1. Өлі тілдер түрлеріне тоқталыңыз. Өлі тілдер



Pdf көрінісі
Дата06.10.2022
өлшемі161,03 Kb.
#41714


 
1. Өлі тілдер түрлеріне тоқталыңыз. 
Өлі тілдер-қолданудан шыққан, жазба ескерткіштер мен жазбалардан ғана белгілі 
тілдер. Өлі тілдердің мынадай түрлері бар: 
Бұлғар тілі-ежелгі бұлғар тайпаларының тілі. Бұлғарлар бұрын ғұн тайпалары одағына 
кірген, славян, фин-угор халықтарымен қарым-қатынаста болған. IX-X ғасылардан 
сақталған деректер мен бейіттердегі (XIV-XV ғасырлар) жазуларға, тарихи есімдер 
түзіліміне қарағанда, бұлғар тілі қазіргі чуваш тіліне жақын болған. Бұл екеуі түркі 
тілінің бұлғар тобына кіреді. Бұлғар тобындағы тілдердің өзге түркі тілінен 
ерекшелігі-«з»орнына «р», «ш»,«с» орнына «л» дыбысының қолданылуы. Бұлғар 
тілінің қазіргі башқұрт, татар тілдерінің қалыптасуына ықпал болды. Көшпелілер 
бұлғардарды VII-IX ғасырларда қазіргі Ресей жерінің түстігіне қарай ығыстырған кезде, 
олардың бір бөлігі венгр мен славяндардың құрамына енген, осыдан олардың тіліне 
бұлғар сөздері мол ауысқан. 
Вандал тілі-Гот тіліне жақын болған деп жорамалданатын герман тілі Вандалдар
һасдингілер және сидингілер тайпалары басқа герман және герман емес халықтармен
бірге (визиготтар, аландар және суевтер) солтүстік Португалия мен оңтүстік Испанияға 
басып кіріп, сонда қоныстанып алды. Содан соң 429 жылы әрі қарай солтүстік Африкаға 
қоныс аударды. 
Османлы тілі (осм. 
ناسل
 
ینامثع
— Lisân-ı Osmânî)-Ұлы Османлы Мемлекетінің 
әкімшілік және әдеби тілі ретінде қолданылған тіл. Оның құрамында араб және парсы 
тілдерінен енген кірме сөздердің саны өте қомақты. Соның салдарынан османлы тілі 
елдің білім деңгейі төменірек азаматтарына онша түсінікті болмады. Алайда біртіндеп 
түрік сөйлеу тілі османлы түрікшесінің қатты ықпалына шалдықты. 
Оғыз тілі-көне заманда түркі тайпалары арасында кең тараған, қазір өлі тіл саналады. 
Тарихи еңбектерде кейде ғұз тілі, ұз тілі деп те аталған. VII-VIII ғасырларда балбал, 
сынтастарда жазылған көне түркі жазба ескерткіштерінің Селенга және Орхон бойынан 
табылған бір тобы (Онгин, Құтлық қаған, Күлтегін, Тоныкөк) осы оғыз тілінде 
жазылған. 
XII ғасыр жәдігерлігі М.Қашқаридың “Диуани лұғат ат-түрк” еңбегінде бұл тіл 
ерекшелігінің көбірек сақталғандығы байқалады. Оғыз тілі, әсіресе, қыпшақ тіліне 
жақын келіп, түрікмен, Әзірбайжан, гагауыз, түрік, т.б. тілдердің қалыптасуына негіз 
болған. 
Шағатай тілі (یاتغج – жағатой; ұйғ. ياتاغاچ – чағатай; өзб. يوتاغىچ – chigʻatoy) ретінде 
жақсырақ белгілі Түрки — бір кездері Орталық Азияда кең таралған, қазір өлі тілге 
айналған түркі тілі. «Шағатай» сөзі Шағатай ұлысының атынан келіп шыққан. Шағатай 
хандығы Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатай ханның атымен аталған. Осы тілде 
сөйлеген көптеген Шағатай түріктері мен татарлар өздерін Шағатайдың ұрпақтарына 
жатқызған. 
Элам тілі-өлі тіл. Ертедегі Элам мемлекеті тұрғындарының тілі. Элам тілінің басқа 
тілдермен туыстық байланысы толық анықталмаған. Дегенмен, зерттеушілер оның 
қазіргі дравид тілдерімен туыстық жақындығы барын айтады. Ертедегі элам тілінің 
пиктограф. жазбалары (сурет жазуы) қазіргі жазумен аударылмаған. Элам тілінде 
сақталған жергілікті иероглифпен, сына жазуымен (аккад варианты) жазылған 
шаруашылық құжаттары б.з.б. 3-мыңжылдыққа жататын Нарамсина жазба ескерткіші 


мен XIV-XII ғасырлардағы орта элам дәуірінің жазбалары сақталған. Б.з.б. V ғ-дағы 
жазбалар жанрлық жағынан әр түрлі болып келеді. Кейінгі элам тілі Ахемен әулетінің 
ресми тілі болғандықтан, бұл кезеңнен қалған ескерткіш көп. Алайда бұл кезеңде Элам 
тілі басқа тілдердің әсеріне ұшыраған. Оны элам тілінің лексикасынан, морфол., 
синтаксистік құрылымынан байқауға болады. Типол. жағынан элам тілі агглютинативті 
(жалғамалы) тілге жатады. Септік категориясы жоқ, шылаулар жүйесі дамыған. 
2. Тілдердің өлу себептерін түсіндіріңіз. 
Тілдердің жойылуы әсіресе байырғы жергілікті тұрғындары зорлықпен арнайы жеке 
аудандарға қоныстандырылған елдерде (АҚШ, Австралия) болады. Мұндай елдерде 
жергілікті тұрғындар қоғам өміріне араласу үшін сол елдің негізгі тіліне (ағылшынға) 
көшу тиіс. Бұл процестің жеделдеуіне жергілікті тұрғындардың ана тілін интернаттар 
мен колледждерде, орта және жоғары оку орындарында пайдаланбауы ерекше әсер 
етеді. Солтүстік Америка мен Солтүстік Еуразияның, Австралияның және оған таяу 
жатқан аралдардың тілдері өлі тілдерге айналған немесе айналу үстінде. 
Тілдің өлу себептері: 
- Тілдің жойылар алдындағы соңғы кезеңін жасы жеткен адамдар ғана сақтайды, кейін 
солардың өзімен бірге тіл өледі. Мектеп жасына дейінгі балалар да өз тілінде 
оқымағаннан кейін ана тілін жоғалтады; 
- XX ғасырдың 2-жартысында негізгі тілдегі бұқаралық ақпарат құралдарының кең 
тарауы аз халықтар тілінің жойылуын тездетті; 
- Ерте замандарда тілдердің жойылуының басты себебі халықтарды қырып жою арқылы 
құрылған ұлы империялармен (Көне Персия, Эллин, Арабт.б.) байланысты болды; 
- Байырғы тілдерде сөйлеушілердің көпшілігі оқшауланған аймақтарға ығыстырылған 
(АҚШ, үндістер). Олар елдің жалпы өміріне қатысуы үшін оның негізгі тілінде сөйлеуге 
міндеттелді; 
- Белгілі бір тілде сөйлеушілердің өліп бітуі(тамбор тілі, Оңтүстік Индонезия,1815); 
- Қуатты мемлекеттердің ұсақ халықтарды қырып жіберуі (латын, Рим империясы); 
- Тілдің ұдайы дамып отыруына байланысты, басқа тілге айналуы, тіпті басқа тілдер 
тобына еніп кетуі(латын тілі, санскрит, көне славян тілі). 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет