1-тапсырма. Қызу жұмыс



бет1/5
Дата31.10.2022
өлшемі19,83 Kb.
#46403
  1   2   3   4   5

1-ТАПСЫРМА. Қызу жұмыс
Петр өзінің ескі үйін жөндеп жатыр. Ол көлігінің жүк бөлігінде суы бар бөтелке, бірнеше шегелер мен ағаш кесінділерін қалдырып кетті. Көлік күннің астында 3 сағат тұрған соң, оның
ішіндегі температура 40ºC-ге жетті. Көліктің ішіндегі заттар қандай күйге ұшырайды?
Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.

Сұрақ 1: қызу жұмыс
Көліктегі заттармен келесі жағдайлар болды ма? Иә / Жоқ
Барлық заттардың температурасы бірдей болды Иә / Жоқ
Біраз уақыттан кейін су қайнай бастады Иә / Жоқ
Біраз уақыттан кейін шегелер ыстықтан қызара бастады Иә / Жоқ

Сұрақ 2: Қызу жұмыс
Петр өзіне температурасы 90ºC бір шыны кофе және бір шыны 5ºC мұздай минералды су құйды. Екі шыны мен сусындардың көлемдері бірдей. Петр отырған бөлменің температурасы болса 20ºC шамасында болған. Кофе мен минералды судың температурасы 10 минут өткен соң кандай болуы ықтимал?
A. 70ºC және 10ºC
B. 90ºC және 5ºC
C. 70ºC және 25ºC
D. 20ºC және 20ºC

2-ТАПСЫРМА: Жұлдыздар жарығы
Шолпан жұлдыздарға қарағанды ұнатады. Бірақ қалада тұрғандықтан, ол түнде көп жұлдыздарды көре алмайды. Алдыңғы жылы Шолпан ауылға барғанда, қалада көрінбеген
көптеген жұлдыздарды көрді.
Сұрақ 1: Жұлдыздар жарығы
Неліктен ауылды жерде қалаға қарағанда көбірек жұлдыздарды көруге болады?
A. Қалада ай жарығырақ, сондықтан ол көптеген жұлдыздардың жарығын жауып тастайды
B. Ауылды жерлерде қалаға қарағанда көбірек щаң-тозаң бөлшектері бар, сондықтан ол жарықты қамтып көрсетеді
C. Қала жарығының молдығынан көптеген жұлдыздарды көру қиынға соғады
D. Көлік және үйлерден жылу бөлінуіне себепті қаладағы ауа әлдеқайда жылылырақ
Сұрақ 2: Жұлдыздар жарығы
Шолпан жарық емес жұлдыздарды бақылау үшін линзасы бар телескопты қолданады.
Неліктен линзасы бар телескоптар жарық емес жұлдыздарды бақылауға мүмкіндік береді?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет