10-апта Тақырып: Мәдениет және өнер



Дата16.11.2022
өлшемі20,26 Kb.
#50676

10-апта


Тақырып: Мәдениет және өнер. Театр және кино өнері. Қазақтың танымал өнер қайраткерлері. Театрға саяхат. Сан есімдер.



  1. Мәтінмен жұмыс



21 мамырда Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні мерекеленеді. Оны Қазақстанның барша өнер, мәдениет қызметкерлері атап өтеді.
Осы күні мәдениет және өнер саласының қызметкерлеріне жылы лебіздер мен алғыстар айтылады, өйткені рухани байлықты дамытуда және мәдени дәстүрлердің дамуы мен сақталуы ісіне қосқан мәдениет саласы қызметкерлерінің үлесі орасан зор.
Бүгінде өнеріміздің көкжиегін кеңейтіп жүрген өнер адамдары көп. Олар – ақындар, жазушылар, режиссерлер, сазгерлер, суретшілер, актерлер, т.б.
Мәдениет – ең алдымен жәдігерлік. Оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші – зиялы қауым. Себебі, әр халықтың дүниетанымы, рухани байлығы, тыныс-тіршілігі, салт-дәстүрлері дәл осы мәдениет деген асыл ұғыммен астасып жатыр. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, ол елдің еңсесі де биік, рухы да жоғары болады. Сонымен қатар, мәдениет – адамзат тұлғасы деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Мәдениеттің өзекті бөлігі – өнер. Шынында да өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі. Мәдениет пен өнер – қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Мәдениеті мен өнері өркендеген қоғам әр уақытта ілгерілеп, дамиды.
Тапсырмалар:

  1. Мәтінді түсініп оқыңыз, сөздік жасаңыз

  2. Мәтіннен бірыңғай мүшелерді тауып көрсетіңіз

2. Сұрақтарға қазақ тілінде жауап беріңіз:

  1. Қазақтың танымал өнер қайраткерлерінен кімдерді білесіз?

  2. Қазақтың танымал күйшілерін атаңыз.

  3. «Қазақ вальсінің королі» атанған танымал сазгер Ш. Қалдаяқов туралы не білесіз?

  4. Қазақтың кино өнері туралы не айта аласыз?

  5. Ең алғашқы режиссер кім деп ойлайсыз? Ол туралы не білесіз?




  1. Мәтінмен жұмыс

Қазақтың ерекше өнерлерінің бірі – күй өнері. Күй өнері – шексіз өнер. Домбыраның сырлы әуенімен күй шертілгенде, тұла-бойды тебірентпей қоюы мүмкін емес. Күй – қазақ халқының бар рухани бітім-болмысының, өмірі мен мәдениетінің асыл мұрасы. Қазақ даласын әсем күйімен күмбірлеткен күйшілер аз емес. Олар: Құрманғазы, Дина, Тәттімбет, Дәулеткерей, ал қазіргі заманда Айгүл Үлкенбаева мен Секен Тұрысбеков сияқты танымал күйшілер бар.
Танымал күйшілердің бірі – Құрманғазы. Күй атасы Құрманғазы жасынан домбыраға әуес болады. Ол Ұзақ атты күйшіден тәлім алған. Құрманғазы әрдайым орындаушылық шеберлігін шыңдап отырған. Есейе келе Құрманғазының атақты күйші ретінде есімі бүкіл қазақ даласына тарайды. Құрманғазының өмірі әділетсіздікке қарсы күреспен өтіп, бірнеше рет абақтыға да қамалады. Құрманғазы күйлері қазақтың мәдениетін, өнерін дамытуға үлкен үлес қосты. Оның тамаша күйлерін әлі күнге дейін тыңдап келеміз.
Тапсырмалар:
1. Сұрақтарға жауап беріңіз:
- Құрманғазы күй тартуды кімнен үйренеді?
- Оның қандай күйлерін білесің?
- Құрманғазы неге қарсы күресті?


4. «Қазақ киносы: кеше және бүгін» тақырыбына пікірсайыс жүргізіңіздер
Сұрақтар:

  • Қазақтың классикалық киноларын білесіз бе?

  • Ең алғашқы фильмді атаңыз

  • «Қазақфильм» киностудиясы туралы не білесіз?

  • Өзіңіз кино қарайсыз ба, қандай жанрды ұнатасыз?

  • Қандай актерлерді білесіз, қай актердің ойнау шеберлігі ұнайды?

  • Кешегі кино мен бүгінгі киноның айырмашылықтары мен ұқсастықтары қандай?



5. «Қазақ өнері: танылғандар мен танылмағандар» тақырыбына эссе жазып келіңіз.

6. Сан есімді қайталаңыз. Әр түріне екі сөйлемнен құрастырыңыз

Сан есім
(имя числительное)


Сан есім – заттың санын, ретін білдіреін сөз табы.
Сұрақтары: Қанша? Неше? - Сколько? Нешінші? – Который по счету? Нешеу? – По сколько?


Мағынасына қарай (по значению)

  1. Есептік сан есім (Количественное числительное) – қанша? неше? – сколько?

  2. Реттік сан есім (порядковое числительное) – нешінші? (который по счету?) -ыншы, -інші, -ншы, -нші М: бірінші (первый), бесінші (пятый)

  3. Жинақтық сан есім (собирательное числительное) – нешеу? (сколько?) -ау, -еу М: бесеу (пятеро), үшеу (трое)

  4. Болжалдық сан есім (приблизительное числительное) – қанша? неше? (сколько?) -даған, -деген, -таған, -теген, -дай, -дей, -тай, -тей. М: Он шақты (около десяти), жүздеген (около ста)

  1. Топтау сан есім (группирующиеся имена числительные) нешеден?

(по сколько?) -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен М: үштен, оннан

  1. Бөлшектік сан есім (дробное числительное) қанша? неше?

(сколько?) М: ½ - екіден бір, ¾ - төрттен үш

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет