1 зертханалық ЖҰмыс бойынша есеп беру пәннің атауы: Өндірістік контроллерлер Тақырыбы: «Simatic Manager программалық қамтамасымен танысу, мпж-ні конфигурациялау және параметрлеу. Логикалық функциялар»



Дата15.03.2023
өлшемі1,21 Mb.
#74545
түріПрограмма

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғамы
«Электроника және Робототехника» кафедрасы
1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
бойынша
ЕСЕП БЕРУ
Пәннің атауы: Өндірістік контроллерлер

Тақырыбы: «Simatic Manager программалық қамтамасымен танысу, МПЖ-ні конфигурациялау және параметрлеу. Логикалық функциялар»


Орындаған:Омирханов Мирас
Тобы: ПСк20-3
Тексерген: аға оқытушы Қадіржан Қ.Н

Алматы 2023


Мазмұны


Жұмыстың мақсаты 3
Зертханалық жұмысқа тапсырма 4
1 Жұмыс барысы 5
1.1Жаңа жоба құру 5
1.2 Жүйені конфигурациялау 5
1.3 Логикалық ЖӘНЕ 9
10
Қорытынды 11


Жұмыстың мақсаты


Simatic Manager программасының құрамымен танысу, қолданбалы программамен жұмыс істеп үйрену, Step7 тілінің командалар құрамымен танысу, микропроцессорлық жүйені конфигурациялау және параметрлеу әдістерімен танысу, online режімінде жұмыс істеп дағдылану.

Зертханалық жұмысқа тапсырма


1. Жобаны құру.
2. Микропроцессорлық жүйені конфигурациялау.
3. Модульдерді параметрлеу.
4. Оқытушы нұсқасына сәйкес ОВ1 ұйымдастыру блогына арналған
программаны жазыңыз.
5. Процестерді online режімінде бақылаңыз.
6. Қорытынды жасаңыз. Есептеме толтырыңыз.

1 Жұмыс барысы


    1. Жаңа жоба құру

Ең алдымен, жаңа жоба жасауымыз қажет. Ол үшін басты беттегі Create new project ке кіреміз. Проектке атау береміз, сақтаймыз (сурет 1.1.1)



Сурет 1.1.1 – жаңа жоба құру

1.2 Жүйені конфигурациялау


Енді бізге контроллер қосу қажет, конфигурация жасау қажет. «Конфигурация» сөзін конфигурациялық кестеде модуль тасымалдағышты, модульдерді және интерфейстік модульдерді орнату деп түсінеміз.
Ол үшін Devices&networks бөліміне кіреміз, онда жаңа құрылғы енгізу командасын Add new device басамыз. Көз алдымызға контроллерден басқа HMI, PC systems шығады. Бізге қажеті SIMATIC S7-300, оның ішіндегі CPU 314C-2 PN/DP. Шыққан контроллер версиясын таңдаймыз (сурет 1.2.1) Нәтижеде жаңа беттік панель пайда болады (сурет 1.2.2).
Аппараттық қамтамасыз ету модульдері слоттарға қатаң ретпен орнатылады. Модульдің нақты орналасу орнына байланысты конфигурациялық кесте құрылады.

Сурет 1.2.1 – конфигурация терезесі

Сурет 1.2.2 – жаңа беттік панель
Зертханалық жұмыста біз логикалық элементтермен жұмыс LAD тілінде жасауымыз қажет еді. Олар логикалық «ЕМЕС, ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЖӘНЕ/ЕМЕС, НЕМЕСЕ/ЕМЕС». Бізде кіріс және шығыс адрестер бар. Осы адрестерге конфигурация жасау үшін біз түсінуіміз қажет. Ең алдымен панельде контроллер тұрады, одан кейін кіріс және шығыс порттары бар. Бізге не қажет? Бізге үшінші порт қажет. Үстінен екі рет басамыз (сурет 1.2.3)

Сурет 1.2.3 – контроллер құрылымы
Нәтижеде бізде мынадай панель шығады (сурет 1.2.4). Бізге қажеті IO tags. Оның ішінде Bool. Біз білеміз, Bool тек логикалық «1» немесе «0» қабылдай алады. Және көз жүгіртіп қарайтын болсақ, адрестердің екі түрі бар. Арасы екіге бөлініп тұр. «I» дегеніміз кіріс адресі, «Q» дегеніміз шығыс адресі. Біз бұдан бұрын үш айнымалы мән бар екенін білеміз. Олар х1, х2, у.

Сурет 1.2.4 – IO tags


Енді біз Tag table деген бөлімшені байқаймыз. Бізге жаңа тег қажет. Ол үшін сол жақтағы PLC tegs таңдаймыз. Бұл жерде бүкіл тегтер сақталады. Біз add командасы арқылы жаңа тег енгіземіз, атауын Logic operations деп. Енді айнымалы мәндерге сол жаңа тегті береміз (сурет 1.2.5)



Сурет 1.2.5 – жаңа тег беру
Енді логикалық операцияға екі рет басамыз, нәтижеде үш айнымалыларымыз жаңа беттік панельде ашылады. Демек, барлығын дұрыс жасадық (сурет 1.2.6)



Сурет 1.2.6 – нәтиже
Енді бізге программирование жасау қажет. Ол үшін сол жақтағы Program Blocks-Main кіреміз. Бізде жаңа беттік панель шығады (1.2.7)

Сурет 1.2.7 – main панелі

1.3 Логикалық ЖӘНЕ


Енді логикалық ЖӘНЕ компонентін жасаймыз. Ол үшін екі ашық ЖӘНЕ компонентін және нәтижені аламыз. Енді әр компоненттің үстінен екі рет басу арқылы біз енгізген айнымалы атауын береміз. Енді Device Configuration кіру арқылы, Start Simulation басамыз. PN/IE типін таңдай отыра, дайын характеристикаға қол жеткіземіз. Start Search басамыз, бұл жерде 192.168.0.1 ip address байқаймыз. Барлығы дұрыс екеніне көз жеткізіп, Load батырмасын басамыз. Конфигурация аяқталды. Еш қателік жоқ. Тағы Load батырмасын басамыз. RUN және Go ONLINE жүргіземіз.

Сурет 1.3.1 – қателік жоқ екеніне көз жеткізу










Қорытынды


Мен бұл зертханалық жұмыста TIA Portal бағдарламасымен таныстым, жәнеде жұмыс істеп үйрендім,осы бағдарлама арқылы мен логикалық “және” компонентін жасадым.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет