№12 (58) 1 маусым 2016 жыл Ардагерлерге арналған республикалық газет Газет 2014 жылдан шығады



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата24.03.2017
өлшемі39,13 Mb.
#10351
1   2   3   4

Тәуелсіздікке-25 жыл

Таяуда ел Тәуелсіздігінің 25

жылдығы аясында Астана қаласында

"Жас Отан" Жастар қанатының

ұйымдастыруымен  "Тәуелсіздік -

тірегім" атты шара өтті. Құрметті қонақ

ретінде Республикалық ардагерлер

ұйымы орталық кеңесінің төрағасы

Өмірзақ Озғанбаев, Астана қалалық

ардагерлер кеңесінің төрағасы

Сансызбай Есілов шақырылған шараға

елордадағы колледждерден, мектеп-

терден оқушылар қатысты. Ел

мерекесінің атаулы тарихына арналған

кездесуді "Жас Отан" Жастар

қанатының өкілі Арман Абдуллаев

жүргізіп отырды.

-

Биыл елімізде үлкен тарихи



мереке. Еліміздің Тәуелсіздік алғанына

25 жыл толып отыр. Осы жылдары кең

байтақ Қазақстанды әлемге танытатын

ауқымы үлкен, маңызы зор шаралар

жасалып, оның басында Елбасы

Нұрсұлтан Назарбаев тұрды. Қазақ-

стан Президентінің ұстанған сарабдал

саясатының арқасында елімізді әлем

танып білді, - деді шарада алғашқы

болып сөз алған Ө.Озғанбаев. Одан әрі

ол тәуелсіздіктің алғашқы жылдарын-

дағы ел өміріндегі кездескен қиындық-

тар, Астана қаласының қалай өмірге

келгендігі, қалай көркейгендігі туралы

тереңірек әңгімеледі.

Кезекті сөз алған Сансызбай Есілов

"Әр ұлттың баға жетпес байлығы бар,

ол - өзінің ана тілі. Ана тілін ардақтап,

қадірлемеген адамның елін сүйіп, еліне

қорған болады деген сенімсіз ұғым.

Ардың биіктігі, намыстың биіктігі

алдымен туған тілін сүйген адамнан

басталады. Ана тілдеріңізді құрметтеп,

оның қасиетін бағалай біліңіздер. Мен

орыс мектебін бітірсем де, үлкендердің

ақылымен ана тілімді терең үйрену

үшін көп еңбектендім" деді.

Бұдан бұрын Парламентте ел

қалаулысы болып қызмет жасаған

құрметті қонақтарға  жастар тара-

пынан қызықты сұрақтар қойылып,

тиісті жауаптар қайтарылды.

Сондай-ақ, кездесу барысында

жоғары оқу орнын бітірген жастарға

бүгін жұмыс табудың өте қиындығы,

әлеуметтік желінің жастар өміріне

тигізетін әсері, қарттар мен жастар

арасындағы қарым-қатынастардан

туындаған сұрақтар төңірегінде

толымды әңгімелер айтылды.



Қаламқас САТЫБАЛДЫ.

1 маусым  2016 жыл

2

Ұстаз. Ғалым. Қайраткер

ТҰЛҒА

ТҰЛҒА


ТҰЛҒА

ТҰЛҒА


ТҰЛҒА

Өмірзақтың бір таңғаларлық, әрі

үлгі-өнеге боларлық қасиеті осы ғылым

салаларындағы жаңалықтарды аша

білуге, отызға тарта тартымды кітаптар

жазуға мемлекеттік жұмыстарды атқара

жүріп уақыт таба білгені. Бұл не деген

сөз. Бұл уақытым болса, адам

баласының қолынан келген игілікті

істердің бәрін жасай алар едім деп

армандаған ағылшын ғалымы Юнг

айтқандай, Алла Тағала әуелден адам

баласына барынша қысқа етіп берген

уақытты үнемдей білген әрбір жан

ойлаған мұратына жете алады деген сөз

деп түсінген ләзім.

Бұған дейінгі 60, 70 жастарға толған

мереке тойларында туған елінің өркен

жаюы жолында аянбай тер төккен

құрметті Өмірзақ Озғанбайұлын Респу-

бликамыздың жоғары билік орындары

басшылары, бүкіл дерлік зиялы қауым

өкілдері, қызметтес, қатарлас жолдас-

тары шын жүректен құттықтап, алға

қарай да табыстан табысқа жетіп халық

сеніміне ие бола беруіне тілектестік

білдірісті. Құттықтауларда той иесінің

кім екені, тәуелсіз еліміздің болашағы-

жастарға түбегейлі білім, тәлім-тәрбие

берудегі кезек күттірмейтін мәселелерді

шешудегі шеберлігі, ойшылдығы, тағы-

лымды өнегесі айтылды.

Осы құттықтаулардың ішінен менің

ойымнан кетпейтін, басқаларға да

сондай әсер қалдырса керек, бір

құттықтау-естелік болды. Оның иесі

халқымыздың ардақты ұлы Әбіштің

шығармаларын неміс тіліне аударған

белгілі жазушы Герольд Бельгер еді.

Жайқалып өскен теректей тік, көрген-

дердің бәрін бірдей сүйсіндіретін келісті

келбетімен күле келіп ассалау-

мағалайкум деп көрісуге қос қолын

созып тұратын Өмірзақ ініміздің

мейірімге толы осы бейнесін көз

алдыңнан кетпестей етіп суреттеген

Г.Бельгердің сол бір естелік-құттық-

тауын қайталап берудің артықтығы

болмас деп есептедім. Ол сөзбен салған

суретін Азамат Культуртрегер деп

бастап: "...Статный, неизменно собран-

ный, деликатный и корректный,

улыбчивы, учтивы, порою застенчивый

("қыз мінезді" говорят казахи) Омирзак

заметно этим свойством выделяется в

шумной, буйной, порою необузданной

ватаги депутатов, находившихся в то

время под эйфорией юной свободы и

независимости страны. Было в нем,

Омирзаке Озганбаеве, во внешном и

внутренном облике что то от прирож-

денного педагога, внимательного,

чуткого, опрятного, терпеливого и

снисходительного. Подкупали его

мягкие манеры, добрый взгляд из-за

очков, неизменно приветливая улыбка,

немногословность.Он и был педагогом

по профессии и призванию. В

справочнике депутатов так и было

указано: образование высшее, учитель,

кандидат педагогических наук, началь-

ник областного управления народного

образования.

Выступал он, помнится, не часто, в

шумные и нередко беспредметные

дискуссии не ввязывался, в споры не

не встревал, на горло не нажимал,

больше слушал, приглядывался, улы-

бался, но когда высказывался по тому

или иному поводу, чувствовалось, что у

этого воспитанного, сдержанного,

обходительного джигита есть свое

мнение, свое выношенное понимание

всего того, что происходит в стране, и с

толку его не собъешь.

Он по всей своей сути человек

культуры, науки, образования, умело

сочетающий эти сферы со здравой,

умеренней политикой.

Он из тех кто не отрывается от

реальности, смотрит далеко вперед и

медленно, но верно идет по наме-

чанному пути.

Таким я видел и воспринимал тогда

Омирзака Озганбаевича.

Потом наши пути-дорожки разош-

лись, но из виду его не терял. Знал про

все его успехи на ниве политики,

культуры, образования, науки. Знал, что

он по-прежнему в хорошей форме,

неброско деятелен, упорен и настойчив,

защитил диссертации, стал доктором,

написал солидные книги, занимает

высокие посты, сеет, не торопясь,

основательно, вечное и доброе.

Ныне он занимает высокий и

ответственный пост, и руководя Ака-

демией образования. Это, несомненно,

его место, его дело. Он поднимет свою

личностную роль на этом тернистом

пути.

Я бываю у него, имел с ним беседу,



он доверительно поделился своими

близкими и далекими планами. Знаю:

ему и ночью снятся новые школьные

учебники, достойные времени и

насущных национальных задач.

Академия образования - ключевой

участок в становлении и укреплении

культуры и духовности молодой неза-

висимости страны. И Омирзак с честью

одолеет этот крутой перевал.

Для этого у него есть все. 60-летие -

зрелая, благодатная пора в жизни

ученого мужа.

Я желаю Омирзаку оставаться и

впредь таким же, какой он есть,

сохранить еще очень долго огонь души

и обояние джентльмена. Всяческих

успехов на пути достойного Азамата-

просвещенца, подлинного культур-

трегера.


 Герольд Бельгер,

писатель


- деп аяқтапты бұл тамаша құттықтау

шығармасын баршамыздың құрметімізге

бөленіп келген, ұзақ жылдар есімізде

сақтала бермек, жұрты бөлек болса да,

жүрегі бір айтулы жазушы марқұм

Герольд Бельгер.

Осы Г.Бельгер сипаттағандай, тек

өзіне тән мінез-құлқымен, ауыз толтырып

айтарлық еңбектерімен ғылым сала-

сында, басшылық қызметтерде, қоғамдық

жұмыстарда шыққан биіктіктеріне сай өз

елімізде Қазақстан Республикасына

еңбегі сіңген қайраткер, тағы  талай

жоғары марапаттарға ие болған Өмірзақ

Озғанбаевтың атақ-даңқы шет елдік-

тердің  назарынан да тыс қалған жоқ.

Оған халықаралық таңдаулы марапат-

ИКПП Ресей Федерациясы, Еуропа

Бизнес Ассамблеясы және Ресей іскер-

лер тобы Ассамблеясы "XXI жүзжылдық

Лидері" атты халықаралық имидждік

бағдарламасының біріккен сараптау

Кеңесінің шешімімен "Ұлт зияткерлігінің

лауреаты" атағы берілсе, Америка

Құрама Штаттарында болған кезінде

ғылым, әдебиет-мәдениет салаларындағы

елеулі еңбектері ескеріліп, оған ТЕХАС

штатының Құрметті азаматы атағы

берілді.

Ата-бабаларымыздың кең байтақ

жерімізді көз алартып келген жат-

жұрттық дұшпандардан қорғап қанын

төккен, ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуды

аңсап келген арманы орындалып, Мем-

лекетіміз Тәуелсіздік алған, аспан түстес

көк туымыз аспандап көтерілген сол бір

шақта жан-жақты білімді, өмір тәжірибесі

мол Өмірзақ  Озғанбаев та бұл бақытқа

туған халқымен бірге қуанып, тәуелсіздік

тұғырының мызғымас берік болуынан

барлық қадір-қабілетін, күш-жігерін

аямады. Осындай құлшыныспен еңбек

еткен оның Республика көлемінде -

алғашқыда Маңғыстау облысында, кейін-

нен Алматы, Астана қалаларында қандай

істер тындырғаны, жоғарыда атап

өткеніміздей, жұртшылыққа белгілі деп

білемін. Бұл кездерде Мемлекетіміздің

сарабдал саясатының арқасында  Қазақс-

танның аты әлемді шарлап, экономикасы

дами түсіп, халықтың әл-ауқаты жақсарып

келе жатқан, ынтымақты, бірлікті, тұрақты

ұлтаралық қатынас орнаған бейбіт ел

атанып кеткен еді.

Республикамыздың даңқы қалай

жоғары шарықтаса, қара алтынның

қазынасы-Маңғыстау да айырықша

табыстарымен жұртшылықты қызық-

тырумен келе жатты. Қазақстанның

тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан

Әбішұлы Назарбаевтың "Еліңнің ұлы

болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық

намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз

мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында

жан теріңді сығып жүріп еңбек ет.

Жердің де, елдің де иесі өзің екенініңді

ұмытпа!" деген даналық нақыл сөзі

барлық өмір жолының бағыттан адас-

тырмайтын маягі болып келе жатқан

Өмірзақ Озғанбайұлы   ендігі жерде сонау

облыс құрылған жылдарда азаматтармен

қоян-қолтық қатарласа  жүріп  еңбек

еткен еліне - Маңғыстауына қайтуды,

бұдан әрі де нығайып-көркеюіне

атсалысуды  ойлады.

Бір нәрсенің сәті түсейін десе сөз бар

ма, Өмірзақтың бұл ойы ойламаған

жерден іске аса кетті. Жұмыстан кештеу

келсе, столының үстінде Маңғыстау

облысының әкімі Қ.Көшербаевтан келген

жедел хат жатыр екен. Шақырумен

келген Өмекеңді құшақ жая жылы

қабылдаған Қырымбек Елеуұлы облыстың

қазіргі жағдайымен таныстыра келіп,

өзінің шешімімен 2006-шы жылдың 3-ші

маусымы күні облыс әкімі жанынан

ардагерлер кеңесін құрғанын, оған

облыстың экономикалық, мәдени-көп-

шілік, әлеуметтік дамуына елеулі үлес

қосқан аға буын өкілдері мүше болып

кіргенін, құрылған кезден бастап кеңес

төрағалығына облыстың бұрынғы басшы-

ларының бірі, танымал тұлға марқұм

Н.Ә.Марабаев бекітіліп, бірқатар оңды

істердің атқарылғанын айта келіп, осы

орынға және облыс әкімінің кеңесшілігіне

Сіздің кандидатураңыз ұсынылып отыр -

деп аяқтады басшы өз сөзін. Айтылған

ұсынысты қабылдай  отырып, кеңес

мүшелері - ардагерлердің бірауыздан

келісімін алған Өмірзақ Озғанбаев

Нәсіпқали Әбуғалиұлының бастап кеткен

жұмыстарын тиянақтылықпен ілгері

жалғастыра білді. Ардагерлер Кеңесі

ұсыныс беретін кеңесші орган сипатында

жұмыс жасады, мемлекеттік саясатқа

сәйкес рухани келісімді қамтамасыз ету,

тыныштықты, ішкі саяси тұрақтылықты

сақтау, жастар арасындағы тәрбие

жұмысының жайын қадағалап, қажетті

кезде ақыл айтып, мәселенің оң шешілуін

ықпал етті. Ардагерлер облыстық

телерадио Комитетімен тығыз бірлікте

жүргізілген "Ақыл ағадан", "Тәуелсіздк

тағылымы" атты циклді хабарларда

жастар тәрбиесі жайлы пікірлерін ортаға

салып, өздерінің өмір тәжірибелерімен

таныстырып отырды. Ө.Озғанбаевтың

басшылығымен жүргізіліп жатқан

жұмыстар ішінде мәдени мұраларды

сақтау, қорғау ісіне айырықша көңіл

бөлінді. Осы жерде Ө.Озғанбаевтың

тікелей араласуымен тындырылған және

қатысушылардың ризалығына ие болған

мәдени мұраларды сақтау жөніндегі бір

істің қалай шешілгендігі туралы өзінің

естелігін келтіре кетудің артықтығы

болмас деп есептедім. Онда былай

делініпті: "...Сисем ата қасиетті

бабалардың мәңгі тұрағы. Ертеректе

Маңғыстау түбегінде бақилық болған

белгілі адамдарды Сисем атаға апарып

жерлеу арман болған.

Назар атаның бүгінгі ұрпақтары осы

қорым іргесіне  рұқсатсыз ескерткіш салу

жұмысын бастап кеткен. Ескерткіштерді

қорғау жөніндегі заңның бұзылғанын

анықтап, мәдениет саласы қызметкерлері

дабыл көтерді. Ағайындар 4 миллион

теңге қаржы шығындалғанын айтып, оны

құлатуға қарсы болды. Мамыр айында

осы мәселеге қатысы бар 24 адамды

Сисем ата басына алып барып,

ардагерлер кеңесін өткізіп, ескерткішті

құлатпай, оның қызметін өзгертіп, яғни

бабалар басындағы ескерткіштердің

орналасу тәртібін көрсететін сілтеме-

жоспарға айналдыру туралы ағалар

ұсынысы айтысушы екі жақты да

қанағаттандырды. Бұл ел ағаларының

қатысуымен шешіліп жатқан жұмыс-

тардың бір парасы ғана". Айта берсе

ардагерлер араласқан жұмыстар сан-

алуан еді.

Кеңес түгел құрамымен аудан, қала-

ларда көшпелі мәжлістер өткізуді әдетке

айналдырды. Сонымен бірге, қайсыбір

мәдени- көпшілік, тәрбие жұмыстары

бойынша Республика көлемінде өткізі-

летін шараларға да кеңінен қатысып

келді. Осы істердің қай-қайсысының да

басында жүрген Өмірзақ Озған-

байұлының білімділігі, өз ойын жеткізудегі

шешендігі, жоғары ұйымдастырушылық

қабілеті, халық арасындағы беделі, бәрі-

бәрі Кеңестің салиқалы ой, тиянақты да

салмақты пікір орталығы болып

қалыптасуына ықпал етті. Құрметті

жерлесіміз, ғалым Қабиболла Сыдиықов

"Сегіз қырлы, бір сырлы" - деп баға берген

ұстаз, ғалым, философ, шешен, талапты

басшы Өмірзақ өз өмірінің барлық мәнін,

мұратын халқына қалтқысыз қызмет ету

деумен келеді. Алдына келгендердің

тілегін қанағаттандыра алмайтын

жағдайларда көңілі құлазып қалатын ол,

"қолыңнан келсе жақсылық ет, келмесе

де жақсылық ет" - деген қағиданы берік

ұстау арқылы данышпан Абайдың

"...Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

және хақ жол осы деп әділетті" - деген

сөздерінен өмірлік тағылым алып келе

жатқан, табиғи болмысынан бүкіл

адамзатты ардақтау сезімі көзге ұрып

тұрған Тұлға.

Өмірзақ үлкенді-кішілі талай

орталарды көріп үлгі ала білген, жараты-

лысынан кішіпейіл, ақкөңіл, ақжарқын,

ашық мінезді, өзгелер туралы артық сөз,

теріс пікір айта білмейтін, қайта, ел

азаматтарының,  қатар жүрген жолдас-

тарының әрбір табысты істеріне ақтарыла

қуанып, олардың ел үшін атқарған жақсы

істерінің ұшқынын көптей көріп, ұшқыр

да өткір қаламымен жарыққа шығаруға

асығатын, ықылас-ниеті мейірімді

жүзінен төгіліп тұратын бір тоға, парасат-

пайымы жоғары, жаны жайсаң азамат.

Ол өзінің    "Ұлы бесін" атты еңбегінде

адамның Пайғамбар жасынан асуын ұлы

бесін деп философиялық тұжырым

жасайды. "Ұлы бесін" кітабы Өмірзақ

Озғанбаев мырзаның бұрынғы өткен

билер мен батырлардың, басқа да елге

еңбегі  сіңген тұлғалардың өмір

жолдарына тереңдете қалам тартқан

құнды шығарма болып шыққан. Кітапты

оқи отырып, автордың елінің өткен

тарихында өшпестей із қалдырған айтулы

ерлері мен ғұламаларын қаншалықты

мақтан тұтқан шалқыған биік көңілін

көресің, қазіргі өзімен бірге өмір сүріп

келе жатқан замандастарына деген

риясыз кең пейілін, құрметін айқын

аңғарасың. Бұл шығарма негізінен келер

ұрпақты өзінен  бұрынғы ата-баба, аға

ұрпақтың игі істері мен ерлік, өрлік

қасиеттерінен үлгі алуға үндейді.

"Тіл қаруы - сөз, сөз қаруы тіл" - деп

атақты қазақ жазушысы Ғабиден

Мұстафин айтқандай, алдымен тілді

меңгеру, осының негізінде шеберлікпен

сөз сөйлей білу жөнінде қазіргі

замандастары арасында Өмірзақтың

шоқтығы биіктігі талас туғызбайды. Ол

ешбір кідірместен, қағазға қарамастан

айтайын деген ойын жан-жақты,

тұшымды мақал-мәтелдермен, бұрынғы

өткен ойшылдардың кестелі сөздерімен

қаныққан күйінде, сиқырлы сөздердің

майын тамыза, асау арна болып

атқылаған бұлақтай құйыла, төгіле,

айызыңды қандыра сөйлейді. Сөйлеп

тұрған кезінде залда бір де бір сыбыр,

орынсыз қозғалыс болмауын ол түйдек-

түйдек ағызып айтатын ой-пікірлердің

ұғына білетін құлақтарға барынша терең

сіңіп-еніп жатқанының белгісі деп

білгеніміз ләзім.

Осындай сөз өнерінің майталманы,

терең білімді, басшылық қызметтерде де,

ғылымда да, әдебиетте де белгілі еңбек-

терімен жұртшылыққа кеңінен танымал

азаматтың, облыс әкімі жанындағы

ардагерлер кеңесінің төрағасы және

әкімнің кеңесшісі қызметтерін талаптарға

сай білімділікпен, іскерлікпен атқарып,

ел алдында зор құрметке бөленіп жүрген

көрнекті тұлға - Өмірзақ Озғанбаевтың

жоғары билік орындарының ұсынысымен

Қазақстан Республикасы Ардагерлер

ұйымы Орталық кеңесінің төрағасы

болып сайлануы маңғыстаулықтарды

кезінде бір қуантса, таяуда өткен съезде

қайтадан сайлануы екінші рет қуантып

отыр. Қуанышымыз ұзағынан болғай!



Құрметті Өмірзақ Озғанбайұлы!

Сізді 75 жасқа толған мерей-

тойыңызбен шын жүректен құттықтай

отырып, Сізге зор денсаулық, алты

алаштың қамы жолында атқарып жүрген

жұмысыңызға  толағай табыс, отба-

сыңызға баянды бақыт тілеуші ағаңыз.

Дүйсембі ӘРІПҰЛЫ,

Қазақстанның еңбек сіңірген

қайраткері,

Маңғыстау облысының құрметті

азаматы.

Маңғыстаудың ыстығы жүрегіңде

Маңғыстаудың ыстығы жүрегіңде

Маңғыстаудың ыстығы жүрегіңде

Маңғыстаудың ыстығы жүрегіңде

Маңғыстаудың ыстығы жүрегіңде



Соңы. Басы 1-бетте.

Өмірі өнеге өзгеге

Өмірі өнеге өзгеге

Өмірі өнеге өзгеге

Өмірі өнеге өзгеге

Өмірі өнеге өзгеге

Әлбетте, бастығың туралы, әсіресе, ол

танымал тұлға болса,  пікір білдіру, адами,

кәсіби жақтарынан дұрыс баға беру оңай

шаруа деп айтуға болмас. Оның үстіне,

мен бүгінгі сөз арнап отырған адам -

Өмірзақ Озғанбаевқа әр кездері үлкен де,

кіші де өз жүрекжарды ойларын молынан

білдірген екен. Солардың қағазға түскен

біразына үңіліп, ондағы мінездеме-

бағаларға бас шұлғи, келісумен болдым.

Қалайша келіспейсің, Өмекеңе сөз

арнағандар, кілең адам жанының  білгір

инженерлері, сөз зергерлері, әлемге

әйгілі қаламгер-қайраткерлер: Әбіш

Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Камал

Смайылов, Қойшығара Салғара, Герольд

Бельгер,  Қайрат Жұмағалиев т.б. болса.

Мысалы: осыдан 15 жыл бұрын

қазақтың Герағасы (марқұм Герольд

Бельгер) Өмекеңе арнаған құттық-

тауында: "...Ол негізінде мәдениеттің,

ғылымның, білімнің адамы, осы сала-

ларды ақылға қонымды және орынды

саясатпен ұштастырады. Ол көздеген

мақсатына асықпай, бірақ анық жететін,

алысқа көз тастайтын, шынайылықтан

алшақтамайтын нық сенімдегі адам"

деген екен.

Немесе, қазақтың біртуар ақын қызы

Фариза Оңғарсынова апамыз: "...өз

бойындағы шапағат шуағын маңайына

шашыратып, қалайда халыққа қызмет

ететін адамдар болады. Олар сирек.

Сондай адамдардың бірі, Өмірзақ інім.

Өмірзақ жүрген жерінің бәрінде тек

адамгершіліктің, адалдық пен азамат-

тықтың ізін қалдырып келеді. Адам

баласының соңында қалатыны - отырған

тағының биіктігі, байлығы мен мансабы

емес кейінгі ел-жұрты бағалайтын,

көңіліне сақтайтын азаматтық істеген ісі,

жан-жағына жасаған жақсылығы.

Құдайға шүкір, Өмірзақтың соңында да

осындай ел сүйсінер қасиеттер жетер-

лік..." деген алтын сөздері бүгінгіге де

қатысты.


Ал, қазақтың белгілі ақыны Темірхан

Медетбектің:

"...Сөйлейді өзің жайлы өлең бүгін,

Сөйлетпей қоймас сенің кемелдігің.

Өзіңе жұртты тартып тұрады ғой,

Кеңдігің, Биіктігің, Тереңдігің", -

деген жыр жолдары тура баға екені

даусыз.


Жалпы, Ө.Озғанбаев жайлы жазыл-

ған ой-пікірлерді жиып, қорытын-

дыласақ, ол кісі туралы:

-

Нағыз ұлтжанды азамат;



-

Әргі-бергі тарихтың білгірі,

тынбай ізденетін ғалым;

-

Ұстаздардың ұстазы, білікті



педагог;

-

Көсіле шабатын шешен, көркемсөз



шебері;

-

Салмақты саясаткер;



-

Қарымды қаламгер;

-

Үлгілі отағасы;



-

Демократ басшы, -  деп тағы

осылай ары қарай тере беруге болады.

Халқымыздың: "Сегіз қырлы, бір

сырлы", - дейтіні осындай азаматқа арнап

айтылған болса керек.

Мақаладағы кейіпкерімді  осы

қоғамдық ұйымдағы бірлесе қызмет

атқарып,  танып білгеніме бар жоғы үш-

ақ жыл болған екен. Дегенмен, осы аз

аралықта ол кісі туралы өз пікірімді

қалыптастыра алдым  және оны білдіруге

құқылымын ғой деп ойлаймын.

Өмекең, қазіргі лауазымына келгенде

әбден қалыптасқан саясаткер, ұстаздық,

басқарушылық, мемлекеттік деңгейдегі

қайраткерлік жұмыстарында мол

тәжірибе жинаған азамат,  200-дей

ғылыми-танымдық мақаланың, 30-дан

астам кітаптың авторы,  сан түрлі

марапат, оның ішінде "Құрмет", "Пара-

сат" ордендерінің иегері.

Елбасының сарабдал саясатын қол-

дап, сенімді серіктерінің бірі болған

кейіпкеріме қазіргі лауазым дәл уақы-

тында тиіп отыр десе де болады.

Қазіргі ақсақалдардың ақсақалы

болып жүрген кезең, Өмекең үшін, келесі

бір сатылық кезең.

Мен таныған Өмекең, бұрынғы

жиған-терген білім, тәжірибелік қорымен

тоқмейілсіп қалмаған, ақсақалдық жасқа

жетсе де бойында шаршағандық белгінің

еш нышаны жоқ басшы. Тіпті, ол кісінің

өмірінде, қайраткерлік, қаламгерлік

ғұмырында жаңа тыныс, "екінші жастық"

кезеңі басталғандай көрінеді.

Ол кісінің осы үш жылда қызмет

бабымен бармаған, ардагерлер ұйым-

дарының тыныс-тіршілігімен таныспаған

елімізде өңір қалған жоқ, ірі қала,

аудандар да табыла қоймас. Тынбай,

аптаның 5 күнінде  5 өңірде іс-сапармен

болып, оған қарамай демалыс күндері

жұмыс кабинетінен табылатынын көріп,

күш-қуат, төзімділігіне таңданысымызды

жасыра алмай, тіпті денсаулығына кері

әсер етпесе екен, - деген жанашырлық

танытқан шақтарымыз да болған.

Бүгінде еліміздегі бірде-бір тарихи-

көпшілік іс-шаралар Өмекеңсіз өтпейтін

болды десек, артық кеткендік болмас.

Соның бәріне де шақыру алып қана

қоймай, ол іс-шаралардағы негізгі

баяндамашының бірі болып қатысатыны

және оған мұқият дайындалып, өз

тәжірибе-қорына тың, қосымша деректер

жинап, сол іс-шараның ортасынан ойып

орын ала кететіні таңқалдырады. Аса атап

айтарым: Өмекеңнің көпшілік іс-

шараларында жарқырап көрініп, елді

сүйсіндіретіні: терең білімі,  айтар ойы

мен байламын дәл де нық жеткізетін

қасиеті. Ерекше дауыстық тембрі,

тыңдаушы аудиторияны сезінуі, өзін

еңселі де тік ұстай білуі. Ол кісімен қатар

жарыссөзге не баяндама жасауға шыққан

талай жайсаң жандардың Өмекеңнің

сөзінен кейін көрінбей, естілмей,

тыңдалмай қалатын сәттерін сан мәрте

көріп жүрміз. Сонымен қатар, Өмекеңнің

бір күнде бес рет сөз алғанда,   сол бір

тақырыпта қайталанбай, орынды да

көркем сөз таба беретін шешендік

шеберлігіне тәнтіміз.

Мен, өз жеке басымда бірер адами

жақсы қасиеттер мен қабілеттер бар деп

іштей ойлайтын едім. Бірақ, мендегінің

Өмекеңнің бойындағы сол қасиет-

қабілеттерге қарағанда сан мәрте кем

түсетінін ешбір ренішсіз, жалған сезімсіз,

мойындаймын. Ол қасиеттерден де бөлек

Өмекеңнің қаншама қырларын байқап

жүрміз. Осындайда "Дарынды адам, қай

істе де дарындылығынан таймайды" деген

асыл баға ойға орала кетеді.

Бітім-болмысы, жиналған білім,

өмірлік  тәжірибе, шешендік қабілет

басқаға бата беретін дәрежеге жеткізген

еді. Еліміздің түкпір-түкпірінде қандас-

тарымыз әртүрлі ретте, сәттерде Өме-

кеңнен бата сұрап, алып қалуды шын

көңілдерімен қалаған шақтарының

куәсіміз. Оның үстіне ел ардагерлерін

басқара отырып, Өмекең бата беріп қана

қоймай,  90-100 жасаған абыз ақсақал-

дардың баталарына өзі де қарық болып,

қоржынын толтырып жүр. Оның бәрі

текке кетпесі хақ.

Мен білетін ағайындардың көбісі

"Еріншектің ертеңі таусылмас" деген

тұжырымның адамдары, атқарар істерін

созып-керіп, кейде олар қажеттігін

жоғалтып жататын еді. Өмекең,  ондай

жандарға мүлдем қарама-қарсы, ойға

алған шаруасын дереу іске асырады,

және осыны қарамағындағылардан да

бұлжытпай орындауды талап етеді.

Осыған орай, Өмекеңнің өзі көріп-білген

айтулы оқиғаны дереу қағазға түсіру

қабілетіне неше мәрте таңқалғаным бар.

Көргенін баяндап, суреттегенде, Өмекең,

оқиғаның негізгі, маңызды жерлерін нық

байқап, көңіл бөліп, есіне қалдырады,

ерекше сәттерді қалт жібермейді.

Мысалы, Қытай Халық Республи-

касына Жеңістің 70 жылдығын тойлауға

барған сәтін немесе өткен жылғы

Меккеге мінажат еткен сапарын, олардан

келе-сала 1-2 күннің ішінде көпшілік

назарына жазба ретінде ұсынуы. Осын-

дай көпшілікке дәлме-дәл, нақты,

негіздемелі көрген-білгенін баяндауды

әрбір   жазып шығарған кітаптарынан

анық байқалады.

Өмекеңнің ғылыми-танымдық

шығармаларынан басқа айналасындағы

замандас, сапарлас азаматтар, елге

танымал қайраткерлер жайлы әр кезде

жазылған шығармалары, кітаптары бір

төбе. Ондағы сол көзкөргендері туралы

жазылған естелік, пікірлер, суреттеме-

лерден кейіпкерлеріне деген  адами

жылылық, психологиялық, портреттік

дәлдік, ойларындағы  адалдықты жазбай

танисың.


Өмекеңнің ендігі бір ерекшелігі: кез

келген әріптес, жолдас, шәкірт  бойлары-

нан  тек жақсылықты іздеп, таба білуі,

мейлінше оның ашылуына көмекке

ұмтылуы. Ол кісі қашанда ағаға ізетті іні,

ініге ақылшы аға бола біледі. Табиғатынан

солай жаратылған десек те,  оған қоса,

негізгі мамандығы, кәсіби тәжірибесінің

көпшілігі ұстаздықпен байланысты

болғаны және ұстаздық жолдың барлық

сатысынан өтіп, ең биік шыңына жеткенін

ұмытпағанымыз жөн шығар.

Республикалық ардагерлер ұйымын

Өмекең басқарған кезеңде, Орталық

аппарат, барлық деңгейдегі ардагерлер

кеңестері, әсіресе Ұлы Жеңістің 70-

жылдығына орай қыруар шаруалар

атқарып, ардагерлердің, жалпы жұрттың

ризашылығына бөленгенін айту керек.

Оның ішінде ардагерлер басшысының

тынымсыз еңбегі ерекше. Ол кісінің

сұхбат бермеген, арнайы мақала жібер-

меген, түсірілімдерге қатыспаған орта-

лық телеарналар мен бұқаралық ақпа-

раттық құралдар жоқ деуге болады. Бірде-

біреуінің сұранымына келісім бермеген,

"уақытым жоқ" деп, немесе басқадай

сылтау, сілтеме жасай салған кезі болған

емес. Жалпы қазіргі лауазымы бойынша

да, "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің

мүшесі ретінде де қалың көпшілік

аудиторияларында Елбасы саясатын

салихалы, тұжырымды да түсінікті тілмен

жеткізе білетінін айтып өткеніміз абзал.

Оған қоса болашақ, өскелең ұрпаққа

патриоттық тәрбие беру жолында да

жалықпай жастармен кездесіп, әңгіме

өткізбеген оқу орындары да кемде-кем.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай,

Өмекеңнің тікелей атсалысуымен және

басшылығымен, тек Орталық Кеңестің өзі

4 кітап: "Жеңіс солдаты" - "Солдат

Победы", "Отты жылдар әзілдері мен

аңыздары", "Бата - сөздің анасы", "Тың

игеру - тарихи кезең" шыққан болатын

және олар оқырман арасында, оның

ішінде аға буын, соғыс және тыл

ардагерлері арасында жақсы пікір-

ризашылыққа ие болды. Оқырман

сұранысы бойынша екі кітап ("Отты

жыр, орамды әзіл", "Бата дарып, бақ

қонсын") толықтырылып, қайта басы-

лып шықты.

Жақында, осы жылдың 20 сәуір  күні

өткен республикалық ардагерлер

ұйымының VII cъезі өткен аралықтағы

ардагерлер Орталық Кеңесінің де, оның

басшылығының да жұмыстарына  оң

баға беріп, Өмекеңді төрағалыққа

бірауыздан қайта сайлады.

Жалпы Өмекеңнің бүгінгі жетіс-

тіктері мен биігіне жан жары - қазақ

әйелінің үлгісі  деген биік атаққа лайық,

Нұрияш Нұрбергенқызының қосып

отырған үлесі өлшеусіз. Жеңгеміздің

Өмекеңнің музасы да, оққағары да,

сенімді тыл иесі де екеніне көзіміз жетіп,

сырттан сүйсіне қараймыз. Екеуі қосар-

лана жүріп, небір қуаныш-қызықтың

төрінен табылып, айналасына нұр

шашудан шаршаған емес. Жеңгеміздің

алтын қолды ісмер, "Награда тыся-

чилетий", "Еңбек даңқы" ордендерінің

иегері, ұлттық өнерді насихаттау

жолында жүздеген шәкірт тәрбиелеп

ұшырған халық шебері екенін біреу

білсе, біреу білмес. Ол кісінің әртүрлі

нақышпен құлпырта әрлеген ұлттық

киім үлгілері  әлемдік биіктен көрініп,

Ұлыбританияда алтын жүлдемен баға-

ланған. Қазіргі кезде Нұрияш жеңгеміз

ашып, басшылық жасайтын  "Өрнек"

ұлттық киімдер шеберханалары Ақтау,

Астана қалаларында жұртшылықтың

құрметіне бөленуде.

Озғанбаевтар  отбасы ұлды ұяға,

қызды қияға қондырған, нағыз қазақы,

асыл дәстүр-салтпен тәрбиеленген, һәм

жаңаша, европалық мәдениеттің озық

дүниелерінен де нәр алған деп айта

аламыз. Осы жанұяны, сәні мен

салтанаты бірдей биік дамыған,

экономикасы мығым, саясаты бейбіт

кішігірім мемлекет деуге болады. Оларға

қарап, сырттай қызығып, сүйсінетіндер

аз емес.  Әрине, басқаша  ойлайтындар

да табылатын шығар. Бірақ, өз басым,

Өмекеңнің және ол кісінің отбасының

жанашыр, дос-жарандарының әлде-

қайда, сансыз көп екеніне күмәнсізбін.

Әрине, періште көкте ғана.  Жаңыл-

майтын пенде болмайды. Сондықтан да

құдайға құлшылық ету мұсылманның

парызы,


Өмекең, саналы ғұмырында дін мен

ділді   қадірлеп, ұлттық дәстүр-сана мен

мұсылмандық қағидаларды ұстанып,

жан тазалығына шаң жуытпауға тыры-

сатын азамат.

Өткен  2015 жылы, сәті түсіп,

Нұрияш жеңгемізбен Меккеге барып,

көптен көкейлеріндегі жүретін ниеттері

- Аллаға мінажат етіп, қажылық сапарда

болып қайтқанын айтып кеткеніміз  жөн

болар.

Осы орайда Өмекеңнің "Меккедегі



мінажат" жазбасындағы өз сөзін

келтірейік: "Ұлы Отан соғысының отты

жылдарында туған жердің топырағы

бүйырмай, майдан өтінде шейіт болған

әкесінің, қанаттыға қақтырмай, тұмсық-

тыға шоқыттырмай мәпелеген анасы-

ның рух шәріптері риза болсын деп,

үрім-бүтағына, отбасына Алладан медет

сұрап қайттық.  Қажылық - адасқанға

жол көрсетіп, жаңылғанға - иман

сыйлайды".

Ата-анасының Өмірзақ (өмірі ұзақ

болсын деген ырыммен) деп ат қой-

ғанын да ескеріп, желіп жеткен жетпіс

бесі шыңға шығу сатысы ғана деп

ойлаймыз. Өмекеңнің әлі талай биік-

терден көріне, шапағатты істерді

айналасына шашатынына шек келтіре

алмаймыз. Ұзағынан болғай !

 Мақаладағы кейіпкерім туралы

риясыз көңілден шыққан ой-пікірімді,

өлеңмен, "ассонанс" тәсілімен өрнек-

тегім келгенін, оқырман, түсіністікпен

қабылдар деп үміттенемін:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет