12: Білімді жетілдіру үрдісінде құзыреттілік, кәсіби құзыреттілік қалыптастыру



Дата31.03.2023
өлшемі23,98 Kb.
#78125

12: Білімді жетілдіру үрдісінде құзыреттілік, кәсіби құзыреттілік қалыптастыру.

  1. Ақпараттық

  2. Коммуникативтік (қатысымдық)

  3. Әлеуметті-құқықтық құзыреттілік



Құзыреттілік дегеніміз – тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш-жігердің болуы. Құзыреттілік жаңа əлеуметтік-экономикалық жағдайда аман қалуды қамтамасыз етеді жəне олар бəсекеге қабілетті маманмен қамтамасыздандырады. Көптеген елдерде құзыреттілікке жаңаша мəн беру білімді жоғары дəрежеге көтергені мəлім. Құзыреттілік еңбек нарығында тұрақты өсіп отырған талаптармен, шапшаң технологиялық өзгертулермен,
соның ішінде академиялық жəне еңбектегі мобильдік өсуімен негізделген. Құзыреттіліктің жеке компоненттерін анықтай отырып ол адамның алдына қойған мақсаттарын орындауға көмектесетін сипаты мен икемділігін атайды. Негізгі құзыреттілік. Негізгі құзыреттілік сала ерекшелігіне қарамастан барлық мамандар бойынан табылу керек деп қарастырылған, себебі құзыреттілік маман біліктілігінің негізін құрайды, оның ішінде:
* ақпараттық;
* коммуникативтік (қатысымдық);
* əлеуметті – құқықтық құзыреттілік көрсетілген.

Ақпараттық құзырет – мамандардың компьютерлік білімділігі, жаңа ақпараттық технологияларды қолдана алу (мультимедиа, электронды пошта, Интернет) мүмкіндігі.
Коммуникативтік құзырет – бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасындағы сенімділік, бірін-бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, этикет сақтау, дəстүрді білу, дау-жанжалды шеше алу, бұзылған қатынастарды түзету, өз қателігін түсіне білу, топпен жұмыс жасай орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу жəне
қолдана білу қабілеттері.
Əлеуметті-құқықтық құзырет – өз елінің азаматы ретінде өзнің жəне қоғам мүшелерінің əлеуметтік қызметтерінің маңызын түсіну, қоғамдық міндеттерге тұрақты қарау, мемлекет нышандарын білу, адам құқығын жете білу, қажетті жағдайларда оларды қолдану, өзіне жауапкершілік арту. Құзыреттілік – тұлға бойындағы белгілі-бір пəн бойынша алған
нəтижелі білімнің білім, білік, дағдыларынан көрінуі. Құзырлылық – осы құзыреттілікті тұлғаның пəн бойынша алған білімін өз қажеттілігіне сəйкес қолдана, пайдалана білуі. «Құзыреттілік» терминіне алғаш анықтама беріп лингвистикаға енгізген – американдық ғалым Н. Хомский. Оның пайымдауынша, құзыреттілік термині грамматика білімдеріне
негізделеді. Жалпы алғанда құзыреттілік дегеніміз – жеке тұлғаның белгілі бір мəселені шешудегі өзара байланысты білім, білік дағдыларының жиынтығы жəне адамның жеке өзінің іс- əрекет, қызмет саласына сай құзыреттерді меңгеруі.
Құзыреттілік дегеніміз – оқушының алған білімі мен дағдыларын тəжірибеде, күнделікті өмірде қандайда бір практикалық жəне теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі. Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін
қалыптастыруда қатысымдық əдістің маңызы зор.
«Коммуникативтік құзыреттілік» (латынның «соmpetere» – қол жеткізу, сəйкес келу, сөзінен шыққан) –оқушылар жəне қоғам үшін күнделікті оқуда, қатысымдық міндеттердің тіл арқылы шеше білу қабілеттілігі, қатысымдық мақсатты іске асыруда оқушының тіл жəне сөз құралдарын пайдалана алуы. Егер оқушы сол тілде сөйлеушілермен тікелей немесе
аралық қарым-қатынас барысында сол тілдің нормалары мен мəдени дəстүріне сəйкес өзара түсінісе алса, коммуникативтік құзыреттілікті меңгергені.
Коммуникативтік құзыреттілік өз ана тілін жəне басқа тілді білудегі қабілеттілігін қарастырады. Ол құрамына қарай 5 негізгі бөлікке бөлінеді: 1) Грамматикалық құзыреттілік;
2) Социолингвистикалық құзыреттілік;
3) Дискурсивті құзыреттілік;
4) Стратегиялық құзыреттілік;
5) Социомəдениеттік құзыреттілік.
Енді осы құзыреттіліктердің анықтамасына тоқталайық.
Грамматикалық құзыреттілік – тіл ережелерін білу, грамматикалық ережелерді оқыту. Оқушыларға грамматикалық кестелер арқылы жан-жақты білім беруді негізге ала отырып оқулықта берілген грамматикалық ережелерді жаттату, талдату.
Социолингвистикалық құзыреттілік – мəтіндердің шығу жəне танып білу үрдістерін меңгеру. Бұл тыңдалым арқылы басқа адамның (мұғалімнің немесе оқушының) тілін ұғу болып табылады. Бұл үшін оқушылардың бірін-бірі тыңдауына жағдай жасау қажет. Бұл жағдайда тілдік орта қалыптасады, яғни оқушыларды мəтін арқылы сөйлеуге үйрету.
Дискурсивті құзыреттілік - айтылымдардың құрылым ережелерін меңгеру. Бұл қазіргі таңдағы ең қажетті құзыреттілік. Себебі оқушыларды дұрыс сөйлем құрып, өз ойларын дұрыс жеткізуге үйрету қажет. Ал мұның өзі мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту
ұстанымдарында ерекше айтылады. Онда сөйлеу тілін үйретуді фонетикадан емес, синтаксистен, яғни оқушыларға алдымен сөйлеуді үйрету қажеттілігі айтылған.
Стратегиялық құзыреттілік- əңгімелесуші адаммен байланыс жасау. Бұл – диалог құру жəне оны жалғастыру барысында жүзеге асатын үрдіс. Бұның өзі бастапқы мəселенің практикалық бөлігі болып табылады. Оқушылар диалогтік тілдерін жұптық жұмыс кезінде жаттықтырады. Диалогтік тілдің оқушылар үшін күнделікті өмірде бір-бірімен қарым-
қатынас жасау кезінде маңызы зор екендігін əрбір оқушының санасына жеткізуге тырысу керек.
Социомəдениеттік құзыреттілік – тілді тасымалдаушы, қолданушы халық мəдениетін білу жəне қолдану. Қазақ тілі оқулықтарына халық педагогикасы бойынша тақырыптар енгізілген. Олар: қазақ халқының салт-дəстүрлері, ұлттық ойындар, ұлттық тағамдар, ұлттық киімдер жəне мейрамдар, отбасы тəрбиесінің дəстүрлері жəне қазақ халқының қонақжайлылығы. Осы тақырыптар бойынша оқушыларды қазақ халқының əдет-ғұрып, салт-дəстүрлерімен таныстыра отырып оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру жəне қазақ халқының мəдениеті, тұрмысы, салт-дəстүрлері туралы білімдерін тереңдету.
Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі. Сондықтан мұғалім алдына мақсат қоя білетін, анық та дұрыс сөйлей білетін, өз ойын жарыққа еркін шығара алатын, түсіне білетін, қызығушылықпен тыңдай алатын адамды өмір жолына аттандыра білуі керек.
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері төмендегідей.
• Сұрақ-жауап (мұғалім мен оқушылар)
• Диалог (оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)
• Қатысым (мұғалім мен оқушылар, оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)
• Жазылым (тақырыпқа байланысты мəтінмен жұмыс).
Бұл жұмыс түрлері коммуникативтік құзыреттіліктің алашқы баспалдағы болып есептеледі, себебі бұл жұмыс түрлерін барлық сабақта мұғалім мүмкіндігінше қолдана алады. Өз іс-тəжірибемде осы бағыттарды басшылыққа ала отырып жұмыс істеп жүрмін.
Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері
Жаңашылдық басқарудың мектептегі әсері және факторлары
Әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қазiргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлесі қалыптасуда. Бұл процесс білім программасының өзгеруімен қатар жүреді.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындап отыр. Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр, сол себепті бұл тақырыптың өзектілігі сонда:
Білім беру мазмұнын жаңарту арқылы оқу тәрбиелік үрдісті ұйымдастырудың жаңа әдістері мен түрлерін білу, жинақтаған іс-тәжірибе негізінде жаңа заман талабына сай берілетін ақпараттарды пайдалана отыра, оқушының білімге деген құлшынысын арттырып, өздігінен ізденуге бағыт беретін әдіс тәсілдердің жаңа формаларын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты жетік маман болу мүмкін емес. Үздіксіз білім беру мазмұнын жаңарту қоғамды ақпараттандыру үрдісінің дамуына байланысты өзгеріске ұшырап отырады, ал мемлекеттік тілді оқытуды ақпараттандыру оқыту мақсаттарына терең деңгейде әсер етеді. Соған сәйкес қазақ тілін жеделдете оқытудың міндеті - адами қарым-қатынасқа дайын, әлеуметтік-лингвистикалық ахуалды дұрыс бағалайтын, мемлекеттік тілді білудің қажеттілігі мен әлеуметтік маңызын терең сезінетін, қазақ тілінде сөйлесім әрекетін жағдаятқа сәйкес үйлесімді қолдана білетін, қоғам мүшелерінің сапалы жаңа моделін жасақтау болып табылады.
ХХI ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алуы үшін, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. Елбасымыз «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдың бірі» -деген болатын. Елбасының халыққа Жолдауы білім беру ісінде де жыл сайын өзгерістер енгізіп отыр. Сондықтан, бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Міндеттері:
- Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында әдіс-тәсілдерді енгізу және оқушылардың білімі мен біліктілігін қалыптастыру;
- Оқушылардың танымдық қызығушылығын және білім сапасын арттыру;
- Дәстүрлі білім беруге қарағанда оқушылар алған білімді жүйелеу;
- Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында мұғалімнің уақытын үдемдеу және оқытуда тиімді пайдалану.
Білім беру мазмұнын игерту әдістері:
білімді кіріктіру;
талдау, жинақтау, салыстыру, біріктіру;
саралау әдісі;
спиральдық әдіс;
аралас құрылым әдістері.
Қазіргі мектептер қоршаған орта мен қоғам дамуы туралы білімді кіріктіру әдісімен ерекшеленеді. Себебі бала ішкі дүниесінде әлемді тұтас қабылдайды. Осы анықтама негізінде кіріктірудің екі түрін атап айтуға болады:
пәнішілік, белгілі бір пән ішіндегі тақырыптарды кіріктіру;
пәнаралық, әртүрлі пәндер арасындағы тақырыптарды кіріктіру.
Шетелдік мектептерде (Англия, АҚШ, Жапония) кіріктірілген курстар кең қолданылады және ол тірі және өлі табиғат, техника, адам және т.б. туралы білімдер аясын қамтиды.
Ең дұрысы, талдау, жинақтау, салыстыру, біріктіру әдістері мен тәсілдерін қолдану. Тиімді қолданылған әдіс-тәсілдер оқушылардың дүниетанымдық, адамгершілік, экологиялық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру үшін маңызды. Пәндерді кіріктіру мен пәнаралық байланысты тиімді қолдану білім мазмұнын игеруге немесе бекітуге, уақыттың үнемделуіне мүмкіншілік тудырады. Кіріктіру міндетті пәндердің санын азайтуға жағдай жасайды.
Білім мазмұнын құруда саралау әдісі міндетті ұстаным болып саналады. Оқытудың бастапқы деңгейінде қарапайым түсініктер беріледі, ол білімді толықтыру және танымдық мүмкіншіліктерінің өсуіне байланысты тереңдетіледі және кеңейтіледі.
Сонымен қоса әлемдік тәжірибеде спиральдық құрылым қолданылады. Спиральдық құрылымның ерекшелігі – оқушыларға ұсынылатын білім мазмұны қарапайымнан күрделіге қарай біртіндеп тереңдеп отырады. Мысалы, 1-сыныпта заттың атын білдіретін сөздер деп оқылса, келесі сыныптарда термин енгізіліп, зат есім деген атауымен беріледі, осылайша «Зат есім» тақырыбы барлық сыныптарда өтіледі, бірақ ол әр сыныпта белгілі бір деңгейде күрделеніп беріліп отырады. Онымен байланысты оқушылардың білімі біртіндеп кеңейеді және тереңдейді. Мұндай әдіс оқытудың жаңа бағыттарын шешуге, яғни балалардың қабілетін жүйелі ой санасын ашып, одан әрі дамытуға мүмкіндіктер беретіндей болуымен маңызды.Бастауышта оқу мазмұн көлемін кеңейту, пәндер бойынша оқыту мазмұнын ұйымдастырудың тәсілі ретінде «тақырыптық тараулардың» орнына қызықты мазмұнды тақырыптарға ауысу. Мысалы, «Өсімдіктер» мен «Жануарлар» тақырыптарының орнына «Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жоғалуы» т.б. алмастыруға болады. Осындай қысқа мазмұнды тақырыптардың ауыстырылуы балалардың ауқымды мәселелерге, идеялар мен теорияларға деген қызығушылығын тудырады.
Осы тәсілмен біз 12 жылдық білім беру жүйесінің бастауыш мектептегі оқыту мазмұнын ұйымдастырудың 4 негізгі принципін айта аламыз:
Тақырыптық тараулар бойынша мазмұндық сипатының толықтығы;
Ғаламдық, кең таралған тақырыптар мен мәселелерді оқыту;
Бастауыш баласының білімге құштарлығын оятатын мазмұнды тақырыптарды оқытуға, қабілеттерін арттыруға, дүниенің дамуына байланысты тапсырмаларға деген пәнаралық көзқарасты қалыптастыру;
Мазмұндық өзара ішкі байланысты қалыпқа келтіру, білім саласына байланысты өзекті оқыту мәселелері мен тақырыптарының бірігуі.
Аталған төрт принцип те бір-бірімен тығыз байланысты, біреуінің жүзеге асуы басқасына әсер етеді. Пәнаралық көзқарастың іске асуы пәндер арасында тақырыптардың бірігуін қамтамасыз етеді. Оқушы қажеттіліктерінің ақыл-ой жүктемесінде бесінші принцип пайда болады, бұл - оқыту мазмұнының нақтылық принципі.
Қазіргі қоғам талабына сай, баланың ой-өрісін дамыту, біліктері мен шеберліктерін қалыптастыру, оны өз тәжірибесінде, жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой дербестігін кеңейту, заман сұранысына сай ізденімпаз, шығармашыл тұлғасын қалыптастырудың бірден-бір жолы – 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу екендігін әлемдегі өркениетті елдер мойындап отыр. Сондықтан білім беру жүйесіндегі реформа кезеңдерге бөлініп, эволюциялық жолмен, жаңа әдіс-тәсілдерді, құралдарды пайдалану арқылы жетілдіру, оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын жаңарту, білім беру процесінің жаңа моделін сынақтан өткізу және мектепті бірте-бірте жаңа шығармашылық іс-әрекет ұстамына көшіру түрінде жүзеге асырылуы тиіс.
Жалпы, жаңарған мектепте оқыту құрылымы мен ұйымдастырылуы оқушылардың қызығушылығы мен қабілеттеріне, рухани дамуына, олардың өмірлік жоспарларының жүзеге асырылуына бағытталған, көпвариантты және икемді болуы қажет. Сондай-ақ бұл мәселеде негізгі, орта және жоғары мектептің, өндірістің т.б. өзара сабақтастығы проблемасын ескерген жөн.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет