11 сынып оқушыларына қосымша тапсырмалар Мұхтар Әуезов атындағы театр. Термин сөздер орфоэпиясы



Дата15.02.2023
өлшемі23,69 Kb.
#67998

11 сынып оқушыларына қосымша тапсырмалар
Мұхтар Әуезов атындағы театр. Термин сөздер орфоэпиясы

М.О. Әуезов атындаѓы Еңбек Қызыл Ту және “Халықтар достығы” орденді Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры – тұңғыш кәсіпқой ұлттық сахналық мекеме. 1925 жылдың ақырында қазіргі Қызылорда қаласында ұлт театры болып ұйымдастырылды. Алғашқы директоры әрі көркемдік жетекшісі Д.Әділов. М.Әуезовтың “Еңлік – Кебек” трагедиясымен және халық өнерпаздары қатысқан үлкен концертпен 1925 жылы тұңғыш рет театр шымылдығы ашылды. 1926 жылы 31 қаңтарда болѓан ұлт театрының ресми ашылуында Ќ.Кемеңгеровтың “Алтын сақинасы” ойналды. Театр репертуарын жақсарту үшін Халық ағарту комиссары С.Сєдуақасовтың тікелей басшылығымен арнайы бәйге өткізілді. Театр труппасы 1929 жылы Алматыға қоныс аударды. 1937 жылы академиялық театр атағын алды. Театрға 1961 жылы жазушы, драматург М.О. Әуезовтің есімі берілді.




1-тапсырма. Төменде берілген сұраќтарға жауап беріңдер.

  1. Қызылордада қай жылы театр ұлт театры болып ұйымдастырылды?

  2. Алғашқы директоры кім болды?

  3. Театр шымылдығы қандай трагедиямен ашылды?

  4. 1926 жылы кімнің, қандай шығармасы ойналды?

  5. Театрға кімнің аты берілді?

  6. Академиялық театр атағын қай жылы алды?



2-тапсырма. Берілген сөздерді аударып, сөз тіркестерін ќұраңдар.

Музыкальный, искусство, сцена, международный, формироваться, постановка, заслуженный.




3-тапсырма. Мәтіннен сын есімдерді көшіріп жазып, талдау жасаңдар.
Үлгі: мемлекеттік – сын есім, дара, туынды, қатыстық.



  • Термин сөз – ғылым, техника, спорт, мєдениет, саясат т.б салаларға жататын сөз. Басты белгісі – тура мағына сөз болуы. М-лы: тіл білімі: Фонетика, дыбыс, әріп, лексика .

  • Қазақ тілінде терминдер 2 жолмен жасалады:

  1. Кірме сµздердің орнына қазақша баламасын қолдану: таможня – кеден, универсам - әмбебап, комплекс – кешен, рынок – нарық, аэропорт - әуежай

  2. Қазақ тіліне орыс тілінен енген интернационалдық терминдер:

А) Математика – квадрат, куб, функция т.б
Є) Химия – аммиак, кальций, азон, бром т.б.
В) Лингвистика – синоним, фонетика, грамматика т.б
Жүсіпбек Аймауытов атындаѓы қазақ драма театры

Павлодар елінде ұлттыќ театрымыздың қалыптасуының тарихы мол. Облыста тұңғыш қазақ театры 1938 жылы 17 қаңтарда Комсомол атындағы Бесқараѓай колхоз – совхоз театры негізінде құрылған. Сол кезде осы театрға Байғабыл Жылқыбаев, Құсайын Тұяқбаев, Темірбай Омаров, Мұхаметжан Нұрсейітов, Өскен Шайхин сияқты сол кездегі өнерпаздар әртістік қызметке қабылданды. Бұл облыстағы тұңғыш қалыптасқан театр ұжымының алғашқы қарлығаштары еді. Осы жылдары қазақ әдебиетінің классиктері М. Әуезовтің «Айман-Шолпан», «Еңлік-Кебек», Ѓ. Мүсіреповтің «Қыз-Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пьесалары сахналанды.


Алғаш театр шымылдығын Заңғар жазушы, драматург Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпан» музыкалы комедиясымен ашты, симфониялық оркестрмен сүйемелденді, дирижері – Болат Рәхімжанов. Өнер институтының түлектері өз дипломдық қойылымдарын жалғастырып, олар У. Гаджибековтің «Аршын-Малан» К. Кенжетаевтың «Алдар-Көсесі», У. Исмайловтің «Құдашасын», көрермен қауымға ұсынды. Содан бері театрымыз кемелденіп, репертуары жылдан-жылға молая түсті.


1-тапсырма. Мєтін бойынша диалог құраңдар.


2-тапсырма. Берілген мәтіннен туынды сын есімдерді теріп жазыңдар. Сөйлем құраңдар.


3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Театр саласына үлес қосқан жерлестеріміз кімдер?

  2. Қазақ драма театры кімнің атымен аталады?

  3. Облыста театр ќашан құрылды?

  4. Театр шымылдығы қандай туындымен ашылды?



4-тапсырма. Дұрыс, бұрыс екенін анықтаңдар.

  1. Ертістің Кереку, Баянауыл өңірі аса ірі, әрі көрнекті өнер қайраткерлері шықпаған ел.

  2. Облыста тұңғыш қазақ театры 1938 жылы 17 қаңтарда ашылды.

  3. Театрға Байғабыл Жылқыбаев, Құсайын Тұяқбаев, Темірбай Омаров, Мұхаметжан Нұрсейітов, Өскен Шайхин сияқты сол кездегі өнерпаздар әртістік қызметке қабылданды.

  4. Театрымыз кемелденіп, репертуары жылдан-жылға молая түсуде.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет