107 vітара у ортағасырлық диатоникалық халық ладтары



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата28.12.2016
өлшемі9,17 Mb.
#649
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

151
екіге бөлінеді (ал кейде одан да көп) жəне өз араларында бүтіндей 
біртіндеген модуляцияны қамтамасыз етеді. Төменде моду ля ция-
ның тоналдық жоспар үл гі сі келтірілген: 
Кенеттік модуляция – бұл кенеттен, күтпеген жерден жə-
не шапшаң жүзеге асқан (көп жағ  дайда – алыс) тоналдық қоз   -
ғалыс. Ол екі тəсілмен жа 
са 
 
-
лады: 1) энгармонизмсіз, яғ ни 
əр 
түрлі диатоникалық жə 
не 
хро  матикалық 
аккордтар ды 
(со      ның  ішінде  альтерация  да 
бар), сонымен қатар мажорлық 
-минор 
лық тəсілдердің функ-
цио 
налдық мағынасын жан-
жақты қолдана отырып; 2) 
энгармонизм аккорд 
тарының көмегімен, яғни оның дыбысына 
кіретін шартты бел гілерін жарым -жартылай алмастыру арқылы: 
Жоғарыда келтірілген мысалда модуляция схемасы 
до- ма -
жор  дан  си-мажорға  кенеттен алмасып, сол себепті до- ма жор-
дағы тоникалық секстаккорд си-мажорды ІІ төмендетілген бас-
қышындағы секстаккорд ретінде қаралады жəне де тікелей жаңа 
тоналдықтың каданстық квартсекстаккордына көшіп, одан əрі 
Д
7
 
арқылы шешілім тауып, тоникаға ауысады. Кенеттік модуля-
циялар азайтылған кіріспе септаккорд жəне доминантсептаккорд 
(модуляцияның осы тəсілдері гармония пəнінде тереңірек оқы -
лып зерттеледі) арқылы да жүзеге асырылады. 

152
Ауытқу – бұл, бастапқы тоналдықтан уақытша кетіп, содан 
кейін негізгі тоналдыққа қайта оралу. 
Салыстыру – бұл, қандай да болсын дайындықсыз немесе 
бай  
ланыссыз шығарманың жаңа тоналдықтарда пайда болып, 
қайталануы. 
Тап сол бір тоналдықтың, дайындықсыз қайталаудың кез  кел-
ген көлемді пьесаларда бүтіндей композиция үшін тым маңызды 
мəні бар, бірақ ең алдымен ірі формадағы шығармаларда, əсіресе, 
циклдік шығармаларда (мысалы, сонатада жəне де симфонияда), 
сондай-ақ, күрделі музыкалық-сахналық, опера сияқты жанрлар-
да тиісті тоналдық жоспарда құрылады. 
Сонымен, соната мен симфония мазмұндамасында басты да 
жанама тақырып, əдетте қарсы тұрушы бейнелерді көрсететін 
тұстар міндетті түрде əртүрлі тоналдықтарда жазылады. Сөйтіп, 
тақырыптық қарсыластыққа бұл жерде тоналдық қарсыластық 
та қосылады (бұл мəселелер “Музыкалық форма” пəнінде толық 
қаралып, зерттеледі). 
Секвенциялар. 
Анықтама. Секвенциялардың құрылымы
Секвенция дегеніміз – белгілі бір интервалдар бойымен, 
небір əуендік немесе гармониялық айналымның жоғары неме се 
төменгі бағытта ауыспалылығы (таза октавалық жоғары неме се 
төмен қайталануды секвенцияға жатқызуға болмайды). Ауыспа-
лы музыка материалы кезінде мелодиялық-ырғақтық өрнек пен 
гармониялық негіз сол қалпында сақталады. Бірақ олар əркез  не 
басқа басқыштарда, не басқа тоналдықта үн шығарады. Соң ғы 
жағдайда секвенция транспозицияға жақын жəне деладтық иіліс-
ті сақтаған кезде, бұл екі түр бірігіп, тұтасады.
Секвенциялық ауыспалылықтың негізіне салынған айналыс 
секвенциялық мотиві немесе бөлшегі деп аталады. Ол дыбыс  тар 
биіктік жоғарылығы жағынан да əртүрлі жəне аккордтардың  да, 
ең кем дегенде, екі түрінен (əуендік секвенцияда) тұруы мүмкін. 
Ал кейде əжептəуір дамып жетілген болып та келеді. 

153
Секвенцияның ұзындығы көп жағдайда бүтіндей (яғни, оның 
бойындағы тізбек топ саны) сол əуендіктің ішкі құрылысы іспет-
ті музыканың орындалу екпініне де байланысты. Егер звено  лар 
жеткілікті көп, ал екпіні жай болса,– онда олар аз (үш-төрт) бо-
лады, егер звенолары қысқа, ал екпіні жылдам болса, онда олар 
əжептəуір көбірек болуы мүмкін. Секвенция, ең кем дегенде, екі 
звенодан құрылуы ықтимал: 
Секвенцияның звеносын (мотивін) жылжытып жүретін ин-
тервал 
ауыспалы интервал (немесе секвенция адымы) деп ата-
лады. Ол звенолардың алғашқы дыбыс (аккорд) арақатынасымен 
тұрақтанады. Ауыспалы интервал тұрақты (тап сол секвенция 
үшін) немесе ауыспалы (яғни, секвенцияның даму процесінде 
өзгереді) болуы мүмкін.
Əдетте секвенциядағы звенолар ауыспалылығы тар интервал-
дарда (секундада, терцияда, квартада) жасалады, өйткені олар -
дың кең интервалға (мысалы, квинтаға немесе секстаға) ауыс-
палылығы (мұндай жағдайлар музыкада болып тұрады) тегінде 
секвенция болғанмен, регистрлік салыстыру болып қабылданады. 
Алайда кей кездері мұндай салыстырулардың күш 
ті əсері тар 
интервалдарға ауыспалылығы кезінде пайда болады.
Бұл жағдайда секвенцияның форма бөлімдері емес, қарапа-
йым емес звенолары саналатын ірі құрылымдар – периодтың 
(кезеңнің) бөлімдері секвенциялық ауыспалылыққа ұшырайды. 
Оқу орындарында осы секвенцияның орындалуы алғаш 
қы 
звено-октава көлемінде (екі, үш октавамен, жоғары немесе тө-
мен) қайталанып жеткен кезде ғана шешіледі деп есептелінеді. 
Секвенцияның түрлері
Тоналдық белгілеріне қарай секвенция екі түрге бөлінеді:
1) тоналдық (немесе диатоникалық);
2) модуляциялық (мұның өзі хроматикалық жəне транс пози-
циялық болып екіге бөлінеді).
Тоналдық дегеніміз – тап сол ладтың шекарасынан шық-
пайтын секвенция. Оның ішіндегі əртүрлі басқыштардың ауысу-
шылықтары бір тоналдықтың ішінде жасалады. Сондықтан да 
звено ішіндегі əуендік, ырғақтық өрнек пен гармониялық айна-
лымның жалпы сүлдесін бүтіндей сақтағанда, олардың ішінде 
11–937

154
интервалдар (немесе аккордтардың интервалдық құрылымы 
на 
сəйкес) атауы біркелкі келетін тондық шамалар əлсін-əлсін өзге-
ріп отырады, алайда секвенцияның бүтіндігін бұзбайды.
Модуляциялық секвенция дегеніміз – даму процесі кезін  дер 
уақытта тональдік қозғаулар (өзгерулер) болып жататын секвенция.
Қозғалыстағы секвенция бөлшектері əртүрлі тоналдық 
 
т 
ың 
сол баяғы бір басқыштарынан құрылады. Модуляциялық секве-
н цияның хроматиялық жəне транспозициялық түрінің арасында-
ғы айырмашылық мынадан тұрады: олардың алғашқысы тектес 
тоналдықпен дамып өркендейді, ал екіншісі əртүрлі, тектес емес 
тоналдықпен тікелей салыстырылады. Өйткені қозғалыстар, əдет-
тегідей, қандай болмасын өзгермейтін интервалда (мысалы, кі ші 
секундаға немесе үлкен терцияға жəне т.б.) жасалып, іске асады.
Бұл жағдайда əртүрлі терция немесе таза кварта бойымен ауы-
сып отырған кезде хроматиялық секвенцияның алыс тоналдық қа 
əкеліп соғарын əрқашан ескерген жөн. Өйткені көрші секвен-
ция бөл шектері арасында тектес тоналдықтардың арақатына  сы 
сақталады. 
Тектес тоналдықтар арасында мажорлық та, минорлық та 
болғандықтан, хроматикалық секвенцияның ладтық қасиеті-
не сəйкес келетін бөлшектеріне міндетті түрде түзету енгізуі міз 
 керек. Транспозициялық секвенцияда бөлшектегі ладтық қасиет 
өзгермейді, сондықтан да алғашқы əуеннің қайталануы тіп 
 
тен 
дəл шығады. Міне, осының өзі модуляциялық секвенцияның түр-
атауын тұрақтандырады. 
Секвенцияның мəн-мағынасы
Секвенция музыкалық шығармалардың дамуының ең айқын 
құралы болып табылады жəне де композиторлар мұны кең қолданады. 
Əсіресе, шығарманың даму бөлімдерінде, сол сияқты, шиеленісті 
(немесе керісінше бəсеңдету) қыздыра түсу, шарықтау шегіне жеткізу 
құбылыстарында пайдаланылады. Секвенттік қозғалыстың өз бағыты 
елеулі мəнге ие. Сонымен, жоғарылайтын секвенция дыбыстың 
күшеюімен, екпіннің шапшаңдығымен ерекшеленеді, ол музыка 
шиеленісінің анағұрлым өсуіне əкеліп соғады. Ал динамикалық азай-
ту, шиеленістің жалпы деңгейін бəсеңдету– төмендейтін секвенцияға 
тəн. Əйтсе де, кейде бəрі керісінше де болып келуі мүмкін. 
Сонымен қатар (сирек те болса), күрделі секвенциялар да 
кездесіп отырады, онда əр бөлшек кішігірім секвенция құрады. 

155
ІХ т а р а у
ТРАНСПОЗИЦИЯ
Транспозиция (латынша transposіtіo – көшіру, орын ауыстыру) 
деп музыкалық шығарманы қандай да болмасын бір интервалға 
жоғары немесе төмен, болмаса бір тоналдықтан екін ші тоналдыққа 
көшіруді айтады. Транспозиция, яғни көшіру бел гілі бір дауыстың 
не аспаптың характері мен техникалық мүм кіндігіне музыкалық 
шығарманың тесситурасы сай келмеген жағ дайларда пайдаланы-
лады. Тесситура (итальянша tessіturo – ткань) – əн салатын дауыс 
пен аспаптардың мүмкіндік шегіне (диапо 
зондарына) қатысты 
дыбыстардың музыкалық шығармадағы биіктік жағдайы.
Тəжірибеде аспапта сүйемелдеушінің алғашқы жұмысынан 
бастап-ақ шығарманы өзіндік (оригиналдық) емес, басқа тонал-
дықта ойнау қажеттігі жиі кездесіп тұрады. Жаттығу кезін 
де не-
гіз гі тоналдықта үлкен тұрақтылыққа ие болу үшін, дирижер хор-
мен жұмыс істеу барысында репертуарды (жоспардағы музы калық 
шығармаларды) неғұрлым жоғары тондарда жиі қайталап шығады. 
Музыка маманын оқытуда ладты сезіну, тоналдықты ажы-
рата білуге, əуендік жəне гармониялық есту қабілетін дамытуға 
ерекше назар аударылады. Бұл ерекшеліктерді кəсіқойлық құрал 
ретінде игеру гармония, сольфеджио сабақтары мен партитураны 
оқып-білу арқылы жетілдіріледі. 
Трансляцияның басқа формалары кейбір үрлемелі аспаптардың 
ойнау негіздерімен байланысты. Труба, валторна, кларнет, корнет 
ағылшын рожогі сияқты аспаптар партияларының тарихи даму 
барысында оларды партитурада үлестеуде өзіндік дауысталуы-
нан белгілі бір айналымға жоғары, не төмен жазуға тура келеді. 
Мысалы, қазіргі симфониялық оркестрде валторна үлестеу пар-
титурада таза квинтаға жазуға тура келеді. Мысалы, қазіргі сим-
фониялық оркестрде валторна үлестеу партитурада таза квин-
таға төмен орналасқан тоналдықта дауысталады, ал кларнет іn 
“A” кіші терцияға төмен дауысталады. Мұндай орындаушылық 
дəстүр апликатураның жайлылығы, ноталардың оқуға жеңіл қа-
ра пайымдылығын арттыруға байланысты болып келеді. 

156
Транспозицияның əдістері
Транспозицияның негізі үш тəсілі бар: 1) берілген интер-
вал бойын ша транспозициялау (кейде ладотоналдық əдіс деп те 
атайды) – барынша кең жайылған əдіс. Оның тəсілі төмендегі-
дей: шы ғар маның түпнұсқасының тоналдығын айқындап алып, 
со 
дан соң көшетін тоналдықты айқындап, оның кілттік бел 
гі-
лерін қойып шығу керек. Енді көшірілетін шығарманың əр бір 
ды быс тарының, интервалдарының жəне аккордтарының ладо-
функ 
ционалдық жəне өлшем-ырғақтық мағынасын айқын 
 
 
дап 
жə не əуеннің фразалық, мотивтік түйіскен пішіндерін де анық-
тау қажет. Ақырында көшірілетін текст жоғарыдағы көрсетіл  ген 
жай  ларға орай жаңа тоналдыққа көшіріледі. Жаңа тоналдықта-
ғы альтерацияның кездейсоқ белгілерін (егер олар болатын бол-
са) тексеріп жазу шарт. Мысалы, “Соль” мажордан үлкен тер -
цияға төмен транспозиция жасауымыз керек делік. Сонда жа  ңа 
тоналдығымыз – “миb” мажор болмақ (үш бемоль кілттік таң-
басы бар). Кілттің жанынан үш бемольдер таңбаларын (cиb: 
миb: ляb) қойып аламыз. Содан кейін шығармадағы барлық нота-
ларды “миb” мажор тоналдығына көшіреміз (əрине, алдын  ала 
түпнұсқалық тоналдықтың ладофункционалдық жəне өлшем-ыр-
ғақ тық сəйкестігін тексере отырып): 
Келесі (екінші) тəсіл – хроматикалық жарты тонға (төмен, жоғары) 
транспозициялау (мысалы, до минордан до-диезминорға, не Сиb 
мажордан Си-мажорға, т.с.с.). Бұл жағдайларда тек кілттік белгіле рі 
ғана өзгереді. Барлық ноталық таңбалар ноталық стан дағы орында-
рын сақтайды. Кездейсоқ альтерациялық бел гі лер жаңа тоналдықта, 
өздерінің жоғарылаушы, не төмендеуші мағы 
насы сақталатын 
дай 
етіліп жазылулары керек (егер, олар кез де се қалса):
Халық əні “Ауылымда” (үзінді). 

157
Кілттерді өзгерту арқылы жасалатын транспозиция (үшінші 
түрі) қазір сирек қолданылады. Бұл əдісте ноталық таңбалардың 
ноталық станда орналасулары сақталады. Шығарманың алғашқы 
тоналдықтағы тоникасы транспозицияланған тоналдықтың тоника-
сына орын береді. Біздің ойлауымызбен бар кілттердің ішінен ноталық 
станда жаңа тоника өз орнын сақтайтындай кілт таңдалып алынады. 
Содан соң жаңа кілттің жанынан жаңа тоналдықтың кілттік белгілері 
жəне тиісті нота таңбаларының алдына кездейсоқ альтерациялық 
белгілер қойылады. Сонымен, мысалы скрипка кілтінде жазылған бір 
шығарманы алайық (тоналдығы – миb- мажор). Енді скрипка кілтін – 
альт кілтімен ауыстырсақ, миb-мажордағы шығармамыз фа-мажорда 
болып шыға келеді. (фа-мажорда біркілттік белгі – (сиb) бар. Сол сиb 
таңбасын альт кілтінің жанынан жазып, шығарманы сол бұрынғы 
ноталық стандағы орындарында қалдырып, өзгеріссіз жазамыз. Тек 
кездейсоқ альтерациялық белгілер өздерініңмағынасын сақтайды: 
Біржан-салдың əні “Алқара көк”. 

158
 
Х т а р а у
 
ƏУЕН. 
ƏУЕН ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Əуен дегеніміз – өзінің жүйелік қиысу жағынан белгілі əсемдік 
тауып, көркемдік жағынан бүтін бір бейне болып, лад пен өлшем-
ырғақтағы өзара қатынаста үйлескен бірдауысты дыбыстардың 
тізбегі (
əуен, гректің melodіa – əн айту, өлең, əн, əуез деген сөзінің 
баламасы).
Əуен əн айту, əн салу барысында туған. Ол сонау ерте заман-
нан бастап қазірге дейін адамның ішкі жан-дүниесін тебірентіп 
келеді. Халық əуендері қашан да халық өмірімен бірге жасай-
ды (мұны, əсіресе, халық əндерінен байқауға болады). Əуен 
– музыкалық шығарманың негізі болып табылады. Ол жеке өзі 
көркем бейнені терең де жан-жақты көрсете алады. Əуен шығара 
білу – композитордың дархан дарыны. Əлемнің ұлы композитор-
лары барлық уақыттарда да əуеннің музыкадағы алғашқы мəнін 
мойындаған, демек əуенсіз музыкалық шығарма болмақ емес.
Əуен жəне тақырып (тема) ұғымдарын ажырата білу қажет. 
Тақырып шығарманың бейнелік (образдық) мағынасының не-
ғұрлым жарқын да көрнекі жақтарын топтастырады жəне музы-
калық форманы айқындауда қызмет атқарады. Көлемі жағынан 
үлкен музыкалық шығармаларда əуен – тақырып ретінде беріле ді 
де, содан кейін шығарма сол тақырып бойынша (немесе соның 
төңірегінде) дамиды. Сондықтан шығарманы тыңдау үстінде та-
қырып біздің есімізде сақталып, шығарманы санамызға музы ка-
лық тұтастықпен қабылдауға мүмкіндік туғызады.
Барлық тақырып бірдей əуенді бола алмайды. Мысалы, таза 
аккордтардан тұратын гармониялық тақырыптар болады. Олар-
дың əуендік бастамасы əдетте тақырыптылықта. Əуен көп-
теген көркемдік шығармашылықтың жинағы ретінде негізгі рөл 
атқарады. Солай бола тұра қайсыбір əуеннің тақырып қызметін 
атқара алмайтын жағдайлары да болады. 
Əуеннің өзіндік ерекшеліктері мен қозғалыстық бағыттары
Əуен музыкалық дыбыстардың өзара қатынасын ұйымдас-
тырудағы түрлі формалардың негізінде, ең алдымен ладтық жə-
не ыр ғақтық қалыптасу негізінде туып, пайда болады. Алайда, 

159
əуеннің өзіндік ерекшелігі боп дыбыстардың музыкалық-биіктік 
арақатынасы саналады; оның нақты бір ладтық-ырғақтық 
жағдайларында байқалатын көлемі мен бағыты, яғни əуендік ин-
тервалдар оның дамуына негізгі ықпалын тигізіп, жол ашады. Бұл 
орайда интервал белгілі бір эмоциялық сергектікті көрсететін, 
бірнеше дыбыстардан тұратын интонацияны, қарапайым мағы-
налы құрылымды тізеді: 
Бірыңғай тұтас басқыштар бойымен қозғалып құрылған əуен-
дер аз. Əуендер көбінесе бірыңғай, біртіндеп қозғалу тəсілімен 
жиі алмасып, үйлеседі. Секірістік қозғалыстардың да түрлі үйле-
сімдерінің болуы мүмкін. Барынша табиғи болып табылатын 
əуен дік қозғалыс – бір бағыттағы секірісті керісінше бағыттағы 
бірың ғай қозғалыспен толықтыру іспетті. Мұндай əуендерде 
икем ді нəзік бағыттар пайда болады: 
Əуеннің кең интервалдары ерекше интонациялық əсем мəнер-
лікке ие болады. Олар əуеннің тынысын, əнді орындау мүмкін дік-
те рін кеңейтіп, толықтырады. 
Бірнеше секірістердің бір бағытта болуы созып айтудың ауқымын 
кеңейте түседі. Бұл тəсіл аспапты музыкада жиі кезде седі: 

160
Ауқымды, секірістерге толы вокалды əуендер үні ерекше 
айқын екпінмен шығады:
Кейбір əндегі кең ауқымды интервалдардың мəнерлілігі лад-
тық жəне ырғақтық амал-əдістермен күшейтілген. Ладтың тұрақ-
сыз дыбыстары əрбір кең секірістер де тактінің келелі уақытымен 
жүзеге асқан, мұнда кейбір басқыштар бір-бірінен белгілі бір 
арақашықтықта жатқандықтан тұрақсыз дыбыстар кейде бірден 
шешілімін таппайды. Бұдан үлкен даму туады. 
Интервалдық аралық оқшаулану секірістері тегінде, əуеннің 
өзіндік ерекшелігін айқындайтын құрал ретінде қызмет атқарады, 
оған өзіндік өң-қасиет береді. Полифониялық ұғымдағы көптеген 
əуендер салыстыру тəсілімен құрылған өзіндік интонациялық ай-
налым секіріс ретінде берілген жəне де мəнерлілігі жағынан ба-
рынша бейтарап бірыңғай, біртіндеген қозғалысты білдіреді.
Ауқымды аралық секірістердің көптігі көркем өлең ырғағына 
жақын əуендерге тəн интонацияларға əкеп тірейді. Еркін көркем 
сөз ырғағына жақын мəнерлілікке аспаптық əуен арқылы саналы 
түрде жете түсінуге болады.
 

161
Əуендік қозғалыс бағыты
Əуендік қозғалыс бағыты (əуендік өрнек) дегеніміз – жоға-
рылаушы жəне төмендеуші интервалдар мен сол сияқты жоға-
рылаушы жəне төмендеуші əуен толқындарының жиынтығы. 
Əуендікте жоғарылаушы жəне төмендеуші қозғалыстардың ара-
қатынасы қарқындарының теңселу шегімен бағыттарының ауы-
су жиілігі əртүрлі болуы мүмкін. Əрқайсысында əуендік толқын 
барынша жарқын көрінгенмен, көптеген əуендер толқын сынды 
кейіпте болады.
Əуендік қозғалыс бағытының əртүрлі құрылымдары ішінен 
барынша кең таралғандарын аламыз.
1) Толықтырылған кішігірім аралық интервалдық секірістерден 
тұратын əуендер.
Оларда ұзақ жоғарылаулар мен төмендеу жоқ. Оларға əуендік 
толқын емес, нəзік ырғақты толқынысттық бейне тəн. Мұнда 
əрбір кішкентай ғана секіріске кері қозғалыс та пайдаланылады. 
Осыған орай төмендегі əуендік өрнекті қарап көрейік: 
Əр жоғарылау мен төмендеудің салмақтылығы мен бір кел кі-
лігінің сай келушілігі нəзік, ырғақты, əрі үйлесімді əуен ту ғы за-
ды. Мұндай жағдайлар қазақтың жəне орыстың созып айтылатын 
халық əндеріне тəн. 
2) Əуендік толқынымен айқын көрінген əуендер.
Мұндай əуендер ұзақ мерзімді жоғарылау мен төмендеудің 
бірігіп үйлесуінен құрылады. Оларда төмендеуші жəне жоғары-
лаушы қозғалыстар, не болмаса олардың үйлесімдік байланысы 
айқын көрінеді: 

162
Жоғарылаушы жəне төмендеуші толқындар өзара қабаттасып 
келуі де мүмкін (жоғарыдағы музыкалық шығармалар осы пікірді 
дəлелдейді).
3) Əдетте бір ойнақы қалыпты, мазмұндылықты бейнелейтін 
бір ғана дыбысқа қайтып оралатын əуендер: 
Əуеннің құрылуы, нақыш-ырғақтық даму негізі, 
шарықтау шыңы
Музыкалық тіл, бұл да кəдімгі əдеби сөйлеу тілі сияқты, 
құрылымдар деп аталатын үлкенді-кішілі бөлімдерге бөлінеді. 
Олардың аралық шектелуі цезура деп аталады (цезура лат. – бө-
лу деген мағынада). Цезура ырғақтық тоқталыстарда, үзілістер 
мен қайталау кезеңдерінде пайда болады. Гомофондық музыка-
да негізгі құрылымдар болып табылатындар – 
кезең, сөйлем, 
фра за (мотивтер тізбегі), мотив (дыбыстар тізбегі). Кезең деп 
салыс тырмалы түрде аяқталған музыкалық бір ойды білдіретін 
фор маны алайық. Ол əдетте 8 не 16 музыкалық ұядан (тактіден) 
тұ рады да, жеке сөйлемдерге бөлінеді (көбіне 2 сөйлемге). Ал 

163
сөй лемдер фразалардан, фраза мотивтерден, мотив субмотивтер-
ден құрылым табады. 
Əуендер қашанда өзінің ішкі құрылымы мен нақыштық ло-
гикасы арқылы аяқталған белгілі бір түсінікті білдіреді. Ол кезең 
формасымен де дəл келуі мүмкін, бірақ кейд барынша еркін 
құрылымда бола алады (əсіресе, халық музыкасында тактілерінің 
саны əр түрлі болып келеді). Бұл жағдайда ол бірінен соң бірі 
келіп, əуендік шешілімнің бір ғана өрнегін жасайтын фраза 
қатарларынан тұрады.
Əуенде нақыштық даму қарсыластық қозғалыстар мен қай -
талау негізінде де жүзеге асады. Дамудың негіздерін атап көр-
сетейік: 
1) Фразалардың мазмұндық, нақыштық жағының үйлесуінен 
құрылған қарсыластық қозғалыс негіздері.
Мысалы: 
2) Қайталау негізі – ұқсастық. Қайталаудың нақты түрі жəне 
өзгерген түрі болуы мүмкін. Өзгерген түрінің ішінен мыналарды 
ажырата білу керек: 
а) əуенге аз ғана өзгерістер кіргізетін, негізінен сырттай 
əшекейлігін көрсететін, түрлендірілген түрін қайталау:
А. Жұбанов, “Тəжік биі” №5 (ортаңғы бөлімі) 
ə) сапалы даму, əннің нұсқалары сақталғанмен, оның сырт 
көрінісін өзгертетін варианттық қайталау. Бұл даму негізі шығар-
маның өз əуенділігінен туады.
Ол кең үнді созылып айтылатын халық əндерінен байқалады: 
Халық əні: «Ақбақай» 

164
б) секвенция – басқа биіктікте əуендік жəне ырғақтық құры-
лымын сақтай отырып, əуендік айналымды қайталау: 
Ақан серінің əні «Кербез сұлу». 
Жоғарыда айтылған өрнектеп даму жолдары əуенде өзара 
бірлесіп əрекет жасайды. Нақты қайталаулар сырт көріністерінің 
өзгеруімен, секвенциялармен, сондай-ақ жаңа əуендік 
құрылымдармен үйлесе алады.
Қайталаулардың фразалардың қарсыластық қозғалыс негіз-
дерін салыстыру мен ырғақтық аялдаулардың нəтижесінде 
өрнектеп даму жолдарын ашуға жағдай жасайтын əуендік 
бөлшектену пайда болады. 
Бөлшектену дəрежесі түрлі тарихи стильдердегі əуендерде 
əртүрлі болады. Мысалы, полифониялық стильде бөлшектену 
тойтарылып, үздіксіз даму басым түседі. Ал гомофондық- 
гармониялық тұрғыдағы əуендерге, керісінше, əуеннің формасын 
(көлемін) бөлшектеуге, яғни кезеңді – сөйлемдерге; сөйлемді 

165
– фразаларға; фразаны – мотивтерге (субмотивтерге) бөлу тəн 
қасиет. Бұл орайда, кезең – сөйлем, фраза тактілерінің біркелкі 
санынан тұрса, бөлшектену симметриялы болып келеді (мұндай 
жағдай көбінесе классикалық музыкаға тəн). Егер екі фразаға 
(осылардың қосындысына) бір үлкен құрылым тең болса, онда 
мұн дай əдіс “қосу” деп аталады.
«Қосуға» қарама-қарсы əдіс – «бөлшектеу» болып табылады, 
бір бүтін үлкен құрылымнан бірнеше кішкентай құрылым туады. 
Əуен дамуының ең жоғарғы сатысы – оның шиеленісу шыңы, 
кульминация (латынша culmen – шың деген мағынада) деп ата-
лады. Кульминация бірте-бірте шабытты биіктікке жоғарылаумен 
дайындалуы мүмкін. Бұл жағдайда ол көп уақыт дайындалады, 
сондықтан да ол шығарманың биіктік шыңы болып, əрі шығарма 
жарқын шығады. Осы ретте секвенция үлкен рөл атқарады. Куль-
минация сондай-ақ аралық секірістің көмегімен де жүзеге асуы 
мүмкін:
Е. Брусиловский. “Дударай” операсынан. 
Шиеленісу шыңы – лад, ырғақ, қозғалыс əсерлігі мен түрлі 
əуендік өрнектермен дамып, өрбиді.
Вокалдық музыкада кульминация барынша текст сөзінің 
маңызды мағынасын ашуға көңіл аударады. Кульминациядан кейін 
шиеленіс бəсеңси төмендеп, мелодия аяқталады. Сондықтан да, 
шиеленісу шыңы көбіне əуеннің екінші бөлігінде немесе соңына 
жақын (форманың төрттен үш бөлігінде) орналасады. Əуеннің 
барынша шарықтай шалқып басылу сəті төменгі дыбыстардың 
бірінде болуы да мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет