1. Сұрақ. Тарихи үдерісті кезеңге бөлу



бет1/48
Дата14.03.2023
өлшемі230,37 Kb.
#74353
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48

1.Сұрақ .Тарихи үдерісті кезеңге бөлу.Бүгінгі күні Қазақстан тарихын іргелі 5 кезеңге бөлуге болады .Бірінші кезең - көне дәуір .Оның шекарасы 2.5 млн жылдан бастап б.з-дың V ғасырына дейін, яғни адамзат жаратылысынан бастап Рим империясының құлауы, халықтардың Ғұндар бастаған Ұлы қоныс аударуымен сәйкес келеді.Екінші кезең – ортағасырлар кезеңі .Оның шекарасы Ұлы қоныс аударудан бастап Еуропада капитализмнің дамуы, Қазақстан жерінде Қазақ хандығының пайда болуымен аяқталады .Үшінші кезең .Қазақ мемлекетінің құрылуымен XIX ғ. ортасына дейінгі уақытты қамтиды Төртінші кезең– қазақ халқының Ресей және Совет құрамындағы бағыныштылық кезеңі .Бесінші кезең – 1991 жылдан басталатын Тәуелсіз Қазақстан кезеңі .
2 сұрақ.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы.
Қазақстан жерін ежелгі адамдар.б.з.б. 800-140 мыңжылдықтардан бастап мекендеген. Алғашқы адамдар Қаратау жотасы мен Қарасу тұрағында мекендеген.
Алғашқы адамдардың айналысқан істері: аң аулау, терімшілік.Алғашқы адамдар баспанасы: табиғи үңгірлер, үңгіме қуыс, тау шатқалдары т.б. Адамдар табиғаттын, қаталдығына қарсы тұру үшін, бірігіп аң аулап тіршілік етіп қиындықты жеңу үшін топпен өмір сүрді. Еңбек құралдары және Тасты өндеу әдісі жетідді. Еңбек кұралдары, негізінен, нуклеустан жасалды. Пышақ, қару ретінде үшкір тас, ағаш, тері өндеу үшін қырғыш тас пайдаланылды.Археологиялық ескерткіштер Оңтүстік Қазақстандағы Топалы шатқалы мен Қызылрысбек тұрағынан табылған. .Табылған заттар: үшкір тас, қырғыш т.б.
б) кейінгі палеолит (б.з.б. 40-12 мыңжылдықтар).Бұл дәуірде адам баласы дамуындағы жаңа кезең басталып,қазіргі адамға ұқсас адамдар қалыптасты. Бұл адамдарды саналы адамдар немесе кроманьондық адамдар деп атайды. Адамдар және олардың тіршілігі Антропологиялық белгілері: бас сүйектері сопақ, жазық маңдайлы, бойлары ұзын, тік жүрген.Негізгі кәсібі: аң аулау, терімшілік. Аулаған андары: зубр, бұғы, марал, жылқы, мамонт.Теретін жеміс-жидектері: жабайы алма, алмұрт, саңырауқұлақ, сәбіз, жаңғақт.б.Еңбек құралдарының 20 шақты түрі болған. Адамдар тау үңгірлерін, қуыстарды баспана қылған. Бұл кезеңге тән адамдар баспанасы әзірге қазақстаннан табылмады. Ескерткіштері - Оңтүстік Қазақстандағы Ащысай тұрағы. Табылған заттар:жануарлар сүйектері, қырғыш, кескіш, пышақтәрізді қарулар т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет