1-модуль бойынша. Алтын Орданың күйреуі мен қазақ хандығының құрылуы кезеңдегі қазақ әдебиеті. Тақырып: Сыпыра жырау



Дата16.09.2022
өлшемі142,06 Kb.
#39309

1 дәріс, 1 апта, 1 сағат
1-модуль бойынша. Алтын Орданың күйреуі мен қазақ хандығының құрылуы кезеңдегі қазақ әдебиеті.
Тақырып: Сыпыра жырау.
Дәрістің мақсаты:



  1. Алтын Орданың күйреуі мен қазақ хандығының құрылуына қатысты деректерді жүйелеу.

  2. Жыраулар институтының қазақ қоғамындағы орнын айқындау.

  3. «Жырау» сөзінің этимологиясын зерделеу.

  4. Сыпыра жыраудың өмірі мен шығармаларына қатысты деректерді зерделеу




Жыраулар шығармашылығының қазақ әдебиетінен алар орны. Жыраулар мұрасының қазақтың ұлттық әдебиетінің ауызша дәстүрмен өмір сүрген бірнеше ғасырлық тарихынан деректі мағлұматтар беретіндігі. Жырау атанатын шығармашылық тұлғаның әлем халықтарының, түркі жұртының ішінде қазақтарға тән екендігі. Ежелгі батырлық жырлар мен тарихи жырларды дүниеге әкелуші жыраулардың бірден-бір беделді өкілі болып саналатын Сыпыра жыраудың ел басқару ісіне араласқандығы. Жыршы мен жыраудың шығармашылық тұлғалар ретінде бір-бірінен өзгешеленетін негізгі басты ерекшеліктері. Қазақтың жыраулар әулетінің басы болып саналатын Сыпыра жырау шығармашылығы. Сыпыраның өмір сүрген дәуірі.
Сыпыра өмір сүрген дәуіріне келер болсақ, оны ең бері дегенде Тоқтамыс ханның тұстасы деп білу қажет. Өйткені, Тоқтамыс Едіге бимен араздасып, төңірегіндегілермен кеңескен тұста негізгі тоқтамды пікір айтатын ақылман қарт осы. Жыраудың ұзақ толғап айтатын жырындағы өз сөзіне күдіктенбей сенер болсақ, ол 1390 жылдың өзінде 180 жасқа келген кісі. Өзі және ел ішіндегі осынау аласапыран оқиғаны көтере алмағандай, Тоқтамыс ханға бере соңғы кеңесін айтады да көз жұмады. Оның «Мен қартыңмын, қартыңмын, не көрмеген қартыңмын? Бастыққа бастық Бастық хан, оны көрген кәріңмін… Онан соңғы Кедей хан… Онан соңғы ер Шыңғыс, оны да көрген кәріңмін…ң деп келетін туындысындағы 1227 жылы өмірден өткен атақты Шыңғыс ханға дейінгі, одан кейінгі біраз хандардың алдынан өткергендігіне толық сену, сенбеу ол оқырманның өзінің ісі. Бірақ, осы жырау Тоқтамыс пен Едіге заманында қанша жасқа келсе де, сол уалаят өкілдерінің ішіндегі бірден бір аузы уәлі абыз ақсақалы. Жасы жағынан да көпті көрген көнесі. Сондықтан да оның сарай ішіндегілердің алауыздығынан кейін атақты Темір билеушіге кеткен Едігені өзінің осы уақытқа дейінгі көргендерінің ішіндегі теңдесі жоқ айбынды ері етіп бейнеленуі көп нәрсені аңғартады. Сол арқылы ол Едігенің дүниеге сирек келетін жандардың тегінен екендігіне де, бұл аразбдасудан кейін ұлысты ұлы дүрбелең күтіп тұрғандығына да кепілдік береді. Ал, айтқан сөздерінің бәрі көріпкелдің лебізіндей.
Ол айтқан болжамдардың бәрі тарихта айна қатесіз келеді. Едіге барғаннан кейін Темір әмірші Алтын Орда билеушісі Тоқтамысқа қарсы қалың қол шығарады. Тоқтамыс әскері жеңіледі. Елдің билігі Едігеге көшеді. Тоқтамыстың қызын Едіге тоқалдыққа алады.
Алтын Орда билеушісіә мен Едіге бидің араздасқан уақыты-Тоқтамыстың 1393 жылы Ягайлаға Дон бойынан хатқа түсіртіп жіберген пәрмен-жарлығында 1391 жылы деп көрсетілген. Темір әміршімен Тоқтамыс қолының айқасқан мезгілін осы мәселеге қатынасты қалам тартқан Ш.Уәлиханов, Қ. Сәтбаева, М.Тынышбаев, С.Сейфуллин, Ә.Марғұлан, Р.Бердібаев секілді қазақ ғалымдары әр алуан жазба деректерге, тарихи еңбектерге сүйеніп 1391-1395 жылдардағы қанды жорықтармен байланыстырады. Демек, Сыпыра жырау куә болып отырған оқиғаның тарихта болғаны рас. Атақты “Ер Едіген” атты тарихи жырда ұзақ сонар толғау айтатын абыз жырау осы туындының дүниеге келуіне қандай үлес қосты, ол өз алдына мәселе. Бірақ, әйтеуір, қалай болғанда да ол сол кездегі тақ иесі Тоқтамысты да, оның ұлысын да, қасында жүрген достары мен дұшпандарын да қапысыз танитын адам. Ал, ол адамдар жайлы атақты тарихшылар Шерефад-дин Иезди мен Қадырғали Қосымұлы Жалаиридың еңбектерінде анық айтылған. Демек, Сыпыра жырау қазақтың өзіне ғана меншікті төл әдебитеінің бірінші жырауы династиясының көшбасшысы.

Оқу әдебиеттері:


1.Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық. – 3 том. – Алматы, 2015.


2.Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық. – 4 том. – Алматы, 2015.
3.Марғұлан Ә. Ежелгі жыр-аңыздар. – Алматы, 2016
4.Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы, 2017.
5.Жұмалиев Қ. ХҮІІ, ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. – Алматы, 2018.
6.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы, 2016.
7.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. – Алматы, 2017
8.Тілепов Ж. Қазақ халқының хандық дәуір әдебиеті. – Алматы, 2017
9.Абылкасымов Б. Жанр толгау в казахской устной поэзии. – Алматы, 2018.
10.Тұрсынов Е. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері. – Алматы, 2015.
11.Бес ғасыр жырлайды. І том. –Алматы, 2019.
12.Жеті ғасыр жырлайды. І том. –Алматы, 2017
Интернет ресурстар:
1.Қазақстанның ашық кітапханасы http://www.ikitap.kz/
2.Әдебиет порталы http://adebiportal.kz/kz
3.https://www.youtube.com/watch?v=z_x-Xy0bWzo&t=1529s&ab_channel=AbaiTV%2F%D0%90%D0%B1%D0%B0%D0%B9TV

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет