1. Педагогика үшін ерекше маңызы бар ғылым саласы: а кибернетика



Дата14.05.2023
өлшемі103,5 Kb.
#93154

8 нұсқа

1. Педагогика үшін ерекше маңызы бар ғылым саласы:


А) Кибернетика
В) Жеке пәндер әдістемесі
С)Психология
Д) Философия
Е) Әлеуметтану

2. Техникалық, қызмет көрсету еібегінің мамандарын даярлайды


А) Орта кәсіптік білім
В) Техникалық білім
С) Бастауыш кәсіптік білім
Д) Кәсіптік жоғары білім
Е) Техникалық және кәсіптік

3. Мемлекеттік жалпы міндетті стандарт негізінде білім беру


А) Бастауыш білім берудің қызметі
В) Жалпы
С) негізгі білім берудің қызметі
Д) Кәсіптік білім берудің қызметі
Е) Қосымша білім берудің қызметі

4. Тәрбие арқылы дайындалатын адамның әлеуметтік рөлі


А) Еңбекқор, сыпайы, адал
В) Әдепті, эколог, отбасы иегері
С) Азамат, еңбекқор, отбасы иегері
Д) Тәрбиелі адам, гуманист, табиғатты аялаушы
Е) Азамат, патриот, интернационалист

5. Бастауыш мектеп шағындағы балалардың негізгі іс- әрекеті


А) Көркемөнер
В) Ойын
С) Спорт
Д) Оқу
Е) Еңбек

6. Тәрбиенің негізгі мақсаттары


А) Экологиялық білім, кәсіптік бағдар
В) Ғылыми дүниетаным, рухани және дене қабілетін дамыту, эстетикалық тәрбие
С) Оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу
Д) Политехникалық, экономикалық білім
Е) Теориялық білімді еңбекпен ұштастыру

7. Экологиялық білімнің негізгі көзі саналатын оқу пәні


А) Геометрия
В) Математика
С) Дене тәрбиесі
Д) Экология
Е) Технология

8. Ең күрделі саналатын еңбектің түрі


А) Өнімді еңбек
В) Барлығы
С) Дене еңбегі
Д) Оқу барысындағы еңбек
Е) Өзіне – өзі қызмет көрсету

9. Халықтың эстетикалық тәрбие жүйесінде ерекше орын алады


А) Ертегілер
В) Шешендік өнер
С) Табиғи өзгерістерді өте нәзік байқағыштық
Д) Халық ауыз әдебиеті
Е) Халық әндері

10. Оқыту процесінің қозғаушы күші


А) Сапалық өзгерістер
В) Сандық өзгерістер
С) Даму
Д) Қалыптасу
Е) Қарама- қайшылық

11. Мемлекеттік білімдік стандарт талаптарына сай жасалады


А) Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
В) Оқулықтар
С) Типтік оқу бағдарламалары
Д) Оқу құралдары
Е) Стандарт

12. Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасарының жұмысында жетекші орын алатын жұмыс түрі


А) Педагогикалық кеңестің шешімдерімен жұмыс
В) Әкімшілік кеңестің шешімдерімен жұмыс
С) Мұғалімдерге көмек
Д) Әдістемелік кеңес жұмысын басқару
Е) Мұғалімдерге оқу- әдістемелік көмек көрсету

13. ......дегеніміз мұғалімнің беретін пәнін, оның әдістемесін және тәрбие өнерін жетік білуі, адамгершілігі.


А) педагогикалық дағды
В) педагогтық біліктілік
С) педагогтық құзіреттілік
Д) педагогтық шеберлік
Е) педагогтық іскерлік

14. Тәрбие мақсатына ықпал ететін басты фактор


А) ата –аналар талабы
В) педагогикалық практиканың даму деңгейі
С) өндіріс тәсілі
Д) мемлекеттік саясаты
Е) қоғам қажеттілігі

15. Әсемдікті, әдемілікті қалыптастыратын тәрбиенің түрі


А) дене тәрбиесі
В) экономикалық тәрбие
С) еңбек тәрбиесі
Д) адамгершілік тәрбие
Е) эстетикалық тәрбие

16. Тәрбиенің мазмұнына, ұйымдастырылуы мен әдістеріне бағыт- бағдар беретін тәрбие қағидасы


А) мазмұны
В) әдісі
С) заңдылығы
Д) формалары
Е) принциптері

17. «Қиын» балалардың жағымды сапаларын қалпына келтіретін тәрбиенің түрі


А) қайта жаттықтыру
В) өзін-өзі тәрбиелеу
С) қайта оқыту
Д) қайта тәрбиелеу
Е) қайта ұқтыру

18. Кіші мектеп жасындағы балалар тәрбиесінде жиі қолданатын тәрбие әдісі


А) жаттықтыру
В) түсіндіру
С) әңгіме
Д) үйрету
Е) пікір таласы

19. Оқушылардың жағымды тәжірбиесін қалыптастыратын әдістер


А) жарыс, мадақтау, жазалау
В) педагогикалық бақылау, анкета, еңбек нәтижелерін талдау
С) саяси, эстетикалық әңгіме, әңгімелесу, пікірталас, лекциялар, өнеге
Д) бақылау, өзін-өзі бақылау
Е) талап, қоғамдық пікір, үйрету, жаттықтыру, арнайы тәрбиелік жағдаят

20. Ақыл-ой тәрбиесінің ең басты құралы


А) тәрбие
В) қалыптастыру
С) дамыту
Д) жетілдіру
Е) оқыту

21. Ортақ мақсат көздейтін адамдар тобы


А) топ
В) қоғамдық ұйымдар
С) адамдар қауымдастығы
Д) ұжым
Е) бірлестік

22. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының басты формасы


А) тәрбие жұмысын зерттеу
В) педагогикалық насихат
С) ата- алар комитеті
Д) үйге бару
Е) ата- аналар жиналысы

23. Дидактика сөзінің мағынасы


А) білім жүйесі
В) даму
С) тәрбие
Д) жаттықтыру
Е) оқыту

24. Технологияның негізгі функциясы


А) нәтижеге бағытталған сапалы білім
В) оқу іс-әрекетінің түрлері
С) тексеру құралдары
Д) оқыту міндеттерін шешу
Е) білімді бақылау
25. «Өмір, практика- таным көзі» деген ережеге негізделетін принцип
А) саналылық, белсенділік
В) беріктік
С) теория мен практиканың байланысы
Д) мәселелі
Е) ғылымилық

26. Жаттығулар, зертханалық жұмыстар


А) практикалық әдістер
В) көрнекілік әдістер
С) түсіндіру әдістері
Д) сөздік әдістері
Е) әңгімелесу әдістері

27. Сабақта әрбір жұмыс түріне бөлінетін


А) материалдық шығындарды мұқият есептеу керек
В) оқыту әдістерін мұқият есептеу керек
С) оқушылардың күш жігерін мұқият есептеу керек
Д) құралды мұқият есептеу керек
Е) уақыт шығынын мұқият есептеу керек

28. Мектептегі оқыту, тәрбие, еңбекті ұйымдастыру мәселелері талқыланатын нң жоғарғы алқала орган


А) педагогикалық конференциялар
В) педагогикалық оқулар
С) бірлестік
Д) педагогикалық кеңес
Е) әдңстемелік кеңес

29. Әдістемелік жұмыстың негізгі мазмұны


А) техникалық құралдармен жұмыс
В) жас мұғалімдермен жұмыс
С) тәжірбие алмасу
Д) зертханалық жұмыс
Е) мемлекеттік стандарт талаптарына сай оқыту сапасын көрсету

30. Мектеп әкімшілігінің мұғалімдер жұмысын жүйелі, мақсатты түрде тексеруі


А) әкімшілік жиналысы
В) мектепішілік тексеру
С) білімдік қызметті тексеру
Д) әкімшілік тексеру
Е) мектепішілік бақылау
31. Педагогиканың негізгі ұғымдары
А) тұқым қуалаушылық, орта, тәрбие
В) жеке тұлғаның дамуы
С) мектеп, мұғалім, оқушы
Д) тәрбие, оқыту, білім беру
Е) білім, іскерлік дағды

32. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін әлеуметтік фактор


А) қоғам, орта , отбасы
В) тәрбиелік шаралар
С) адамдар
Д) үлгі-өнеге
Е) әлеуметтік қатынастар

33. Жан- жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеудің мазмұны


А) ақыл- ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене мәдениеті
В) салауатты өмір салты
С) тұлғаға білім беру, тәрбиелеу
Д) азаматтық, еңбекқор, отбасы иегері
Е) ынталы, іскер тұлға

34. Оқушылардың ақыл- ой еңбегі мәдениетін дамыту үшін атқарылатын мақсатты іс- қызмет


А) экономикалық
В) эстетикалық
С) еңбек
Д) адамгершілік жаттықтыру
Е) ақыл- ой тәрбиесі

35. Адамгершіліктің алғашқы үлгісі, баланың адамгершілігінің дамуына үлкен ықпал жасайтын әлеуметтік фактор


А) балалардың қоғамдық ұйымдары
В) қоғам
С) мектеп
Д) мектептен тыс мекмелер
Е) отбасы

36. Оқушылардың өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда үлкен маңызға ие болып отырған фактар


А) қоғамдық пайдалы- іс- әрекет
В) үйрету
С) еңбек
Д) сан қилы іс –әрекет
Е) күн ырғағын сақтау

37. Еңбек тәрбиесінің міндеті-


А) эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу
В) денсаулықты нығайту және шынықтыру
С) еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа көзқарасын тәрбиелеу
Д) оқушыларды экономикалық білім негіздерімен қаруландыру
Е) еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау

38. Экономикалық білім беруде ерекше орын алатын еңбектің түрі


А) оқу еңбегі
В) қоғамдық пайдалы
С) қоғамдық жұмыс
Д) өнімді
Е) өзіне өзі қызмет көрсету

39. Эстетиканың негізгі категориясы


А) адамгершілік
В) қарапайымдылық
С) үйлесімділік
Д) сұлулық
Е) өнер

40. Сынып жетекшінің міндетті құжаты, саналы, мақсатты болжамы


А) сабақ жоспарлары
В) жеке оқушылармен жұмыс жоспарлары
С) тәрбие жұмысының жоспары
Д) күнтізбелік- тақырыптық жоспар
Е) перспективалық жоспар

41. Оқу пәндерінің құрамын, әрбір сынып, пән бойынша апталық сағат санын анықтайтын мемлекеттік құжат


А) күнтізбелік- тақырыптық жоспар
В) оқулықтар
С) стандарт
Д) оқу бағдарламасы
Е) оқу жоспары

42. Оқыту процесінің тиімділігінің негізгі өлшемі


А) бағдарламаны меңгеру
В) оқу құралдарындағы оқу ақпараттарын меңгеру
С) оқу ақпараттарын меңгеру
Д) оқу жоспарындағы оқу ақпараттарын меңгеру
Е) білім сапасы

43. Деректердің , құбылыстардың теориялық мәнін ашып, бірізді, дәлелді баяндау әдісі


А) көрнекілік
В) сөздік
С) әңгімелесу
Д) әңгіме
Е) түсіндіру

44. Мұғалімнің сабаққа әзірлігінің кезеңдері


А) қорытынды шығару, сабақ жоспарлау
В) педагогикалық, бақылау
С) психологиялық, модельдеу
Д) диагностикалық, болжау, жобалау
Е) сабаққа әзірлену, нәтижелерін шығару

45. «Инновация » сөзінің қазақ тіліндегі баламасы


А) жаңалық
В) технолгия
С) даму
Д) өзгеріс
Е басқару

46. Мұғалімнің оқыту процесін жеке бөліктерге бөліп, оқушыларға жеңіл тапсырмалар беріп, оларды бірте-бірте күрделендіріп отыруы..... мәдениетін тәрбиелеуге бағытталады


А) эстетикалық мәдениетін
В) адамгершілік мәдениетін
С) зейін мәдениетін
Д) ерік-жігер мәдениетін
Е) сана мәдениетін

47. Тәртіп пен іс- әрекетті ынталандыру әдістері


А) үйрету, үлгі өнеге
В) жаттықтыру, үйрету
С) талап қою, әңгіме, жек үлгі
Д) этикалық әңгімелер
Е) мадақтау, жазалау, жарыс

48. Оқушыны ақыл-ой жұмысының тәсілдеріне үйрету керектігін дәлелдеген кеңес педагогы


А) В.Ф. Шаталов
В) Ш. Амонашвили
С) Л.С. Выготский
Д) Д.Б. Эльконин
Е) Л.В. Занков
49. Оқушыларға жоспарлау, қаржыландыру, еңбек өнімдерін есептеу мен бөлу тәжірбиесін үйрету
А) экономикалық мәдениет
В) экономикалық оқыту
С) экономикалық білім
Д) экономикалық тәрбие
Е) экономикалық сана

50. Халықтың педагогикада қыздар үшін ерекше өнер саналған


А) адамгершілік
В) шәй құю, адамгершілік, еңбек адамынан үлгі- өнеге алу
С) жүн иіріп, өрнек тоқу, үй жабу, ою ойып, түс киіз өрнектеу, тері илеп, бас киім тігу
Д) күнделікті кәсібіне, тұрмыс тіршілігіне байланысты төрт түлік малды бағып қағу
Е) үй жұмысын атқару

51. Оқушылардың эстетикалық дамуында ерекше рөл атқаратын сыныптан тыс жұмыс түрі


А) тақырыптық көрмелердің жұмысымен танысу
В) суретшілердің картиналарымен танысу
С) концерттерге бару
Д) өнер жанрларымен танысу
Е) көркемөнерпаздар үйірмесі

52. Ұжымды дамытатын негізгі күш


А) перспектива
В) бірлескен іс- әрекет, ұжым органдары
С) талап қою
Д) дәстүр
Е) қоғамдық пікір

53. Оқыту функциялары


А) оқыту, тәрбиелеу
В) білім беру, тәрбиелеу, ойландыру
С) біліктілік, тәрбиелік, дамытушылық
Д) қалыптастыру, оқыту, дамыту
Е) оқыту, тәрбиелеу, қалыптастыру

54.Оқыту технологиясының кезеңдері


А) тексеру құралдары, бағалау өлшемдері
В) білімді бақылау, бағалау
С) оқу іс- әрекеттің түрлері, мазмұны
Д) меңгерілмеген тақырыптарды қайталау, т.сіндіру
Е) танымдақ іс- әрекетті ұйымдастыру, нәтижесін тексеру
55. Ақпараттарды жеткізу құралдарын ,технологияларын оқу- тәрбие процесіне енгізіп, жаңарту шаралары
А) үйреншікті мәтіндердің ығыстырылуы
В) ақпараттық мәдениет
С) ақпараттық сауаттылық
Д) ақпаратпен жұмыс
Е) білім беруді ақпараттандыру

56. Педагогикалық процесті реттеп отыратын қағидалар


А) оқыту негіздері
В) оқыту құралдары
С) оқыту нәтижесі
Д) оқыту заңдылықтары
Е) оқыту принциптері

57. «Өз бетімен меңгерілген білім санаға жақсы сіңеді» деген ережеге негізделген принцип


А) оқытудың өмірімен байланысты
В( беріктік
С) оқытудың өмірмен және қоғамдық еңбекпен байланысы
Д) ғылымилық
Е) саналалаық және белсенділік

58. Білім беру мазмұнын анықтайтын мемлекеттік құжаттар


А) күнтізбелік- тақырыптық жоспарлар, оқу бағдарламалары
В) оқулықтар, күнтізбелік- тақырыптық жоспарлар
С) оқу кестесі, оқу құралдары
Д) сабақ жоспары, оқулық, оқу бағдарламасы
Е) оқу жоспары, оқу бағдарламасы, оқулықтар

59. Сынып- сабақ жүйесін зерттеп, әлемге таратқан


А) Ж.Руссо
В) А.Дистервег
С) К.Ушинский
Д) И.Песталоцци
Е) Я.коменский

60. Оқыту мен тәрбиенің негізгі мақсаты оқушыларды дамыту деп санайды


А) дәстүрлі педагогика өкілдері
В) инновациялық педагогика өкілдері
С) прагматикалық педагогика өкілдері
Д) гуманистік педагогика өкілдері
Е) ынтымақтастық педагогикасы п педагогика өкілдері Ынтымақтастық
педагогикасының өкілдері

61. Дидактиканың негізін салушы


А) К.Ушинский
В) А. Коменский
С) А. Дистервег
Д) И.Песталоцци
Е) Ж.Руссо

62. Оқыту процесіндегі бала іс- әрекетіне басымдық берілетін тұжырымдама


А) ынтымақтастық
В) педоцентристік
С) дәстүрлі
Д) қазіргі дидактика
Е) гуманистік

63.Дамыта оқытудың негізгі оқыту әдісі


А) әңгіме
В) репродуктивтік
С) жаттығу
Д) диалог (әңгімелесу)
Е) түсіндіру

64. Бұл принцип негізгі: сезім мүшелерінің жұмысы


А) саналық принципі
В) көрнекілік
С) беріктік
Д) ғылымилық
Е) оқытудың өмірімен байланысы

65. Оқу жоспарының негізінде мектепте құрастырылатын құжат


А) күнтізбелік- тақырыптық жоспар
В) перспективалық жоспар
С) тәрбие жұмысының жоспары
Д) жылдық жұмыс жоспары
Е) сабақ кестесі

66. Оқу жоспарындағы мемлекеттік бөлік


А) оқушылардың қабілетін дамытуды көздейтін бөлік
В) міндетті бөлік оқулықтар
С) мектептік
Д) инварианттық
Е) вариативтік
67. Оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайды
А) оқу- әдістемелік кешен
В) оқу жоспары
С) оқу құралдары
Д) оқулық
Е) стандарт

68. Білім алу көзіне қарай топтастырылған әдістер


А) оқыту жіне білім алу әдістері
В) сөздік, көрнекілік, практикалық
С) репродуктивтік, проблемалық
Д) түсіндірмелі- иллюстративтік
Е) зерттеу

69. Таным белсенділігіне қарай топтастырылған әдістер


А) әңгіме, түсіндіру
В) түсіндірмелі- иллюстративтік
С) сөздік, көрнекілік, практикалық, қате жауабы оқушы іс- әрекеті
Д) практикалық, зертханалық
Е) репродуктивтік, проблемалық, ішінара ізденіс, зерттеу

70. Оқытуға қарағанда оқушының өз бетімен білім алуына басымдық беретін әдіс


А) түсіндіру
В) көрнекілік
С) практикалық
Д) жаттығу
Е) проблемалық

71. Оқушылардың іскерлігі мен дағдысын қалыптастыратын сабақтың түрі


А) білімді дамыту
В) аралас
С) жинақтау
Д) бақылау
Е) бекіту

72. Өте жоғары деңгейдегі тәрбиелеу және оқыту өнері


А) педагогикалық әдеп
В) педагогикалық техника
С) педагогикалық шеберлік
Д) педагогикалық іс- әрекет
Е) педагогикалық мәдениет

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет