№10 03. 2013 • БҮгінгі күн бітімі •



Pdf көрінісі
Дата06.04.2017
өлшемі1,99 Mb.
#11152

№10

   

7.03.2013

• БҮГІНГІ КҮН БІТІМІ •

-2-

(14)

Колледждегі  арнайы  ақпараттық  пәндер 

апталығына  орай  «Аманат»  пікірталас 

орталығы ұйымдастырған шараның мақсаты 

– жастарға компьютер мен интернеттің пай-

дасын және зиянын ұғындырып, тиімді пай-

далану жолдарын ұсыну. Басқосуға қатысқан  

арнайы  ақпараттық  пәндер  оқытушысы 

Л.Жұмағалиева,  колледж  психологы 

Ә.Мәмбеталиева, «Жас Отан» ЖҚ облыстық 

филиалының  менеджері  Н.Жолдасқалиев, 

«Аманат» пікірталас орталығы төрағасының 

орынбасары М.Ізмұқанова аталмыш тақырып 

аясындағы өз ойларын ортаға салды.

Өкінішке орай, қазіргі таңда жастарымыз 

көркем  әдебиеттерден  алшақтап,  ком-

пьютер  алдына  отыруға  құштар.  Әрине, 

ақпарат құралдарының ішіндегі ең озығы –

ғаламтор екені даусыз. Керекті ақпаратыңды 

оңай  тауып,  елдегі  және  әлемдегі  соңғы 

жаңалықтарды  тез  жеткізетін  оның  пай-

далы  тұстары  көп-ақ.  Алайда,  сол  озық 

технологияның кері әсерлері 

де аз емес. Айталық, сағаттар 

бойы  мониторға  телміріп 

отыру адамның көру қабілетін 

кемітеді.  Компьютерлік 

атыс-шабыс  ойындарының 

балалардың  дұрыс  дамуы-

на  кері  әсерін  тигізіп,  ой-

лау  қабілетін  төмендететіні 

тағы  бар.  Сондай-ақ  жастар 

арасында  сәнге  айналған 

әлеуметтік  желілер  де  ке-

лер ұрпақтың санасын улау-

да.  Тіптен  адам  өліміне 

де  себепші  болып  отыр. 

Мінекей,  интернеттің  пайда-

лы тұстарын былай қойғанда, 

тигізер зардабын да тізбелей беруге болады. 

Шара барысында компьютер мен интернеттің 

пайдалы  және  пайдасыз  тұстары  кеңінен 

талқыланды. Колледж студенттері қонақтарға 

көкейдегі сауалдарын жолдап, өз ойларымен 

бөлісті. 

Елбасының  өзі  де  «Әлемді  түбінде  ин-

тернетте  отырғандар  емес,  кітапханада 

отырғандар  басқаратын  болады»  деген 

еді.  Ақпарат  құралдарының  арасындағы 

кітапхананың маңызы өте зор екенін осыдан-

ақ  аңғаруымызға  болады.  Біз  көпшілік 

көкейіндегі  мәселені  талқыға  салдық. 

Айтылған  пікірлер  арасынан  керегін  алып, 

керексізін  қажет  етпеуді  әр  адамның  өз 

еншісіне қалдырдық. 

Әділгерей ЗҰЛХАРОВ,

 «Аманат» пікірталас 

орталығының төрағасы

«Адам, компьютер, интернет: 

пайдасы мен зияны»

Таяуда осындай атаумен экономика және ақпараттық технологиялық 

колледжінде «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының қолдауымен ток-шоу өтті. 

Қымбатты ақжаулықты әжелер

ардақты аналар, аяулы арулар!

С і з д е р д і 

8   н а у р ы з   –

Халықаралық 

әйе лдер  күні 

м е р е к е с і м е н 

а қ   к ө ң і л , 

п ә к   н и е т п е н 

құттықтаймыз! 

Сіздер  бір  от-

басын  емес,  бүкіл  әлемді  аялы  алақандарыңызбен 

тербете  алатын,  адамзат  баласының  ары,  рухы, 

жігерісіздер.  Тәуелсіз  еліміздегі  бейбіт  тірлік  пен 

бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен 

мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңіз.

Әйелдер қауымы – әрқашан ізгіліктің, нәзіктіктің және 

дархан көңілдің көрінісі болып келді және болып қала 

бермек.  Ол  өзінің  табиғатынан-ақ  кішіпейілділіктің, 

жоғары адамгершіліктің және мейірімділіктің айнасы. 

Сондықтан, ол бүкіл қоғамның арқауы ретінде келісім 

мен тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді. Бүгінгі ме-

реке оларға деген шынайы құрметтің белгісі.

Өзімен  берекесін  алып  келген  шуақты  көктемнің 

алғашқы  мерекесінде  әр  шаңырақтың  ырысы  ортай-

масын,  отбасыңыз  аман,  денсаулықтарыңыз  мықты 

болып, Сіздердің әрқайсыңыздың жан-жүректеріңізде 

ертеңгі күнге деген сенім мәңгілік ұяласын!

«Нұр Отан» ХДП БҚОФ

 «Жас Отан» ЖҚ

Кеше №4 округтен 

сайланған қалалық 

мәслихат депутаты 

Шалқыма Құрманалина 

басшылық ететін 

Ж.Досмұхамедов 

атындағы педагогикалық 

колледждің                           

ерлер ұжымы округтің 

құрметке лайық еңбек 

ардагерлері мен оқу 

орнының әйел азамат-

шаларын көктем шуағын 

ала келген аналар мейра-

мымен құттықтады. 

  Елбасы биылғы Жолдауын-

да  ана  мен  бала  тағдырына, 

қыздар  тәрбиесіне  ерекше 

мән  беріп,  әйелдерге  үндеу 

жариялаған  болатын.  «Мем-

лекет  үшін  және  менің  жеке 

өзім  үшін  де  ананы  қорғау  

–  ерекше  мәселе»  деді  ел 

Президенті  Н.Назарбаев  өз 

сөзінде.  Жолдаудың  жалын-

ды  жолдарын  басшылыққа 

алған колледж ұжымы бұл күні 

округтегі  елуге  жуық  ардагер 

аналарға құрмет көрсетті. 

    –  Сіздердің  өнегеге  толы 

өмір  жолдарыңыз,  даналыққа 

толы  ғибратты  сөздеріңіз 

кейінгі  жас  ұрпаққа  үлгі 

боларлық бай тәжірибе,  – деп, 

ардагер-аналарға  мерекелік 

құттықтауын жеткізген Шалқыма 

Хайроллақызы бірқатар мерей-

той  иелеріне  алғыс  хаттар 

мен  сыйлықтар  табыстады. 

Олардың  қатарында  сексен 

жастағы Софья Иманғалиева, 

асқаралы  алпысқа  толған 

Қазына  Жүсібалиева  мен 

Зәуре  Батишева,  сондай-

ақ  Мәриям  Жұматова,  Еркін 

Нұрымбетовтер  бар.  Өз 

кезегінде  мерейтой  иелері  де 

депутатқа алғысын жаудырды. 

    Биыл  колледж  үшін  сәтті 

де  жемісті  жыл  болған. 

Өйткені  білімді  де  білікті, 

талап  қоя  білетін  Шалқыма 

Құрманалинадай  жанның 

басшылығымен  оқу  орны 

біраз  биіктерді  бағындырған. 

Мәселен,  педагогика  және 

психология  кафедрасының 

оқытушысы    Айнұр  Отар-

бай  ҚР  Білім  және  ғылым 

министрлігінің «Құрмет грамо-

тасымен»  марапатталса,  саз 

кафедрасының  меңгерушісі 

Әйгерім  Өтебаева  облыстық 

білім басқармасының «Құрмет 

грамотасын» иеленген. Басқосу 

барысында  ардагер-аналар 

мен  колледждегі  барлық 

кафедраның қыз-келіншектерін 

ұжымдағы ер оқытушылар қызу 

құттықтап,  ән-жырдан  шашу 

шашты. 

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Колледждегі көңілді кеш



Марс САТЫБАЛДИЕВ, қалалық мәслихат депутаты,  «ОралХолдинг НСК» ЖШС 

директоры:

1.Таңның атысы мен күннің батысы  – Алланың сыйы.  Ал біздің 

бұл өмірде тіршілік атауына ие болып жүргеніміз анамыздың сыйы! 

Адам баласы үшін анадан асқан тіршілік иесі жоқ.  Өйткені, ол бізге 

жарық дүние сыйлады!  Анасын ардақ тұтпайтын, жанындай жақсы 

көрмейтін пенде болуы мүмкін емес.  Ана үшін баласының аман-есен, 

адам болып өсуінен артық бақыт жоқ! Анам қаншалықты қарапайым 

адам болса да, ол  – мен үшін жарық әрі сөнбейтін жұлдыз. Алла 

тағала бізге осындай абзал ана бұйыртқаны үшін шүкіршілік айтамыз! 

Аналарымыз аман болсын!

2. Мереке күні сыйлық алғанда бірінші, екінші деп бөлген емеспін. Анам Сәрияға, 

жолдасым  Хамидаға,  қарындастарыма  құшақ-құшақ  гүлдерімді  аламын.  Ал  сыйлық 

таңдағанда ұзақ ойланып таңдаймын, қайткенде де олардың көңілінен шыққым келеді. 

3. Отбасыммен бірге боламын немесе оларды жақсы бір жерге апарамын. 



Нәзік жандардың 

сіздің өміріңізде 

алатын орны 

қандай?

8 наурызда  

жүрегіңізге жақын 

сыйлықты алдымен 

кімге сыйлайсыз? 

Әдетте мерекені 

қалай қарсы ала-

сыз?

• Мерекелік сауал

Жиынды  ашқан  балабақша 

меңгерушісі Бақыт Мұхтарова 

бүгінде  баланың  жан-жақты 

тәрбие  алуына  балабақшада 

б а р л ы қ   м ү м к і н д і к т і ң 

жасалғанын  айта  келіп,  мек-

тепке дейінгі ұйымның жұмысы 

туралы  мәлімдеді.  Бұдан  соң 

балабақша  медбикесі  Хама-

рия  Кенжеғұлова  «Адамның 

денсаулығына  әсер  ететін 

факторлар»  тақырыбында 

баяндама жасаса, балабақша 

әдіскері Эльвира Гафарова ба-

ланы шынықтырудың әдістері 

мен түрлеріне тоқталды.

Жиын  барысында  ата-

аналар  «Айгөлек»  және 

«Айналайын»  ортаңғы  топ 

тәрбиеленушілерінің ертеңгілік 

және ұйқыашар жаттығуларын 

және  «Балдырған»  ересек-

тер  тобының    «Аурухана» 

сюжеттік-рөлдік  қойылымын 

тамашалады. 

Кездесу  соңы  ата-аналар 

мен  балабақша  ұжымының 

бірлескен  шағын  концертіне 

ұласты. 


Зергүл ЕРЕКЕШОВА,

 №38 «Жазира» МдҰ 

тәрбиешісі

Ата-анамен байланыс нығайды 



Таяуда қаладағы №38 «Жазира» мектепке дейінгі ұйымында отбасы мен 

балабақша арасындағы ынтымақтастықты ұштастыру мақсатында «Дене 

шынықтыру мен бала денсаулығы» тақырыбында ата-аналармен кездесу өтті.

Сайысқа  Орал  қаласынан, 

Қаратөбе  ауданынан    және 

аудан орталығынан  барлығы 

13  команда  қатысып,  өз 

өнерлерін  ортаға  салды. 

Шара шымылдығын «Ақжайық 

КТК(КВН)  лигасы»  ЖҚБ-ның 

төрағасы Қанат Досмағамбетов 

ашып, сайыскерлерге сәттілік 

тіледі. Көрерменді тегін күлкіге 

батырған  ойын  барысында 

Жымпитының  «Күлкі  сыйла-

ры»,  қаратөбелік  «Шөптікөл 

құрамасы», оралдық «Достық 

даңғылы»  командаларының  

астарлы  әзілдеріне  көрермен 

тәнті болды .  Маусымды ашқан 

көңілді тапқыштар сайысы енді 

жыл бойына жалғасады.



Өз тілшіміз

«Қазақстан КВН 

Одағы» Республикалық 

жастар қоғамдық 

бірлестігі «Нұр 

Отан» ХДП қалалық 

филиалының  

қолдауымен, «Сы-

рым жастары» және 

«Ақжайық КТК(КВН) 

лигасы»  жастар 

қоғамдық бірлестіктері 

бірлесе, жақында Сы-

рым аудандық мәдениет 

үйінде «Маусымашар  – 

2013»  облыстық көңілді 

тапқыштар ойынын 

өткізді.

«Маусымашар- 2013»  басталды



Мирас МҰТАШЕВ, қалалық мәслихат депутаты, «Кедентранссер-

вис» АҚ директоры:

1.«Жәннат – аналардың аяғының астында» деп 

Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де 

бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, 

бейбітшілік  болады,  ата-анасына  қуаныш  әкеледі 

дейді. Сондықтан жалпы әйел азаматшалар менің 

өмірімде бірінші орында дер едім. Алдымен аяулы 

анам, сүйікті жұбайым, қызғалдақтай қызым, міне, 

менің өмірімнің мәні де, сәні де – солар. 

2. 8 наурызда жүрегіме ең жақын сыйлықты қызым 

Әдеміге тарту етем.  

3. Мерекені реті келсе отбасымда қарсылаймын. Бұл күні жанұядағы 

аруларға тосын сыйларымды, әдемі гүлдерімді алып, оларды қуантуға 

тырысамын. 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет