1. Қол сүйектері мен аяқ сүйектерінің адам организіміндегі маңызы ?



Дата27.10.2022
өлшемі19,54 Kb.
#45703

1. Қол сүйектері мен аяқ сүйектерінің адам организіміндегі маңызы ?
1. Иық деп денедегі қолдың кеудеге жалғанатын тұсын айтамыз. Иық белдеуінің сүйектеріне омыртқа жотасының жоғарғы жағында екі жауырын сүйектері: бұғана және төс сүйектерімен жалғасады. Жауырынның сыртқы бұрыштары иық басы сүйегі арқылы қол сүйектерімен жалғасады.
Иық буыны тоқпан жілікті, ол арқылы бүкіл қолдың еркін бөлігін иық белдеуімен, атап айтқанда, жауырынмен байланыстырады. Буын түзуге қатысатын тоқпан жіліктің басы шартәрізді. Онымен буындасатын жауырынның буындық ойығы көлемін ұлғайтып, сонымен бірге жілік басы қозғалған кездегі соққылар мен шайқалыстарды жұмсаттатын шеміршекті буын ернуі жатады. Иық буынынң қапшығы жауырында буын ойығының сүйекті жиегіне бекіп, әрі иық басын қаусырап, анатомиялық мойында аяқталады. Иық буынының қосалқы байламы ретінде құстұисықты өсінді негізінен шығатын және буын қапшығына қосылып-өрілетін тығыздау талшықтар шоғыры болады. Жалпы алғанда иық буынында нағыз байламдар жоқ, ол иық белдеуі бұлшықеттерімен бекиді. Бұл жағдай бір жағынан дұрыс сияқты, өйткені еңбек ету мүшесі ретіндегі қолдың қызметі үшін қажет иық белдеуінің кең қозғалыс-қимыл жасуына себебін тигізеді. Екінші жағынан, иық буынындағы әлсіз беку, онда буын ьайып кетуінің көп болуына себеп болады.
Буын қапшығын ішінен астарлайтын синовиалды қабық буынан тыс екі томпақ түзіледі.
Иық буыны нағыз көпбілікті шартәрізді буындасу ретінде аса қозғалмалы. Қимыл 3 негізгі білік айналасында дасалады: фронталды, сагитталды және вертикалды. Фронталды білікті айнала қол бүгіп, жазылады. Сагитталды білікті айнала қол әкеліп, әкелінеді. Вертикалды білік айналаснда қол сыртқа және ішке қарай айналады.
2. Аяқтың еркін қозғалатын қаңқасы сан,балтыр және және аяқбасы сүйектерінен құралған.Сандағы негізгі сүйек –ортан жілік.Ортан жілік –адам қаңқасының ішіндегі түтікті сүйектердің ішіндегі ең ұзыны.Оның денесі және екі жағында ұштары болады.Жоғары ұшында ұршық басы ,одан төменірек жіңішкерген жері мойны деп ааталады.Сүйектің алдыңғы беті тегіс болғанымен де артқы бетінде ұзына бойына бұдырлы сызық созылып жатады.Жіліктің төменгі басындағы шеткі және ішкі айдаршықтарынан буын беті құралады.Олардың араларында айдаршық аралық шүңқыры болады.Айдаршықтардың сыртқы жағы шеміршекпен қапталып ,алдыңғы жағы бірігіп,тізе тобығымен буындасатын буын бетін құрайды. Айдаршықтардың бүйір жақтарында олтаңғы және сыртқы айдаршық үсті төмпектері орналасады.Тізе тобығы тиек тәрізді тізенің үстіндегі үшкілдеу жұмыр сүйек.Ол төрт басты ет сіңірінің ішінде орналасады.Балтыр сүйектері де білек сүйектері тәрізді 2 сүйектен үлкен жіліншік және кіші жліншік сүйектерінен тұрады.Үлкен жіліншік жоғарғы ұшы жуан төменгі ұшы жіңішке түтікті сүйек .Оның шеткі және ішкі айдаршықтары болады.Онда екі төмпек ,ортаңғы және сыртқы төмпек болады.Сүйек үш қырлы болғандықтан ,үш жиегі және үш беті бар.Төменгі ұшы төрт бұрышты ортасындағы тобық басы арқылы топай сүйекпен буындасатын буын беті болады.Кіші жіліншік денесі үш қырлы ,жоғарғы және төменгі ұштары бар түтік тәрізді жіңішке ұзын сүйек.Төменгі ұшы жуантықтау болады,оны сыртқы тобық деп атайды.
Аяқ басы сүйектері тілерсек,табан және бақай сүйектері бөлімдерінен тұрады.Тілерсек сүйектері балтыр мен табан сүйектерін жалғастыратын жеті сүйектен:топай,өкше,қайық,текше пішінді және сына тәрізді үш сүйектен тұрады. Табан сүйектерінің саны бесеу.Бақай сүйектерінің 1-ші бақай сүйектері 2 башпайдан ,қалған 2-5-шілері 3 башпайдан құралған.Табан сүйектерінің негізі,денесі жэәне басы болады.Башпай сүйектері де дәл сондай бөлімдерден құралған.
Асықты жіліктің денесінің дорсальдік бетінің краниальдік жиегі алға қарай шығыңқы, әрі бұдырлы болып жазылдырғыштық сай үстіне қарай иіліп тұрады.
Асықты жіліктің дистальдік эпифизінде буындық беті қыр арқылы екі сайға бөлінген шығыршық орналасады. Ол екі медиальдік және латеральдік қайықшалармен шектелген.
Жылқының асықты жілігі дистальдік шығыршығының буындық бетіндегі қырлар мен сайлар қиғашталып орналасады. Латеральдік айдаршықта шыбық сүйегінің басына арналған бұдыры болады. Медиальдік айдаршықаралық төмпешік жақсы жетілген.
Ірі қара малда медиальдік қайықша жеке сүйек түрінде болып, шығыршықпен буын арқылы байланысады. Сондықтанда айдаршықтың буындық бетінде оған арналған ойыс болады.
Шошқаның асықты жілігі қысқа , қомақты келеді. Сүйектің проксимальдік және дистальдік эпифиздерінің латеральдік беттерінде шыбық сүйегі бекитін бұдырлар болады.
Иттің асықты жілігі S– тәрізді иілген.
Шыбық сүйек- үй жануарларынды әр түрлі дәрежеде дамыған. Жылқыда шыбық сүйектің проксимальдік бөлігі жалпақтанып, бұдырлы болып келеді. Дистальдік бағытта ол жіңішкеріп, үшкірлене келіп, байламға айналады да. Латеральдік қайықша түрінде сүйектің дистальдік бөлігіне бекиді.
Ірі қара малда шыбық сүйегінің басы асықты жіліктің латеральдік айдаршығымен тұтасып кетеді. Оның денесі болмайды, ал дистальдік эпифизі қайықша сүйек түрінде сақталған.
Шошқада шыбық сүйегі жануарларға қарағанда жақсы жетілген жіңішке ұзын сүйек.
Итте шыбық сүйегінің проксимальдік эпифизі жұмырланып келіп асықты жілікке арналған бір ойыспен, ал дистальдік эпифизі екі ойыспен (асықты жілік пен асыққа) жабдықталған.
Жамбастың аяқ басы қаңқасы тілерсек, артқы жіліншік және саусақ сүйектерден құралған.
Тілерсек- үш қатар орналасқан қысқа тілерсектік сүйектерден тұрады. Оның проксимальдік қатарында 2 (асық және өкше сүйегі), ортаңғысында 1 (ортаңғы), ал дистальдік қатарында 2-4 тілерсектік сүйектері орналасады.
Асық- бастан, мойынан және айдаршығы бар денеден тұрады. Шошқа мен күйісіті малдарда бұған қосымша дистальдік айдаршық болады. Асық денесінің латеральдік бетінде өкше сүйегінің сайымен бірігіп тілерсек қуысын түзетін асық сайы орналасады.
Өкше сүйектің өкше төмпегі құс тұмсық тәрізді өсіндісі және асықты бекіткіші болады. Өкшенің медиальдік бетінде өкше сайы өтеді.
Ортаңғы тілерсектік сүйек- өкше I, II және III тілерсектік сүйектің аралығында орналасады.
I тілерсектік сүйек- дистальдік қатардың медиальдік жағында жатады. Жылқыда бұл сүйек II тілерсектік сүйекпен бірігіп кетеді. Ірі қара малда оның пішіні дөңгелек, ит пен шошқада жалпақ болып келеді.
II тілерсектік сүйек- жылқыда ілмек тәрізденіп I тілерсектік , ірі қара малда III тілерсектік сүйекпен тұтасып кетеді. Шошқа мен итте бұл сүйек сына тәрізді болады.
III тілерсектік сүйек- жылқыда ортаңғы сүйекке ұқсас болады. Ірі қара малда ол II тілерсектік сүйекпен бірігіп кетеді. Шошқада бұл сүйектің пшіні жалпақ, ал итте табаны дорсальдік бағытта орналасқан сына тәріздес болады.
IY тілерсектік сүйек- тілерсектің латеральдік жағында , өкше сүйегі мен жіліншік сүйектерінің аралығында орналасады
Артқы жіліншік, I –Y жілішік сүйектерінен құралған. Олар негізінен алдыңғы жіліншікке ұқсас, бірақ оларға қарағанда ұзын және қомақты келеді.
Жамбастық аяқтың саусақ сүйектері кеуделік аяқтың аттас сүйектеріне ұқсас келеді. Тек жылқының тұсамыс және топай сүйектері кеуделік аяқтікіне қарағанда қысқа болады.
Енді сіздер өз беттеріңізбен үй жанауарларының кеуделік және жамбастық қаңқа сүйектерін салыстырмалы түрінде оқып, білулеріңіз керек.

2. Қолдың еркін қозғалатын сүйектеріне жатады ...? тоқпан жілік, білек және қол басынан тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет