1. Негізгі психопатологиялық симптомдар



Дата31.12.2021
өлшемі17,76 Kb.
#22138

Клиникалық есеп

Науқас Ж, 47 жаста. Келесідей шағымдармен түсті: ашушаңдық, агрессия үрей, ұйқысының бұзылуы, спиртті ішімдіктерді қабылдауға деген жоғары әуестіліктің болуына , мас кезінде өз іс әрекеттерін басқара алмауына шағымданды.

Тұқымқуалаушылық аурулары жоқ. Балалық шағында дамуы жағынан қатарластарынан артта қалған жоқ. Жайлы, әлеуметтік жағдайы орташа отбасында өскен. Науқас алкогольды ең алғаш рет 30 жасында қабылдаған. Ол кезде екі рюмкаға, яғни 100мл-дің өзіне мас болатын болған. Кейінгі 5 жылда тым көп іше бастаған. Соңғы рет 2 апта бойы тоқтамай күніне 1-1.5л ішімдік ішкен. Ішімдіктен біржарым күннен кейін қатты аузы құрғап, басы ауырған, жүрек соғу жиілігі артқан, жүрегі айнып, құсқан, басы айналған. Ал 3 күннен кейін ұйқысы бұзылған, қорқынышты түстер көре бастаған, алаңдаушылық, мазасыздық, қорқыныш агрессия пайда болған және жүріс тұрысы бұзылған. Жұбайына мүйізді бар, қолдарында семсерлері бар адамдарды көргенін айтқан.

1.Негізгі психопатологиялық симптомдар:

Қабылдаудың бұзылысы- көру галлюцинациялары яғни, мүйізі бар, қолдарында семсерлері бар адамдарды көруі.

Сананың бұзылысы: науқастың жүріс тұрысының бұзылуы, мас кезінде өз әс әрекеттерін басқара алмауы.

Эмоцияның бұзылысы: науқаста ашуланщақ, ашу ызалы, үрей қорқу сезімінің болуы.

Физикалық тәуелділік: науқас басының қатты ауруы,аузының құрғауы, жүрек соғу жиілігініің жиілеуі, жүрегі айнуы, құсуы, басының айналуы.

Психикалық тәуелділік: ұйқысының бұзылуы,қорқынышты түстер көре бастаған, алаңдаушылық, агрессияның, галлюцинациялардың болуы.

2.Негізгі психопатологиялық синдром: Абсинентті синдором.

3.АХЖ 10 бойынша нозологиялық диагноз: F10. Алкогольды заттарды пайдалану нәтижесінде пайда болған психикалық және жүріс- тұрыс бұзылысы. Абсинентті синдром.

4.Емі

Госпитализация: жоспарлы



Стационарлы ем

Емдеудің мақсаты:

  • Алкогольді ішімдіктерді пайдаланудан бас тартуды қамтамасыз ету;

  • Аурудың дамуы мен қайталануының алдын алу.

Медикаментозды емес ем:

Медикаментозды ем:

  • Дезинтоксикациялық терапия:

0.9% натрий хлориді ерітіндісі 400.0 көктамыр ішіне 3-5 күн ішінде пиридоксин гидрохлоридімен 1% -тәулігіне 4-6 мл дейін, тиамин бромиді 5% -тәулігіне 4-6 мл дейін, антигистаминді бір реттік дозада (димедрол) - 1% ерітінді 1 мл;

  • диуретиктер:

Маннитол - 200,0 көктамыр ішіне тамшылатып, баяу енгізу, фуросемид 1 таблетка (0,04мг) 1-2 рет қабылдау.

  • Антиалкогольды препараттар:

Тетурам - Препарат жеке схемаға сай күніне 2 рет 150-500 мг дозада қабылдайды. 7-10 күннен кейін тетурамалкогольді сынау жүргізіледі (500мг препаратты қабылдағаннан кейін 20-30 мл 40% арақ), әлсіз реакция кезінде алкоголь дозасын 10-20 мл-ге жоғарлатады (максимальды доза-100-120 мл дейін )

  • Нейролептиктер: психопатологиялық бұзылыстарды жою үшін тағайындаймыз.

Психомоторлы қозуды тоқтату үшін Галоперидол бұлшықет ішіне күніне 2-3 рет 2-5 мг-тағайындаймыз. Тұрақты седативті әсерге жеткенде, таблетка түріне ауысады.

  • Дисомнияны емдеу алгоритмі (ұйқының бұзылуы).

Транквилизаторларды қолдану оларға тәуелділіктің жиі дамуына байланысты өте сақтықпен қолданылуы ұсынылады. Препараттар ең аз тиімді дозада тағайындалады, 5 күннен аспайды. Бензодиазепин туындылары (диазепамның 0,5% ерітіндісі 4-6 мл / тәулік).

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет