1 сұрақ Зат алмасу туралы жалпы түсінік және ондағы ферменттердің рөлі Зат алмасу



бет1/48
Дата08.12.2022
өлшемі93,68 Kb.
#55792
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48

1 сұрақ
Зат алмасу туралы жалпы түсінік және ондағы ферменттердің рөлі


Зат алмасу процесі дегеніміз − тірі организмдегі белгілі бір тәртіппен кезектесіп жүретін әр түрлі химиялық реакциялардың жиынтығы. Метаболизм екіге бөлінеді: катаболизм және анаболизм. Катаболизм процесі кезінде энергиясы мол органикалық заттар ферменттердің көмегімен мономерлерге ыдырап, энергия бөлінеді. Анаболизм процесі кезінде энергиясы аз қарапайым заттардан макромолекулалар синтезделеді.
Сыртқы ортадан заттардың организмге енуінен бастап, ыдырау өнімдерін қайта сыртқа шығаруға дейінгі күрделі өзгеру тізбегін зат алмасу деп атайды. Зат алмасу немесе метаболизм екіге бөлінеді: катаболизм және анаболизм. Катаболизм процесі кезінде энергиясы мол органикалық заттар ферменттердің көмегімен мономерлерге ыдырап, энергия бөлінеді. Анаболизм процесі кезінде энергиясы аз қарапайым заттардан макромолекулалар синтезделеді.
Ферменттер (лат. fermentum - «ашу») немесе энзимдер (гр. ζύμη - «ішінде», гр. ἔνζυμον «ашытқы») — барлық тірі организмдер құрамына кіретін арнайы ақуыздар. Химиялық реакцияларды жеделдетеді.[1]
Ферменттер - жасушаларда синтезделіп, биохимиялық реакцияларға қатысатын ақуыздық табиғаттағы биокатализатор болып табылады. Ферментті 19 ғ. Ван Гельмонт ұсынған, алғашқыда ашыту үдерістерінде анықталған зат.
Зат алмасу процесі дегеніміз − тірі организмдегі белгілі бір тәртіппен кезектесіп жүретін әр түрлі химиялық реакциялардың жиынтығы. Тірі жасушадағы зат алмасу процесі үздіксіз жүріп жатады. Орыстың ұлы физиологы И.М.Сеченов: «Өзіне қуат беріп тұрған сыртқы орта болмаса, организм тіршілік ете алмайды» деген болатын.
2 сұрақ
Тірі организмдердің молекула - жасуша деңгейіндегі зерттеулермен танысу.
1. Молекулалық деңгей. Бұл — тіршілікке тән бастапқы ең қарапайым деңгей. Кез келген тірі организм құрылысының қарапайымдылығына немесе күрделілігіне қарамай, оның бәрі де біркелкі молекулалық қосылыстардан тұрады. Оған мысал ретінде нуклеин қышқылдарын, нәруыздардың, көмірсулардың, т.б. органикалық және бейорганикалық заттардың күрделі молекулалар жиынтығын атауға болады. Оларды кейде биологиялық макромолекулалы заттар деп те атайды. Молекулалық деңгейде тірі организмдер денесінде зат алмасу, энергияның бір түрден екінші түрге айналуы айқын байқалады. Молекулалық деңгей арқылы тұқым қуалайтын ақпараттар ұрпақтарға беріледі, жеке органоидтер түзіледі, т.б. процестер үздіксіз жүріп отырады.
2.Жасушалықдеңгей.
Жер бетіндегі тірі организмдердің көпшілігінің құрылымдық және қызметтік бірлігі-жасушадан тұрады. Жасушалық деңгейде оның құрамындағы жеке органоидтердің өзіне тән құрылысы болады және олар жасушада белгілі бір кызмет атқарады. Жасушадағы жеке органоидтердің атқаратын кызметі өзара бір-бірімен тығыз байланысып, жасушадағы біртұтас тіршілік процестерін жүзеге асырады. Бір жасушалы организмдерде (бір жасушалы балдырлар және қарапайым жануарлар) барлық тіршілік процестері бір ғана жасушаның ішінде жүреді. Бір жасуша өз алдына жеке организм болып саналады. Бұрынғы өткен бір жасушалы жасыл балдырлар — хламидомонаданы, хлорелланы және қарапайым жануарлар — амебаны, инфузорияны, т.б. естеріңе түсіріңдер. Көп жасушалы организмдердегі бір жасуша өз алдына жеке организм бола алмайды, тек организмнің қарапайым құрылымдық бірлігі қызметін атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет