12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Ойып тесік жасау (высечка) және өнімнің жиегін керту фигуралы етіп қию



бет110/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Ойып тесік жасау (высечка) және өнімнің жиегін керту фигуралы етіп қию - бұл баспа өніміне, қатырма дайындамаларға, тыстамалы кітап басылымдарына олардың құрылымдарына және суретшінің ойына сәйкес күрделі пішін беру. Керту жапсырмалардың, орамдар мен қатырма қораптардың, ойыншықтар, пошта конверттерін, сонымен бірге жарнамалық басылымдар мен баспаның арнайы тапсырыстары бойынша шығарылатын мектеп жасына дейінгі және төменгі сынып оқушылары үшін басылымдарда міңдетті түрде қолдалынатын операция болып табылады. Күрделі пішіндегі бұйымдар мен басылымдар шығару үшін кертудің үш тәсілі қолданылып, оларда жылжымалы - пышақпен кесу, жылжымайтын фигуралы пышақпен кесу және ротациялық керту принциптері пайдаланылады.


Перфорациялау сұлбасы:
а- дискілі тісті пышақтар және олардың қайрау түрлері; б-бүгілім аппараттарьшдағы мақсатты саңылаулар; в-перфорациялау машиналарындағы сәндік саңылауларды, 1-перфорациялаушы пышақ, 2-тірек секциялары,
3-парақтар буындысы, дәптер немесе блоктың бөлігі, 4-перфорациялаушы тарақ,
5-перфорациялаушы матрица.

Ілгері қозғалатын қайтарманы фигуралық пышақпен кесу принципі ауыр түрдегі тигельдік престерде қолданылады. Ауыр типті керту престері үлкен пішімді, әртүрлі қалыңдық пен қаттылықтағы табақтық жартылай даяр өнімдерді өңдеуге мүмкіндік береді, бағдарламамен басқарылатын престерде мөр әрбір циклден кейін жаңа орынға ауысады, бұл баспа-таңбаларда шағын пішімдегі бірнеше ондаған бірегей бейнелерді орналастыруға мүмкіндік береді. Олар әмбебап, кез-келген өнімді өңдей алады, бірақ олардың жылдамдығы онша емес, сондықган да көбінесе ірі пішімді орамдар мен қаптамалар өндірісінде қолданылады.


Тигельдік престерде пышақпен керту үшін пышақтар У8 маркалы жоғарғы көміртекті болаттың жіңішке (25мм шамасындағы) жолағынан жасалады, Роквелл бойынша беріктігі 60 бірлікті болат жұмырлау радиусі үлкен пышақтарды, ал беріктігі 54 бірлікті болат-жұмырлау радиусі кіші пышақтарды жасау үшін пайдаланылады. Егер керту дайындаманың немесе бұйымның периметрі бойынша жасалынса, онда жүзі біржақты жонылады да, онда пышақ суреттің контуры бойынша қиындылар жағына қарай, жүзін сыртқа қаратып, иеді. Саңылауларды (терезелерді) керткенде, пышақтың жүзі бір жағынан қайралады, бірақ пышақ жүзімен ішке дайындаманың немесе бұйымның кесілуші жағына қарай иіледі. Егер өңдеу нысанының екі бөлігінің де бөліктері болса, онда пышақ жүзін екі жақтан қайрап, екі немесе төрт қырлы етеді. Иілуден кейін пышақ ұштары пісіріледі де, пісірілген жер қажалып, тегістеледі. Даяр пышақ қалың көп қабатты, алдын-ала пышақ пішіндегі фигуралы ойық ойылған, қаңылтырдан жасалынған қалыпқа бекітіледі.
Қозғалмайтын фигураны пышақпен керту принципі (сурет,б) шағын
көлемді және құрылысы қарапайым жартылай автоматтарда қолданылады,
олардың орындаушы механизмдері (гидравликалық жетекті итергіш, тесік фигуралы пышақ, жайғастыру және қабылдау науасы) кішігірім, 15° шамасындағы, көкжиекке көлбеу орналасқан.
Даярлама бумасын тесік пышақ арқылы сығымдау принципінің өзі пышақ пішінін күрделі етіп жасауға мүмкіндік бермейді, сондықтан да ол көбінесе жапсырмаларды, қалта күнтізбелерін және басқа да бұрыштары жұмырланған тік бұрыш тәріздес өнімдерді шығаруда қолданылады. Фигуралы пышақтар жалпақтау (100 мм шамасындағы) болат жолағынан жасалынады, ал дайын пышақтар үшін арнайы жиектемелер жасайды немесе оларға итергіштер гидрожүйесінің корпусына, не қабылдау столына берік бекіту үшін детальдар қосып пісіреді.
Пышақтары қозғалмайтын престер құрылымның қарапайымдылығы тапсырысты ауыстырғанда қайта реттеуге уақытты онша көп қажет етпейді. Тек пышақты ауыстыру және салу столы мен қабырғалардың пышақ жүзінің ең жақын жиектеріне байланысты орналасуларын реттестіру қажет. Пышақтары қозғалмайтын керту пресінің өнімділігі едәуір жоғары: ГФ«Полиграфресурсы» фирмасының Зарайск бөлімшесінің ПВЭ-2M типтес жартылай автоматы бір жұмыс циклі ішінде биіктігі 10-12см буманы, яғни бірнеше жүздеген даярлама данасын өңдейді. Бұл принциптің көпшіліктеріне пышақтарды кең жолақты болаттан жасаудың салыстырмалы қиындығын, оны бекіту жүйесінің күрделілігін, алынатын өнімдердің көлемдерінің кішілігін (аумағы 2дм2 дейін) жатқызуға болады. Кертудің ротациялық принципі (сурет,в) кесуші жиегі цилиндрлік жазықта орналасқан және цилиндрлік берік тіректі фигуралық пышақты - марзанды пайдалануды қажет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет