1. Тұрақты ток. Тұрақты электр тоғы. Электр тізбегі. Электр энергиясының көздері. Электр тізбегінің элементтері. Электр тізбегінің физикалық шамалары



бет2/44
Дата04.05.2023
өлшемі1,84 Mb.
#89966
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Магниттік жібергіш электрлік қондырғыларды (көбіне электрлік қозғалтқыштарды) автоматтық жүргізіп жіберу, тоқтату, айналу бағытын өзгерту және асқын жүктелуден қорғау үшін қолданылатын аспап.
.
Электр энергиясын қабылдағыштар ретінде

  • әр түрлі түрдегі электрқозғалтқыш жетектері (приводы электродвигателей различных типов);

  • қыздыру шамдары, қыздыру және жарықтандыру құралдары;

  • электрохимиялық және радиотехникалық құралдары және т.б. бола алады.

Электр энергиясын түрлендіргіштерді электр тізбегінің ток көзі сияқты немесе энергияны тұтынушы (мысалы, трансформаторлар) ретінде қарастыруға болады.
Электр тізбегінің физикалық шамаларына

  • электр тоғы,

  • қабылдағышқа түсірген кернеу,

  • электр қозғаушы күш жатады.

Электр тоғы – еркін зарядталған бөлшектердің реттелген немесе бағытталған қозғалысы. Қабылданған белгілеу:
тұрақты токтың күші; айнымалы токтың лездік мәні.

  • Қабылдағышқа түсірген кернеу – бұл электр тізбегінің қабылдағышындағы әрбір электр зарядына шығындалатын энергия. Қабылданған белгілеу:

тұрақты кернеу; айнымалы кернеудің лездік мәні.
Электр қозғаушы күш (ЭҚК) – бұл электр энергиясының көзіндегі бірлік оң зарядты тасымалдауға кететін энергиясы. ЭҚК былай белгіленеді:
тұрақты ЭҚК; айнымалы ЭҚК-тің лездік мәні.
Электр тізбегінің элементтері - электр тізбегіне кіретін электрлік құрылғыларды (олар: электр энергиясының көзі, қабылдағыштар) атайды. Олар активті және пассивті деп бөледі. Ток жоқ кезде қысқыштарында кернеуі бар элемент активті, ал кернеуі де жоқ элемент пассивті элемент деп аталады. Активті элементтерге электр энергиясының көздері, кернеу көздері және ток көздері жатады. Электр тізбегінің пассивті элементтеріне кедергі, индуктивтік, сыйымдылық және т.б. радиоэлементтер жатады.
Әрбір пассивті элементтің кернеуі, тоғы және кедергісі Ом заңы бойынша байланысқан:
, (1)
Егер ЭҚК көзіне электр қабылдағышты қосса, онда тізбекпен жүретін ток
. (1)
мұндағы: E - электр қозғаушы күш, [В]; R - электр қабылдағыштың кедергісі, Ом; ЭҚК көзінің ішкі кедергісі, Ом.
2. Тұрақты ток. Тұрақты токтың тығыздығы. Тізбек бөлігі үшін және тұйықталған тізбек үшін Ом заңы және оның дифференциальдық түрі. Ток көздері. Бөгде күштер. Электр тогынын куаты және ПӘК -і .
Тұрақты ток – ток күшінің шамасы мен бағыты уақытқа байланысты өзгермейтін электр тогы. Тұрақты ток тұрақты кернеудің әсерімен тек тұйықталған тізбекте ғана пайда болады. Тармақталмаған тұйық тізбектің кез келген қимасында тұрақты ток күшінің мәні өзгермейді.
Тұрақты ток үшін: . Ток күшінің өлшем бірлігі – ампер (А). Практикада ток өлшемінің жиі кездесетін үлестік және еселік бірліктері: микроампер (мкА) 1 мкА, миллиампер (мА) 1 мА, килоампер (кА).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет