1 МӨЖ: Байтұрсынов А. еңбегіндегі сөзжасамдық басты ұғымдар мен терминдерге уәждемелік талдау жасау Жоспар



бет1/8
Дата09.02.2022
өлшемі42,36 Kb.
#25129
  1   2   3   4   5   6   7   8

1 МӨЖ: Байтұрсынов А. еңбегіндегі сөзжасамдық басты ұғымдар мен терминдерге уәждемелік талдау жасау

Жоспар

Кіріспе


1 Терминология және уәжділік

1.1 Термин, терминология және оның талаптары

1.2 Тіл біліміндегі уәжділік құбылысы

2 А.Байтұрсынов және терминология

2.1 А.Байтұрсынов – қазақ тіл білімі терминологиясының негізін қалаушы

2.2 Ахмет Байтұрсынов қалыптастырған терминдердің уәжділігі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Кез келген ғылым саласы дамыған сайын сол ғылым саласына тән ерекше ұғымдарды, құбылыстар мен категорияларды атайтын термендер жүйесі қажет. Қазақ тіл білімінде жедел даму мен терминдер жүйесінің қажеттілігі туындаған уақыт – Ахмет Байтұрсыновтың тіл білімі жүйесімен айналысу кезеңі болған болатын. Сол кезде жалпы лингвистикалық ұғымдар, категориялар қазақ тіліне аударылып, қазақ тілінің өз ішіндегі заңдылықтар зерттеліп, өзіндік ерекшеліктері зерттелген болатын. Қазақ тіліне тән құбылыстар анықталып, оларды қазақ тіліндегі сөздермен атау қажеттілігі туындады. Қазақ тілі үшін осындай қиын да қызықты мәселені көтерген Ахмет Байтұрсынұлы өте негізделген терминдік база қалыптастыра білді. Бұл терминдердің өміршеңдігін қазіргі күнге дейін қолданылуынан көруімізге болады. Ахмет Байтұрсынов қалыптастырған терминдер жүйесі қазақ тілі білімі не әдебиет саласында болсын әлі күнге дейін сақталып қолданыс үстінде екенін көреміз. Терминдердің өміршеңдігінің сыры – олардың негізді, уәжді болуында. Егер термин өзі анықтап тұрған нәрсеге сай болмаса, ол қолданысқа енбей қалатын еді.

Жалпы кез келген ғылымды оқып білу, меңгеру немесе оны өзгелерге үйрету сол салада қолданатын арнаулы ұғым атауларынсыз мүмкін емес. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ғалым ретінде Ахмет Байтұрсынов осы ғылым саласындағы негізгі ұғымдарды және олардың өзара байланысын анықтап, яғни қазақ тілінің табиғатын көрсететін ұғымдар жүйесін түзумен қатар, сол ғылыми ұғымдардың атауларын да жасаған жан. Ғылыми ұғымдарға атау беру үлкен талғампаздықты, тілді шебер пайдалана білуді қажет ететін шығармашылық үдеріс. Онымен қоса, арнаулы ұғымдарға ат қою кезінде ол жүйенің өзіндік ерекшеліктерін міндетті түрде ескеру қажет. Атаудың ықшам болуы, бір мағыналылығы және ұғым мазмұнын қамтуы тағы бар. Осындай талаптарды мүлтіксіз орындаудың қиындығы терминдерді ана тілінде жасаудан гөрі көп жағдайда оны ұғымдар жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып жасалған өзге тілдерден дайын қалпында ала салуға, яғни, қабылдауға мәжбүр етеді. Бұл тұрғыдан келгенде, ұлт ұстазы қазақ тілін термин шығармашылығында пайдаланудың жарқын үлгісін көрсете білді. Ахмет Байтұрсыновтың «қазақ терминологиясының атасы» атануы бекер емес

1 Терминология және уәжділік



    1. Термин, терминология және оның талаптары

Жалпы терминология саласының маңызды сұрақтарының бірі термин мен тілдегі сөз сәйкестігі екенін атап өткен жөн. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында термин сөздердің ерекше табиғаты жайында Г.О. Винокур: «термин ерекше сөз емес, ерекше қызмет атқаратын сөз бірлігі»  деп көрсетеді [1, с. 7]. Ал А.А. Реформатский: «Бір қарағанда, терминология саласы өзінің шектеулі параметрлерімен ерекшеленсе, екінші бір жағынан, қарапайым сөйлеумен үнемі өзара әрекеттестікте болады. Әрбір қарапайым сөз арнаулы сөздікке енгізілуі арқылы термин болып, әрбір термин аталушы затпен дәл сәйкестігін жоғалту негізінде қайтадан күнделікті сөйлеуге оралуы да мүмкін»  деп жазады да [2, с. 165], терминнің негізгі тілдік сипаты жүйе ұғымымен байланыстырады: «терминнің ерекше қызметі сол терминнің кіретін жүйесімен анықталады, жүйеден тыс болған жағдайда ол өзінің терминдік сипатын жоғалтады» [3, с. 55].

Термин сөздер – теріліп алынған сөздер. Екінші сөзбен айтқанда, белгілі ғылым саласы бойынша қажетті ұғымды атау үшін теріліп, таңдалып алынған сөздер. Сонда термин сөзінің қазақша аудармасы да өзінен-өзі анықталады. Термин – терім сөз [4].

Тіл білімінің үлкен саласын терминға келіп, сол жайлы жазған ғалымдар көпшілік. Бірақ барлығының дерлік анықтамасы осы ғалымдардың шамасында қалады. Соннымен, термин деген белгілі бір ғылым саласына тән ұғымдар мен құбылыстарды атауға арналған ерекше атаулар жүйесі.

1.Терминология - әдеби тіл лексикасының құрамды бөлігі. Бұл көзқарасты жақтаушылар терминдердің көпшілігі әдеби тілдегі сөздерден жасалғанын, болашақта да жасалына беретіндігін айтады және әдеби тілге жаңа терминдердің ену мүмкіндігін алға тартады. Жалпы әдеби тілдегі лексика-семантикалық, грамматикалық категориялар мен процестерге сүйене отырып терминологияны әдеби тілдің құрамды бөлігі деп қарастырады.

2.Терминология - әдеби тіл лексикасымен ұқсастығы аз, оның өз алдына жеке бір қабаты. Терминологиялық лексиканың өзіне тән заңдылықтары, оның әдеби тілдің ережесіне (норма) қайшы келетін тұстарын ескере отырып, оны өз алдына жеке бөлім ретінде қарастыру орынды екендігі айтылады.

3.Терминология жасанды жасалған таңбалар жүйесі ретінде қарастырылады. Мұндай көзқарастың негізі әрбір ғылым саласының ақпаратты, белгілі бір ұғымды бір мағынада ғана тілдік таңба арқылы беруге ұмтылуы жатса керек. Терминологиялық жүйені осылай түсінсек, онда ол табиғи тілге қарама-қарсы жасалған жасанды тіл болып саналады [5].

Терминология дегеніміз, жоғарыда айтылған, белгілі бір ғылым саласына тән ұғымдарды атада қолданылатын терминдер жүйесі.

Ғалым Г.О. Винокурдың пікірі бойынша терминнің ерекше белгілеріне мыналар жатқызылады: 1) термин мағынасының арнайылығы, семасиологиялық шеңберлерінің нақтылығы; 2) оның зияткерлік тазалығы, яғни жалпықолданыстық айтылымдарға тән келетін бейнелі және эмоциялық реңктерден шектеулігі [1, с. 3]. Осы тұрғыдан келгенде, термин қызметінің өзі жүйесі арқылы анықталады. Сондықтан да көптеген тіл зерттеушілерінің пікірлері бойынша, қазіргі таңда термин мәселесін зерттеудің теориялық және практикалық аспектілері лексиканың жүйелілік сипатымен тығыз байланысты. Себебі жүйе шеңберінде ғана оның компоненттерінің маңызы толыққанды айқындалып, терминологиялық кішігірім жүйелердің орны анықталады

Терминге қойылатын талаптар – қазіргі заманғы термин жауап беруге тиісті негізгі шарттар. Тіл мамандары мен терминтанушылардың басым көпшілігінің еңбектерінде атап көрсетіліп жүрген терминге қойылатын негізгі талаптар мыналар:

1. Терминнің бірмағыналығы. Терминнің негізінен бір арнаулы сала ішінде ғана бір мағынаны білдіруі, синонимдерінің болмауы. «Бір таңбаланушыға – бір таңба, бір таңбаға – бір таңбаланушы» сәйкес келуі керек деген қағидаттан туындаған бұл талапты орындауға салалық мамандардың қай-қайсысы да мүдделі.

2. Терминнің қысқалығы мен ықшамдылығы. Бірнеше сөздің тіркесуінен тұратын көп сыңарлы терминнің ұғым атауы ретінде, атаусөз ретінде қолдану қолайлылық туғыза бермейді. Атау сөздердің қысқа да нұсқа болғаны жақсы-ақ. Тіл үнемділікті ұнатады. Тіліміздегі көптеген көп құранды тіркестердің лексикалануы, біріккен, кіріккен сөздердің пайда болуы, күрделі атаулардың ықшамдалуы осы үнем заңының талаптары. Терминнің қысқалығын а) Лексикалық ықшамдылық; ә ) тұлғалық ықшамдылық деп іштей екіге жіктеп көрсетушілер де бар.

3. Терминнің тілдегі сөзжасам заңдылықтарына сәйкес келуі. Терминдер де негізінен жалпы әдеби тілдегі атау сөздер сияқты ұлт тілінің сөзжасам тәсілдерін пайдалану арқылы туындайды.

4. Тілдік нормаға сәйкес келуі - кәсіби жаргондардың, фонетикалық және грамматикалық нормадан ауытқулардың болмауы.

5. Терминнің туынды сөз жасауға қолайлы болуы. Бұл талап терминнің ықшам болуы қажет деген талаппен үндеседі. Қазақ тілі жалғамалы тілдер қатарына кіретіндіктен неғұрлым қысқа, ықшам атауларға сөз тудырушы жұрнақтарды үстіүстіне жалғау арқылы бір түбірден немесе негізден бірнеше туынды сөз, жаңа атау жасауға болады.

6. Терминде эмоционалдылық пен экспрессиялықтың болмауы. Жалпы ғылым тілі бейнелікті, образдылықты емес, әр ұғымды өз атымен атауды қажет ететін дәлдікті, нақтылықты қалайды. Сол себептен де ғылым тілінің негізін құрайтын терминдердің эмоционалдық тұрғыдан бейтараптық танытып, оларға экспрессияның тән болмауы талап етіледі.

7. Эстетикалық талаптарға сай келуі. Терминнің дыбысталуы айтуға қолайсыздық туғызбай, естуге жағымды болуы. Құлаққа қораштау естілетін, айтуға ауыр қарапайым лексика қатарынан, жаргон, арго сөздердің термин ретінде таңдалмағаны жөн.

8. Терминнің қолданысқа енгізілгендігі (внедренность термина) – терминді мамандардың, ғылыми қауымның қабылдауы немесе оның жаппай бірізді қолданылатындығы.

9. Синонимдердің болмауы – терминологиядағы «бір ұғымға – бір ғана атау» қағидатына сәйкес синонимдердің болмауы талап етіледі.

10. Инварианттылық – фонетикалық, графикалық, морфологиялық, сөзжасамдық және синтаксистік варианттардың болмауы.

11. Терминнің уәжділігі – термин мағынасының ұғынықты, өзі белгілейтін ұғымы жөнінде анық мәлімет беруі [5].

Бұл еңбекте терминдерге қандай талап қойылатындығы жайлы ашылып жазылған деп ойлаймын. Шынымен тілге тән терминдер осы талаптарға тән болуы, термин сөздердің тілдің басқа категорияларынан өзгешелігін көрсетіп тұрады. Бірақ кез келген ережеден тыс құбылыстар болады, бұл ережелер де 100 пайыз сақталады деп айта алмаймыз, тіпті бұл ережелердің кейбіріне қарсы шыығатын лингвист ғалымдар да бар, сонымен қатар терминологияны қалыптастыратын лингвист ғалымдар емес, әр ғылым саласында еңбек ететін ғалымдар екенін ескеру керек, олар тілдің заңдылықтарын 100 пайыз біледі деп айта алмаймыз, сондықтан бұл талаптарға да сай емес терминдер бар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет