1. Оқу дегеніміз не? 1)Оқу білімнің сандық ұлғаюы. Оның нәтижесі алынған ақпарат болып табылады.


«Мен» тұжырымдамасын қорғап және қолдап тұратын маңызды екі мотив



бет3/9
Дата09.09.2022
өлшемі29,82 Kb.
#38772
1   2   3   4   5   6   7   8   9
18. «Мен» тұжырымдамасын қорғап және қолдап тұратын маңызды екі мотив
1) Өзін-өзі сыйлау
2) Өзін-өзі бақылау

19. Бандураның өзіндік тиімділікті қалыптастыруға ықпал ететін 4 факторы
1)Тәжірибе-қол жеткізілген нәтиже («игеру тәжірибесі» -жеке тұлғаның өзіндік тиімділігін анықтайтын ең маңызды фактор.Қол жеткізілген жетістік өзіндік тиімділікті арттырады,ал сәтсіздік оны төмендетеді.)
2)Модельдеу-«Жанама тәжірибе» (Қандай да бір салада табысқа жеткен біреуді көрсе,адамдардың өзіндік тиімділігі арта түседі,ал керісінше басқа адамның сәтсіздігін көргенде өзіндік тиімділігі төмендейді. Егер де адам өзінің моделіне өзінің сәйкес келетінін көрсе ,бұл үдеріс нәтижелірек болмақ)
3) Адамдардың пікірлері (адамдар көтермелеп құптамай пікір білдіреді.Олардың ықпалы күшті болуы мүмкін:көптеген адамдар бір кездері өздеріне айтылған сөздердің олардың өз-өздеріне деген сеніміне әсер еткенін естеріне ұзақ сақтайды)
4) Физиологиялық факторлар (ерекше ауыр стресс жағдайларында адамдарда сырқаттану нышандары: қалтырау,ауырсыну,шаршау,қорқыныш,лоқсу және басқа белгілер пайда болады.Адамның мұндай реакцияларды қабылдауы оның өзіндік тиімділігінің деңгейіне едәуір әсер етеді.)
20.Оқудың әлеуметтік-мәдени теориясының авторы кім
Лев Выготский
21. «Баланың мәдени дамуындағы кез келген қызмет екі түрлі келбетте сахнаға екі мәрте шығады: біріншісі-әлеуметтік,содан соң психологиялық,әуелі интерпсихикалық санат ретіндеадамдар арасында ,содан кейін интерпсихикалық санат ретінде баланың жан-дүниесінде көрініс табады». деп айтқан ғалым
Лев Выготский
22. Әлеуметтік –мәдени теориядағы маңызды ұғым
Жақын арадағы даму аймағы ( ЖАД А)

23. Л Выготскийдің айтуы бойынша ЖАДА
Оқушының өз бетінше шешкен міндеттердің көмегімен анықталған өзекті даму деңгейі мен үлкендердің басшылығымен және анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер арқылы анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет