11 Қазақстан Республикасының еңбек құқығы және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы



Дата01.11.2022
өлшемі40 Kb.
#46804

11 Қазақстан Республикасының еңбек құқығы және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы.

11.1 Еңбек құқығы пәні, әдісі, жүйесі және қайнар көздері.


11.2 Еңбек құқығы бойынша құқықтық қатынастар. Еңбек шарты. Жұмыс уақыты. Демалыс уақыты. Еңбекті қорғау. Еңбек тәртібі.
11.3 Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығының түсінігі, қайнар көздері.
11.4 ҚР-ң зейнетақымен қамтамасыз етудің құқықтық негіздері. Зейнетақы жүйесі.
11.5 Жәрдемақы түсінігі және түрлері. Міндетті әлеуметтік сақтандырудың құқықтық негізі.

Еңбек құқығы - қоғамдағы еңбек қатынасын реттейтін, құқықтың жеке саласы. Еңбек құқығының пәні деп жұмысшылардың еңбек ету нәтижесінде пайда болатын қоғамдық еңбек қатынасын айтамыз. Еңбек құқығының ұғымын 3 мағынада қарастыруға болады:


- құқық саласы ретінде-жұмысшылардың еңбек қатынастарын реттейтін құқық нормалары, институттары және қағидаларының жиынтығы болуы.
- ғылым ретінде-құқық саласына жән оның институттарына қатысты концепциялармен көзқарастар жиынтығының болуы. Еңбек құқығы ғылымының пәнін еңбек құқығы саласы немесе оның институттары және еңбек қатынастары құрайды.
- оқу пәні ретінде-еңбек құқығы курсын жоғарғы оқу орнында жүргізу оқу жоспарында көзделген.
ҚР Конституциясының 24-бабының 1-тармағында: “әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін таңдауына құқығы бар” деп айтылған. Еңбек ету бостандығының ерекшелігі мынада, жеке тұлға қалауы мен қабілетіне байланысты өз еркімен жұмыс күшін, кәсіп түрін, кәсіби дайындығына байланысты мамандығын таңдауына құқылы. Жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы қатынасты еңбек туралы заңмен, нормативтік-құқықтық актілермен және еңбек келісім шартымен реттеледі. Мемлекет еңбек қатынастарында тарап бола алмайды, бірақ ол жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы қатынастарды реттейді. Яғни, заң актілерінде мемлекет жұмысшының да, жұмыс берушінің де белгілі бір құқықтары мен міндеттері болады. Сонымен қатар онда жұмыс уақыты, демалыс уақыты, жеке еңбек келісімшартын қысқарту және өзгерту тәртібі көрсетіледі. Мемлекет арнайы орындар арқылы еңбек туралы заңның орындалуына бақылау жүргізеді.
Еңбек құқығының әдісі деп - қоғамдық қатынасты, яғни еңбек құқығының пәнін реттейтін тәсілдердің немесе әдістердің жиынтығын айтамыз. Пәні мен әдісі өте тығыз байланысты. Егер пәні еңбек құқығымен не реттеледі деген сұраққа жауап беретін болса, ал әдісі-еңбек құқығы өз пәнін қалай реттейді деген сұраққа жауап береді. Пәні жеке құқық саласы екендігін анықтайтын негізгі болып табылса, ал әдіс қосымша болып табылады. Сондықтан еңбек құқығына мынадай әдістер тән:
- еңбек қатынастарын орталықтандырылған реттеу мен ішкі реттеудің ұйқасу тәсілі.
- еңбек қатынасының пайда болу жән етоқтату кезіндегі келісім әдісі.
- еңбек қатынасын жеңілдікпен реттеу.
- марапаттау әдісі, мәжбүрлеу әдісі.
Жеке еңбек келісім шарты-бұл жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы келісім. Яғни, келісім бойынша жұмысшы өзінің мамандығы, классификациясы бойынша еңбекті орындауы және ішкі еңбек тәртібін бұзбауы қажет. Ал жұмыс беруші өз тарапынан жұмысшыға еңбек жасауға жағдай туғызып, уақытылы айлығын төлеп тұруы тиіс.
Жеке еңбек келісім шарты мына негіздерден тұрады:
тараптардың реквизидтері (жұмыс берушінің толық ақпаратары, заңды тұлғаның орналасқан орны, атауы, тіркелген күні);
жеке еңбек келісім шартының мерзімі;
еңбек жауапкершілігінің басталу мерзімі;
еңбек жағдайының сипаттамасы;
жұмысшының кепілдігі мен төлемдері;
жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі;
жұмыс беруші мен жұмысшының құқықтары мен міндеттері;
жеке еңбек келісім шартын өзгерту, бұзу мен ұзартудың тәртібі.
Тараптардың келісімі бойынша жеке еңбек келісім шартына басқа да жағдайларды енгізуі мүмкін. Қажетті құжаттар:
Жұмысшының жеке куәлігі.
Әлеуметтік жеке коды (СИК).
Білімі мен кәсіби жайындығын куәландыратын құжат (Диплом).
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (РНН).
Өтініш.
Медициналық анықтама.
Зейнетақы қорымен келісім шартқа тұру (айлықтың 10 % аудару міндетті).
Келісім шартты құрғаннан кейін жұмыс беруші жұмысшыны жұмысқа алу туралы бұйрық шығарады. Бұйрықта жұмысшының кім ретінде қабылданғаны, қандай уақыттан бастап, қандай мерзімге кей жағдайларда еңбек ақысының мөлшері көрсетілуі мүмкін.
ҚР-ның жеке еңбек келісім шартының 3 түрі көрсетілген:
Белгісіз мерзімге құрылған.
Белгілі бір уақытқа құрылған.
Уақытша жұмыс істеу немесе белгілі бір жұмысты орындау үшін құрылған келісім шарт. Жеке еңбек келісім шартын құруда тараптардың келісімі бойынша сынау мерзімі тағайындалуы мүмкін. Сынау мерзімін белгілеу жұмыс берушінің құқығы болып табылады. Жұмысқа алу бұйрығында сынақ мерзімі көрсетіледі. Жұмысшы бұл шарттармен таныс болып, оның жұмысқа қабылдану бұйрығында қол таңбасы болуы қажет. Сынақ мерзіміндегі уақытқа жұмысшының себепті жағдайларына байланысты жоқ болу күндері есептелмейді.
Жұмыс уақыты-қызметкердің еңбек міндеттерін орындау уақытын айтамыз. Жұмыс уақыты 40 сағаттан аспауы тиіс. (аптасына) 14 пен 16 жас-24 сағат (күніне 4 сағат); 16 мен 18 жас -36 сағат (күніне 6) ; ауыр жұмыс- 36, 40 сағат (күніне 7 сағат).
Жұмыс уақытының түрлері:
1. Бір қалыпты жұмыс-бес күндік немесе алты күндік жұмыс. (мұғалімдер, бухгалтер мамандар
2. Қысқартылған жұмыс уақыты-14 пен 16 жас-24 сағат , 16 мен 18 жас -36 сағат жұмыс істейді.
3. Толық емес жұмыс-жұмысқа алу кезінде жұмыс беруші мен қызметкердің келісімі бойынша толық емес жұмыс уақыты белгіленеді. (балалы әйелдер үшін)
4. Түнгі жұмыс уақыты-сағат 22-ден таңғы 6-ға дейінгі жұмыс уақыты.
5. Сменалық жұмыс.
6. Уақыттан артық жұмыс уақыты-қызметкердің келісімімен жүргізіледі. (жер сілкінісі, су тасқыны, өрт және т.б.). Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында жүзеге асырылады.
Демалыс уақыты - еңбек міндетін атқарудан тыс уақытты айтамыз. Оның түрлері:
Арнайы үзіліс-түсті тамақты ішуге.
Күнделікті демалыс-еңбек міндетіне кіретін жеті сағаттан тыс уақыт.
Апталық демалыс-жұмыс уақыты бес күндік болса екі күн демалыс, алты күндік болса бір күн демалыс.
Мейрам күндері-заңда арнайы көрсетілген күндер.
Жылдық демалыс-“еңбек заңымен” нақты анықталынады. Мысалы жоғары оқу орнының жұмысшыларына-елу алты күн.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет