1. Мәліметтер, деректер қорындағы форма ұғымы Форма құру Форма режимі Форманың басқару элементтері



бет1/3
Дата13.12.2022
өлшемі34,87 Kb.
#56901
  1   2   3

Практикалық жұмыс №5-6
Тақырып: Күрделі сұраныс, күрделі форма, күрделі есеп құру


1.Мәліметтер, деректер қорындағы форма ұғымы
2.Форма құру
3.Форма режимі
4.Форманың басқару элементтері
5.Сұраныс құру. SQL сұраныстар. Жоспар:
6.Сұраулар, сұраныстар түсінігі
7. Есеп, парақ құру, құрылымдары

Мақсаты: мәліметтер қорында, деректер қорында форма құрып құру. Құрылған форманы


басқару элементтері арқылы жасалған жұмысты режімдеу. Форма құруда бағдарламалардың
әр түрлілігін ескеру.
Формалар
Қажетті кестелерді құруды аяқтағаннан кейін сізге формалар керек болады, олардың
көмегімен қарапайым қолданушылар іске асыра алатын, деректерді кестеге енгізу мен
өзгертулер жүргізіледі, сонымен бірге формалар деректерді енгізуді өте жылдам атқарады.
Форманың көмегімен әртүрлі форма типін құруға болады. Столбец ленточную , табличный ,
және басқалары. Оның ерекшелігі мәлімет бір – бірінен бөлініп тұрады және нақты әрі тиімді
болып келеді. MS Access деректер базасы. Деректер базаның құрылымы. Қызметтің кез
келген саласында жиі деректердің үлкен көлемдерімен жұмыс жасау қажет. Бұл кездегі
негізгі операциялар – бұл ақпаратты жинау, оны өңдеу (қажет деректерді іздеу, сұрыптау
және т.б.), деректерді қарап шығуға және баспаға шығаруға арналған формаларды құрастыру
болып табылады.
Бөлінген Формалардың құрылуы
Access -де формалардың «Бөлінген формалар» атты жаңа бір формасы пайда болды. Бұл
формалардың арқасында екі деректер көрінісі қамтамасыз етіледі: формалар режимінде және
кестелер режимінде.
Формалар шеберінің көмегімен форма құру
Форма шеберін пайдалана отырып, біршама өзгергіш форма құруға болады, және де құру
үрдісі кезінде тікелей топтастыру тәсілін және деректердің сортталуын анықтауға болады,
сол сияқты кестелер мен сұраныстардың ара қатынастары алдын ала анықталған жағдайда
формаға бірнеше кестелер мен сұраныстар өрістерін енгізуге болады.
Формалар құрастырушысы (конструктор)
«Форманы құрастырушы» режиміне өтудің қарапайым жолы Ассеss 2007 жұмыстық
үстелінің оң жақ төменгі бөлігіндегі сәйкес пиктограммада тышқанды шерту.
Бұл режимде пайдаланушыға пішімді құрудың іс жүзіндегі шексіз мүмкіндіктері туындайды.
«Форманықұрастырушы» режиміне өткеннен кейін, формаларды «құрастыруға» арналған
«Құрастырушы» (Конструктор) қосымшасы пайда болады.
Бәрінен бұрын, бұл режимде Ассеss 2007-нің жұмыстық үстелінің қалай өзгеретіндігіне,
назар аударыңыз. Осының алдындағыдай, экранның сол жақ бөлігінде
формалардағы, кестелердегі және т.б. деректер қорының әртүрлі нысандары арасындағы
жылдам ауысуды қамтамасыз ететін, ауысулар облысы пайда болады.
Жұмыстық экранның ортасында жеке өрістердің көріністерін оңайлату үшін дараланған
біздің форма бейнеленеді.
Жұмыстық экранның оң жақ бөлігінде сіз жақынырақ танысуды қажет ететін қасиеттер
терезесін көресіз.
 Терезенің жоғарғы бөлігіндегі тізімдер өрісінен деректер қорының нысанын
таңдап алуға болады, мұнда ағымдағы уақыт мезетінде осы форманың - форманың немесе
жеке өрісінің қасиеттері көрсетіледі.
 Сіздің таңдап алуыңызға байланысты, төменде көрсетілген қасиеттердің тізімі
өзгереді.
«Ұсыну» тобында сіз форманың жұмыстық экранның түрін таңдап ала аласыз.
 Формалар режимі. Қарапайым формалар құрылатын және түзетілетін стандартты
режим. Бұл режимді таңдап алу кезінде Негізгі қосымшасы бейнеленеді, жұмыстық
экранның сол жақ бөлігінде ауысулар облысы, ал орталық бөлігінде ертеректе анықталған
барлық өрістерімен бірге форма көрінеді.
 Макет режимі. Орташа дайындығы бар пайдаланушыларға арналған бұл
бөлімде, сіз формалар өрісінің қасиеттерін өзгертуге (жұмыстық экранның оң жақ бөлігінде
қасиеттер терезесі бейнеленеді), формалар өрісінің пішімін анықтауға
(Форма қосымшасындағы Форма командалары тобының көмегімен сіз Ехсеl 2007-дегі
сияқты шартты түрдегі пішімдеуді ала аласыз), сол сияқты Автоформа командалар
тобындағы формалар макетін толығымен өзгерте алуға мүмкіндік аласыз.
 Құрастырушы режимі. Формаларды құру мен түзетудің жақсырақ мүмкінідігін
ұсынушыбұл режим, тәжірибелі пайдаланушыларға арналған.
«Қаріп» тобындағы командалар мәтіндерді пішімдеудің кең ауқымдылығын қамтамасыз
етеді - сіз қаріптің өлшемін, оның түсін таңдай (және өзгерте), асты сызылған мәтінді және
т.б. таңдай аласыз.
Осы барлық функцияларды қамтамасыз ететін ең таңымалды программалық құрал MS
Access деректер базасын басқару жүйесі болып табылады. Деректер базасы – бұл ақпарат,
яғни деректер арнайы форматта (*.mdb) сақталынатын файл (құжат). Деректер базасын
басқару жүйесі – бұл программа. Ол арқылы ақпарат деректер базасына енгізілінеді,
сұрыпталынады, сүзбеу жүргізілінеді, қажет ақпарат ізделінеді, қажет ақпарат басқа
программаларға көшірілінеді.
Деректер базасындағы бағандар өрістер деп аталады, ал жолдар – жазулар. Жазулар саны
қатты дисктің сыйымдылығымен шектеледі. Өрістердің максималды саны – 255. Өрістер мен
олардың қасиеттерінің жиынтығы деректер базаның құрылымын анықтайды. Жазуы жоқ
деректер базасы да деректер базасы болып табылады, өйткені оның құрылымы бар.
Формалар – кестенің деректерін енгізу және бір жазуды көру үшін және т.б. мақсаттары үшін
қолданылатын экранның арнайы форматы болып табылады. Формалар деректерді енгізуге,
оларды түзетуге, қосуға және жазуларды жоюға мүмкіндік береді. Бір уақытта өз ара
байланысқан кестелермен операциялар істеу үшін формаларды құруға болады.
Жұмыс жасаудың режимдері:
1. Оперативті режим – терезеде ақпарат жүйенің мәселелерін шешу, яғни ақпаратты
қарап шығу, өзгерту, таңдау
2. Конструктор режимі – объекттің құрылымын, макетін құру немесе өзгерту.
Деректер түрлері.
• Мәтіндік – мәтін немесе есептеулерді жүргізуге талап етпейтін сандар (255
таңбаға дейін).
• Сандық – есептеулер жүргізуге арналған әр түрлі форматты сандық деректер.
• Мерзім/уақыт – мерзім және уақыт туралы ақпарат сақтау.
• Ақшалы – ақшалық мәндер және бүтін бөлігінде 15 таңбаға дейін, бөлшек
бөлігінде 4 таңбаға дейін дәлдікпен жүргізілінетін математикалық есептеулерде
қолданылатын сандық деректер
. • Memo – көп көлемді мәтінді сақтау.
• Санауыш – арнайы сандық өріс. Мұнда Access әрбір жазуға автоматты түрде
арнайы реттік нөмерін береді.
• Логикалық – екі мүмкін мәндерден тек біреуін ғана қабылдай алады (иә, жоқ).
• OLE объекттің өрісі – Access кестесіне ендірілген немесе байланысқан объект.
• Гиперсілтеме — әріп және цифрлардан құрылған және гиперсілтеме адресін
көрсететінжол.
• Алмастыру шебері – тұрақты мәндер жиынтығы немесе басқа кестеден қажет
мәндерді тізімнен немесе тізімі бар өрістен таңдауға мүмкіндік беретін өріс. Кестелерді құру.
Access-ті жүктегеннен соң экранда сұхбат терезесі пайда болады. Ол арқылы дайын деректер
базасын ашуға, жаңа деректер базасын құрастыруға немесе ол үшін ендірілген шеберді
пайдалануға болады. Біз Новая база данных ауыстыру қосқышын таңдаймыз және OK
батырмасын шертеміз. Файл новой базы данных сұхбат терезесі пайда болады. Мұнда
файлдың атын және оның орналасуын көрсетеміз. Сохранить батырмасын шертеміз.
Деректер базаның терезесі пайда болады. Мұнда 6 астарлы бет орналасқан. Кестені
құрастыру үшін Таблицы астарлы бетінтаңдаймыз. Создать батырмасын шертеміз. Новая
таблица сұхбат терезесі пайда болады. Мұнда кестені құрастырудың 5 мүмкін тәсілі
көрсетілген.
1. Режим таблицы – кесте өрістердің атауларын бағандардың тақырып жолдарына
енгізу арқылы құрылады.
2. Конструктор – кесте өрістердің атаулар тізімін және бірден әрбір өрістің
қасиеттерін көрсету арқылы құрылады.
3. Мастер таблиц – автоматты түрде шебердің көмегімен. Ол дайын тізімнен
өрістерді таңдауға мүмкіндік береді және мұнда жүзден аса әр түрлі кестелердің түрлерінің
шаблондары берілген.
4. Импорт таблиц – кесте деректерді басқа деректер базасынан немесе электронды
кестеден көшіру арқылы құрылады.
5. Связь с таблицами – кесте басқа деректер базасында орналасқан кестемен
байланыс жасау арқылы құрылады. Кесте бойынша жылжу. жебелек пернелерін пайдалану;
қозғалту жолақтарын пайдалану; қажет орында маусты шерту; Tab пернесін пайдалану;
терезенің төменгі бөлігінде орналасқан көшу батырмаларын пайдалану Деректерді сұрыптау.
Деректерді қарап шығу ыңғайлы болу үшін, кестедегі жазуларды белгілі бір тізбек бойынша
сұрыптауға болады. Мәндердің сұрыптауын орындау үшін, мәтін курсорын сұрыпталынатын
бағанның кез келген ұяшығына орнату қажет, содан кейін келесі батырмаларды (өсу реті
бойынша сұрыптау, — кему реті бойынша сұрыптау) шерту немесе Записиà Сортировка
командасын орындау. Іздеуді ұйымдастыру. Егер кесте көп көлемді болса, онда
редакталайтын деректерді тауып алу қажет. Іздеу жүргізу үшін, мәтін курсорын іздеу
жүргізілетін өрісінің ұяшығына орнату, содан кейін Правкаà Найти командасын орындау
қажет. Пайда болған терезеде ізделінетін деректердің үлгісі енгізілінеді және Найти
батырмасын шертеді. Егер қажет мән табылса, онда курсор сол ұяшыққа орнатылынады.
Сүзбеуді құру және қолдану. Сүзбеу – бұл жазулар жиынтығын таңдауға қолданылатын,
шарттар жиынтығы. Типтер:
1. белгіленген бойынша сүзбеу (фильтр по выделенному)
2. кәдімгі сүзбеу (обычный фильтр) – Сүзбеуді өзгерту батырмасы
3. кеңейтілген сүзбеу (расширенный фильтр). Жұмыс тәртібі:
Записи/Фильтр/Изменить фильтр командасын орындау; Кестеден тек бір жол ғана қалады;
Әрбір өріс мәтін курсоры орналасқан жағдайда тізімі бар өріс болып табылады; Бұл тізімнен
берілген өріс үшін қажет мәнді таңдауға болады; Применить батырмасын шерту; Таңдауды
алып тастау үшін, дәл осы батырманы шерту қажет, тек бұл жағдайда ол Удалить фильтр деп
аталады. Форманы құру. Форманы көрсету режимдері. Формалар – деректер базаны
ақпаратпен толтыратын қызметкерлерге қажет. Олар ақпаратты енгізуге, қарап шығуға және
кесте немесе сұраныстағы ақпаратты модификациялауға көмектеседі.
Құру тәсілдері: 1. автоматты түрде – Автоформа. 2. шебер арқылы – Мастер форм. 3. өз
қолымен Конструктор. Форманы көрсету режимдері: 1. конструктор режимі 2. форма режимі
3. кесте режимі Режимдер арасында ауысу Вид менюі арқылы іске асады. Басқару
элементтер.
Конструктор режимінде форманың көлбеу және тігінен орналасқан сызғыштар, форматтау
тақтасы және құралдар тақтасы бар. Қосымша басқару элементтер тақтасын экранға
шығаруға болады. Ол арқылы формаға жаңа объектілер енгізуге болады. Басқару элементтер
– бұл формада немесе есепте орналасқан және деректерді бейнелеуге, операцияларды
жасауға немесе жай әсемдік үшін арналған графикалық объектілер болып табылады.
Формаларда үш бөлім және бірнеше басқару элементтер болуы мүмкін.
Форманың бөлімдері:
1. форманың тақырып жолы – бұл бөлім форманың 1-ші бетінің ең басында
орналасады және тақырыптың атауын орналастыруға арналған;
2. форманың ескерту бөлімі – соңғы беттің ең соныңда орналасқан, пайдаланушыға
арналған кеңестер және басқада қажет ақпаратты орналастыруға пайдаланады.
3. деректер аумағы – деректердің жазулары орналасқан. Экранға көрінбейтін
бөлімді шығару үшін Вид /Заголовок/Примечание формы командасын орындау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет