107 vітара у ортағасырлық диатоникалық халық ладтары



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата28.12.2016
өлшемі9,17 Mb.
#649
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

9
ғағын келтіру жағдайына байланысты əртүрлі мақсаттық қоз-
ғалыста болады. Мысалы, ре-диез бен соль-диез дыбыстары 
өзде ріне жарты тон жоғарыда орналасқан дыбыстарға төменгі 
кіріспе тон ретінде күшті тартылыс жасап шешіледі (ми мен ля 
дыбыстарына). Солай бола тұра, бұл дыбыстарға энгармонизмдік 
тең ми-бемоль мен ля-бемоль дыбыстары жоғарғы кіріспе тон 
ретінде төмен қарай тартылыс жасап шешілім табады (
ре мен 
соль дыбыстарына):
Мұнда жарты тондық тартылыс қасиеттерінің төменге қарай 
тартылысына қарағанда, жоғарыға қарай тартылыстарының күшті 
екені музыка тəжірибесінде белгілі. Бұл тартылыс қасиеттері 
интервалдарға, əсіресе, азайтылған, ұлғайтылған интервалдарға 
тəн қасиет. Турасын айтсақ, дыбыстардың бұл қасиеттеріне му-
зыка орындаушылар үлкен мəн беріп, дыбыстардың бір-бірімен 
ладтық-функционалдық байланыстарын айқындап, ұғынуды та-
лап етеді. Музыка орындаушыларының ладтық-функционалдық 
сезімталдығы жақсы дамыған болса, музыкалық шығарманың 
мағынасын жетік түсініп орындауына көп мүмкіндік береді. 
Жоғары жəне төменгі биіктіктегі музыкалық дыбыстар
Дыбыс қатары
Музыкада “жоғары биіктікті” жəне “төмен биіктікті” дыбыс-
тар деген ұғымдар бар. Жоғарғы биіктіктегі музыкалық ды-
быстарға əйелдер мен балалардың, флейта, скрипка, сондай -ақ 
фор 
тепианоның оң жақ жартысындағы клавиатураның үндері, 
яғни тербеліс жылдамдатылған дыбыстар жатады. Төменгі му-
зы калық дыбыстарға ер адамның даусы, оркестрдегі жуан ды-
бысты аспаптардың, сондай-ақ фортепианоның сол жақ жар-
тысындағы клавиатураларының дыбыстары, яғни тербеліс жиілігі 
баяулатылған дыбыстар жатады.
Осындай негіздерге сүйене отырып, дыбыстарды өзара са-
лыстыру арқылы қайсысының жоғары биіктікте, қайсысының 
төменгі биіктікте екенін ажыратуға болады. 
Дыбыстарды кез келген музыкалық аспаптарға, болмаса 
адам дауыстарына ыңғайлағанда, алдыңғыға қарағанда кейінгі 

10
дыбысты жоғарырақ немесе төменірек орналастыруға бола-
ды. Ды 
быс 
тардың биіктік ретіне қарай белгілі бір жүйемен 
тізбектеліп құрылуын дыбыс қатары (“звукоряд”) деп атаймыз. 
Музыкалық дыбыс қатары ең төменгі дыбыстардан басталып, 
жоғары дыбыс тарға қарай басқыш тəрізді тізбектеледі:
Түрлі музыкалық ас 
-
пап        тар  мен  адам  дауыс та-
рындағы дыбыс қатары-
ның шектелу көлемі бірдей 
болмайды: ол кейбір аспап-
тарда (дауыстарда) төменгі 
жуан дыбыстар болса, кей бі реуле рінде жоғары жіңішке дыбыстар 
болып келеді. 
Көпшілікке белгілі ас пап  тардың ішінде дыбыстық қатарының 
саны жағынан ең көбі - фортепиано. Бұл аспаптар əртүрлі биік-
тік тегі дыбыстар бар. Олардың бірі - сатылап жоғарылау (оң ға 
қарай) ретімен орналасса, екіншісі - біртіндеп төмендеу (солға қа-
рай) ретімен орналасқан.
Музыкалық дыбыстардың атаулары. Октавалар
Музыкалық жүйеде негізінен 7 дыбыс қолданылады. Олардың 
атаулары мынадай: до, ре, ми, фа, соль, ля, си. Бұлар - музыкалық 
дыбыстардың буындық жүйесінің о бастағы атаулары. 1700-жыл-
дар шамасында Павел Диакон аты аңызға айналған көркемөнердің 
жебеуші құдайы - əулие Иоаннаға арнап ортағасырлық католиктік 
гимн жазған. Солгимннің алғашқы буындарын негізге алып, XІ 
ғасырда итальяндық музыкант, теоретик, əрі ұстаз Гвидо д, Ареццо 
музыкалық нота жазуын дамытты. Гимн жазылған кезде бұл атау-
лар қазіргіден басқаша болған: ym, pe, ми, фа, соль, ля, са. Кейіннен 
əуен жақсырақ айтылу үшін қолайсыз ym буыны итальяндық 
Донидің өзгертуімен до болып алынды да, 
"са" буынын Губерт 
Вельрант 
"си" буынымен алмастырған. Содан бері музыкалық ды-
быс аттарының жүйесі күні бүгінге дейін өзгеріссіз келеді.
Бұл жеті дыбыс фортепианода ақ басқыштардың (клави штар  дың) 

11
бойымен қатар түзеп, сатылап орналасып, музыкалық дыбыстардың 
төменнен жоғарыға дейінгі биіктік басқыштарын құрайды: 
Биіктік бойындағы белгілі бір деңгейде музыкалық дыбыстар 
бір-бірімен өзара тығыз байланыста орналасқан. Бір дыбыстың 
келесі сегізінші биіктікте қайталануын октава дейді (октава - лат. 
- се гізінші; дыбыс тізбегінің сегізінші басқышы деген мағынада). 
Жалпы октава аралығында орналасқан дыбыстар тізбегін музыка-
дағы келісімдік желісінде (ладта)

гамма деп атайды. (Ал “гамма” 
деп алғашында ең төменгі дыбысты атаған).
Фортепианоның ақ тілдері 52 дыбыстан тұрады (ақ пен қара 
тіл  дерін қосқанда барлығы - 88 дыбыс). Ал бұлар жоғарыда ай-
тып кеткен негізгі 7 дыбыстың сегізінші болып қайталанып окта-
ва аралық тізбегінің біртіндеп басқа биік тіктерде сан рет айналып 
келіп отыруынан пайда болады. Сонымен, фортепианодағы дыбыс 
тізбектері төменнен жо ғарыға қарай орналасқан 9 октавалық ды-
быс тізбектерінен, яғни 9 октавадан тұрады (екі шеткі октавалары 
толық емес). Олар: 1) Субконтр октава (толық емес –Ля
2
,Си
2
), 2) 
Контроктава, 3) Үлкен октава, 4) Кіші октава, 5) Бірінші октава, 6) 
Екінші октава, 7) Үшінші октава, 8) Төртінші октава, 9) Бесінші 
октава (толық емес – до
5
).
Негізгі музыкалық дыбыстарға буындық атаулармен қатар
əріптік атаулар да берілген (оларға латын əріптері қолданылады).
Буындық атаулар: до, ре, ми, фа, соль, ля, си. 
Əріптік атаулар: c, d, e, f, g, a, h.
Октаваларды анықтау үшін нота жазуында дыбыс атауларының 
оң жағына цифрлық таңбалар қойылады. 
1) Субконтроктаваның дыбыстары бас əріппен жазыладыда, 
оң жақ астынан “2” цифрымен белгіленеді: Ля
2
, Си
2
немесеА
2
, Н
2
;
2) Контроктаваның дыбыстары бас əріппен жазылады да, оң 
жақ астынан “1” цифрымен белгіленеді: 
Лад дегеніміз – дыбыстардың музыкадағы өзара бірлестік қатынастарының жүйесі. (Бұған 
кейін тағы ораламыз.)

12
До
1
, Ре
1
, Ми
1
, Фа
1
, Соль
1
, Ля
1
, Си
1
,
C
1
, D
1
, E
1
, F
1
, G
1
, A
1
, H
1
;
3) Үлкен октаваның дыбыстары тек бас əріппен жазылады:
До, Ре, Ми, Фа, Соль, Ля, Си,
C, D, E, F, G, A, H;
4) Кіші октаваның дыбыстары тек кіші əріппен жазылады:
до, ре, ми, фа, соль, ля, си,
   c, d, e, f, g, a, h.
5) Бірінші октаваның дыбыстары кіші əріппен жазылады жəне 
оң жақ шекесінен 1 цифрымен белгіленеді:
до
1
, ре
1
, ми
1
, фа
1
, соль
1
, ля
1
, си
1

c
1
,d
1
, e
1
, f
1
, g
1
, a
1
, h
1

6) Екінші октаваның дыбыстары кіші əріппен жазылып,оң 
жағынан сəл жоғары 2 цифрымен белгіленеді (си
2
); үшінші окта-
ваның дыбыстары кіші əріппен жазылып, оң жағынан сəл жоғары 
3 цифрымен белгіленеді (си
3
); төртінші октаваның дыбыстары кіші 
əріппен жазылып, оң жағынан сəл жоғары 4 цифрымен белгіленеді 
(си
4
); бесінші октаваның дыбысы (бір-ақ дыбыс - дo) кіші əріппен жа-
зылып, оң жағынан сəл жоғары 5 цифрымен белгіленеді (до).
Музыкалық дыбыстар тізбегінің жалпы шеңбер-шегі айтар-
лықтай зор жəне кейбір жеке бөлшектерінің өздерінің үндестігі 
(немесе дыбыстық бояуы) жағынан айырмашылықтары бар. Со-
нымен қатар, бір-бірімен жақын жатқан дыбыстар (мысалы, 2-3 
октава аралығында орналасқандай) мəнерлік үндестік жағынан 
жақын болып келеді. Осындай біршама жақын біркелкі я болма-
са дыбыс тізбектерінің бояулық қасиеттері жағынан бір-біріне 
ұқсас, жақын аумағын регистр деп атайды (регистр лат. тілінде 
- дəлме-дəл тізім, көрсеткіш деген мағынада).
Барлық музыкалық дыбыстар шеңбер-шегі негізінен үш регис-
трден тұрады: төменгі регистр немесе “бас” регистр, бұған - суб-
контроктава, контроктава, үлкен октава жатады; орталық регистр 
- кіші октава жəне 1-2 октавалар; жоғарғы регистр - 3-4-5-окта-
валар құралады. Бұл регистр түрлері жеке аспаптарда да, əнші 
дауыстарында да болады. Бірақ жекелеген аспаптар мен дауыс 
əуезділігінің ауқымы жалпы музыкалық шамадан төмен болады. 
Кейбір аспаптар мен адам дауыстарының диапазондары шамалас 
келеді. Ал кейбір жекелеген аспаптар мен дауыстар нақты бір ре-
гистрде бола береді. Мысалы, бас фагот, контрабас, аспаптарының 
үні мен жуан бас дауысы - төменгі регистрге; виолончель мен 

13
баритон дауысы, скрипка мен тенор дауысының төменгі дыбыс-
тары - орталық регистрге жатады; ал колоратуралық сопрано 
дауысы мен флейтаның соңғы шектелу үні бір-бір іне өте жақын 
болғандықтан, жоғары регистрге жатады жəне т.с.с. 
Нота таңбалары.  Нота жəне оның жазылу тəсілдері
 Музыкалық дыбыстарды қағаз бетіне түсіру үшін ең əуелі 
олардың биіктігі мен ұзақтығын белгілей білу қажет. Жалпы 
музыканы түсіну үшін оның осы екі қасиетін бірдей анықтап
тани білу шарт. Музыкалық дыбыстарды жазу үшін “нота” деп 
аталатын шартты таңба қолданылады. Нота (лат., итал., “nota” - 
“таңба” - деген мағынада) дегеніміз - музыка дыбыстарын жаза-
тын белгілі бір таңба. Нота - ақ немесе қара дөңгелекше болып 
келеді. (Кейде оны нотаның басы деп те атайды): о
о  . 
Музыкалық дыбыстардың əр шамадағы ұзақтығын көрсетіп 
жазу үшін жоғарыдағы дөңгелекше негізіне түрлі қосымша таң-
балар қолданылады: 
1) Таяқша (штиль) - нотаның жанына жазылады: оң жағынан 
жоғары қарай; сол жағынан төмен қарай:
Өте қысқа дыбыстарды жазу үшін нотаның жанынан қойыла-
тын таяқшаның ұшына жалаушалар тіркеледі: 
Кейде ұзақтығы бірдей бірнеше ноталар қатарынан кездессе, 
ол 
ардың ұштарын (жалаушалардың орнына) көлденең сызық-
шалармен қосып жазады. Бұлардың да өзіндік жазылу тəсілдері 
бар. Ол жалаушалы таңбалардың нота сызығында орналасуына 
байланысты:
 
Мұның өзінің де ноталық өрнектердің орналасуына қарай сан 
алуан түрлері болады. 
Енді нотаның түрлеріне нақтылы тоқтайық. Дыбыстың созы-
луына сəйкес ең ұзақ шегі көбіне “бүтін нота” деп аталатын шарт-


14
ты белгімен беріледі. Бұл нота - жоғарыда көрсетілген ақ нота, 
дөңгелекше болып келеді: О. Нотаның қалған түрлері осы бүтін нота-
ны бөлшектеу арқылы пайда болады. Сонымен, бүтін нотаны теңбе-
тең екіге бөлсек - екі жарты нота шығады: 9; бүтін нотаны төртке бөл-
сек - 4 төрттік нота келіп шығады; бүтін нотаны сегіз бөлшекке бөлсек 
- 8 сегіздік нота тізіледі: бүтін нотаны он алты бөлшекке бөлсек - 16 
оналтылық нота  шығады; 
 бүтін нотаны отыз 
екі бөлшекке бөлсек – 32 отызекілік пайда болады, т.с.с.
Бұларды былайша бөлшектерге бөлудің мынадай өзара байла-
ныстары бар: бүтін нотаны екіге бөлсек – екі жарты нота шығады;
жарты нотаны екіге бөлсек - 2 төрттік нота шығады; төрттік нота-
ны екіге бөлсек - екі сегіздік нота; сегіздік нотаны екіге бөлсек - екі 
оналтылық нота; оналтылық нотаны екіге бөлсек - екі отыз екілік 
нота; отыз екілік нотаны екіге бөлсек - екі алпыс төрттік нота, т.с.с. 
Ноталарды бұлай бөлшектеуді - негізгі əрі жұпты бөлшектеу деп 
атайды
1
. Жұпты бөлшектеу дейтініміз: бүтін нотада - 2 жарты нота; 
4 төрттік; 8 сегіздік; 16 он алтылық, т.с.с. Жарты нотада - 2 төрттік, 4 
сегіздік, 8 оналтылық, т.с.с. Төрттік нотада - 2 сегіздік, 4 оналтылық, 
8 отызекілік, т.с.с. Өздеріңіз байқап отырғандай, əр нотаның аты сол 
бөлшектің атымен байланысты аталады. 
Ноталардың ұзақтығын бөлшектеу кестесі:
Алпыс төрттік нотадан қысқа дыбыс музыка теориясында 
болғанымен, іс жүзінде кездеспейді.
Еуропалық кəсіпқой музыкада (XV-XVІІІ ғғ.) қолданылған 
“бревис” деп аталатын ноталық ұзақтықтар кездеседі. Оның со-
зылу ұзақтығы екі бүтін нотаға тең:
бревис: 
1
Негізгі əрі жұпты бөлшектеуден басқа, музыкада нотаны жұпсыз бөлшектеу немесе шарт-
ты жəне еркін бөлшектеу деп аталатын түрлері бар. Мұны кейінірек қараймыз.

15
Ал енді музыкалық дыбыстардың белгілі бір биіктігін көрсетіп 
жазу үшін, жоғарыда көрсетілген нота таңбалары көлденең жатқан 
бір-біріне параллель бес сызықтан тұратын “ноталық станға” (нота 
таңбалары жазылатын бес сызық немесе ноталық бес сызық) орнала-
стырылады. (Кейде “нотасақтауыш” деп те атайды):
Жоғарыда  көрсе тіл   гендей,  нота  таң ба ла ры  жазылатын  бес 
сы  зықтың реттік саны төменнен жоғарыға қарай саналады. Таң-
балардың нота сызығына орналасуы əрқалай болып келеді:
Негізгі ноталық бес сы-
зық өз бойына таң 
ба 
лар 
дың 
11-ін 
ға на 
ор на ластыруға 
мүм       кін шілігі  бар:  бесеуі  - 
сызықтардың өзі 
не; төр 
теуі 
- арасына; біреуі - бірінші сы-
зықтың астына жəне бі 
реуі 
- бе сінші сызықтың үс  тіне ор-
наласады. Демек, не 
гізгі но-
та лық бес сызыққа 11-ақ ды-
быс жазылады деген сөз. Ал 
му зыкада  қол данылатын  ды -
быс саны 88- 
дің айналасын-
да екенін жоғарыда айтқанбыз. Сондықтан дыбыстарды неғүрлым 
көп қолдану үшін іс жүзінде негізгі ноталық бес сызықтың үстінен 
жəне астынан қысқа-қысқа қосымша  көмекті сызықтар сызылып 
қолданылады:
Жоғарыда көрсетіл 
ген 
дей, үстінде орналасқан кө 
мекші сы-
зық  тардың рет    тік саны төменнен жо ғарыға қарай есептеледі де, 
ноталық бес сызықтың астына орналасқан көмекші сы зық тардың 
реті керісінше жоғарыдан төмен қарай саналады. Көмекші сы-

16
зықтарға ноталарды орналастыру жағдайлары дəл негізгі ноталық 
бес сызықтағы сияқты, сызықтардың өзіне, арасына, үстіне жəне 
астына жазылады:
Мысалы: 
Таңба ноталық бес сызықтың ас тын-
дағы кө мек ші сызықтың бойына (өзіне) 
орналасқан. 
Нота негізгі бес сы 
зықтың ас 
тын-
дағы үшінші көмекші сызықтың астына 
орналасқан. 
Нота негізгі бес сызық тың үстін де-
гі бір 
інші кө 
мекші сызықтың бойына 
орна ласқан. 
Таңба негізгі бас сызықтың үстін-
дегі екінші көмекші сызықтың үстіне 
орна ласқан. 
Көмекші сызықтардың саны бестен 
аспауы керек, өйткені одан көп болса, 
оқуға қиын соғады. 
Кілттер
Нота таңбалары жазылатын бес сызыққа орналасқан но 
та-
лардың белгілі бір биіктігін көрсету мен дыбыстардың атын 
анықтау үшін негізгі ноталық бес сызықтың ең басына қойылатын 
“кілт” деп аталатын ерекше белгі қолданылады. Музыкада кілттің 
үш түрі пайдаланылады. 
1) Скрипка (соль) кілті, 
2) Бас (фа) кілті
3) Альт (go) кілті.
Скрипка (соль) кілті музыкада қолданылатын жоғарғы регистр 
дыбыстарын жазуға арналған, бас (фа) кілті төменгі регистрдегі 
дыбыстарды жазуға, ал альт (go) кілті ортаңғы регистрдегі дыбыс-
тарды белгілеуге қолайлы. Енді осы кілттерде ноталардың жазы-
лу заңдарын жеке-жеке қарастырайық. 

17
1) Скрипка (соль) кілті
Скрипка (соль) кілті ноталық станның екінші сызығына орна-
ласып (кілттің орамы екінші сызықты айналдырып өтеді), бірінші 
октаваның соль дыбысын көрсетеді:
Енді скрипка (соль) кілті орналасқан ноталық бес сызықтың 
соль дыбысынан бастап, төмен қарай басқа да дыбыстарды жа-
зып көрейік:
 
Ал, егер жоғары қарай жазсақ, былай болады:
Енді осы дыбыстарды төменнен жоғарыға қарай ретімен жа-
зып көрейік:
Əрбір болашақ музыкант ең алдымен таңбаның ноталық бес 
сызыққа орналасу жағдайын меңгеруге ерекше көңіл бөлуі тиіс. 
2–937

18
Ол үшін ең əуелі дыбыстардың жоғарғы жəне төменгі сатыдағы 
орналасу тəртібін жəне октаваға бөліну жолдарын алу керек. 
(Əсіресе, көмекші сызықтарға орналасқан дыбыстарды меңгеруге 
көңіл бөлген жөн).
Дыбыстардың бірінен кейін бірінің тізілу ретін еркін игерген 
соң, олардың əрқайсысының орналасу тəртібін білу жеңілге түседі. 
2) Бас (фа) кілті
Бас (фа) кілті ноталық бес сызықтың төртінші жолына орнала-
сып (кілттің басы төртінші сызықтан басталады), кіші октаваның 
фа дыбысын көрсетеді. Кілттің жанындағы қос ноқат төртінші 
сызықтың астынан, үстінен түсіп, фа нотасы нақтылай түседі:
 Бас кілті төртінші сызықта кіші октаваның фа дыбысын көр сет-
кен жағдайда, ноталық станда мынадай дыбыстарды жазуға болады:
3) Альт (дo) кілті
Альт кілті ноталық бес сызықтың (станның) үшінші 
сызығында жазылып, бірінші октаваның дo дыбысын көрсетеді. 
Кілттің жанындағы қос ноқат үшінші сызықты асты, үстінен 
қоршап, дo нотасын көрсететінін анықтай түседі
Альт (дo) кілті ноталық станның үшінші сызығында жазылып, 
бірінші октаваның дo дыбысын көрсететін болғандықтан, жалпы 
ноталық станға мынадай дыбыстарды жазуға болады:

19
лады:
"До" кілтінің бірнеше түрлері бар. Ноталық бес сызықтың 
бір ін ші жолына орналасқан дo кілтін - сопранолық (дисканто)
1
 
кілт, екінші сызығындағысын - меццо сопранолық кілт, үшінші 
сызығындағысын, жоғарыда атағандай - альттік кілт, төртінші 
сызығындағысын - тенорлық кілт жəне бесінші сызығындағысын 
- баритондық кілт деп атайды. Осы жоғарыда аталған бес кілттің 
қай- қайсысы да бірінші октаваның дo дыбысын көрсетеді:
Ноталық   жазуда скрипка (соль) кілті мен бас (фа) кілтінің де түр-
лері кездеседі. Мысалы: “Ескі француз” деп аталатын скрипка кілтінің 
бір түрі ноталық станның 1-сызығында жазылып, 1-октаваның соль 
дыбысын көрсетеді. Бас (фа) кілтінің екі түрі кезедеседі:
1.  Баритон кілті - ноталық станның 3-сызығында жазылып, 
кіші октаваның фа дыбысын көрсетеді; 
2.  Басс-профундолық кілт - ноталық станның 5-сызығында 
жазылып, кіші октаваның фа дыбысын көрсетеді: 
Жарты тон жəне бүтін тон
Музыка  жүйесінде  дыбыстардың  дəлме-дəл,  тепе-тең       
би ік      тікке  келтірілуін 
музыкалық құрылыс (строй) дейміз. 
Бү гінгі халықаралық музыкалық құрылыс негізі - секунды-
на 440 тербелістен тұратын бірінші октаваның ля дыбысы 
1
Дисканто (көне латынша – diskantus) – ең жоғарғы дауыс.

20
болып есептелінеді. Мінеки осы бірінші октаваның ля дыбы-
сына сүйене отырып, қалған төмен жəне жоғары орналасқан 
дыбыстарды жүйелі күйге келтіріп дұрыстайды. Сондықтан 
бірінші октаваның ля дыбысы музыка əлемінде халықаралық 
биіктік өлшемінің үлгісі болып жарияланған. Кейіннен ля ды-
бысын шығаратын камертон (нем. Kammer - бөлме жəне ton 
-  
дыбыс) деп атала 
тын аспап дүниеге келген (Бірінші ойлап 
тапқан ағылшындық  Дж. Шор - 1711 ж.). Жалпы адамның 
есту, сезіну қабілеті қабылдай алатын дүниежүзілік музы калық 
шығармаларда секундына 16 тербелістен тұ ратын төменгі дыбыс, 
4179 тербелістен тұратын жоғарғы дыбыстар тізбегі қолданылады.
Фортепиано клавиатурасында ақ тілдермен (клавиштермен) 
қатар, сол ақ тілдерді екі бөлікке (екі жарты тонға) бөлетін қара 
тілдер орналасқан:
Музыка тілінде ең 
жа қын  орналасқан  екі 
ды 
быстың арасын жар-
ты тон деп атайды. Ал, 
екі 
жарты тон - бір 
бүтін тон құрайды. 
Сонымен, бір октаваның ішіндегі дыбыстардың арасы 12 
жарты тоннан немесе 6 бүтін тоннан тұрады. Фортепианоның ақ 
клавиштерінің аралығын қарасақ,   
ми-фа мен си-до дыбыстары-
ның аралықтарында қара клавиштер жоқ. Демек, бұл дыбыстардың 
арасы жарты тоннан тұрады. Ал қалған ақ клавиштердің арасын-
да қара клавиштер орналасқан. Бұл қара клавиштер жоғарыда 
айтқандай, ақ клавиштерді екі жарты тонға бөледі. 
Ақ клавиштерден тұратын дыбыс қатарының негізгі басқыш-
тарының арасы 2 жарты тоннан жəне 5 бүтін тоннан болып 
келеді. Олар төмендегідей орналасқан:
 
Негізгі басқыштардың арасында орналасқан бүтін тондар қара 
клавиштер арқылы екі жарты тонға бөлінгендіктен, октава тепе-
тең аралықта орналасқан 12 дыбыстан тұрады. (Форте пианода дo 
мен келесі дo-ның арасынан осы 12 дыбысты тауып ойнау керек.)

21
 
Көмекші басқыштар жəне олардың 
аттары. Альтерация белгілері
Дыбыстарды жарты тонға немесе бүтін тонға жоғары- төмен 
өзгертуді 
альтерация деп атаймыз (Альтерация лат. тілінде – 
өзгерту деген мағынада).
Қара клавиштерден шығатын қосалқы дыбыстарды жазу 
үшін альтерация белгілері деп аталатын шартты таңбалар 
қолданылады. Оларға жататындар: 
1) 
диез - жарты тонға жоғарылату белгісі; 2) бемоль - жарты 
тонға төмендету белгісі; 
3) 
дубль диез - екі жарты тонға немесе бір бүтін тонға 
жоғарылату белгісі;
4) 
дубль бемоль - екі жарты тонға немесе бір бүтін тонға 
төмендету белгісі;
5) 
бекар - альтерацияға қарама-қарсылық белгісі (қайта ор-
нына келтіру белгісі). Бекар белгісі қара клавиштегі дыбысты ақ 
клавишпен алмастырып, бұрынғы жазылуында орындау қажет 
дегенді көрсетеді. Сондықтан кез келген қара клавиштен шығатын 
дыбысты екіжақты (кейде үшжақты) қарауға болады. Мысалы: 
фа мен соль аралығында орналасқан қара клавиштің дыбысын 
фа дыбысынан жылжытып, яғни жарты тонға жоғарылатсақ, 
фа-диез немесе соль дыбысына жылжытып, яғни жарты тонға 
төмендетсек - соль-бемоль; ми дыбысынан жылжытып, яғни 
бүтін тонға жоғарылатсақ - ми-дубль-диез деп жаза аламыз:
(Фортепианодан тауып ойнау керек).
Сондай-ақ, 
дo мен ре дыбыстарының арасындағы көмекші қара 
клавишті 
дo-диез немесе ре-бемоль жəне си-дубль-диез; ре мен 

22
ми дыбыстарының арасында орналасқан қара клавишті ре-диез
ми-бемоль немесе фа-дубль-бемоль; соль мен ля дыбыстарының 
аралықтарында орналасқан қара клавишті соль 
диез немесе ля-
бемоль; ал ля мен си дыбыстарының арасында орналасқан қара тілді 
ля-диез, си-бемоль  немесе дo-дубльбемоль деп орындауымыз керек.
Өздеріңіз жоғарыда көріп отырғаныңыздай, альтерация 
белгілері ноталық жазудан тысқары жағдайларда негізгі дыбыстың 
атынан айтылып, жазылады: 
дo-диез, ми-диез, ля- бемоль, си-
бемоль, дo-дубль-диез, т.с.с. Сонымен, альтерация белгілері бесеу 
- диез, бемоль, дубль диез, дубль бемоль жəне бекар. Бұлардың 
ноталық жазылу белгілері төменгідей:
 
Бұл альтерация белгілері негізгі нотаның алдында немесе 
кілттің жанына жазылады. 
Тікелей нотаның алдында тұрған альтерациялық белгілерді 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет