1-сыныпқа арналған "Химия" пәнінен КҮнтізбелік-тақырыптық жоспар



Дата07.01.2022
өлшемі27,03 Kb.
#20440

11-сыныпқа арналған "Химия" пәнінен

КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

(аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат)




Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері

Тақырыптар

Оқыту мақсаттары

Сағат саны

Мерзімі

Ескерту




1-тоқсан













11.1
Органикалық химияға кіріспе
Орагникалық қосылыстардың құрылыс теориясы

Көміртек атомы құрылысының ерекшеліктері. Гибридизация. Органикалық қосылыстардағы химиялық байланыстардың сипатттамасы және электрондық табиғаты

11.4.2.1 - көмірсутектердегі көміртектің гибридизациясын зерделеу;
11.4.2.1 - С-С байланысының түзілуін және көміртек атомының құрылыс ерекшеліктерін түсіндіру













.А.М.Бутлеровтың органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясының негізгі қағидалары. Изомерия және гомологтық қатар

11.4.2.3 - А.М. Бутлеровтың органикалық қосылыстардың құрылыс теориясының негізгі қағидаларын білу;
11.4.2.4 - көмірсутектердің молекулалық, эмпирикалық, құрылымдық формулаларын ажырату;
11.4.2.5 - изомерлердің түрлерін атау және көміртек қаңқасы, еселі байланыстың орналасуы, функционалдық топтар және класаралық изомерлерінің формулаларын құру













Бос радикалдар туралы ұғым және олардың тірі ағзалар өміріндегі маңызы

11.4.2.6 - бос радикалардар туралы ұғымды қалыптастыру;
11.4.2.7 - тірі ағзалар өміріндегі радикалдардың ролін білу













Органикалық заттардың номенклатурасы мен жіктелуі.

11.4.2.8 - гомологтық қатарлардың қалай түзілетіндігін түсіну;
11.4.2.9 - гомологтардың ұқсастығы мен айырмашалығын түсіндіру;
11.4.2.10 - қосылыстардың құрылымдық формулаларын құру және оларды IUPAC номенклатурасы бойынша атау













Органикалық қосылыстардың табиғатттағы және адам өміріндегі маңызы. Органикалық химияның дамуындағы Қазақстандық ғалымдардың ролі

11.4.2.11 - органикалық қосылыстардың адам өміріндегі маңызын түсіну
11.4.2.12 - қазақстандық ғалымдардың органикалық химияны дамуындағы үлесін түсіну













11.1
Көмірсутектер және олардың көздері

Алкандар.



11.4.2.13 - әртүрлі алкандардың жану үдерісін зерттеу және олардың отын ретінде қолданылуын түсіндіру;
11.4.2.14 - алкандардың жану өнімдерін білу және олардың қоршаған ортаға әсерін бағалау;
11.4.2.15 - берілген жану өнімдері бойынша заттардың молекулалық формулаларын анықтау;
11.4.2.16 - органикалық заттардың масссалық үлестері және олардың буының салыстырмалы тығыздығы бойынша органикалық заттардың қарапайым молекулалық формуларын анықтау













Циклоалкандар

11.4.2.17 - циклоалкандардың гомологтық қатарын, құрылысын, физикалық, химиялық қасиеттерін. қарастыру
11.4.2.18 - изомерлерінің формулаларын құрастыру, IUPAC бойынша атау
















Алкендер. Полиэтилен.



11.4.2.19 - алкендердің алыну жолдарын,физикалық және химиялық қасиеттерін, құрылысын, гомологтық қатарын қарастыру:
11.4.2.20 - полимерлену реакция теңдеулерін құра білу (полиэтилен, полипропилен, поливинилхлорид)
 













Практикалық жұмыс №2 "Этиленді алу және қасиеттерін зерттеу"

11.4.2.21 - этиленнен этанолды алу және оның физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу
11.2.4.22 - алкендердің сапалық реакциясын білу (қанықпағандық)













2-тоқсан













11.2 Көмірсутектер және олардың көздері

Алкадиендер

11.4.2.23 - алкадиендардің құрылысы, қасиеттерін білу;
11.4.2.24 - алкадиендердің қасиеттерін құрылысы негізінде түсіндіру;
11.4.2.25 - диендердің полимерлену реакциялары өнімдерінің шаростерженді модельдерін құрастыру (изопрен)













Алкиндер

11.4.2.26 - алкиндердің алыну жолдарын, физикалық және химиялық қасиеттерін, құрылысын, гомологтық қатарын қарастыру













Арендер және олардың туындылары

11.4.2.27 - электрондардың делокализациясы тұрғысынан бензол молекуласының құрылымын түсіндіру;
11.4.2.28 - бензолды және оның гомологтарын алу реакцияларының теңдеулерін құру;
11.4.2.29 - бензол және оның гомологтарына тән қасиеттерді сипаттау;
11.4.2.30 - органикалық синтезде бензолды қолдануды білу













Көмірсутектердің және олардың туындыларының генетикалық байланысы

11.4.2.31 - органикалық қосылыстардың негізгі кластарының генетикалық байланысының сызбанұсқасын құру;
11.4.2.32 - өнімнің шығымын реагант мөлшері (көлем, масса) және реакция өнімнің берілген шамасы (көлем, массса) бойынша есептеу













Көмірсутектердің табиғи көздері және олардың Қазақстандағы кен орындары.



11.4.2.33 - көміртек қосылыстарын отын ретінде қолдануға болатынын білу;
11.4.2.34 - көмір, мұнай, табиғи газдардың Қазақстандағы кен орындарын карта бойынша анықтау;













3-тоқсан













11.3 Оттекті органикалық қосылыстар

Оттекті органикалық қосылыстардың жіктелуі, номенклатурасы

11.4.2.39 - спирттер, альдегидтер, кетондар,карбон қышқылдары, эфирлердің функционалдық топтарының құрылысын сипаттау.;
11.4.2.40 - спирттер, альдегидтер, кетондар,карбон қышқылдары, эфирлердің құрылымдық формулаларын құру және IUPAC бойынша атау













Біратомды және көпатомды спирттер. Фенол
Зертханалық тәжірибе № 4 "Этанолды этилен гидратациясы және глюкозаның ашуы арқылы алу."
Зертханалық тәжірибе №5 "Спирттердің суда еруі, жануы және біратомды және көпатомды спирттерге сапалық реакциялары"

11.4.2. 41 - спирттердің құрылымдық, функционалдық топ, класаралық изомерлерінің формуларын құру және жіктелуін атау
11.4.2.42 - спирттердің және фенолдың алу жолдарын білу;
11.4.2.43 - спирттер мен фенолдың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
11.4.2.44 - спирттер мен фенолдың қолдану аясын атау;
11.4.2.45 - спирттердің адам ағзасына уытты әсерін зерделеу













Альдегидтер. Кетондар. Карбон қышқылдары.
Практикалық жұмыс № 2 " Оттекті органикалық қосылыстарға сапалық реакциялар"

11.4.2.46 - альдегидтер мен кетондардың құрылымдық формулаларын құру және оларды IUPAC бойынша атау ;
11.4.2.47 - альдегидтер мен кетондарды алу реакция теңдеулерін құрастыру;
11.4.2.48 - альдегидтер мен кетондарды тәжірибе жүзінде анықтау;
11.4.2.49 - альдегидтер мен кетондардың тотығу және тотықсыздану реакция өнімдерін атау;
11.4.2.50 - карбон қышқылдарының алу тәсілдерін және физикалық қасиеттерін түсіндіру;
11.4.2.51 - карбон қышқылының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру













11.3 Оттекті органикалық қосылыстар

Жай және күрделі эфирлер. Майлар.
Сабын және жуғыш заттар .Казақстандағы сабын және синтетикалық жуғыш заттар өндірісі.
Көрсетілім № 3
"Сабын және жуғыш ұнтақ ерітінділерін индикаторлармен сынау"

11.5.1.1 - жай және күрделі эфирлерді алу реакцияларының теңдеулерін құрастыру;
11.5.1.2 - майлардың құрамы мен құрылысын білу ;
11.5.1.3 - майлардың функциясын түсіну;
11.5.1.4 - майларға сапалық реакция жасау;
11.5.1.5 - майлардың сабындану және гидролиз өнімдерін атау;
11.4.2.52 - карбон қышқылдары,күрделі эфирлер,сабын, синтетикалық жуғыш заттардың қолдану аясын атау;
11.4.2.53 - синтетикалық жуғыш заттардан табиғатты қорғау қажеттігін түсіну













Көмірсулардың жіктелуі, биологиялық рөлі. Моносахаридтер. Глюкоза. Фруктоза
Дисахаридтер. Сахароза. Лактоза.
Полисахаридтер. Крахмал. Целлюлоза.
Зертханалық тәжірибе № 6 " Тамақ өнімдеріндегі крахмалды анықтау"

11.5.1.6 - глюкоза, фруктоза, рибоза, дезоксирибоза, сахароза, крахмал және целлюлоза молекулалары формулаларының айырмашылығын білу;
11.5.1.7 - глюкозада функционалдық топтардың болуын тәжірибе жүзінде анықтау;
11.5.1.8 - глюкозаның сүт қышқылды және спирттік ашуының реакция теңдеуін құрастыру;
11.5.1.9 - крахмалға сапалық реакцияны жасау;
11.5.1.10 - сахароза, крахмал және целлюлоза гидролизінің реакция өнімдерін атау;
11.5.1.11 - крахмал мен целлюлозаның құрылысы мен қасиеттерін салыстыру













4-тоқсан













11.4 Құрамында азоты бар органикалық қосылыстар. Гетероциклді қосылыстар.
Нуклеин қышқылдары

Аминдер. Анилин

11.4.2.54 - аминдердің номенклатурасы мен жіктелуін білу;
11.4.2.55 - анилин, аминдер, аммиактың негізгі қасиеттері мен құрылымын салыстыру;
11.4.2.56 - аминдер мен аниалиннің физикалық қасиеттерін түсіндіру;
11.4.2.57 - анилин мен аминдерді алу реакция теңдеулерін құрастыру













Аминқышқылдары.
Көрсетілім № 4: 
"Аминқышқылдарында функционалдық топтардың барын дәлелдеу"

11.5.1.12 - аминқышқылдарын тривиалды және жүйелі номенклатуралар бойынша атауларын білу;
11.5.1.13 - аминқышқылдары молекулаларының құрамы мен құрылысын сипаттау;
11.5.1.14 - аминқышқылдарының екідайлылығын қарастыру













Нәруыздар
Көрсетілім № 5 : 
"Нәруыздардың еруі және тұнбаға түсуі, белоктар денатурациясы;белоктардың жануы (жүн, құс қауырсыны) Зертханалық тәжірибе № 7 "Нәруыздардың түсті реакциялары "

11.5.1.15 -  – аминоқышқылдарынан нәруыздарды алудағы пептидтік байланыстың түзілуін түсіндіру;
11.5.1.16 - нәруыздар гидролизі өнімдерін білу;
11.5.1.17 - нәруыздардың функциясын білу ;
11.5.1.18 - нәруыздардың сапалық реакцияларын және денатурациясын білу













Нуклеин қышқылдары
Көрсетілім № 6
"ДНК мен РНК молекулаларының модельдері"

11.5.1.19 - нуклеин қышқылдары туралы жалпы ұғымды және олардың жіктелуін білу;
11.5.1.20 - ДНК мен РНК құрылымдарын салыстыру;
11.5.1.21 - ДНК мен РНК биологиялық рөлін түсіндіру ;
11.5.1.22 - гендік инженерия мен биотехнологияның маңыздылығын түсіну













11.4. Жасанды және синтети-калық поли-мерлер Химия адам өмірінде
 

Жасанады және синтетикалық полимерлер; пластмассалар, каучуктер, талшықтар Қазақстандағы полимерлер өндірісі.
Көрсетілім № 7 "Пластмассалар,синтетикалық каучуктер және талшықтар үлгілерімен таныстыру".
Зертханалық тәжірибе №8 "Пластмассалар мен талшықтарды анықтау"

11.4.2.58 - "мономер", "элементарлық буын", "олигомер", "полимер", "полимерлену дәрежесі" ұғымдарын ажырату;
11.4.2.59 - полимеризация мен поликонденсация реакцияларының теңдеулерін құру;
11.4.2.60 - кейбір полимерлер мен пластмассалардың қолдану аясын және қасиеттерін атау;
11.4.2.61 - тәжірибе жүзінде пластмассалар мен талшықтарды анықтау;
11.4.2.62 - Қазақстанда өндірілетін полимерлердің түрлерін білу













Дәрумендер және гормондар туралы түсінік.
Биогенді органикалық заттардың рөлі.

11.5.1.23 - дәрумендер мен гормондардың адам ағзасындағы функциясын сипаттау;
11.5.1.24 - кейбір дәрумендердің табиғаттағы көздерін білу













Химия және өмір. Экологиялық мәселелер.

11.4.1.1 - "Жасыл химияның" 12 принципін атау және түсіндіру;
11.4.1.2 - атмосфера, гидросфера және литосфераның ластану көздерін білу, жаһандану мәселелерін шешу жолдарын ұсыну;
11.4.1.3 - "парниктік эффект" пен озон қабатынының бұзылу мәселелері арасындағы айырмашылықты түсіндіру;
11.4.1.4 - Қазақстан химиялық өнеркәсібінің әр түрлі саласындағы экологиялық мәселелерді болжау және оның шешу жолдарын ұсыну











Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет