1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар бжб№1 1-тоқсан 7-сынып Бөлім: «Көне күндерден жеткен жәдігерлер»



Дата17.10.2023
өлшемі46,73 Kb.
#116785

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
БЖБ№1 1-тоқсан 7-сынып
Бөлім: «Көне күндерден жеткен жәдігерлер»
Оқу мақсаты:7.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан
анықтау
7.2.4.1 Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу
Оқылатын шығарма:«Қыз Жібек» жыры
Бағалау критерийі: Білім алушы
• Кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдеріне қарай анықтайды
• Оқиға желісін дамытып жазады
• Өзіндік көзқарасын білдіреді
Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану
Орындау уақыты: 15-20 минут
1-тапсырма. Кейіпкерлердің типтік образын жасалу тәсілдеріне қарай анықтап, кестені толтырыңыз. Ойыңызды шығармадан мысалдар келтіру арқылы дәлелдеңіз.

Жібек

Төлеген

Бекежан

Типтік бейнесі










Дәлелді талдау










2-тапсырма
Базарбайдың Төлегенге теріс бата беруі туралы оқиғаға өзгерістер енгізіп, қайта жазыңыз.
Базарбай көп жұртына арыз қылып айтты:
– Ай, жарандар, менің мынау балам тілегімді бермей кетті, қайнына баратынын білгенің маған ұстап бер, - дейді. – Егер де біреуің қошемет қылып ерсең, мен тұзыма салып, теріс батамды беремін, - деді.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдеріне қарай анықтайды

1

кейіпкер образын ажыратады;

1

жасалу тәсілдеріне қарай анықтайды;

1

кейіпкер бейнесін жан-жақты талдайды;

1

ойын мысал келтіру арқылы дәлелдейді.

2

Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазады

2

оқиға желісін дамытып жазады;

1

өзіндік көзқарасын білдіреді.

1

Барлығы

7


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет