1. Топсаяхатты білім беру түрі ретінде дәлелдеу. Топсаяхат



бет1/5
Дата27.02.2022
өлшемі24,34 Kb.
#26531
түріСабақ
  1   2   3   4   5

1. Топсаяхатты білім беру түрі ретінде дәлелдеу.

Топсаяхат– ғылыми, білім беру, танымдық, мәдени-ағарту, демалу, т.б. мақсаттарда белгілі бір орындарға ұйымдастырылатын ұжымдық сапар. Берілетін білімнің ғылымилығын, оқушылардың эстетикалық талғамын, өлкетану жұмысын жүзеге асыруға қолайлы білім беру формасы- топсаяхат. Топсаяхат көбіне табиғат аясында өтіледі .Топсаяхаттың мазмұны зерттеу нысанына (табиғат, музей, өндіріс, тарихи оқиғалар болған орын, т.б.) байланысты.

Топсаяхат оқушылардың теориялық білімдерін практикада қолдануға да жағдай жасайды. Топсаяхат кезінде оқушының ұғымды саналы меңгеруі, мақсатты іс-әрекеті ұйымдастыру, бақылау, зерттеу арқылы танымға жетеді. қоршаған ортаның заттарын. құбылыстарын таниды, олардың басты белгілерін ажыратуға жаттығады. Олардың практика жүзінде қолданған іс-әрекеттері таным негізін қалап, біртіндеп білім қалыптасады.

Топсаяхат белгілі бір тақырыпқа арналып, жаңа ұғым беру бағытында немесе оқылып кеткен тақырыптарды қайталау, қорытындылау мақсатымен өткізілуі мүмкін. Табиғат аясында өтуіне байланысты топсаяхаттың білім беруде бірнеше ерекшеліктері бар. Топсаяхат кезінде алатын білім нақты объектілер мен құбылыстарға негізделеді. Табиғи ортаның да бүкіл басқа объектілермен бір тұтастықта бақылау арқылы олардың бір-бірімен байланысы анықталады. Соның нәтижесінде оқушылардың білімі нақтылана түседі, бақылап көру арқылы теориялық ұғымдарын іс жүзінде тексеріп, бақылау дағдылары қалыптасады. Сөйтіп, көріп, бақылап, сезіп меңгеру кезінде алған білімнің саналылығы жүзеге асады.

Сабақ үстінде, немесе топсаяхат кезінде алған білімді келесі сабақтада қолдануға болады. Сол сияқты топсаяхаттың нәтижесінде, барысында меңгерілген білімді, жиналған деректер мен табиғи материалдарды келесі сабақтарға қолдануға мүмкіндік мол. Сонымен топсаяхат ұйымдастырылу жүйесі дидактикалық талаптарды орындауы, білім беру, тәрбиелеу, дамыту мақсаттары тұрғысынан дүниетанудан білім беру формасына жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет