1 зертхана-тәжірибелік-жұмыс Microsoft Access ДҚбж-ң негізгі объектілері Мәліметтер базасында қолданылатын мәндер типі



бет1/4
Дата20.10.2022
өлшемі419,47 Kb.
#44493
  1   2   3   4

1 зертхана-тәжірибелік-жұмыс
Microsoft Access ДҚБЖ-ң негізгі объектілері
Мәліметтер базасында қолданылатын мәндер типі. Негізгі мәндер типтерімен біз таныспыз. Мәселен, Microsoft Excel электрондық кестесін оқығанда біз мәтіндік, сандық мәндермен және формулалармен жұмыс жасадық. Мәліметтер базасының кестелері бұдан да көп мәндер типімен жұмыс жасайды. Төменде Microsoft Access МҚБЖ жұмыс жасайтын негізгі мәндер типтері келтірілген:

  1. Мәтіндік (Текстовый) – форматталмаған, мөлшері шектелген (255 символ) мәтіндік мәндер типі;

  2. Мемо өрісі (Поле Мемо) - көлемі үлкен (65 535 символға дейін) мәтіндерді сақтауға арналған арнайы мәндер типі. Физикалық тұрғыдан алғанда мәндер өрісте емес басқа жерде сақталады, ал өрісте оның көрсеткіші сақталады;

  3. Сандық (числовой) – нақты сандарды сақтауға арналған мәндер типі;

  4. Дата/уақыт (дата/время) – календарлық мерзім мен ағымдағы уақытты сақтауға арналған мәндер типі;

  5. Ақшалық (денежный) – ақшалық соманы сақтауға арналған мәндер типі;

  6. Санауыш (счетчик) – жазбалардың реттік нөмірін жазу үшін автоматты өсіп отыратын ерекше (өрісте қайталанбайтын) натурал сандарға арналған арнайы мәндер типі;

  7. Логикалық – логикалық мәндерді сақтауға арналған. Тек Иә (Да) немесе Жоқ (Нет) мәндерін ғана қабылдайды;

  8. OLE объект өрісі – OLE объектілерін сақтауға арналған арнайы мәндер типі;

  9. Гиперсілтеме (гиперссылка) – интернеттің Web-объектілерінің URL адрестерін сақтауға арналған арнайы өріс. Сілтемеге тышқанды шерткенде браузер автоматты түрде іске қосылып, нысан терезеде бейнеленеді;

  10. Алмастыру шебері (Мастер подстоновок) – арнайы мәндер типі. Бұл объектіні баптау арқылы өріске мәндерді енгізуді автоматтандыруға болады, мәселен ашылатын тізімнен таңдау.

Байланысқан кестелері бар МҚ реляцилық мәліметтер қоры деп те аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет