1. Тұрақты ток. Тұрақты электр тоғы. Электр тізбегі. Электр энергиясының көздері. Электр тізбегінің элементтері. Электр тізбегінің физикалық шамалары



бет28/44
Дата04.05.2023
өлшемі1,84 Mb.
#89966
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   44
Тиристор (грек thyra – есік, кіру және ағылш resіstor – кедергі) – көп қабатты құрылымды шалаөткізгіштің монокристалды негізінде жасалған шалаөткізгіштік аспап; үш немесе одан да көп электрон-кемтіктік ауысуы бар р-п-р-п типті аспап. Тиристор электрлік вентильдің қасиеттеріне ие. Тиристордың әдетте үш шықпасы, оның екеуі (А анод пен К катод) монокристалдың шеткі облыстарымен түйіседі. Мұндай басқарылатын тиристорды триодтық тиристор немесе тринистор деп, ал тек екі шықпасы бар басқарылмайтын тиристорды диодтық тиристор немесе динистор деп атайды
19. Интегралдық микросхемалар. Интегралдық микросхемалар жұмысының физикалық принциптері және оларды құру. Логикалық элементтер ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС.
Интегралды микросхема — өзара байланысты элементтерден (диод, транзистор, резистор және т.б.) тұратын және жартылай өткізгішті кристалдың ішіне немесе бетіне технологиялық топтау тәсілдерімен біріктіріліп орнатылған электрондық микросхема; түрлендіру мен сигналдар өңдеудің белгілі бір функцияларын орындайтын, қабылдауға, тұтынушыға жеткізуге, сынауға, жұмысқа қосуға қойылатын талаптар тұрғысынан Карағанда бір бүтін зат болып саналатын және электрлі қосылған элементтері мен кристалдарын жайғастыруда жоғары тығыздыгы болатын микроэлектрондық бұйым. Интегралды микросхемалар ақпаратты сақтау немесе өңдеуге байланысты операцияларды орындайды, олардың төменгі, орта деңгейде біріктірілген түрлері болды, ал қазіргі кезде өте жоғары деңгейде кішірейтіле тығыздалып біріктірілген тығыз интегралдық схема (БИС) және өте тығыз интегралды микросхема (СБИС) қолданылады.
Логикалық өрнектер электрондық схемалар құрудың басты негізі. Компьютердің негізгі бөліктерін құрайтын әртүрлі интегралдық микросхемалардың арғы физикалық түбірі - ЛОГИКАЛЫҚ ӨРНЕКТЕР болып табылады.Бульдік алгебрада ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС логикалық элементтері қолданылады.
Автоматты басқару схемалары мен цифрлық есептеу машиналарында логикалық элементтер екі орнықты күйде бола алатын құрылғылар арқылы іске асырылады. Осы құрылғылардың бір күйін, мысалы потенциалы жоғары жағдайды, оқиғаның «ақиқатына» екінші күйін, яғни потенциалы төмен кезін оқиғаның «жалған» болған кезіне балауға болады. Соған сәйкес, осы күйлерге сүйене отырып орындалатын көп амалдардың арасында қарапайым үш амал бар.
Логикалық көбейту амалы ЖӘНЕ, немесе конъюнкция амалы: . Мұндағы шамалары функцияның аргументтері. Оқиғаның ақиқаты егер оның құраушылары түгелдей бір мезгілде болса ғана. Егер оның аргументтерінің біреуі жалған болса, оқиға да жалған.
Логикалық қосу амалы НЕМЕСЕ, оны дизъюнкция деп те атайды: . Оқиға ақиқатқа (шындыққа) сәйкес келеді, яғни егер оның құраушыларының біреуінің ақиқат екені рас болса. Оқиға жалған болу үшін оның барлық құраушылары түгелдей жалған болуы керек.
Логикалық инверсиялау (жоққа шығару) ЕМЕС, бұл амал инверсия деп те аталады: және У функциясының мәні «Х емес» деп оқылады. ЕМЕС амалының міндеті ақиқаты анық оқиғаны жоққа түрлендіру және керісінше. Басқаша айтқанда, амалды орындау нәтижесі амалға қатынасын шамаға әрқашанда қарсы.
Бұлардан басқа логикалық алгебрада амалдардың түрлері де кездеседі:
тиым салу амалы ЖОҚ ;
мағынасы бірдей оқиғалар; Х1 Х2;
мағынасы әртүрлі оқиғалар ;
сәйкес келмейтін оқиғалар Х1 ׀ Х2 және басқалар.
Мұндай амалдардың жалпы саны 16. Әрбір логикалық амал үшін ақиқат кестесі құрылады (1-кесте).
Іс жүзінде аталмыш амалдар логикалық элеметтермен орындалады. Логикалық элементтер-дегеніміз логикалық функцияларды орындауға арналған электрондық құрылғылар. Мұндай құрылғылар кірісіндегі екілік санақ жүйесіндегі сигналдармен басқарылады, нәтижесінде олардың шығысында екілік санақ жүйесіндегі функциялар туындайды. Барлық логикалық амалдарды орындаушы логикалық элементтерге орындалатын амалдың аты - жөні беріледі: ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС. Логикалық элементтерді диодтар мен транзисторларды пайдаланып құруға болады.
Логикалық элементтерді екілік санақ жүйесінде басқару үшін комутациялаушы тетіктер қажет. Осындай тетіктер арқылы логикалық элементтердің аргументтері тағайындалады. Мұндай құрылғы ретінде стендтегі айырғыштар (тумблер) мен батырмалар (кнопка) қолданылады. Стендтің төменгі тұсында сондай тумблер мен кнопкалар орналастырылған.
Электрлік схемадағы тумблердің шартты белгісі

Тумблердің 1 және 2 контактылары қозғалмайтын болса, 3-контакт - жылжымалы. Тумблердің тұтқасын қозғау арқылы жылжымалы контакт қозғалмайтын контактың біреуімен тұйықталады. Әрбір тумблер арнайы символымен белгіленеді және схемадағы реттік номер беріледі.

20.Дифференциалдаушы және интегралдаушы тізбектер. Дифференциалдаушы тізбек. Интегралдаушы тізбек. Түзеткіш құрылғылар. Түзеткіш схемалары. Үш фазалы түзеткіш. Тегістегіш сүзгілер. Стабилизаторлар мен түрлендіргіштер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет