12 жылдық білім беру білім мазмұнын түбегейлі жаңартудағы қажеттілік пен тиімділік



Pdf көрінісі
Дата03.04.2017
өлшемі164.11 Kb.
#11056

12 жылдық білім беру - білім мазмұнын түбегейлі жаңартудағы 

қажеттілік пен тиімділік  

                      



  

Қазіргі  жағдайда  қоғамның  білім  деңгейі  мен  интеллектуалдық  әлеуеті 

халық байлығын құрайтын маңызды сипатқа ие, ал адамның білімділігі, кәсіби 

икемділігі,  шығармашылыққа  талпынысы  және  қолайсыз  жағдайларда  әрекет 

ете  білуі  еліміздің  дамуына,  тұрақтылығына  және  қауіпсіздігіне  негіз    бола 

алады.  


     Жалпы  орта  білім  алу  білімін  одан  әрі  жалғастыру,  мамандық  алу  және 

өмірде табыстарға жету үшін әрбір адамның мүмкіндіктерін қамтамасыз етудің 

іргелі қажеттілігі болып табылады. Қазақстан мектептерінің түлектері өзгермелі 

өмірдің  жаңа  тұжырымдамалары  мен  үрдістерін  қабылдауға  дайын,  саналы 

таңдау жасауға, сондай-ақ барлық өмір бойына өмірдегі өзгермелі жағдайларға 

икемді болуға үйренуі тиіс

.[1]

                                           



     Соңғы  жылдары  жалпы  орта  білім  берудің  саласында  жүргізіліп  жатқан 

реформалар  Қазақстандық  білім  берудің  жоғарғы  сапасын  қамтамасыз  етуге, 

оқытуды  даралау  мен  бейімдеуге,  білім  деңгейлерінің  сабақтастығын  сақтау 

бағытын жетілдіруге бағытталып отыр. Бұл қазіргі қоғамның дамуы өмірге жан-

жақты  дайындалған,  еңбек  сүйгіш,  өздігінен  білім  алуға,  өзін  іс  жүзінде 

көрсетуге, өзін-өзі дамытуға және кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге 

дайын,  өз  мүддесімен  қоғам  мүддесін  іскерлікпен  ұштастыра  білетін,  жан-

жақты мәдениетті, шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу қажеттігінен туындап отыр.  

      Бүгінгі  күні  12  жылдық  жалпы  орта  білім  беруге  көшу  білім  беруді 

дамытудың  ең  басты  міндеттеріне  айналып  Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Назарбаевтан  қолдау  табуда.  Ол  өзінің  Қазақстан  халқына  арналған 

жолдауында:  «....Әйтсе де, барлығы да мектептен басталады. Сондықтан да біз 

12 жылдық жалпы орта білім беруге көшуіміз керек» деп нақтылап айтқан және 

Білім  және  ғылым  министрлігіне  заманға  сай  білім  алуға  және  озық 

технологияларды 

игеруге 


мүмкіндік 

беретін 


білім 

берудің 


тиімді 

инфрақұрылымын жасауды аяқтауды тапсырған.

[2]

                                             



     2008-2009 оқу жылынан бастап 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшу 

басталды.  Бүгінгі  күні  білім  беру  мазмұнын  жаңартуды  көздейтін  Қазақстан 

Республикасының  білім  беру  тұжырымдамасы  жан-жақты  талқыланып,  Білім 

және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде мақұлданды.  

     Бұл  тұжырымдама  Қазақстан  Республикасының  “Білім  туралы”  Заңына; 

“Қазақстан  Республикасын  2010  жылға  дейін  дамытудың  стратегиялық 

жоспарына”,  “Қазақстан  Республикасында  білім  беруді 2005-2010 жылға  дейін 

дамытудың  мемлекеттік  бағ­дарламасына”,  Қазақстан  Республикасының 

Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  “Қазақстан  экономикалық,  әлеуметтік,  саяси 

жаңғырудың  қарқынды  жолында”  атты  Жолдауына,  Болоньдегі  Еуропа  елдері 

білім  министрлерінің  кеңесіне,  ЮНЕСКО-ның  үздіксіз  білім  беру  туралы 

ұсыныстарына  сәйкес  әзірленді.  Біздің  еліміздегі  қалыптасқан  білім  жүйесі 



академиялы, түбегейлі деп бағаланатынын айта кетуіміз керек. Бірақ жыл асқан 

сайын  оқу  бағдарламалары  бойынша  11  жылда  берілетін  білім  көлемінің 

ауқымдылығы оқу жүктемесінің шектен тыс көбеюіне әкеліп, білім сапасы мен 

оқушылар  денсаулығына  кері  әсерін  тигізіп  отыр.  Қалыптасқан  бұл  жағдай 

оқушылардың  оқуға  ынтасын  да  төмендететінін  тәжірибеден  байқап  жүрміз. 

Осыған орай қазіргі білім беру тәжірибесінде білім көлемін жинақтай отырып, 

оқу  материалын  жеңілдетуді,  сондай-ақ  құзырлылыққа  жетуге  бағдарланған 

білім  мазмұнын  қарастырып  отыр.  Бүгінгі  таңдағы  еліміздің  білім 

ұйымдарының  басты  міндеті-  баланың  денсаулығына  жағымды  ықпал  етуді 

көздейтін  білім  беру  ортасын  құру.  Біз  өмір  сүріп  отырған  уақыт  алдыңғы 

толқынның  заманына  мүлдем  ұқсамайды.  Бала  болашағы  оның  жаңа 

тұжырымдарды  түсінуі  мен  қабылдай  білуіне,  дұрыс  таңдау  жасауына,  бүкіл 

өмір  бойына  өзгермелі  жағдайларға  тез  икемделе  білу  қабілетіне  байланысты 

болмақ.


[3]

                                           

      12  жылдық  мектептің  басты  ерекшелігі-  баланың  жан-жақты  дамуына,  өз 

пікірі  мен  ойын  ашық  жеткізуіне,  әр  адамға  табиғатынан  берілген 

шығармашылық  әлеуетін  толық  іске  асыруына  ықпал  ететін,  өзін-өзі  танып, 

келешегін  айқындауға  саналы  түрде  дайын  болуға,  қоғамның  экономикалық, 

мәдени,  саяси,  өміріне  белсенді  араласуға  мүмкіндік  беретін  психологиялық-

педагогикалық  институт  ретінде  қалыптасуында  болып  отыр.  Оның  жаңа 

құрылымына  тоқталатын  болсақ,  12  жылдық  білім  беру  жүйесі  5+5+2 

сатыларынан тұрады. Бүгінгі күні осы құрылым мен жаңа мазмұнға негізделген 

жалпыға міндетті білім стандарттары әзірленуде.

[4]


                                           

       Бірінші саты- бастауыш мектеп (1-5 сынып). Білім алу 6 жастан басталады, 

ұзақтығы- 5 жыл. Осы жастағы балаларды оқыту біздің тәжірибемізде бұрыннан 

бар. 


       Бүгінгі  күні  баланы  5  жастан  бастап  тәрбиелейтін  мектепалды  даярлық 

бағдарламасының  мектепке  дейінгі  мекемелерде  тәжірибеге  енгізілгеніне  бес 

жылдан  асып  кетті.  Ал  алты  жасар  баланы  оқытудың  ғылыми-әдістемелік 

негіздері  мен  практикалық  тиімділігі  жан-жақты  зерттеліп,  оқу-тәрбие 

процесіне енгізудің нақты қадамдары жасалуда. Оларды мектепке қабылдаудың, 

оның  жас  және  жеке  ерекше­ліктеріне  қарай  жағдай  жасау  арқылы  оқытудың 

тиімді  әдіс-тәсілдері  тәжірибеге  енгізіліп,  еліміздің  104  мектебінде  сынақ 

тәжірибеден өтуде. 

      Білім берудің бастауыш  сатыдағы оқыту  кезеңін  бес  жылға  ұзарту  мәселесі 

баланың  физиологиялық,  психологиялық  дамуы  мен  дене  бітімінің 

қалыптасуындағы жас ерекшеліктері ескеріле отырып, осы бағыттағы көптеген 

ғылыми-зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес қарастырылды. 

       Ал екінші саты- (6-10 сынып) жалпы орта білім беру дайындығының негізін 

қалап,  оқушының  қоғамдағы  өзгерістерге  сай  әлеуметтік-психологиялық 

бейімделуі  мен  ғылыми  дүниетанымын  кеңейтуді,  сондай-ақ  жеке  тұлғалық 

сапаларының  қалыптасуын  қамтамасыз  етуді  көздейді.  Оқытудың  бұл  кезеңі 



оқушының  үшінші  сатыдағы  бейіндік  оқыту  түрін  саналы  түрде  таңдауына 

бағдар  беретін  бейіналды  дайындықтың  енгізілуімен  ерекшеленеді  десек, 

үшінші сатысында (11-12 сыныптар) бейіндік оқыту енгізіледі. 

       Мұндағы  басты  мақсат-  оқытуды  даралау  мен  саралауға  бағдарланған 

оқытуды  енгізу  арқылы  жоғары  сынып  оқушыларының  қажеттілігі, 

қызығушылығы  мен  қалауына  сәйкес  тұлғалық  және  өмірлік  өзін-өзі 

анықтауына  әсерін  тигізетін  бейіндік  оқытуды  жүзеге  асыруға  жағдай  жасау. 

Бейіндік  оқыту  идеясы  өзіміз  өмір  сүріп  отырған  кезеңде  қоғамды 

демократияландыру  процестерінің  әсерінен  туындап  отыр.  Елімізде  біраз 

уақыттан  бері  әлемдік  білім  беру  жүйесіне  еніп,  өзіндік  бағыт  алған  гимназия 

мен лицейлердің, дарынды балаларға арналған арнайы мектептердің тәжірибесі 

осы бейіндік оқытудың алғашқы қадамы болып саналады.

 [5]

                                           



        12  жылдық  білім  беру  жүйесі  оқушыны  бейіндеп  оқыту  арқылы  өзіндік 

талабын  қанағаттандыруды,  оның  жеке  тұлға  ретінде  дербес  қалыптасуына 

мүмкіндік  береді.  Ол  мынадай  міндеттерді  жүзеге  асыруды  көздейді: 

оқушыларға бейінді оқытудың белгілі бір бағытын таңдауына мүмкіндік туғызу; 

оқушылардың  әлеуметтік  және  жеке  кәсіби  жағынан  өзін-өзі  анықтауына, 

өзгермелі  қоршаған  ортаға  бейімделе  білуіне  септігін  тигізетін  өзіндік  білім 

алуын ұйымдастыру.т.б. Нәтижесінде оқушының болашақ мамандығына саналы 

таңдау  жасауына  жағдай  туады,  өзіндік  іс-әрекетін  бағалай  білуге 

дағдыландыратын  түпкілікті  құзіреттерге  қол  жеткізіледі,  сөйтіп  оқушы­ның 

одан әрі білім алуын жалғастыруына игі ықпал етеді.

[6]

                                           



         12  жылдық  жалпы  орта  білім  берудің  құрылымдық-мазмұндық  моделі 

мынадай  ұстанымдарды  басшылыққа  алады.  Атап  айтсақ,  жеке  тұлғаның  жас 

және  табиғи  ерекшеліктерінің  басты  назарда  болуы;  жеке  тұлғаның  балалық 

шағының  ескерілуі;  барлық  жұмыс  оқыту  мен  тәрбиеге  бағытталуы  назарда 

болады.  12  жылдық  білім  беру  жүйесіндегі  басты  артықшылық  –  баланың  тек 

қана білім алып ғана қоймай, бейімі мен икемділігіне, таңдайтын мамандығына 

қарай алғашқы кәсіби бағдар алып шығуында жатыр. Яғни, 11-12 сыныптардағы 

білім  мазмұны  оқушының  жоғары  оқу  орнының  алғашқы  курстарында  алатын 

білім  мазмұнымен  кіріктіріледі.  Оқушы  мен  оқытушы  арасындағы  өзара 

түсіністік  пен  ықпалдастыққа  негізделген  оқыту  процесі  оқушының  ойлау 

жүйесінің  дамуына,  құндылық  бағдарының  айқын­далуына,  қарым-қатынас 

жасай білу дағдысының қалыптасуына игі ықпал етеді. Нәтижесінде оқушының 

танымдық  қабілетінің  деңгейін  өсіріп,  ойлау  қабілетін  арттырып,  ақпаратты 

қабылдап  қана  қоймай,  оны  талдап,  өзіндік  тұжырым  жасай  алатын  дәрежеге 

қол  жеткізеді.  Бұл  үрдіс  12  жылдық  білім  беру  жүйесінде  білім  мазмұнын 

түбегейлі жаңартумен қатар, оқытудың тың әдістемесін дүниеге әкелді. Әрине, 

бұл құнды идеялардан туындайтын жаңа оқыту технологияларын енгізуді талап 

етері  сөзсіз.  Дегенмен  әлемдік  қолданыста  оң  нәтижесін  көрсетіп  келе  жатқан 

кредиттік  технология  сияқты,  бұл  да  өз  шешімін  береді.  Білім  жүйесінің    бұл 


жаңа  тәсілі  төрт  жылдан  бері  еліміздің  104  мектебінде  тәжірибе  жүзінде 

жүргізіліп келе жатыр.  

Білімді  реформалаудың  басты  міндеті-  мемлекеттік  білім  беру  жүйесін 

әлемдік  үздік  үлгіге  сәйкес  деңгейге  көтеру.  Жеке  тұлғаның    білім  алу  және 

рухани  қажеттіліктерін  оның  мүмкіндіктерін  ескере  отырып  қанағаттандыру, 

қалыптастыру,  адам  білім  үшін  емес,  білім  адам  үшін  деген    оқу  тәрбие 

процесін  ізгілендіру,  ізгілік  принциптерінің  қайта  түлеуі  арқылы  жүзеге 

асырылуы  тиіс.  Сонда  ғана  білімнің  беделін  арттыруға,  білім  беру  саласының 

мемлекет пен қоғам өміріндегі асым мәртебесін нақты орнықтыруға болады.

[7]


                                            

Реформаның  негізгі  бағыттары:  жалпы  білім  беретін  орта  мектепте 

оқытудың  оңтайлы  кезеңі;  білім  берудің  жаңа  мазмұны  мен  технологиясына 

көшу;  жеке  тұлғаның  үйлесімді  дамуына  жағдай  жасайтын  білім 

дайындығының      базалық  компонентін  анықтау;  орта  мектептің  қалыптасқан 

жағдайға тезірек  бейімделу үшін оның құрылымын өзгерту; жалпы  орта білім 

алудың қорытынды кезеңінде бейіндік даярлыққа жол ашу; мектептің өзгермелі  

жағдайларға  сайма-сай  және  дер  кезінде  бейімделуіне  мүмкіндік  туғызу;  өз 

бетінше даму механизмін қалыптастыру болып табылады. 

Ал реформалау келесі принциптерге жүктеледі:  

1.

 

білім  берудің  қол  жетімділігі,  әрбір  азаматтың  ұлтына,  діни  наным-



сеніміне,  әлеуметтік  шығу  тегіне,  тұратын  жеріне  және  материалдық 

жағдайына қарамастан, білім алуға тең құқықтылығы;  

2.

 

ұлттық-мәдени    және  өңірлік  негіздерін  біріктіру;  білім  беруді 



ізгілендіру мен демократияландыру;  

3.

 



білім  және  тәрбие  міндеттерінің    жүйелілігі,  білім  алу  жолдарының 

вариативтігі; жас ұрпақтың денсаулығын сақтау;  

4.

 

білім  берудің  үздіксіздігі  және  оның  атыларының  сабақтастығы 



жатады. 

Білім  беруді  жаңарту-  үнемі  алға  қарай  ұмтылу  мен  дамыту  үдерісі,  бұл 

білім  беруде  кезең-кезеңмен  өтетін  және  алынған  нәтижелерге  сәйкес  түзету 

енгізіліп,  талданатын  өзгерістер.  Сонымен  қатар  білім  беруді  жаңарту  үдерісі- 

салт-дәстүрді,  мәдени  мұраны,  жалпы  ұлттық  құндылықтарды  көздің  

қарашығындай сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады. 

Сондықтан да  12 жылдық оқытуға біртіндеп көшуді жүзеге асыру- оның 

қажеттілігі  мен  тиімділігі  әр  педагогтың,  ата-ананың  саналы  түрде  түсінуін, 

қабылдауы  мен  оған  белсенді  түрде  араласуына  мүмкіндік  беруді,  асқан 

ұқыптылық пен сезімталдықты қажет ететін үдеріс.                                          

Әлемдік  білім  кеңістігімен  бірігу,  біздің  білім  нәтижесі  көрсететін 

аттестаттарымыздың  шет  мемлекеттерінің  мойындауы-  Қазақстанның  білім 

жүйесінің ең маңызды мүдделерінің бірі. 

       12  жылдық  білім  беруге  көшу  Қазақстандық  білім  жүйесін  реформалауды, 

шығармашылықпен  дамыған  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға  бағытталған  жаңа 

ұлттық  үлгіні  жасауды,  «Жалпыға  арналған  білімнен»  «Білім  әркімге  өмір 



бойы» үлгісіне сапалы түрде көшуді және әлемдік білім кеңістігіне жедел енулі 

қамтамасыз етеді.

[8]

                                           



       12  жылдық  оқытудағы  басты  мақсат:  қарқынды  дамып  келе  жатқан  ортада 

өмір сүруге қабілетті, өзін-өзі дамытуға,өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін 

көрсете  білуге  бейім,  өз  ойын  еркін  айта  білуге,  өзін  көрсете  білетін  жоғары 

білімді,  ұлттық  тілді,  тарихты  жетік  меңгерген,  отандық  және  әлемдік 

мәдениетті  бойына  қалыптастырған,  бәсекеге  қабілетті,  шығармашыл  дамыған 

тұлғаны қалыптастыру болып отыр.

 

                                          



    Осы  мақсатқа  жету  үшін  келесі  негізгі  міндеттер  туындайды  яғни,  ол 

тәрбиелеу  және  дамыту  іс-әрекетін  ұйымдастыру  және  құзыреттіліктерді 

қалыптастыру мен дамыту, жеке тұлғаның қалыптасуына көмектесу, оның ішкі 

мүмкіншілігі мен бейімділігі, мақсат- мүдделері мен шығармашыл қабілеттерін 

байқалуы мен  қалыптасуына жағдай жасау. Баланың табиғи қабілеттерін,  жеке 

бас  құзыреттілігін  дамыта  отыра  оқыту  деген  басты  ұстаным  болып  отыр.  Ал 

мақсатқа  жету  үшін  жеке  тұлғаны  дамытуда  келесі  бес  құзыреттіліктерді  бала 

бойына  дарытып,  дамыту  қажет;  яғни,  коммуникативтік  құзыреттілік, 

әлеуметтік  құзыреттілік,  танымдық  құзыреттілік,  мәселені  шешу  құзыреттілігі 

және ақпараттық құзыреттілік.  

     Жеке  тұлғанның    дамуы  үшін  баланың  қарқынды  іс-әрекеті  болуы  шарт. 

Алайда  кез-келген  іс-әрекет  баланың  қабілетін,  дарынын,  мінез-құлық 

белгілерін, білік пен дағдыларын дамыта алмайды.

[9]


                                           

      Жеке  тұлғалық  қасиеттерге  бағытталған  оқыту  арқылы  ұстаз  оқушының 

қазіргі заманға, қоғамға бейімделу мүмкіндіктерін арттыруын қалыптастырады, 

оқушылардың  жобалау,  ғылыми-зерттеу  іс-әрекетін  ұйымдастыру  әдістемесі 

арқылы  тұлғаның  шығармашылық,  ізденушілік  қабілеттерін  тәрбиелеу  болып 

табылады.  Яғни,  айрықша    назар  аударатын  мәселе-  мұғалімнің  ақпараттық 

құзіреттілігі.  Жаңа  формация  мұғалімі  «дайын»  білім  көзі  ғана  болмай, 

керісінше,  мектеп  оқушыларының  танымдық  іс-әрекетінің  ұйымдастырушысы 

және үйлестіруші бола білуі, білімінің құндылығы ретінде сипатынан терең мән 

бере білуі, нәтижеге бағдарланған білім сапасын арттыруда жаңаша жолдар мен 

әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет. 

  

      Қорыта  айтқанда,  12  жылдық  білім  беруге  көшу  еліміздің  білім 



саясатындағы  келелі  мәселелерді  шешуде  нақты  қадам  болып  табылады.  Білім 

беру  құрылымы  мен  мазмұнының  түбегейлі жаңаруы  еліміздің болашағына ие 

болар  білікті  жастардың  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуына  игі  ықпал  ете 

отырып,  Қазақстанның  өркениетті  ел  ретінде  дамып,  алдыңғы  қатардан  орын 

алуына кепіл бола алады.   

 

 



Әдебиеттер: 

1.

 



ҚР 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. Астана, 2005.  

2.

 

Башарұлы Р. 12 жылдық орта білім беру құрылымын таңдаудың түйінді 



мәселелері. // Қазақстан мектебi.-2010.- №9.-с 3-6.  

3.

 



Әсемжанова  З.  12  жылдық  білім  беру  бағдарламасы  бойынша  қайта 

даярлау қызметі // Бастауыш мектеп.-2006. - №4. - 21-22 б. 

4.

 

Әлібеков Т. Қазақ мектебінде сапалы білім беруді қамтамасыз ету      



  мәселелері // ХХ ғасыр мектебі. 2006.-№5.-15-19 б.    

5.

 



Шерьязданова  Х.Т.,  Суркова  Т.И.  Педагогу  о  стиле  общения  с  детьми.- 

Алматы, 1996.-с.145. 

6.

 

Устемиров  К.,  Шаметов.Н.Р.,  Васильев  И.Б.  Профессиональная 



педагогика. Алматы. 2005.- 432 с. 

7.

 



Нағымжанова.Қ.М.  Оқыту  технологияларын  таңдау  және  мұғалімнің 

кәсіби-педагогикалық  мәдениеті.  Педагогикалық  қарым-қатынастың 

психологиялық-педагогикалық негіздері.//«С. Аманжолов оқулары- 2005» 

атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. 

Өскемен 2005. -538 б.  

8.

 



Ғ.М.Кертаева.  «Рахат»  мектебі:  жаңа  ғасырға  –  жаңа  мектеп.  Павлодар, 

2005.-297 б.  

9.

 

Нағымжанова  Қ.  Инновацияның  педагогика  ғылымында  дамуының 



тарихи деректері. Каменогорск, 2002.-с 57. 

 

Әбікенов Жарқынбек-Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, аға оқытушы 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Каталог: media -> upload -> 1534 -> 2014
2014 -> АҚТӨбе облысының тыл еңбекшілері ұлы отан соғысы жылдарында
2014 -> Ұлы отан соғысы жылдарындағы мұнайлы өҢір а. Ж. ƏБденов
2014 -> Айбек қалиев
2014 -> Абылай ханның Ресей империясына қатысты саясаты
2014 -> Шетелдегі этникалық қазақ қауымының қалыптасуы мен қазақтардың репатриациясы тарихын зерттеудегі негізгі тұжырымдар
2014 -> 1. 2 Мұстафа Шоқай зиялылық және ұлт зиялысы хақында
2014 -> Шахман нағЫМҰлы нағымов
2014 -> Ш. Уалиханов және Г. Потаниннің достық және ғылыми байланыстағы ықпалдастығы
2014 -> Түркілердің қолөнері туындылары негізінде мәдениеттанымдық құзыретті қалыптастыру жолдары Қ.Қадашева, Ұ. Асанова, Б. Ашикбаева


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет