1. Патологиялық физиология пәні. Патологиялық физиологияның негізгі міндеттері. Зерттеу әдістері. Тіс жегісі мен пародонт ауруларын үлгілеу



бет1/23
Дата05.05.2023
өлшемі73,56 Kb.
#90215
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

1.Патологиялық физиология пәні.Патологиялық физиологияның негізгі міндеттері.Зерттеу әдістері.Тіс жегісі мен пародонт ауруларын үлгілеу.
Патофизиология —дертгану физиологиясы деген ұғымды білдіреді. Ол ауру организмнің тіршілік заңдылықтарын тексереді. Атап айтқанда, патологиялық физиология жасушалардың, ағзалардың, жүйелердің және тұтас организмнің қалыптан тыс өзгерістерінің ең жалпы зандылықтарын анықтайды. Сонымен, патофизиологияның негізгі мақсаты болып, дерттік үрдістердің (аурудың) пайда болу себептері, даму және сауығу жолдары мен оның салдарларын зерттеу есептеледі. Осыған байланысты патофизиология пәнінің алдында тұрған міндеттерге мыналар жатады: ● аурудың пайда болу себептік байланыстарын зерттеу; ● аурудың даму және сауығу жолдарының негізгі заңдылықтарын анықтау; ● тәжірибелік емдеу тәсілдерін жетілдіру; ● жас мамандар мен оқушыларда клиникалық дүниетанымды қалыптастыру; ● дерттанудың жалпы қағидаларын қалыптастыру. Патологиялық физиология жалпы биологиялық ғылымдармен тікелей байланысты және олардың, әсіресе қалыпты физиология мен биохимия пәндерінін, негіздеріне сүйенеді. Олардан айырмашылығы жоғарыда көрсетілген патофизиологияның мақсаттары мен міндеттерінде. Сонымен бірге патофизиология патанатомия пәнімен тығыз байланысты. Бұл екі пән жалпы биологиялық және клиникалық пәндердің арасында тұрады. Егер патологиялық анатомия науқастың ағзалары мен тіндеріндегі жергілікті құрылымдық өзгерістерді зерттесе, онда патофизиология тұтас организмді, оның реттеуші жүйелерімен біріктіріп зерттейді. Науқас организмнің сыртқы орта ықпалдарына бейімделу мүмкіншіліктерін, ондағы қорғаныстық-икемделістік жағдайларды зерттеу патофизиология пәніне ғана тән өте ыңғайлы мүмкіншілік. Клиникада аурудың жеке тұлғалардағы дара көріністерін зерттеп, емдейді. Мысалы, терінің қабынуын дерматовенерологтар зерттесе, мидың қабынуын невропатологтар, жүректің қабынуын - кардиологтар, бүйректің қабынуын - нефрологтар, т. с. с. тексеріп емдейді, Ал, қабыну процестерінің орналасқан жеріне қарамай барлығының даму негізінде белгілі бір жалпы заңдылықтар жатады. Осы жалпы заңдылықтарды патофизиология зерттейді. Сонымен қорыта келгенде, патофизиология аурудың пайда болу себептерінің, даму жолдарының жалпы заңдылықтарын зерттейді.

2.Этиология туралы түсінік.Ауру туындауындағы себеп пен жағдайының маңызы.Тіс жақ аймағы ауруларын алдын алудың және емдеудің этиотроптық ұстанымдары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет