1 тақырып: Бұлшық ет аппаратының құрылысы Мақсаты: Бұлшық ет аппаратының құрылысын талдау және қарастыру. Сұрақтары



Дата28.09.2022
өлшемі19,06 Kb.
#40622

Гайдарұлы Әділ ФК-101

СОЖӨЖ №1 тақырып: Бұлшық ет аппаратының құрылысы


1 тақырып: Бұлшық ет аппаратының құрылысы
Мақсаты: Бұлшық ет аппаратының құрылысын талдау және қарастыру.
Сұрақтары:

  1. Бұлшық еттің топтық өзара байланысы.

  2. Қозғалыс бірлігі, микроқозғалыс құрылымы ретінде.

  3. Қозғалыс бірлігі тартылысының үйлесімділігі және бағдары.

1 - бүгіп, қозғалысқа келтіру; 2 - мойын мен кеудені қозғалту; 3 - қолды көтеру; 4 - иықты жоғары қозғау бұлшықеттері; 5 - құрсақ бұлшықеті; 6 - денені тік ұстап жүруге көмектесу; 7 - мықынды қимылдату; 8 - санды қимылға келтіру; 9 - балтыр мен аяқ ұшын қимылға келтіру бұлшық еттері.


Бұлшықеттер адам ағзасындағы әр түрлі қозғалыстарды қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі.
Бұлшық еттің қатысуымен адам кеңістікте қозғалып, дененің тепе-тендігін сақтайды. Кеуде қуысын құрайтын қабырғалардың арасындағы бұлшықеттер мен көкет (кеуде мен құрсақ қуысын бөліп тұратын ет) тынысалу қозғалысына қатысады.
Жұтыну, дауыстың шығуы, көздің қозғалуы, ішкі мүшелер жұмыстарының барлығы бұлшық еттердің жиырылу, босаңсу өсерінен болады. Сүйектермен бірлесіп денеге пішінін беріп, денені тік ұстауға көмектеседі.

1 - бұлшықет талшығының қабықшасы; 2 - бұлшықет талшығының шоғыры; 3 - бұлшықеттің жуан талшықтары; 4 - бұлшықеттің жіңішке жіп тәрізді талшығы; 5 - оттегімен қамтамасыз етілетін жақсы дамыған бұлшықет талшықтары 6 - май басып, нашар дамыған бұлшықеттер.


Бұлшықеттер - бұлшық ет ұлпасынан, тығыз және кеуекті дәнекер ұлпалардан, қантамырлары мен жүйке талшықтарынан тұрады.
(Бұлшықет ұлпасын естеріңе түсіріңдер.) Бұлшықеттердің негізін - көлденең жолақты бұлшық ет талшықтарының жіңішке шоғыры (пучки) құрайды .
Бұл шоғырлардың сыртын дәнекер ұлпасықаптайды. Көлденеңжолақты бұлшықет ұлпасынан қаңқа бұлшықеттері, тығыз дәнекер ұлпасынан сіңірлер түзіледі.
Бұлшықет ұлпасын құрылысына қарай бірыңғайсалалы, көлденеңжолақты (қанқа бұлшықеттері) және жүректің бұлшықеттері деп бөледі. Бірыңғайсалалы бұлшық еттер ішкі мүшелердің ішкі жағын (ішек, қарын, қантамырлар, несепағар, қуық, т.б.) астарлап жатады.
Бұлшықет жиырылғанда ішкі мүшелер көлемін өзгертеді. Олардың жиылуы баяу әрі ырғақты және адамның еркінен тыс жүзеге асады.
Көлденеңжолақты бұлшықет дейтін себебі бұлшықет талшықтары көл-денеңінен жолақтанып жатады. Көлденеңжолақты бұлшықет талшықтарының пішіні цилиндр тәрізді, диаметрі 0,1 мм, ұзындығы бірнеше онда-ған мм-ге жетеді. Бұлшықет талшықтары - миофибриллалар (грекше «тіо»- бұлшықет, латынша «fibrilla» - талшық) миозин және актиннәруыздарынан тұрады. Миозин - бұлшықетте ет талшықтарының жиырылып босаңсуына қатысатын еритін нәруыз. Актин - бұлшықетте миозинмен бірге болатын, ет талшықтарының жиырылып, босаңсуына қатысатын нәруыз. Миофибриллдар (миоциттер) бұлшықеттердің ең кіттті құрылымдық және қызметтік бірлігі.
Көлденеңжолақтар әр түрлі оптикалық қасиеті бар талшықтар будасының миофибриллалардаашықтау және күңгірттеу болып кезектесіп орналасуы. Миозин нәруызынан тұратын жуан талшықтардың будалары жарық микроскопынан күңгірттеу жолақ болып көрінеді. Ашық түсті жіңішке жолақтар актин нәруызының жіңішке жіпшелерінің будала-рынан түзіледі.
Жүректің көлденеңжолақты бұлшықет ұлпалары 2 түрлі қызмет атқарады: біреуі жүректің жиырылуын қамтамасыз етеді; екіншісі жүрек ішінде жүйке қозу толқындарын өткізеді. Жүректің бұлшықеті кұрылысы жағынан көлденеңжолақты болса, қызметі бірыңғайсалалы бұлшықетке ұқсайды. Жүректің бұлшықеті де қаңқадағыдай көлденеңжолақты болғанымен, жиырылуы адамның ер-кінен тыс, санаға бағынбайды. Жүректің жұмысын тоқтатам десең де тоқтата алмайсың. Оның ұлпалары ерекше. Ғалымдар адам дене-сінде 600-ден астам қаңқа бұлшықеттері бар деп есептейді.


Қаңқа бұлшықеттеріне - тұлға, бас, мойын және иық, жамбас белдеулер мен қол-аяқ бұлшықеттері жатады. Бұлшықет талшықтарының сыртын жұқа дәнекер ұлпасынан тұратын қабықша қаптайды. Бұлшықеттегі будаланып орналасқан талшықтардың арасында қантамырлар мен жүйкелер болады. Қантамырлардағы қан тасымалдау қызметін атқарса, жүйкелер оның жиырылуын реттейді. Қаңқа бұшықеттерінің екі шеті тығыз дәнекер ұлпасынан түзілген сіңірмен бітеді. Сіңірлердің мөлшері әр түрлі. Әсіресе аяқ-қол бұлшықеттерінің сіңірлері ұзын болады. Сіңірлер арқылы бұлшықеттер сүйектерге бекінеді. Көптеген бұлшықеттердің сіңірлері буындардың екі жағындағы сүйектерге бекінеді. Сіңірлер өте мықты болғанымен, жиырылуға қабілетсіз.


Дереккөздер


  1. ↑ Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2008. ISВN 9965-34-812-Х


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет