10 сабақ: Про- эукариоттардағы транскрипция. Электронные ресурсы



бет2/4
Дата05.05.2023
өлшемі216,86 Kb.
#90415
түріСабақ
1   2   3   4
Электронды ресурстар:
https://www.youtube.com/watch?v=fO5Ky0_Y3VU


Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1) Эукариоттық гендердің транскрипциясы
2) Транскрипция факторларының маңызы.
3) Ядролық а-РНҚ-ның посттранскрипциялық модификациясы. Ядролық РНҚ пісіп жетілуі (процессинг). Сплайсинг.
4) Альтернативтік сплайсинг, генетикалық маңызы.
5) Адамның тұқым қуалайтын патологиясында транскрипцияның бұзылуының рөлін түсіну


Ақпараттық-дидактикалық блок:

Транскрипция – бұл ДНҚ –дан аРНҚ – ға генетикалық ақпаратты көшіру процессі, РНҚ-полимераза көмегімен ядрода өтеді. ДНҚ-ның екі тізбегі қызметіне байланысты ерекшеленеді. Бірінші тізбек – кодтаушы немесе мағыналы, екінші тізбек – матрицалық (ақпараттық). Тек матрицалық тізбек транскрипцияланады.


ДНҚ транскрипциясы инициация, элонгация және терминации сатыларынан тұратын ДНҚ екі тізбегінің бірінен РНҚ молекуласы синтезделетін матрицалық үдеріс.
Эукариоттардың РНҚ-полимеразасы өздігінен транскрипцияны инициациялай алмайды, оған жалпы транскрипциялық фактор-ақуызы (ЖТФ) қажет. Ол РНК-полимеразаны ТАТА-бокспен байланыстырады және бұл кешен (РНҚП+ЖТФ) транскрипцияның басталу нүктесіне қарай жылжиды.
Транскрипция үдерісіне арнайы фермент РНҚ-полимеразамен қатар көптеген инициациялық, элонгациялық және терминациялық реттеуші ақуыз факторлары да қатысады. Мұндай ақуыздар транскрипцияның басталу және аяқталу үдерісін және алғашқы өнімнің деңгейінің реттелуін қамтамасыз ететін гендердің реттеуші қатарларымен байланыс түзеді.
Эукариоттар транскрипциясының ерекшелігі де сол активті емес ядролық РНҚ түзіледі және постранскрипциялық модификация-процессингті (пісіп-жетілу) жүргізу болып табылады. Процессинг үдерісінде жүреді:
1. «кэп»- 51ұшына–метилденген гуанозиннің қосылуы
2. полиадениннің- 31 полиадениндік «құйрықтың»жалғануы
3. сплайсинг- интрондардың қырқылуы және экзондардың тігілуі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет