1-ші деңгей Сойыс малдарының жалпы сипаттамасы, оларды дайындау және оларға қойылатын қазіргі заман талаптарын түсіндіріңіз



бет1/58
Дата22.09.2022
өлшемі127,79 Kb.
#39852
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58

Ветеринарлық санитарлық сараптау пәні бойнша емтихан сұрақтары
4-курс
АП-18-8к1,к2,к3,к4.


1-ші деңгей
1.Сойыс малдарының жалпы сипаттамасы, оларды дайындау және оларға қойылатын қазіргі заман талаптарын түсіндіріңіз.
Етке арнайы өсірілген етті тұқымды малдан алынған еттің сапасы жоғары болады. Мал сою орындарына түсетін малды сойыс мал деп атайды. Сойыс малына ірі қара, жылқы, түйе,шошқа, қой, ешкі, және үй құстарының барлығы жатқызылады. Сойғаннан кейінгі жүретін биохимиялық өзгерістердің ерекшеліктеріне байланысты туғанына 14 күн толмаған төлді сойыс малға жатқызбайды. Малды союға дайындау ұжымша кеңшардың арнайы фермада бордақылау кешендерінде, кооператив мекемелеріне құс фабрикаларында осындай орындарда жүргізіледі.
2.Сойыс малдарыныѕ қоңдылығын анықтауды түсіндіріңіз.
Малдың қоңын етінің жетілу дәрежесі мен тері астындағы шелмайының қалыңдығына қарап анықтайды. Ол үшін малдың сыртқы пішініне, арқасының біркелкі тегістігіне ішіне сан жауырын еттерінің толысуына назар аударады. Және терісі астындағы май жиналған жерлерін ұстап көреді. Сойыс малдарды қоңдылығына байланысты әр топтағы малдың 2 категориясын (дәрежесін) ажыратады. Сақа малдың бірінші дәрежелі қоңдылығына төменгі көрсеткіштер бойынша жатқызады. Етінің дамуы қанағаттанарлық кеудесінің пішіні аздап сүйреленген, жауырыны онша байқалмайды, сан еті толық омыртқа қыры жамбас сүйектің басы, құйымшақ басы аздап шығыңқы. Тері астындағы май құйрықта және құйымшақ сүйектің басында байқалады.
3.Мал мен құс қоңдылығы категориясын анықтауды түсіндіріңіз 
. Малдың тірілей салмағы мен қоңдылығы — сойыс малының сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі. Малдың күйін оның етінің жетілуіне және тері астына жиылған май мөлшеріне қарап анықтайды. Тауықтың семіздігін анықтатанда оны қанатынан басын өзіне қарата ұстап, төс еттерінің жетілуін байқайды және сан eтінe жиналған майды ұстап көреді. Қаз, үйректе май қанат астына жиналады. Майдың қоңдылығын анықтауда оның тірілей салмағын білудің маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет