр.
Ақ сұңқардың дидарын көрейін деп,
Орынбай сол жарлықпен келе жатыр.
Шортанбай:
Айтасың мақтан қылып батыр ханды,
Ар көресің құр келіп бақырғанды.
Билейтін ел бітімін би емессің,
Құсбек сені не қылсын шақырғанда.
Шортанбай  Қанайұлы

124
Орынбай:
Қожеке, ханға тағы сөйлеймісің,
Ханыңды шақырма деп билеймісің.
Ішің тар, бұл қайдағы жарықтықсың,
Тыңдамай хан шақырса, қой деймісің?
Шортанбай:
Еліңе мен насихат көп айтамын,
Бар демей беті-жүзің, тік айтамын.
Елімнен былтыр алып кетіп едің,
Ұялмай тағы келдің бе деп айтамын.
Орынбай:
Төреңнен алатұғын алымым бар,
Жақсыдан алып өскен қалыбым бар.
Төреңе əлің келсе, бердірмей бақ,
Күндесең алғаныма, ішіңді жар.
Шортанбай:
Орынбай Тұрлыбекке ерген екен,
Əркім-ақ сұрамшаққа берген екен.
Елімді өзім жоқта қойдай шауып,
Бұл мұңдар сонан дəндеп келген екен.
Орынбай:
Қожеке, соны сөз деп айтармысың,
Қуанып бердірмесең қайтармысың.
Мейрамның қарлығаштай малын қорғап,
Қызғанған Тəңір малын сайтанбысың?
Шортанбай:
Білдің бе сөйткенменен берерімді,
Бағаңа біліп едім келеріңді.
Шортанбай  Қанайұлы

125
Жан жоқ деп менен басқа мақтанасың,
Түк бермен, асырмасаң өнеріңді.
Орынбай:
Шығыпты Орта жүзге атың, Қожа,
Айтасың əлімдікпен батыл, Қожа.
Көздерін сендейлердің уқалаушы ем,
Кім болар бергізбесең атың, Қожа.
Шортанбай:
Орынбай, Тұрлыбекпен келді, кетті,
Əй, бəлем, бергізбеспін, сөзің өтті.
Жалынсаң, Қожеке деп, кешер едім,
Түбіңе, сорлы, өзіңнің сөзің жетті.
Орынбай:
Қожеке, сырттан сұрап сағынғаным,
Құсбектен тəуір болды табылғаның.
Бұл жерде қожа билер Қаратау жоқ,
Арғында сенен сұрап не қылғаным?
Шортанбай:
Қарауыл өрши берді шыңдамаса,
Айтпаймын халық кеңес тыңдамаса.
Тіленші елге келген сен деймісің,
Көрейін халық сөзімді бұлдамаса.
Орынбай:
Қожасың, қараға жақ жөнің басқа,
Шығыпсың жақпай жалғыз қарындасқа.
Баласын бір Арғынның екі билеп,
Мұндайды кім үйретті сен қу жаққа?
Шортанбай  Қанайұлы

126
Шортанбай:
Болса да баяғыдай заманым жоқ,
Бозбала – бəрің тəуір, жаманың жоқ.
Пір болған жеті атаңа, қожаң едім,
Көрген соң бір заржақты амалым жоқ.
Орынбай:
Нəсілің төрт жар дейді, дегдар Қожам,
Алдыңда сөзге жүйрік мен бар, Қожам.
Еліңе дəріс айтып, дін үйретпей,
Қазақтың өлеңінде нең бар, Қожам?
Шортанбай:
Тіленші боп ақын да жағады екен,
Ұлықты мақтап, мəнісін табады екен.
Алдына осындайда бір шықпасам,
Жайына қоя берсем, жағады екен.
Орынбай:
Айтасың жүйріктікпен, шешен Қожам,
Күнəңді тəубе қылсаң кешер, Қожам.
Алдыма шығарыңды қайдан білдің,
Айтасың соны білмей, жетер, Қожам.
Шортанбай:
Беріп пе жалғыз саған тіл мен жақты,
Деймісің сөзден кедей біз бейбақты.
Қожаңды жұрт пір қылған жетер дейсің,
Əй, бəлем, ұмыттың ба аруақты?
Орынбай:
Деп едім «тілім тиер» мен бағана,
Жаратты қожаны пір Ақ тағала.
Шортанбай  Қанайұлы

127
Ишан өлең айтқанын қашан көрдің?
Не өлең, не пірліктен кет садаға.
Шортанбай:
Хан, қара шақырған соң келе қалдым,
Жел сөзбен көп алдында желе қалдым.
Қожаны пірлігінен айыратын
Молданы дəріс айтқан көре қалдым.
Орынбай:
Қожеке, көп сайтанмен салыспаңыз,
Қараға төре тұрып таныспаңыз.
Айтамын жаным ашып ақсүйекке,
Жасыққа болатынды алыспаңыз.
Шортанбай:
Өтерін дүниенің ойламас ем,
Алдында хан, қараның сайрамас ем.
Орынбай елге келген мейман еді,
Əйтпесе бұған жолды байламас ем.
Шортанбай  Қанайұлы

128
ШОРТАНБАЙ  МЕН  АСАН  БҰҒЫ  АЙТЫСЫ
Шортанбай  Қанайұлының  жырлары 1993-жылы  ғана 
жеке  жинақ  болып  шықты.  Сол  кітапта  Шортанбай  мен 
Асан  Бұғының  айтысы,  құрастырушылардың  қолында 
болмауы себепті, үзінді түрінде жарияланған.
Біз  Шортанбай  мен  Асан  Бұғы  айтысының  толық 
нұсқасын  ұсынып  отырмыз.  Бұл  мəтін  Жезқазған  облы-
сының  Ақадыр  ауданы, «Өспен»  кеңшарында  тұратын, 
сексеннің сеңгіріне шыққан Əбдіғұл ақсақалдан алынды. 
Ал Əбекең айтысты кезінде тоқсаннан асып, алпысыншы 
жылдар ортасында қайтыс болған əкесі, есімі республикаға 
белгілі ақын-жыршы Маясар Жапақовтың айтуында қағаз-
ға түсірген.
Каталог: books
books -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
books -> 1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар
books -> Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов
books -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
books -> Құл-Мұхаммед М., төраға
books -> Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет