1. Менеджмент кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде Басқару туралы ғылымның дамуы, басқару ой-пікірінің



Дата24.09.2022
өлшемі20,57 Kb.
#40057

Жоспар
1. Менеджмент кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде
2. Басқару туралы ғылымның дамуы, басқару ой-пікірінің
эволюциясы
3. Қазіргі менеджменттің мәні мен өзіне тән сипаты
4. Менеджменттің америкалық, жапондық және батыс
еуропалық типтеріне ортақ және өзіндік ерекше белгілері
Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус»
сөзінен шығып «қол, күш» деген мағынаны білдіреді. Алғашында
мал бағу саласында оны ұстау, меңгеру шеберлігін білдіреді. Ол
адам қызмет саласына ауысып, адамдарды басқарудың және
ұйымдастырудың ғылыми практикалық мәнін білдіретін болды.
 Менеджмент ынтымақтаса қызмет атқаратын адамдар тобы
өздерінің күш-жігерін ортақ мақсаттарға жетуге бағыттайтын
процесс ретінде;
 Менеджмент қарым-қатынас тәсілі, сонымен қатар,
әкімшілік қарым-қатынас дағдылары ретінде;
 Менеджмент айрықша басқару түрі ретінде;
 Менеджмент – қажетті нәтижеге немесе алға қойылған
мақсаттарға басқа адамдардың күш-жігері арқылы қол жеткізу өнері
немесе әдіс-тәсілдердің, қағидаттардың және басқару
нысандарының жиынтығы, яғни басқару өнері.
Менеджмент басқарушылық қызметтiң ерекше нысаны болып
табылады, сондықтан да ол жайында сөз қозғамас бұрын,
басқарумен танысу қажет.
Басқару деп табиғатта, техника мен қоғамда өтiп жатқан
процестердi ретке келтiру жөнiндегi қызмет ұғынылады. Басқаша
айтқанда, басқару сәйкес жүйенiң реттiлiгiн, оның тұтастығын,
қалыпты жұмыс iстеуi мен дамуын қамтамасыз етуi тиис
Кез келген басқарушылық қызмет келесi кезеңдерден тұрады:
1) ақпаратты алу және талдау;
2) шешiмдi әзiрлеу және қабылдау;
3) олардың орындалуын ұйымдастыру;
4) бақылау, алынған нәтижелердi бағалау, кейiнгi жұмыс
барысына түзету енгiзу;
5) орындаушыларды көтермелеу немесе жазалау.
Басқару табиғи, техникалық және әлеуметтiк болып бөлiнедi.
Табиғи басқарудың объектiсi табиғатта өтiп жатқан процестер
(мысалы, өсiмдiктердiң дамуы, су ағындарының қозғалысы және
т.б.) болып табылады.
Техникалық басқаруға қолдан жасалған объектiлердi (мысалы,
автомобильдi және т.б.) басқару жатады.
Екi жағдайда да олардың ықпалға реакциясы не алдын ала
белгiлi екендiгi, не бiршама дәл болжауға болатындығы оларды
басқару процесiн әжептәуiр жеңiлдетедi.
Әлеуметтiк басқарудың объектiсi адамдар, олардың қарым-
қатынасы, мiнез-құлқы болып табылады. Әрбiр адам дербес мiнез-
құлыққа, жеке сипатқа, психологиялық ерекшелiктерге және т.с.с.
ие. Сондықтан да оның басқарушылық ықпалға реакциясы
субъективтi болады әрi әрдайым болжана бермейдi, демек,
әлеуметтiк басқару тым ұтымды бола алмайды. Бұл оның әдiстерiне,
олардың алуан түрлiлiгiне, сонылығына, дербестiгiне, ресми және
бейресми нормалар мен ережелердiң орынды ұштасуына, адамдарға
ықпал етудiң ерекше тетiктерiн пайдалануына айрықша талаптар
қояды.
Әлеуметтiк басқаруды келесi негiздер бойынша жiктеуге
болады:
1) деңгейi бойынша – адамзатты, аймақтарды, мемлекетті, ұйым
топтарын, жекелеген ұйымдарды, ұйым бөлiктерiн (бөлiмшелерiн),
адам топтарын, жеке адамды басқару;
2) өрiсi бойынша – мемлекеттiк, саяси, шаруашылық және т.б.;
3) мазмұны бойынша – жалпы басқару, технологиялық
процестердi ұйымдастыруды, адамдарды, ақпаратты, нарықтағы
фирманың мiнез-құлқын, қаржыны және т.б. басқару;
4) негiзгi шешiмдердiң көзi бойынша – сыртқы, бастамалы және
өзiн-өзi басқару;
5) басқарушылық ықпалды жүзеге асыру тәсiлi бойынша –
жеке және сенiмдi;
6) басқарушылық шешiмдердi әзiрлеу әдiсi бойынша – ғылыми
және эмпирикалық;
7) қабылданатын шешiмдердiң себептелуi бойынша –
жағдайлық және стратегиялық;
8) ортамен әрекеттесу тәсiлi бойынша – бейiмделгiш және
бәсекелiк;
9) бағытталуы бойынша – процеске, нәтижеге, болашақтағы
мәселенiң алдын алуға бағытталған
Әлеуметтiк басқарудың айрықша нысаны шаруашылық басқару
болып табылады. Ол адамдардың шаруашылық қызметiн үйлестiру
қажеттiлiгiне байланысты қалыптасты

Меншiктен бөлiнген кәсiпкерлiк басқару бүгiнгi күнге тән.
Индустриялық дәуiрде ол иерархияны құрайтын арнайы
дайындалған және үйретiлген басқарушылар жүзеге асырған
менеджерлiк басқару нысанында болды. Индустриядан кейiнгi
дәуiрде оны жүйелi басқару алмастырды, оған тек менеджерлер
ғана емес, мамандар да, тiптi көмекшi қызметкерлер де қатысты.
Ақпараттық дәуiрде жүйелi басқару бiртiндеп өзiн-өзi басқаруға
ұласатын болады. Менеджерлiк және жүйелi басқару, ал iшiнара
өзiн-өзi басқару институционалдандырылған болуы, яғни
қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi, олардың
жауапкершiлiктерi және т.б. ресми түрде анықталуы, тиiс.
Шаруашылық басқару екi мiндеттi шешедi:
1) жедел (тактикалық) – фирманың ағымдық қызметiнiң
жағдайларын қамтамасыз ету, оның жекелеген элементтерi
арасындағы, тұтастай фирма мен сыртқы орта арасындағы әрдайым
стратегиялық – фирманың дамуы мен жетiлуiн, оның
сандық және сапалық түрдегi өзге күйге көшуiн қамтамасыз ету
Басқарушылық процестердiң ерекшелiктерi әрi объективтi
(ұйым немесе бөлiмшенiң сипаты мен қызмет өрiсi, олардың
құрылымы және т.б), әрi субъективтi (басшылық пен
қызметкерлердiң мүдделерi, бейресми байланыстар және т.б.)
факторлармен анықталады. Мұндай процестердiң жиынтығы өзара
байланысқан келесi фазалардан тұратын циклдi құрайды:
1) шешiм қабылдау – мақсат пен iс-әрекет бағдарламасын
анықтау;

2) орындау – ұйымның элементтерiне ықпал ету;
3) ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және бақылау – керi
байланыс.
Менеджмент мынадай функциялардыатқарады:
– кәсіпорын жұмысын жоспарлау және болжау, яғни басқару
стратегиясын, бағдарлама іс-әрекетін жасау, қаржыландыру
көздерін іздестіру және белгіленген шешімдер мен бағдарламаның
орындалу мерзімін анықтау;
– дәрежесіне байланыссыз барлық жұмыскерлердің орындауға
тиісті жұмыстарын ұйымдастыру, яғни жұмыстың орындалу
құрылымын ұйымдастыра білу қажет; сөйтіп барлық
қызметкерлердің күш-жігерін өнімді жұмысқа мақсатпен бөлу және
оны жоғарғы тиімділікке мақсатты бағыттау;
– басшы мен оның қарамағындағылардың істерін үйлестіру,
яғни өзінің және басқалардың қызмет атқаруын тұрақты қарау,
сөйтіп оны өзінің және сол ұйымның қойған мақсатына жету үшін
бағыттау
Менеджмент пәнiн АҚШ колледждерiнiң бiрiнде Дж.Вартон
1881 ж. алғаш рет оқыта бастады. Бүгiндерi Батыста ол кәсiби бiлiм
берудiң кең таралған бағыттарының бiрi әрi кез келген маманды
даярлаудың маңызды элементi болып табылады.
Менеджмент тәжірибесі мың жылдай уақыт бұрын қолданыла
бастаған. Мысырлықтар пирамида салуда менеджменттің
жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау қызметтерін қолданған.
Ұлы Александр әскери жорық кезіндегі шараларды
ұйымдастыратын арнайы адам жалдаған. Рим Империясы байланыс
пен бақылауды барынша жеңілдету үшін жақсы құрастырылған
ұйымдық құрылымды қолданған.
Біздің дәуірімізге дейінгі 400 жылдары өмір сүрген Сократ
менеджмент тәжірибесі мен тұжырымдамасын талқылаған, Платон
біздің дәуірімізге дейінгі 350 жылы еңбекке мамандануды
сипаттаса, әл-Фараби адамның көшбасшылық қасиеттеріне
сипаттама берген. Менеджмент мыңдаған жылдар бұрын қолданыла
бастады. Мысалы, ерте кездегі Вавилонда ол мемлекетті басқару
үшін, ал Римде кең аумақта байланыс пен бақылау орнату үшін
қолданылған.
Менеджмент– бұл өндірістің тиімділігін арттыру және пайданы
көбейту мақсатымен әзірленіп, қолданылатын, өндірісті басқару
қағидалары, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы.
Басқару тұрпаты ретінде менеджменттің негізгі белгілеріне
мыналарды жатқызуға болады:
1. Адам, оның қажеттіліктері, мүдделері, себептері,
құндылықтары, нұсқамалары басқаруды ұйымдастырудың бастапқы
сәті мен оны жүзеге асырушысы болып табылады.
2. Басқарудың көзқарастары, қағидалары мен әдістерінде
экономикалық құралдар мен басқару әдістеріне артықшылықтар
беріледі. Бұл әсіресе маркетингте - тұтынушылардың мүддесін
алдыңғы орынға қоятын басқаруда - жиі білінеді.
3. Менеджер мен қызметкерге қойылатын басты талап ретінде
көрінетін кәсіби тұрғыдан басқару менеджментке тән. Менеджер
экономикалық және әлеуметтік-психологиялық білімдерді игеріп
оқуы керек.
4. Ұйымдастыру ісінде менеджментке жағдайдың өзгеруіне
қарай және инновациялық типті ұйымдастыруда, яғни
жаңашылдыққа жылдам бейімделе алатындай басқаруды икемді
ұйымдастыру тән.
5. Менеджмент менеджердің жеке басына қойылатын
талаптардың кешенін танытуы керек. Олардың ішіндегі негізгілері -
тапқырлық, коммуникабельділік, сенімділік. Бұл қасиеттер басқару
өнерін танытуда маңызды рөл атқарады.
Менеджмент мынадай функциялардыатқарады:
– кәсіпорын жұмысын жоспарлау және болжау, яғни басқару
стратегиясын, бағдарлама іс-әрекетін жасау, қаржыландыру
көздерін іздестіру және белгіленген шешімдер мен бағдарламаның
орындалу мерзімін анықтау;
– дәрежесіне байланыссыз барлық жұмыскерлердің орындауға
тиісті жұмыстарын ұйымдастыру, яғни жұмыстың орындалу
құрылымын ұйымдастыра білу қажет; сөйтіп барлық
қызметкерлердің күш-жігерін өнімді жұмысқа мақсатпен бөлу және
оны жоғарғы тиімділікке мақсатты бағыттау;
– басшы мен оның қарамағындағылардың істерін үйлестіру,
яғни өзінің және басқалардың қызмет атқаруын тұрақты қарау,
сөйтіп оны өзінің және сол ұйымның қойған мақсатына жету үшін
бағыттау


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет