1. Патологиялық физиология пәні. Патологиялық физиологияның негізгі міндеттері. Зерттеу әдістері. Тіс жегісі мен пародонт ауруларын үлгілеу


Тамыр ішінде шашыранды қан ұю (ТШҚҰ) синдромы



бет14/23
Дата05.05.2023
өлшемі73,56 Kb.
#90215
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Тамыр ішінде шашыранды қан ұю (ТШҚҰ) синдромы. Тамыр ішіндегі шашыранды қан ұю (ТШҚҮ) синдромы шеткері қанда әрі тромбиннің, әрі плазминнің шамадан тыс артып кетуінен жүре пайда болатын ауыр тромбоздық қанағыштық бұзылыстарға жатады. Ол көптеген себептерден дамиды: ● сепсис, вирусемия; ● қатерлі өспелер; ● сілеймелердің барлық түрлерінде, әсіресе кардиогендік сілейме кезінде; ● ауыр жарақатпен, әсіресе қансыраумен қабаттасатын хирургиялық әрекеттерде; ● акушерлік дерттерде; ● үлкен күйіктерде, үсіктерде; ● сүйек сынықтарында, жұмсақ тіндердің жаншылуларында; ● бүйрек, бауыр, үйқыбез бүліністерінде; ● тез дамитын тамыр ішіндегі гемолиз бен лейкоциттердің цитолизінің барлық түрлерінде; ● гемобластоздарда, созылмалы миелолейкозда; ● жүйелі қызыл жегіде, түйінді периартеритте және басқа иммундық ауруларда; ● геморрагиялық васкулитте; ● көп мөлшерде қан құйғанда т. б. жағдайларда байқалады. ТШҚҰ-синдромы келесі төрт сатыда өтеді: ♣ бірінші гиперкоагуляция сатысында қанның ұюы тым артып кетеді. Бұл саты қысқа мерзімде болуы мүмкін және ол көптеген тамырлардың ішінде қан ұйып қалуынан ішкі ағзалардың (өкпе, бүйрек, бауыр, бүйрек. үсті безі, жүрек, ми т. б.) майда тамырлары бітеледі. Осыдан гиперкоагуляциялық сілейме (шок) дамып, сырқат адам кенеттен жан тапсырады. Кейбір жағдайларда гиперкоагуляция баяу түрде байқалмай өтеді. Гиперкоагуляция тым қарқынды тараған түрде болғанда қан ұю факторлары артық тұтынылып 481 кетуінен артынан олардың жеткіліксіздігі дамиды. Бұл кезде қанда тромбоцитопения, гипофибриногенемия, қан ұюының V, ҮII т. б. факторларының азаюы байқалады; ♣ тұтынулық коагулопатиядан екінші гипокоагуляция сатысы дамиды. Бұл кезде қан ұюы шектеліп, фибринолизді арттыратын заттардың белсенділігі көтеріледі. Содан тоқтамайтын ауыр қан кетулер болады. Сондықтан ТШҚҰ- синдромын тромбогеморагиялық синдром деп те атайды; ♣ үшінші сатысында мезгіл-мезгіл толық фибринолиз дамуының нәтижесінде қанда фибриноген мүлде жоғалады. Бұны фибриноген жоғалу сатысы дейді; ♣ төртінші сауығу сатысы делінеді. ТШҚҰ-синдоромының патогенезі. ТШҚҰ-синдромының дамуында тіндердің, эндотелий жасушаларының бүліністері және тромбоциттер мен макрофагтардың әсерленуі маңызды орын алады. Бұл кезде тіндердің бүліністерінен қан ұйытқыш факторлар (III- тіндік фактор) қан айналымға түседі. Содан VII-әсерленуі болып, қан ұю жүйесінің белсенділігі артады. Эндотелий жасушаларының бүліністерінен оның астындағы коллаген ашылып, қан ұюының жанасулық XII-факторы әсерленеді және тіндік фактор (ТФ) мен тромбоциттердің белсенділігін көтеретін фактор (ТБФ) бөлініп шығады. Осыдан тромбин артық құрылады. Тромбоциттер мен макрофагтардың бүліністерінен АДФ, өспелерді жоятын фактор (ӨЖФ), тромбоциттердің белсенділігін көтеретін фактор босап шығады. Осылардың нәтижелерінде қан ұюы артып, фибринолиз жүйесі әсерленеді.
4.Стоматологиялық ауруларда сілекей құраманың өзгерістерден гемостаздың бұзылыстары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет