1 тоқсан бойынша 8-сынып. Бжб бөлім «Дананың сөзі-ақылдың көзі»


-мәтін Бүгінгі еңбек адамы дегеніміз кім?



бет8/11
Дата20.02.2022
өлшемі0.92 Mb.
#25971
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
2-мәтін

Бүгінгі еңбек адамы дегеніміз кім?
Бүгінгі заманда еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, менің ойымша, таза жұмыс істейтін адам. Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адамды еңбек адамы деп есептеймін. Ол – дихан бола ма, ол – малшы бола ма, ол – жазушы бола ма, ол – өнер адамы бола ма, актер бола ма, бәрібір. Ол маңдай терін салып жұмыс істеуі керек. Шығармашылық дарынды, талантты болуы керек. Ал турасын айтсақ, еңбек адамы деген тек қана диханды, шопанды ғана білдірмейді. Еңбек адамы деген кез келген салада болу керек.
Бүгінгі таңда театрда еңбек адамын жеткілікті түрде көрсетіп отырмыз деп айта алмаймын. Президент театр қайраткерлерімен кездескенде де, театр туралы әңгіме қозғалғанда да, «бүгінгі заманды көрсететін, бүгінгі заманның жақсы жақтарын насихаттайтын шығармалар сахнада көрінсе» дегенді үнемі айтып отырады. Еңбек адамының кім екенін түсіну жағы жетіспейді. «Еңбек адамы» десе, далада жұмыс істеп жүрген жанды көрсетуге тырысады. Бізде қазір тарихи

92

шығармаларға көбірек бет бұруда. Шет елдік жазушылардың шығармаларын аударуға кірісіп кеттік. Бүгінгі заман тынысын көрсету – драматургтердің тарапынан да біраз кеш қалып жатыр. Бірақ оның ең басты себебі, театрларымыз бүгінгі заманның жақсы жағын, өзекті жағын көрсетуге, оны көркем шығарма арқылы көрсетуге онша құлықты емес. Бізде де сол арзан күлкі, жеңіл-желпі дүниелер, ортаңқол шығармалар көбейіп барады. Салиқалы, жақсы шығармалар жоқ. Мемлекеттің тарапынан нақты бір саясат болу керек. «Мынандай шығармалар бізге қажет» деген нақты әңгімелер болу керек. Ондай әңгіме әзір көрінбей тұр. (216 сөз). https://abai.kz/post/15307


3-мәтін
Қазақстан үшін ғарыш саласының алар орны ерекше. Елімізде әлемдегі ең ірі «Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан, әлем біздің ғарыш айлағымызды «Жердің бірінші ғарыштық айлағы» деп мойындайды.
Ғарышқа адамзат алғаш рет 50 жыл бұрын біздің байтақ жерімізден аттанды. Егер еліміз өз тәуелсіздігін алмағанда, бұл саланың да Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқанына қарамастан, дами қоюы екіталай болар ма еді... «Елдің дұрыс дамуы үшін, ең алдымен, оның басына азаттық керек» деп кезінде Шоқан Уәлиханов қандай орынды айтқан.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ғарыш қызметін іске асыруға қолдау көрсетіп, оған ерекше назар аударып жүргені баршамызға мәлім. Тәуелсіз еліміздің қысқа тарихындағы жетістіктеріміз сол нақты тапсырмалардың нәтижелері екенін атап өткен жөн.
Мемлекет басшысының қолдауымен біздің ірі жобаларымыз Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілді. Олар: «Ангара А-5» зымыран - тасығыш негізіндегі зымыран - ғарыштық «Бәйтерек» кешені; «Қазсат» байланыс және хабар тарату спутниктік жүйесі; ғарыштық аппараттарды құрастыру - сынау кешені; жерді қашықтықтан зондтау жүйесі.
Осы табыстардың барлығына Тәуелсіздіктің арқасында жетіп отырмыз. Тәуелсіздік алып келген жетістіктер де, оң өзгерістер де мол. Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі – еркіндік! Еліміздің еркін өмірдегі бүгінгі табыстарының бәрі де тәуелсіздіктің нәтижесі екені анық. (173 сөз). https://qa.bilim-all.kz/57/


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет