1. Психологиялық түзету саласының осал тұсы немесе дамытуға қажет бағыттары



бет1/12
Дата28.12.2022
өлшемі49,47 Kb.
#60076
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

1.Психологиялық түзету саласының осал тұсы немесе дамытуға қажет бағыттары
Психотүзету (психокоррекция) және дамыту- түзету, өңдеу мақсатында нормадағы балаларды қарастырады, ауытқуы бар балаларды түзету іс – шараларын қарастырады.балаларды жеке тұлғалық дамуындағы психологиялық ауытқуларынан арылту.Психологиялық түзетудің мақсаты:
түрлі жағымды іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру жалпы оқу дағдысымен біліктілікті дамыту.Жетілдіру және психологиялық түзету жұмыстары:Бұл бағыт баланың жеке тұлғалық және даралық қалыптасу процесіне психологтың белсенді әсер етуін білдіреді. Оның міндеті әр баланың жас ерекшелік нормативтерінің сәйкестігін қамтамасыз ететін, балаларды жеке оқытып, тәрбиелеуде, олардың қабілетін, бейімділігін дамытуда педагогикалық ұжымға көмек беретін психологиялық қызмет бағыты болып табылады. Бұл бағытта балалардың мінез-құлқындағы және оқуындағы өзгерістер мен бұзылуларды, дамуындағы ауытқуларды түзету жұмыстары ерекше орын алады.


2. Заманауи психокорректор құзыреттілігіне аса қажет дағдылар
Кәсібилікті маманның жетілуінің әр түрлі аспектілерімен сәйкестендіре отырып Маркова А.К. кәсіби құзыреттіліктің төрт түрін көрсетеді [4]: арнайы, әлеуметтік, тұлғалық және жеке: 1. Арнайы, немесе әрекеттік кәсіби құзыреттілік әрекетті жоғарғы кәсіби деңгейде меңгеруді сипаттайды. Ол тек арнайы білім ғана емес, сонымен бірге оны тәжірибеде қолдана алуды білдіреді. 2. Әлеуметтік кәсіби құзыреттілік кәсіби қоғамдастықта қабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдері мен бірігіп кәсіби өзара әрекеттестікті қолдану жолдарын меңгеруді сипаттайды.3. Тұлғалық кәсіби құзыреттілік өзін өзі дамыту мен өз ойын білдіру әдістерін, кәсіби деформацияға қарсыласу құралдарын меңгеруді сипаттайды. 4. Жеке кәсіби құзыреттілік өзін өзі реттеу, кәсіби өсуге дайындық, кәсіби қартаюға қарсы тұру, тұрақты кәсіби уәждемесінің тәсілдерін меңгеруді сипаттайды.Тағы бір ресейлік автор Панасенкова М.М. пікірінше, жақсы, түсінікті сөйлесу де оқыту мен білім беруде маңызды болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет