«№10 Амангелді атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» кмм



Дата27.02.2022
өлшемі13,22 Kb.
#26537

«№10 Амангелді атындағы жалпы

орта білім беретін мектеп» КММ

10 «А» сынып оқушысы

Беркінбай Шарафатқа

Мінездеме

Беркінбай Шарафат Жамиғатұлы 2005 жылдың 23 қазан айында дүниеге келді. Осы мектепте 1 сыныптан бастап оқиды. Ол сабырлы, мейірімі мол, сыныптастарының арасында беделі бар оқушы. Мектеп шараларына белсенді қатысып қана қоймай, мектеп өміріне жауапкершілікпен қарайды. Сынып ішінде туып жатқан қиындықтарды, сынып жетекшісімен бірге шешім қабылдауға көмегін тигізеді. Сонымен қатар, ол әрбір спорттық шараларға қатысып қана қоймай қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. Шарафат толық отбасында тәрбиеленеді, ол ата – анасына үй шаруасымен көмектеседі. Жалпы, Шарафат сырлы мінез, сыныптастары мен мұғалімдердің құрметіне бөленіп жүрген оқушы. Оқу барысында, білім деңгейі көрсеткіші орташа болса да, бұл оқушының жалпы білім деңгейі жоғары, себебі Шарафат өз білімін жан -жақты жетілдіреді.



Қандай сабақ болмасын әрдайым дайындықпен келеді. Білмегенін білгенше асығады. Тапсырмаларды ең алғаш болып орындауға тырысады. Шарафат мектептегі шараларда өз өнерімен жоғары нәтижелерге жетіп жүр. Сыныптастары мен достарына қолынан келгенше көмектеседі. Мұғалімнің айтқандарын екі етпей орындайды. Сонымен қатар, ол әрбір спорттық шараларға қатысып қана қоймай өте белсенді. Шарафат болашақта үлкен белестерден көрінеді деп сенемін, себебі ол өз алдына анық мақсат қоя біледі. Осы сыныпты алғаннан бері, барлығына да өте жақсы дайындықпен келеді. Тәрбие сағаттарында оқылған баяндамаларда өз ой-пікірін ашық айтады. Өзіне тапсырылған тапсырмаларға үлкен жауапкершілікпен қарайды.

Сынып жетекші : Жолжанова А

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет