1. Сөз мағынасын тілші ғалымдар қалай топтастырғаны туралы айтыңыз



бет1/3
Дата17.04.2022
өлшемі40,48 Kb.
#31243
  1   2   3

 1.Сөз мағынасын тілші ғалымдар қалай топтастырғаны туралы айтыңыз.

Сөз мағынасының дамуы нәтижесінде мағына не кеңейіп, не тарайып отыру заңдылықтары туады. Сөз мағынасының кеңеюі деп сөздің тұлғасын өзгертпей-ақ бұрыннан белгілі мағынасының үстіне жаңа қосымша мағыналарға ие болуын айтамыз. Ол негізінде метафоралық, метонимиялық, синекдохалық тәсілдер арқылы іске асады. Осы күні жиі айтылатын, қарау, табыс,табыс, жарыс, мүше, құру, құрылыс, қатынас, байланыс, жұрнақ, жалғау, тасымал, айналым, құн т.б. бәрі де халықтық бұрынғы мағынасының негізінде жаңа мағынаға ие болған сөздер.

Сөз мағынасының тараюы тарихи, қоғамдық, әлеуметтік, т.б. жағдайларға байланысты сөздің кейбір мағынасының қолданыстан шығып қалуын білдіреді. Мысалы; көне түркі тілінде тон, тары- тек «дәнді дақылдардың бір түрін емес», егін, астық, атаулыны білдірген. Тон-тек «қой терісінен тігілген киімді» ғана емес, жалпы киім атаулыны білдірген. Қол-адамның дене мүшесі ұғымымен бірге, тарихи «әскер, жасақ» ұғымында да қолданылған. Қарындас – көне түркі тілінде, ежелгі қазақ тілінде , қазіргі кейбір түркі тілдерінде : «туысқан, бір тектес адамдар» мәнін білдірсе, қазіргі қазақ тілінде «бірге туған кіші қыздың ағасына туыстық қатынасың болмаса», «жасы үлкен ер адамның әйел балаға айтылатын сөзін» білдіріп, мағынасы тарылған. Бірқатар сөздердің қолданылу өрісі, мағынасы тарылғаны соншалық, олар тек бірен –саран фразеологиялық тіркестерде ғана сақталып қалған; міз бақпау, түлен түрту, қаншырдай қату, мұрны қолақпандай т.б.

Сөздің сыртқы заңдылықтар арқылы дамуына тілден тыс қоғамдық, әлеуметтік, тарихи жағдайлар мұрындық болады. (қатын – хатун - әйел)

1.Сөз мағынасының кеңеюі – сөз тұлғасын өзгертпей-ақ бұрыннан белгілі мағынаның үстіне жаңа мағынаның жамалуы: құн, талқы

2.,Сөз мағынасының тараюы – тарихи, әлеуметтік, қоғамдық жағдайларға қара сөздің кейбір мағынасының қолданыстан шығып қалуы: (қарындас, жесір).

Тарих қазаққа рухани әлемімізді асқақтатып, дүниеге танытқан таланттар беруден тарынбаған. Қараңыз, XX ғасырдың алғашқы ширегіне көз салсақ, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Смағұл Сәдуақасұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жақып Ақбаев, Халел Ғаббасов, Мұстафа Шоқай, Әлімхан Ермеков, Құдайберген Жұбанов, Әміржан Сытдықов, Халел Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов, Қошке Кемеңгерұлы, Елдес Омаров, Телжан Шонанов, Нәзір Төреқұлұлы, Міржақып Дулатов, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Ілияс Жансүгіров, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Бейімбет Майлин, Санжар Аспандияров, Темірбек Жүргенов, Ахмет Бірімжанов, Бақтыгерей Құлманов, Әли Көтібаров, Серәлі Лапин, Дінмұхамед Сұлтанғазин, Бақытжан Қаратаев, Мәннан Тұрғанбаев, Ғұмар Қарашев, Мұхаметжан Сералин, Абдолла Байтасов, Ұзақбай Құлымбетов, Ораз Исаев, Сүлеймен Есқараев, Жанайдар Сәдуақасов, Мұхамеджан Тынышбаев, Қоңырқожа Қожықов, Сейітқали Меңдешев, Қабылбек Сарымолдаев, Қайсар Тәштитов, Жұмат Шанин, Рақым Сүгіров, Зарап Темірбеков, Тел Жаманмұрынов, Қажым Қасымұлы және т.б. сынды алыптар шоғырын түйдек-түйдегімен сыйлағаны – бір бақыт қазағыма. Ғылым мен өнерге, мәдениет пен білімнің өркендеп өсуіне өлшеусіз зор үлес қосқан бұдан басқа да тұлғалардың еңбегі мен мирас еткен мұрасы ұшан-теңіз. Әттең!... Қазақ халқына өзгерістер әкелген жаңалықтарға жанталаса ұмтылған ұлт көсемдері мен сұңғыла саңлақтары құйтұрқы саясаттың құрбаны болды... Бір ғажабы – алаш зиялыларының қай-қайсысы да халқына қалтқысыз қызмет ете жүріп, ұлт мерейін асқақтатуға ұмтылған рухы биік жандар болатын. Сондағы сүйенері де, тірегі де – қазақтың тілі мен тарихы, мәдениеті мен өнері-тін. Бұл турасында бүгінгі егемендік тұсында тарихи да, саяси да баға беріліп жатыр, ақиқаттың ашылмаған, аршылмаған қабаттары әлі де қазыла бермек. Ал біздің әңгімемізге тұздық болар мәселе – халқымыздың заманалар дүрбелеңіне төтеп берер бірден-бір қаруы – тілі деп жанұшырған ғалымдар, олардың мәңгілік мұралары.

1937 жылдың күзінен 1957 жылдың күзіне дейін жиырма жыл бойы нақақтан-нақақ қараланып, аталмай келген, қазақ аспанында «құйрықты 4 жұлдыздай жарқ етіп жоғалған» ұлт марқасқаларының ішінен қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық негізін қалаушы, қазақ филологиясының тұңғыш профессоры Құдайберген Қуанұлы Жұбановты қайта тану 60-70 жылдардың тұсында көзкөргендердің естеліктерін жинаудан, өмірбаянын тереңдей зерттеуден басталды. Бұрын жарияланған еңбектері әуелі жеке мақалалар түрінде, 60-жылдардың соңында академиялық жинақ болып жарыққа шықты. Ғалымның жоғын іздеуге, халқына қайта табыстыруға мұрындық болған елеулі бір үндеу академиктер – М.Әуезов пен І.Кеңесбаевтың «Қазақстан мұғалімі – Учитель Казахстана» атты республикалық газетте 1957 жылы 5 желтоқсанында орыс-қазақ тілдерінде жарияланған «Қазақ лингвистикасының негізгі салушы» – «Основоположник казахской лингвистики» (1) атты мақаласы болды. Ұлтымыздың данышпан жазушысы, адамзаттық гуманистік идеяны паш еткен өкілдерінің бірегейі – ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезов профессор Қ.Жұбановқа арнаған «Ірі оқымысты» атты мақаласында: «...Құдайберген Қуанұлы Жұбанов – туған жер, өскен еліне шынайы ой-арманымен, қалтқысыз көңілі, ақаусыз білімімен танылған адал азамат, ардақты ғалым еді...», – деген болатын . Кемеңгер ойшылдың бұл сөздері Қ.Жұбановтың көзін көрген үзеңгілестері мен шәкірттері ғана емес, ғалым бейнесімен оның еңбектері арқылы ғана танысқан кейінгі ұрпақ өкілдерін де бей-жай қалдырмасы хақ. Ғалымның атына жағылған ақтаңдақ аршылып, қалдырған қазынасы халқына қауышқанда ұлт зиялылары, замандастары, шәкірттері еңбектерін екшелей отырып, баға беріп жатты. Солардың бірі – академик Әбдуәли Қайдардың: «Профессор Құдайберген Жұбанов – өзінің қысқа ғұмырында бір өзі бір академиялық институттың атқаратын жүгін көтерген майталман ғалым»– деген ойы ғалымның биік мәртебесін айғақтап тұр. Шынында да, Қ.Жұбановтың сонау өткен ғасырдың 20-жылдардың ортасынан бастап, 30-жылдардың соңғы ширегіне дейін тындырып кеткен істері бұл күнде терең де өрісті ғылыми ойларға өзек болып отыр. Құдайберген Жұбановтың өмірбаянын сөз еткенде өткен ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы қазақ зиялыларының қоғам өміріне белсене араласып, әлеуметтік жүктерді қоса арқалағанын айтпай кетуге болмас, әрине. Өйткені ар-ұжданы биік, көкірек көзі ашық алдыңғы саптағы зиялылар тобы әрдайым әлеуметтік істердің басынан табылуды, қоғамның мәдениеті мен рухани өмірінің барлық саласына аянбай қызмет етуді өздерінің азаматтық борышы санады.



Қ.Жұбановты қайта тану ісін туған інісі, академик Ахмет Жұбанов, академик М.Қаратаев, А.Ысқақов, Ғ.Мұсабаев, М.Балақаев, Р.Сыздық, Ә.Қайдар т.б. бастап, ғылымдағы жас буын одан әрі жалғастырды. Алғашында «қазақ тіл білімінің негізін қалаушылардың бірі» деп аталған Қ.Жұбановтың кейіннен сол ғылымның теориялық негізін салған бірегей оқымысты екені анықталды. Одан әрі Қ.Жұбановтың қазақ тілінің аясымен ғана шектелмей, ана тіліміздің тарихын зерделеу арқылы түркология әлеміне қалам сілтеген ғалым екені де мойындалды. Зерттеу жұмыстары одан әрі тереңдей түскенде Қ.Жұбановтың тек түркология аясында ғана қалып қойған зерттеуші емес, әлемдік тіл біліміне де құлаш жайып, үндіеуропа тіл білімі мен шығыстануды, яғни ориенталистиканы ұштастыра білген ғалым екендігі дәлелденді. «Қ.Жұбанов ғылым айдынының қай бағытын ұстанды?» дегенде, оның дәстүрлі лингвистиканың барлық салаларын қамти зерттегені, көне мәдениет көздерін этнолингвистикалық таным тұрғысынан зерделегені, сандық ұғымдарды мол пайдаланатын математикалық лингвистиканың алғышарттарын белгілеп кеткені, тіл тарихын халық тарихының терең қойнауларынан іздестіру үшін ескі орхон, араб, латын жазуларын қамти отырып, жапон тілінің иероглиф жазуын игеру арқылы қытай иероглифін 6 зерттеуге, сөйтіп, тарихтың өне бойында жатқан деректерге жол салуға ұмтылған майталман екендігі де мәлім болды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен және мақсаттық қаржыландыруымен қолға алынған «Ғылыми қазына» пәнаралық бағдарламасының «Ұлы дала тұлғалары» сериясы аясында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдар ұжымы дайындаған бұл еңбекте қазақ тіл білімінің дүниеге келуі мен теориялық тұрғыда қалыптасуы жолында адал еңбек еткен абзал жандардың бірегейі – Қ.Жұбановтың өмір жолы мен қызметі турасында «Тұғырлы тұлға тағдыры» атты тарауда жан-жақты ақпарат беріліп, қайраткер қызметі құжаттар тілімен баяндалды. Аталған тарауды жазу барысында алғашқы жұбановтанушы, академик Р.Сыздықтың «Ғалым-азамат» және К.Кенжебаев пен Ә.Оралбайдың «Құдайберген Жұбанов» еңбектері пайдаланылды. Тарауды құрастырғандар – Қ.Жұбановтың әке жолын қуып, тіл ғылымын таңдаған кенже ұлы, филол.ғ.д., проф. Асқар Құдайбергенұлы Жұбанов, жұбановтанушы, филол.ғ.к. Ж.Сұлтан, филол.ғ.к., доцент С.Құлманов. «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» деген тараудың «Қ.Жұбанов – ғылым көгінің жарық жұлдызы» атты бөлімінде қазақ тіл білімінің ғалым негізін қалаған салаларға (филол.ғ.к., доцент С.Құлманов), фонетика («Бірде бәсең, бірде қатаң», филол.ғ.д., проф. З.М.Базарбаева), морфология («Сөз материалының түр сипаты», филол.ғ.д., проф. Ж.Манкеева, филол.ғ.д. А.Ә.Жаңабекова, филол.ғ.д. О.Жұбаева), синтаксис («Қиынын тауып қаламасаң...», филол.ғ.к., доцент С.Құлманов), жалпы тіл теориясы («Тілтаным теориясы туралы тұжырымдар», филол.ғ.д., проф. Б.Хасанұлы), терминология («Толғауы тоқсан термин сөз», академик Ө.Айтбай, филол.ғ.д., проф. Т.Жанұзақ, филол.ғ.д. Қ.Айдарбек, филол.ғ.к. Б.Жонкешов), орфография және әліпби («Әліпби деп алаңдап, емле деп елеңдеген», филол.ғ.д., проф. Н.Уәли, филол.ғ.д. Қ.Күдеринова, филол.ғ.к. Н.Әміржанова), ономастика («Атаулардың астары», филол.ғ.д., проф. Т.Жанұзақ, филол.ғ.д., проф. Қ.Рысберген) салаларына қатысты еңбектеріне ғылыми талдаулар жасалады. Профессор Қ.Жұбановтың қазақ тіл біліміне қатысты зерттеулері көп уақыт бойы құрылымдық лингвистика тұрғысынан қарастырылып келгендігі белгілі. Алайда ғалымның қамшының сабындай қысқа ғұмырында қалдырып кеткен мұраларына тереңірек үңіле қарап, қазіргі тіл білімінің даму бағытбағдары, ұстанып отырған концепциялары тұрғысынан көз тастасақ, бүгінгі ғылыми ой-тұжырымдардың «мен мұндалап» жатқандығын аңғарамыз. Осы орайда «Соны сүрлеу» тарауы (филол.ғ.д., проф. А.Жұбанов, филол.ғ.д., проф. Ж.Манкеева, филол.ғ.д., проф. Қ.Рысберген, филол.ғ.д. А.Жаңабекова, филол.ғ.к. С.Құлманов, филол.ғ.к. Ж.Сұлтан, филол.ғ.к. Ғ.Ермекбай) Құдайберген Қуанұлының ғылыми мұрасының қазіргі ғылымдағы маңызы мен жалғастығына, сабақтастық сарынына арналды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет