1 «Орта ғасырлар» термині. Батыс Еуропа орта ғасырлар тарихының кезеңдері Ерте орта ғасырлар 5-11 ғасыр Сөз ортағасырлық латын тілінен бастау алады орта аевум «орта ғасыр»



бет1/28
Дата16.12.2022
өлшемі129,16 Kb.
#57612
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

1..«Орта ғасырлар» термині.Батыс Еуропа орта ғасырлар тарихының кезеңдері
2.Ерте орта ғасырлар 5-11 ғасыр
Сөз ортағасырлық латын тілінен бастау алады орта аевум («орта ғасыр») және алғаш рет 19 ғасырда пайда болды, дегенмен орта ғасыр идеясы бірнеше жүз жыл бойы болған. Ол кезде ғалымдар ортағасырлық кезең Рим империясының құлауынан кейін және Қайта өрлеу дәуірінен бұрын деп есептеді. Бұл ортағасырлық дәуір бұрыннан басталған уақыт кезеңімен салыстырғанда маңызды емес болып саналды.Ортағасырлық дәуір қашан болды?ХІХ ғасырдан бастап ортағасырлық дәуірдің анықтамалары (сонымен қатар Рим «қашан құлады немесе түспеді» және «Қайта өрлеу» өзіндік көзқарас кезеңі ретінде) әр түрлі болды. Қазіргі ғалымдардың көпшілігі ортағасырлық кезең шамамен 5 ғасырдан б.з.д. XV ғасырға дейін - ежелгі кезеңнің аяғынан бастап ерте қазіргі дәуірдің басына дейін деп санайды. Әрине, барлық үш дәуірдің параметрлері сұйық және қай тарихшыға жүгінетініңізге байланысты.Ғалымдардың ортағасырлық кезеңдерге деген көзқарасы ғасырлар бойы қалыптасқан. Бастапқыда орта ғасырлар қатыгездік пен надандықтың «қараңғы ғасыры» ретінде таратылды, бірақ кейінірек ғалымдар ортағасырлық сәулет өнерін, ортағасырлық философияны және 19 ғасырдағы кейбір ғалымдардың дәуірін «дәуір» деп атауға себеп болған діни адалдықтың белгілі бір маркасын бағалай бастады. Сенім ғасыры ». 20 ғасырдың ортағасырлық тарихшылары ортағасырлық дәуірде болған құқықтық тарих, технология, экономика және білім саласындағы кейбір маңызды өзгерістерді мойындады. Біздің қазіргі батыстық моральдық көзқарастарымыздың көпшілігі, кейбір ортағасырлық ғалымдардың пікірінше, олардың пайда болуы (егер олар толықтай болмаса) ортағасырлық кезеңдерде, оның ішінде адам өмірінің құндылығы, барлық әлеуметтік таптардың еңбегі және жеке адамның өзін-өзі тану құқығы бар. -анықтау.Ортағасырлық деректер адам қызметі нəтижесінде пайда болып, тарихтың даму барысында өзгеріске ұшырап отырды. Ортағасырлық деректерді: табиғи-географиялық, этнографиялық, заттық, көркем-бейнелік, жазба деп бес түрге бөледі. Жазба деректердің өзі құжаттық материалдар (жария актілер, жеке адамдардың актілері, шаруашылық мəні бар құжаттар, əкімшілік, құжаттық); заңдық ескерткіштер («Правдалар», «Заңдар», яғни герман жəне басқа халықтардың əдет-ғұрып құқығы жөніндегі жазбалары), азаматтық қылмыстық істер жəне шіркеу праволарының кодекстері, қала хартиялары, сот хаттамалары; баяндаушы деректер – анналдар, яғни жылнамалар, шежірелер, өмірбаяндар, публицистика, фольклор, əдеби шығармалар болып бірнеше түрге бөлінеді. Құжаттық жəне заңдық түпдеректер феодалдық құрылыстың дамуындағы шаруашылық, əлеуметтік, праволық қатынастар тарихы жөнінде мол материалдар береді. Баяндаушы түпдеректерде оқиғалар, құжаттар құқықтық ескерткіштерге қарағанда авторлардың субъективтік сана-сезімдері басым рөл атқарады. Батыс Рим империясы жерінде варвар мемлекеттерінің пайда болуы, феодалдық құрылыстың орнығуы герман халықтарында қолданылып келе жатқан əдет-ғұрыптарды, олардың жергілікті халықтармен қарым-қатынасын үйлестіретін заңдарды жазба түрінде реттеп отыруды талап етті. Сондықтан V ғасырдың өзінде Батыс Рим империясы территориясында орналасқан герман халықтарында жазба заңдар пайда болды, олар феодализмнің алғашқы сатысындағы əлеуметтік-экономикалық қатынастарды бейнелейтін бірден-бір түпдерек болып табылады. Əдет-ғұрып құқығы туралы жазылған бұл деректер қауымдық қатынастардың ыдырауы жəне феодалдық құрылыстың қалыптасып келе жатқан кезеңіндегі өндіргіш күштердің дəрежесін, меншік түрлерін, əлеуметтік жіктелістің басталуын , рулық-қауымдық құрылыстың қалдықтарын, Орта ғасырлар тарихы сот жүргізу дəстүрін зерттеуге қажетті маңызды материалдан мəлімет береді. Жазба заңдар Рим үстемдігін білмеген Еуропаның халықтарында да пайда болды. Рулық құрылыстың ыдырау процесі бұл халықтарда баяу өтті, жазба заңдар VІІІ-ІХ ғасырларда енгізілгенімен, Скандинавия халықтарында ХІІ-ХІІІ ғасырларда енгізілді. Орыс тілінде бұл құқықтық ескерткіштер «Правдалар» деп аталады. Олардың əдеттегі латынша атауы «Lex», яғни заң. Оған тайпаның немесе халықтың аты қосылып айтылады. Жинақтап айтқанда, оларды «Leges Barbarorum», «Варварлар заңдары» деп атайды. Олар – корольдің шығарған заңдары, актілері емес, қоғамның даму барысында бірте-бірте қалыптасқан, бұрыннан келе жатқан құқық нормаларының жинағы. Өзінің құрамы жағынан қосып жазу, сыналап сөз енгізу, көптеген редакциялау салдарынан заңдардың мəтіндері, əдетте өте күрделі. Бізге дейін Вестгот, Бургундия, Рипуар, Алеман, Бавария, Саксон, Фриз, Тюрингия жəне англосакс заңдары жеткен. Мысалы, лангобардтар заңы «Эдикт Ротари» деп аталады. Варварлық-германдық мемлекеттер туралы деректер көбінесе бір мазмұнда болып келеді. Оларға Заңдар, Анналдар, Формулалар жинағы жатады. Əрбір варварлық мемлекеттің өзіне тəн түпдеректері бар.
Вестготтар жайындағы түпдеректер. Батыс Рим территориясында алғашқылардың бірі болып қалыптасқан мемлекет – Вестгот корольдігі. Ол алғашында оңтүстік Галлияда, кейіннен Испанияда қалыптасты. Король І Теодерих (419-451) кезеңінде алғашқы заңдар жазыла бастады. 475 жылдар шамасында король Эйрих (466-484) тұсында үлкен заңдар жинағы жарық көрді. Ол «Эйрих кодексі» деп аталады. Бұл дерек жалпы 340 титулдан тұрады, бірақ бізге 57-сі ғана жетті. Соның ішінде 17-сі жақсы зерттелген. Бұл кодекстен біз V ғасырдың аяғында вестготтарда қауымдық құрылыстың сақталғанын көреміз, қауымдық жер иелену процесінен мəлімет аламыз. Жердің белгілі бір иесі болмағанымен, тəуелді шаруалар категориясының орын алғанын көруге болады.
Король Аларихтің тұсында (484-457) готтардың қол астында өмір сүрген римдіктер үшін маңызды заң – Lex Romana Wіsіgohtorum жарық көрді. Кейіннен «Аларих Бревариі» аталып кетті. Осы заң нəтижесінде ескі Рим заңдары жаңа Вестгот заңдарына бағынуға тура келді. Вестгот патшалығы туралы тағы бір дерек «Вестгот заңдары» болып табылады. Бұл заң король Хиндасвинттің тұсында жазыла бастады. Алғашында, бұл заң готтар мен римдіктер арасындағы қатынас жайлы жазылса, король Рейесвинттің (649-672) тұсында заң қайта қаралып, 664 жылы жүйеге келтіріліп, кодекс түрінде «Билер кітабы» атына ие болды. Бұл Юстинианның кодексі үлгісінде жазылған 12 кітаптан тұратын дерек. VІІ ғасырдың аяғында король Эрвигия (680-687) кезінде жоғарыда аталған заңдар жинағының тағы бір редакциясы жарық көрді. Ол жинаққа Эгика (687-701) жəне Витицанның (701-709) заңдар жинағы қосылды. Вестгот заңдары өте күрделі деректердің бірі саналады. Бізге дейін жеткен жалғыз «Билер кітабы» готтық Испания жайлы баға жетпес дерек болып табылады. Вандалдар жайындағы түпдеректер. Солтүстік Африкада қоныстанған (439-534) аландар мен вандалдардың тарихы туралы деректердің мөлшері аз. Бұл Византияның қол астында болғандықтан, осы халықтар туралы мəлімет Исидор Севильскийдің еңбектерінде сақталған. Африка жағалауларын вандал корольдігі Гейзерих пен Гунрик жаулап алған кезде жергілікті халықтардың арасында діни соғыс жүріп жатқан. Діни сектаны агонистиктер басқарды жəне олар германдықтардың көмегін күтуде еді. Нəтижесінде германдықтар Африканы жеңіл басып алды. Бұл күресті суреттеуші бірден-бір дерек – Солтүстік Африкада өмір сүрген епископ Виктор Витенскийдің «Қудалау тарихы» еңбегі. Келесі маңызды дерек Византиялық тарихшы Прокопий Кесарийскидің еңбегі болып табылады. Ол Велизарийдің хатшысы ретінде Африка экспедициясына 533-534 жылдары қатысқан болатын. Нəтижесінде Африка жаулап алынып, византиялықтар алан-вандал мемлекетін талқандады. Бургундтар жайындағы түпдеректер. Оңтүстік-шығыс Галлияда өмір сүрген бургундтар (443-534) тарихы жөніндегі деректер франк жаулап алушылығынан кейін де сақталып қалды. Король Гундобадқа дейін (474-516) құқықты ауызша айтып жүру дəстүрге айналды. Бұл деректе вестготтық Эйрих кодексінен сілтемелер кездеседі. Сигизмундтың тұсында (517-524) дерек жарыққа шығарылса, 517-518 жылдары қайта қаралып, толықтырулар енгізілді. Остготтар жайындағы түпдеректер. Солтүстік жəне Орталық Италияда өмір сүрген (493-555) остготтардың алғашында жазба заңы болған жоқ, тек дəстүрмен өмір сүрді. І Теодорих 507 жылы «Теодорих Эдиктісін» шығарды. Ол 155 баптан тұрды. Бұл римдіктер мен готтар арасындағы қарым-қатынасты, соның ішінде соттық істерді қарастырады. Теодорихтің тұсында Аблави «Готтардың тарихын» жазды, бірақ бізге дейін жетпеді. Италияның мемлекет қайраткері Аврелий Кассиодордың бірінші шығармасы «Хроника» 519 жылы жазылды. Бұл деректе Теодорихтің шыққан тегі, готтық корольдер туралы айтылады. Лангобардтар жайындағы түпдеректер. 568 жылы Италияны жаулап алған лангобардтар құрамында германдық жəне славяндық тайпалар болды. Оларда қауымдық қатынастар əлі де болса толық қалыптаспады. Заңдардың алғашқы жинағы 653 жылы король Ротаридің тұсында (636-652) жарық көрді. Заңдық жинақ латынша жазылған, арасында герман тіліндегі сөздер де кездеседі. Деректе лангобардтармен қатар готтар, герулдер, гепидтер туралы мəліметтер де бар. Франктер жайындағы түпдеректер. V ғасырдың аяғында солтүстік Галлияда пайда болған франктер көп ұзамай бүкіл Рим провинциясын басып алды. Франктер туралы маңызды дерек болып табылатын Григорий Турскийдің «Франктер тарихы» (Historia Francorum). Григорий Турский –538-593 жылдар аралығында өмір сүрген франк жазушысы. Белгілі галло-рим жанұясында дүниеге келген. 573 жылы Тур қаласының епископы дəрежесін алды. Тур сол кездегі Галлияның діни орталығы еді. Турский Сигиберт, Гунтрален, Хильдеберт сияқты корольдердің алдында беделді болған. Сонымен бірге саяси жиналыстарда да маңызды орын алып отырған. «Франк тарихы» – 10 томнан тұратын, рипуар франктері жайлы аса маңызды деректердің бірі. Деректе 498-591 жылдар арасындағы франк қоғамы толықтай суреттеледі. Меровингтік дəуірдегі франктердің қоғамдық құрылысын зерттеу үшін маңызды дерек варварлық заңдардың бірі – «Салика заңы». Бұл VІ ғасырдың 10 Орта ғасырлар тарихы басында Хлодвигтің тірі кезінде жазылған салий франктерінің соттық əдет-ғұрыптарының жинағы. Тарихи дерек ретіндегі «Салика заңының» құндылығы франк қоғамының алғашқы қауымдық құрылыстан бастап феодализмге дейінгі эволюциясын бейнелеп беруінде еді. «Салика заңы» франктердің тұрмысындағы ежелгі тəртіптерді дұрыс бейнелейді. Екінші жағынан, заң – франк қоғамының Галлияны жаулап алу процесіндегі жəне соңғы кездеріндегі мүліктік, əлеуметтік теңсіздікті сипаттайтын, жерді мұралану формасының қалай шыққандығын көрсететін маңызды дерек. Франк қоғамы туралы келесі маңызды дерек – «Рипуар заңы». Мұнда рипуар франктерінің құқықтары жайлы жазылған. Олар салий франктерінің шығысында, Рейн өзенінің орта ағысында өмір сүрген. Хлодвигтің билігі кезінде олар франк корольдігінің қол астына кіреді. Бұл мəтіннің негізгі бөлігі VІ ғасырға жатады жəне 32, 64-бөлімдері «Салика заңына» ұқсас. Шіркеу туралы деректер. Шіркеудің дамуына үлкен үлес қосқан – Аврелий Августин. Негізгі еңбегі – «Құлшылық ету». Автордың бұл шығармасы оптимистік концепциядағы шығарма болып табылады. Адамның қоғамдағы орны туралы ой қозғайды. Августиннің ірі замандасы – Амвросий Медиоланский (340-397). Ойшылдың еңбегі де құдай мен адам қатынастарына арналып, ерте ортағасырлық шіркеудің саяси институт ретінде қалыптасуына үлкен үлес қосты. Ерте орта ғасырлардың маңызды тарихи деректерінің ішінде халық поэзиясының ескерткіштері де бар. Ирландиялық, исландиялық, скандинавиялық сагалармен англосаксондық эпостардың дерек ретінде құндылығы жоғары. Басқа герман халықтарының ежелгі эпостары бізге бірнеше өңдеуден өтіп барып жеткен, дегенмен олардың өзінде құнды мəліметтер бар. Бұрынғы Батыс Рим жерінде ерте орта ғасырдың заңдық жəне баяндаушы түпнұсқалары латынша жазылған, бірақ латын əдеби тілінде емес, жалпы аймақтың диалектісі бойынша берілген, оны герман халықтары игеріп алған. Герман диалектісі үстемдік ететін таза герман аймақтарында, заңдар осы диалектіге аударылатын. Англияда, Ирландияда жəне Исландияда заңдар жəне кейбір тарихи деректер жалпы халықтық тілде жазылатын, себебі латын тілі кельттер мен англо-сакстерге жат болды, осы кезде латын тілі əлі де болса, шіркеу тілі еді. Карл империясында анналдар тілі, тарихи шығармалар тілі латынның əдеби тіліне жақындап қалды, діни адамдар мен ақсүйектердің бір бөлігі латын тілін қолданды. Ал византиялық түпнұсқалар грек тілінде жазылды. IV-V ғасырларға, яғни Батыстағы Ғұн империясының көркеюі уақытына қатысты ғұндар тарихы бойынша сирек кездесетін деректер де орта ғасырлар кезеңінің құнды деректерінің қатарын құрайды. Бұл – негізінен, латын жəне грек тілдерінде жазылған кейінгі антикалық кезең мен орта ғасырлардың хроникалары. Осы жерде, ең алдымен, Пифей (Pytheas), Аполинарий Сидоний (Apolinarius Sedonius), Амброзий (Аmbrosuis Mediolanensis), Олимпиадор (Olympiodorus), Геродиан (Herodian), Гидаций (Hydatius Lemicus), Орозий (Paulus Orosius), Приск Панийский (Priskus Panites), Проспер Тиро (Prosper Tiro), Клавдий Клавдиан (Claudius Claudiannus), Исидоp Севильский (Isidorus Hispalensis), Иордан (Jordanes), Виктор Тонноненский (Victorius Tonnonensis), Беда (Beda) жəне басқа да антикалық жəне ортағасырлық авторлардың хроникаларын атап өту керек. 1-тарау. Ортағасырлық деректер (ІV-ХV ғасырлар) 11 Маңызды деректерге «Əулиелердің өмір жолы» деп аталатын деректер, мəселен, əулие Геновея (Женевьева) туралы жазба (Vita Genovefae virginis Parisensis), Қасиетті Анниан епископ туралы (Vita Anniani episcope Aurelianencis), Труа епископы Луптың өмірі (Vita Lupi episcope Trecensis) жатады. Бұлар V ғасырда латын тілінде жазылған деректер Батыс Еуропа университеттерінің кітапханаларында жинақталған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет