12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент)



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата15.03.2017
өлшемі2,65 Mb.
#9686
1   2   3   4   5   6   7   8

Экологиялық мәдениеті

«Экологиялық

мәдениет» 

курсының


бағдарламасы

Қазақстан

Республикасының  «Білім  туралы»  заңына,

Қазақстан  Республикасының

Президенті  Н.Ә. Назарбаевтің  Қазақстан  халқына  жолдауы  «Қазақстан – 2050

стратегиясына», Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011–

2020 

жылдарға 



арналған 

мемлекеттік 

бағдарламасына,

Қазақстан

Республикасындағы 12-жылдық орта білім беру Тұжырымдамасына негізделіп

жасалған.

Ұсынылған курс  оқушылардың пәндік  және  негізгі құзіреттерін  дамыту

арқылы  оқушының экологиялық мәдениетін қалыптастыруға  бағытталған.

Оқушылар  экология

ғылымының

негізгі  заңдарымен  және  теориялық

материалымен  биология  курсында  танысқандықтан,  курс  мазмұнында  бұл

тақырыптар қарастырылмайды.

Пәнді  оқыту үрдісі  икемді  және  практикаға  бейімделген.  Экологиялық

мәдениеттің

негізгі  аспекттерін  меңгеру  оқушылардың

ойлау қабілетін

дамытуға  арналған  экологиялық тренингтер,  эссе  және  зерттеу  жобалары

арқылы  іске  асырылады.  Экологиялық

тұрғыдан  мәдениетті  тұлғаны

қалыптастыру

мақсатында  практикалық

дағдыларды  дамытуға  арналған


39

зертханалық, практикалық және өздік  жұмыстарға  баса  көңіл  аударылды.

Бұрын  меңгерілген  пәндік құзіреттер  (арнайы  жаратылыстану ғылымының

білім, білік, дағдылары) «Экологиялық мәдениет» элективті курсының аясында

оқушылардың түйіндік құзіреттері  мен  функционалдық сауаттылығының  әрі

қарай дамуына ықпал етеді.

Интеграциялау  және  пәнаралық принциптері  оқушылардың бойында

экологиялық

мәдениетті

қалыптастыру  жұмыстарын  ретімен  жүргізуге

мүмкіндік  беретін  жалпы ғылыми  түсініктер  мен  заңдарды  тереңдету  және

жалпылау үшін  жетекші болып табылады.

Пәнді 

оқытудың


мақсаты

оқушылардың

бойында

Қазақстан



Республикасының тұрақты  дамуы үшін  білім  берудің негізі – оқушыларда

экологиялық мәдениеттің  қалыптасуына  ықпал  ететін  негізгі  және  пәндік

құзыреттер арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту болып табылады.

Мақсатты іске асыру үшін келесі міндеттер қойылады:



адамның

басты 


экологиялық 

қажеттiлiктерiн 

сын 

тұрғысынан



қарастырып,    оқушылардың ойы  мен  санасын  дамыту,  тұтыну  мәдениеті

дағдыларын қалыптастыру;



оқушыларда  экологиялық

мәдениет  туралы  білім  мен  біліктерді

ноосфералық ойлау, жауапкершілік және борыш тұрғысынан қалыптастыру;

оқушылардың бойында  экологияның  өзекті  мәселелерінің шешімін

мотивациялық іс-әрекет  және  сын  тұрғысынан  талқылау    арқылы  іздестіріп,

шығармашылық көзқарас дамыту.

«Адам  және  тұтыну  мәдениеті»

атты  бірінші  бөлім  мазмұны

оқушылардың бойында  тұтыну  экомәдениетін  тәрбиелеп,  тиісті  дағдыларды

қалыптастыру  мақсатында құрылған.  Тұлғаның экологиялық  қажеттіліктерін

қалыптастыру  кезінде  түйіндік

құзіреттерді

қалыптастыру

үрдісін  біз,

адамзаттың тұтыну  мәдениетінің жоқтығынан  пайда  болған  экологиялық

мәселелерді  шешуді  негізге  алатын, қоршаған  ортаны қазіргі  және  болашақ

ұрпаққа  сақтап қалуды  көздейтін дүниежүзінің тұрақты  дамуы  бойынша    БҰҰ

конференциясы  резолюцияларының  Қағидаларын  (Рио-де-Жанейро,  1992)

талқылаудан бастаймыз.

Қазіргі  заман  адамының бойында  тұтыну  мәдениетін қалыптастыру үшін

оқушыларды  іс-әрекетке  бейімделген  ортаға,  негізінен  алғанда    экологиялық

моделдеу,  сараптама,  зерттеу  және  практикалық

жұмыстары,  Менің

гардеробым»,  «Жанұя  бюджеті»  сынды  жобаларға  және  оқытудың т.б.

формаларына тарту қажет деген ойдамыз.

«Ноосфера  және  экологиялық ойлау»  атты  екінші  бөлім  мазмұны

экологиялық сана  және  ноосфералық ойлау  арқылы  оқушылардың бойында

түйіндік құзіреттер  мен  экологиялық мәдениетті  дамытуды  көздейді. Қазіргі

заманда,  адамды  және  оның  қажеттіліктерін  бірінші  орынға қоюы  салдарынан

қоршаған  ортаға  залалын  тигізетін,  адамның антропоцентрлік  экологиялық

санасы  басшылық етеді. Қоғамдық экологиялық сананың бұл  түрін өзгертпесек,

экологиялық мәселелерді ғаламдық деңгейде шешу мүмкін емес.


40

«Адами өзгешелік»  парадигмасы  біздің  ғаламшарымыздағы  экологиялық

кризистің негізгі  себептерінің бірі.  Бағдарламада ұсынылған  эссе  тақырыптары,

тренинг  элементтері  бар  іс-әрекетке бейімделген  сабақтар  тұлғаның бойында

экологиялық сананың экоцентрлік типін дамытуға бағытталған.

«Экологиялық мәдениет  жауапкершілік  және  борыш  тұрғысынан»  атты

үшінші бөлім  мазмұны  адамның тұлғалық,

басқарушы  және  азаматтық

құзіреттерін дамытуға, сонымен қатар табиғат пен оның өкілдеріне деген моральдік

қатынасын

реттеп  отыратын  этикалық

принциптерді

ұстануын  дамытуға

бағытталған.

Бөлімнің негізгі идеялары «Экологиялық клуб құруды ұйымдастыру» іскер

ойыны,  лозунгтер құрастыру,  слайд  презентацияларын  дайындау,  «Халықтық

метеорологиялық

болжамдар»  тақырыбына  эссе  жазу,  шығармашылық

жұмыстарды қорғау және  дүниежүзілік  Жер  күні қарсаңында  «Жаһандық

ойлап,  жергілікті әрекет  жаса!»  тақырыбына  экологиялық акция ұйымдастыру

арқылы іске асырылады.

Нәтижесінде 

жастардың 

өзін-өзі


ұйымдастыруы, 

тәртіптілігі,

жауапкершілігі  және  борышы сияқты

өзіндік  белсенді

ұстанымдарының

құндылығы арта түседі.

Бағдарламаның  «Экологиялық тәуекелді  басқарудағы  экологиялық іс-

әрекет» тақырыбына  арналған  төртінші  бөлімі  оқушылардың бойында  іс-

әрекетті  адам  мен қоршаған  ортаның белсенді әсерлесу үрдісі  ретінде

қалыптастыра отырып іске асыруға негізделген.

Бағдалама  тақырыптық

экотренингтерді  сын  тұрғысынан  талқылау,

экожобаларды қорғау,  шығармашылық жағдаяттық есептерді  шығару, әртүрлі

экологиялық тәуекелдерді  анықтау  бойынша  практикалық жұмыстарды  жасау,

қала шуының адам денсаулағына әсерін зерттеу және мәселенің шешімін табу,

тұрғылықты  мекен  ауданының және  су қоймаларының экологиялық жағдайын

анықтау мақсатында топсеруен ұйымдастыру арқылы іске асырылады.

Кұзіреттерді 

бағалау 


критерийлері 

халықаралық

бакалавриат

бағдарламаларының негізінде іске  асады. Критериалды бағалау  жүйесі арқылы

материал қаншалықты  меңгерілгендігін, қайсы  бір  практикалық дағды қалай

қалыптасқандығын анықтауға  болады.  Бұл өз  алдына,  оқушылардың деңгейін

экологиялық мәдениет курсында меңгеруге қойылатын талаптарға қалай сәйкес

келетіндігін анықтауға мүмкіндік береді.

Курс  мазмұны    34  сағатқа  арналған,  оқу  жұктемесінің жалпы  көлемінің

50% -зы практикалық жұмыстарды орындауға бөлінген.



41

«Бекітемін»

Қазақстан Республикасының

білім және ғылым вице-министрі

___________________    М. Әбенов

«_____» ____________   2013 ж.

Оқытудың 12 жылдық моделі бойынша эксперименттік мектептердің 11-

12 сыныптарына арналған байқау Типтік оқу жоспары

Оқыту қазақ тілінде



Жаратылыстану-математикалық бағыт



Білім салалары және

оқу пәндері

Сыныптар

бойынша апталық

сағаттар саны

Жүктеме, сағат

11

12

апталық

жылдық

Инварианттық компоненті

Бейіндік пәндер

І

Математика және

информатика

6

6

12

408

1

Алгебра және анализ



бастамалары

3

3



6

204


2

Геометрия

2

2

4



136

3

Информатика



1

1

2



68

ІІ

Жаратылыстану

8

9

17

578

4

Биология



2

2

4



136

5

География



2

2

4



136

6

Физика



2

2

4



136

7

Астрономия



-

1

1



34

8

Химия



2

2

4



136

Бейіндік емес пәндер

ІІІ

Тіл және әдебиет

6

6

12

408

9

Қазақ тілі



1

1

2



68

10

Қазақ әдебиеті



2

2

4



136

11

Орыс тілі



1

1

2



68

12

Орыс әдебиеті



1

-

1



34

13

Әлем әдебиеті



-

1

1



34

14

Ағылшын тілі



1

1

2



68

ІV

Адам және қоғам

5

5

10

340

15

Қазақстан тарихы



2

2

4



136

16

Дүниежүзі тарихы



1

1

2



68

17

Адам.Қоғам. Құқық.



1

1

2



68

42

18

Өзін-өзі тану



1

1

2



68

V

Технология

1

1

2

68

19

Технология (ер және



қыз балаларға арналған)

1

1



2

68



Дене шынықтыру

3

3

6

204

20

Дене шынықтыру



2

2

4



136

21

Алғашқы әскери



дайындық

1

1



2

68

Инварианттық оқу



жүктемесі

29

30

59

2 006

Вариативтік компонент

Мектеп компоненті

Қолданбалы курстар

4

4

8



272

Оқушы компоненті

Таңдау курстары

3

2

5



170

Вариативтік оқу жүктемесі

7

6

13

442

Оқу жүктемесінің жоғары

шекті көлемі

36

36

72

2 448

ЖМБ бейіндік сыныптарының вариативтік компонентінде жүзеге

асырылатын қолданбалы курстар мен таңдау курстарының атаулары

Қолданбалы  курстар:

1. Қолданбалы экономика

2. Экологиялық мәдениет

3. Графика және жобалау



Таңдау курстары:

1. Генетика бойынша есептер шығару

2. Физикадан стандартты және стандартты емес есептер шығару

3. Стандартты емес химиялық есептер шығару

4. Сандар теориясының элементтері

5. Планиметрия мен стереометриядан практикалық есептер

6. Қазақстанның агроэкологиясы


43

5

Қалалық

және 

ауылдық

мектептерде

бейіндік 

оқытуды

ұйымдастырудың әдістемесі

Ауыл мектебін жаңарту педагогикалық ғылымның назарында ерекше орын

алуы қажет.  Ауыл  мектебі,  оқушылардың жалпы  мәдениетін  дайындаумен

қатар, ауылда әлеуметтік тұрақтылықты сақтауда және ауыл халқының мәдени

деңгейін көтеруде үлкен рөл атқарады. Сол себепті ауыл мектебінде неге және

қалай оқыту  сұрағы  ойдан  шығарылмаған,  ол  білімнің тұлғалық,  өмірлік  және

кәсіби қажеттілігінің маңыздылығынан туындаған шындық.

Бейінді  оқыту  проблемалары  бойынша қазіргі  кездегі  зерттеулердің, ауыл

мектебі


қызметінің

нәтижелерінің,

еңбек 

нарығындағы



әлеуметтік

жағдайлардың талдауы мынадай әлеуметтік қарама-қайшылықтарды анықтауға

мүмкіндік  тудырады:  экономиканың  әр  түрлі  салалары үшін қоғамның білікті

мамандарға  сұранысы  мен  жалпы  білім  беретін  мектепте  білім,  біліктілік  пен

дағды түріндегі білім нәтижелерін жоспарлануының арасындағы; бейінді білім

берудің көптүрлілігі  мен  ауыл  мектебінің оны  жүзеге  асыру  мүмкіншілігінің

шектеулігі; бейінді оқытудың көрсетілген мақсаттары мен ауыл мектебінің оған

жетудегі  нақты  мүмкіншіліктері.    Ауыл  мектептерінде  бейінді  оқытуды  енгізу

ауылды  дамытудың

жаңа


әлеуметтік-экономикалық

жағдайында  жүзеге

асырылуда,  олар үшін  келесі  сипаттар  тән:  экономиканың көпқұрылымды

түрлерінің дамуы,  ауыл  шаруашылық саласы  мамандарына  сұраныстың

жоқтығы, өндірістік  және әлеуметтік  салаларда  жаңа  мамандықтардың пайда

болуы,  халықтың жұмыспен қамтылу құрылымындағы өзгерістер,  ата-аналар

мен балалардың білім алуға сұранысы, ауыл оқушыларының қолайлы да сапалы

білім  алуына  жағдай  жасауға  бағытталған,  жалпы  білім  беретін ұйымдар

жүйесін қайта құрылымдау [25].

Бейіндік мектептегі оқытудың түрі мен әдістері

Оқытудың түрі – бұл  білім  алушы(оқушы)  мен  оқытушының  (мұғалім)

ұйымдасқан  іс –әрекеті.  Бұл  жерде  негізгі  мәселе  оқытушы  мен  білім

алушының (немесе білім алушылардың арасында) оқу барысында алынған білім

мен дағды, икемдерін қалыптастыру.

Оқытудың түрлері: күндізгі, сырттай, кешкі, білім алушының жеке жұмысы

(оқытушының бақылауымен  және  бақылауынсыз),  сабақ, дәріс,  семинар,

дәрісханадағы  (шеберханадағы)  тәжірибелік  сабақтар,  саяхат,

өндірістік

тәжірибе, факультатив, кеңес, сынақ, емтихан, жеке, жалпы, жеке-топтық.

Олар  білім  алушыларды  теориялық бағытта  дайындауы  мүмкін,  мысалы:

сабақ, дәріс, семинар, саяхат, конференция, «дөңгелек үстел», кеңес және білім

алушылардың жеке  жұмыстарының түрлері.  Сонымен қатар,  тәжірибелік

бағытта  да  дайындайды,  мысалы:  тәжірибелік  және  зертханалық сабақтар,

жобалаудың түрлері (жоба, реферат, баяндама, курстық жұмыстар, дипломдық

жұмыстар) және тәжірибенің барлық түрлері.

Оқытудың жеке  түрі - білім  алушының жеке жұмыс  жасауына,  оқу

материалдарының жеткілікті болуы және білім алушыға қолжетімділігінде.

Оқытудың бұл  түріндегі  танымдық тапсырмалар  сынып  алдында  жалпы

беріледі және әрбір оқушының өз күшімен жеке орындалады.



44

Оқытудың жеке  түрі, әсіресе,  физика,  химия,  математика  тапсырмаларын

және    орыс  тілі,  шетел  тілдерінен    жеке  жаттығулар  орындағанда  сәтті

қолданылады. Оқытудың бұл түріндегі танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың

педагогикалық 

құндылығы, 

ол 

білім 


алушының

ерекшелігін 

жақсы

ескеретіндігінде.



Оның жетістігі сараланған тапсырмалардың дұрыс таңдап алынуымен және

оны орындауда мұғалімнің жүйелік бақылау жасауымен анықталады.

Сонымен қатар,  саралай  оқыту    оқушыға  көмек  көрсету  шараларымен  де

көрінеді.

Ол тек дағды, икем және білімді саналы және берік меңгертіп қана қоймай,

сонымен қатар ұйымдастырушылық, мақсатқа  жетуде  беріктілік, қайсарлық,

тапсырылған  істі  жауапкершілікпен  атқару  және  басқа  жеке қасиеттерін

қалыптастырады.

Оқытудағы танымдық іс-әрекеттің жеке түрінің өз шектеулері де бар.

Бұл ұйымға  уақыт  көп  шығындалады  және  мұғалімдердің күші  көп қажет

болады. Ол оқытуда ұжымдық дамуға ықпал ете алмайды [26].

Танымдық  қызметтің жаппай  түрі – сыныптағы  барлық оқушылардың

ортақ танымдық тапсырманы  бір  мезетте  орындауын  танытады.  Бұл –

танымдық  қызметті ұйымдастырудың кең тараған  формасы,  ол  сабақтарда,

семинарларда,  саяхаттарда,  конференциялар  мен  көптеген  нақты  оқу

сабақтарында қолданылады.

Оның өзіндік сипаттары:

мұғалім  жұмыс  жасай  отырып,  сынып  оқушыларымен  тікелей қарым-

қатынас  жасайды,  түсіндіреді,  көрсетеді,    оқушыларға  тұтас  басшылық ете

отырып,  мәселелерді талқылауға баулиды. Әр оқушы білуі және меңгеруі тиіс

нәрселерді мұғалім бір мезетте тұтас сынып ұжымына көрсетеді.

Осы  форманың іске  асырылуы  барысында  мұғалім  оқушыларға  тікелей

идеялық-эмоциалық

ықпал  ете  алады,  оқушылардан  тиісті  ой,  сезім,

қиналыстар мен шешім табу түріндегі  жауап ала алады.

Әр  оқушы  мұғалім  берген  ақпаратты  «пайдаланады»,  оны  игеруге

ұмтылады.

Жұмыстың


жалпы  мақсатына

әр  оқушының

жеке  күш  жұмсауы

арқасында қол жеткізіледі.

Бұл форманың тиімді болуы үшін, мұғалім алдын ала жобалап, онан соң

сабақтың  үштағанды  мақсатына  жауап  беретіндей  оқу  жағдаяттарын  туғызуы

керек.  Ең басында,  сыныппен қатынас  орнатуы  керек,  алда  тұрған  білімді

қабылдау үдерісіне    оқушылардың зейіні  мен қызығушылығын  аудару  керек.

Мұндай  дидактикалық міндетті  шешуде  бақылау  жағдайын  туғызатын    оқу

проблемалық жағдаяттары  мен  сабақ соңындағы  тексеру  сұрақтары  тиімді

қызмет  атқарады.  Тек  проблемалық  қана  емес,  сонымен  бірге  ақпараттық,

түсіндірмелі-иллюстративтік 

баяндау 

да

қолданылуы 



мүмкін, 

бірақ


оқушылармен өзара  байланысуды ұйымдастырып,  тұтас  сынып ұжымымен  бір

мезгілде қарым-қатынас  жасау  және  сыныпқа  идеялық-сезімдік әсер  ету

назардан тыс қалмауы керек.


45

Танымдық  қызметтің жаппай  формасын қолданудың педагогикалық

тиімділігі,  көп  ретте,  мұғалімнің сынып  оқушыларының барлығын  назарында

жіті қадағалап,  олардың  әрқайсысының белсенді    жұмыс  жасауын қамтамасыз

етуімен    және  олардың зейінін  бір  тізгінде ұстауға  және  жұмыс  тәртібін

қамтамасыз етуімен танылады.

Егер  осы  форма  оқу  ақпаратын қарапайым,  жай ғана  оқушыға  жеткізе

салуға  негізделетін  болса,  онда  ол  жағдай  олардың  өзара  көмегі  мен

ынтымақтастығына

әсер  етпейді,  ал  мұның  өзі  олардың  әлеуметтік

белсенділігін дамытуға кері әсерін тигізеді.

Танымдық  қызметтің

бұл  формасының жеткіліксіздігі  ретінде  оны

қолданғанда, оқушылардың қоғамдық пайдалы қызметін іске асыру мүмкіндігін

тез арада шектеп тастайды, өйткені мұғалім олардың барлығын бірдей оқытады

[27].


Танымдық қызметті ұйымдастырудың топтық түрі

Танымдық  қызметті

ұйымдастырудың

топтық түрі  дегеніміз

- оқу

сабақтарында  оқушылардың белгілі  бір  тобының алдында  біртұтас  танымдық



міндеттер қойылатын оқытуды ұйымдастыру түрі. Топтың ірілі-ұсақты көлемі

түрлі  ше  болып  келеді,  топ  саны  жұмыстың сипатына байланысты,  2-ден  6

адамға  дейін өзгеріп  тұрады, бірақ одан  көп болмайды, өйткені  одан  саны  көп

болса, топтың белеснділігі мен нәтижелі жұмысын қамсыздандыру оңай емес.

Оқушылардың сабақтағы  топтық  қызметін  зерттеген  Котов  В.В.,  оның

құрамын былайша анықтайды:

1. Оқушылардың топтық тапсырма  орындауға  алдын  ала  дайындығы.  Оқу

тапсырмасының  қойылуы, мұғалімнің қысқаша нұсқаулығы.

2. Оқу  тапсырмасын  топтық

орындауды  талқылау  және  жоспарын құру.

Оқу тапсырмасын орындау тәсілдерін анықтау (бағдарлау қызметі), міндеттерді

бөлісу.


3. Оқу тапсырмасын орындау бойынша жұмыс.

4. Мұғалімнің бақылауы  және  топ  пен  жеке  оқушылардың

жұмысына

түзетулер енгізу.

5. Өзара бақылау және топта тапсырма орындауды бақылау. Оқушылардың

алған  нәтижелері  туралы  мұғалімнің шақыруы  бойынша  хабарлама  жасауы,

тощқтырулар 

мен 


түзетулер, 

мұғалімнің 

қосымша 

ақпараты 

және

қорытындыны  түйіндеу.



6. Топтың және тұтас сыныптың жұмысын жеке бағалау.

Танымдық  қызметтің осы  түрінің жүзеге  асырылуының жемісті  болуы,

бірінші  кезекте,  оның мұғалім  тарапынан  тиянақты дайындалуына  және әр

топты керекті дәрежеде зейінмен қадағалауына байланысты болады.

Оқу қызметінің топтық жұмыс  түрінде  жекелеген    оқушылар  мұғалімнің

орнын  басып,  олардың бір-біріне    нақты  көмек  беру  мүмкіндіктері  пайда

болады.  Топтық жұмыс  жасау өзара  жауапкершілікті,  зейін қоюшылықты

туғызып, жолдасының жұмысына қызығушылықтарын қалыптастырады [28].

Әдіс  (гр. methodos - зерттеу)  дегеніміз – табиғат құбылыстарын  зерттеу

тәсілі, қарастырылатын құбылыстарды  тануға  келу  жолы, ғылыми  таным

ақиқатты  орнатудың жоспарлы  жолы,жалпы  алғанда – іс-әрекеттің амалы,


46

тәсілі  немесе  бейнесі;  мақсатқа  жетудің тәсілі,  белгілі  бір  тәртіптелген  іс-

әрекет;  шындық болмысты  практикалық немесе  теориялықигерудің амал  не

тәсілдерінің жиынтығы. Әдіс  ретінде  белгілі  бір құрал-жабдықпен  жұмыс

жасайтын  опрециялардың жүйесі  танылып,  материалды ғылыми  зерттеу  мен

баяндау  амал-тәсілдері,    көркем  сұрыптау  амал-тәсілдері,  материалды  белгілі

бір эстетикалық идеалдар тұрғысынан бағалау жәнетоптастыру т.б.

1. Кез  келген  пәнді  оқыту әдістері  гносеологиялық тұрғыдан  пәннің негізі

болатын ғылымның әдістерімен байланысты болып келеді.

2. Әрбір әдісті  біріккен қызметтің түрі  ретіндесыртқы  түрі  бойынша

қарастыруға да, оқушының танымдық қызметінің ерекшелігін сипаттайтын ішкі

болмысы жағынан да қарастыруға болады.

3. Оқыту әдістерін  таңдау  танымдық және  практикалық мақсатқа,    оқу

материалының мазмұнына  және  оқу  іс-әрекеттерінің сипатына,  сонымен  бірге

оқушылардың жас ерекшелігі мүмкіндіктеріне байланысты анықталады.

4. Оқыту үдерісінде қолданылатын әдістер, әр алуан әдістемелік амалдарды

қоса  алғанда, өзара  тығыз  байланыста  ықпал  етеді, өзара өзгеріске  түседі.

Герберт  Нойнер  мен  Ю.К.  Бабанскийдің пікірінше,  оқыту әдісі  дегеніміз

«мұғалім  мен  оқушылардың белгілі  бір  оқу  материалын өңдеп-тану  арқылы

белгілі  бір  мақсатқа қол    жеткізуге  бағытталған өзара  байланысу  тәсілдерінің

бірізділкпен алмаса қолданылуы» және белгілі бір операциялардан тұратын іс-

әрекеттердің жиынтығы  белгілі  бір әдісті құрайды  дегенді  айтады.  Айтылған

операциялар «амал» терминімен аталады.

Оқыту әдісі,  ең алдымен,  мұғалімнің мақсаты  мен қолында  бар құралдар

арқылы  жасайтын қызметін  танытады.  Нәтижесінде,  оқушының мақсаты  мен

мұғалім  көрсеткен құралдармен  жұмыс  жасау

қызметі туындайды.  «Орта

мектеп  дидактикасы»  авторлары  оқыту әдістерін  төмендегі  сызба  түрінде

көрсетеді (1-сурет):

1-сурет – Оқыту әдістері

Оқушының

әрекеті


Оқытушының

әрекеті


Оқытушының

Орындалған

мақсаты

Оқытушының



құралдары

Оқушының


мақсаты

Оқушының


құралдары

Оқушының


қойылған

жеткізудің

механизмі

МАҚСАТ


47

И.Я.Лернердің пікірінше,  «әрбір әдіс  адамның алдына қойған  мақсатына

сәйкес,  саналы  түрдегі  бірізділікпен  жасалатын  іс-әрекеттерінің жүйесі  болып

табылады». «Әдіс ұғымын» анықтайтын анықтамаларды бұдан әрі қарай да мол

етіп  келтіре  беруге  болар  еді,  бірақ осы    аз  анықтамалардың  өзінен әдіс

дегеніміз – оқытудың алға қойылған  мақсатына  жетуге  бағытталған  оқу

тәсілдері  мен  формасының

тіркесімі  (бірлігі),  яғни әдіс  оқушылардың

танымдық  қызметінің тәсілін  де, ұйымдастыру  сипатын  да  танытады. Әдісті

формадан  ажыратын  басты белгі – мақсат  және әдістегі   оқушының білім  алу

тәсілі мен өзі қатысуының дәрежесі [29].

Дегенмен,  атап  кететін  мәселе  бар,  ол – оқыту әдістерінің жеке

дидактикалық және жеке пәндік деп аталатын  екі деңгейі бар екендігі.

Бұл 


ретте 

жекепәндік

әдістерге 

жатқызылатын

әдістер



жалпыдидактикалық деңгейде оқытудың амалдары, тәсілдері және формалары



деп  аталады.  Осы  арада әдіс  пен  форма ұғымдарының араласа  түсінілетіні

туралы мәселе де туындайды.

Жалпыдидактикалық әдістер дегеніміз:

түсіндірмелі-иллюстрациялық әдістер;

репродуктивтік әдістер (қайта жаңғырту);

ішінара ізденіс әдістері (эвристикалық);

зерттеу әдістері.

Бейіндік  мектепте  оқыту әдістері білімді  меңгерумен қатар,  іс-әрекет

тәсідерін меңгерге де ықпал етуі тиіс. Барлық оқушылардың өздерінің зерттеу

іс-әрекетінің

бастапқы 

интеллектуалдық 

қабілеттерін 

дамытуға, 

білім


стандартында қарастырылғаннан  да  анағұрлым  күрделі  мазмұнды  меңгеруге,

мүмкіндіктері болуы керек [30].

Бейіндік  оқыту  негізгі, қосымша  оқу әдебиеттерін,  ақпараттың басқа  да

дереккөздерін өз  бетімен  меңгеру,  шолу  дәрістері,  лабораториялық және

лаборатория-тәжірибелік жұмыстар, семинарлар, әңгімелесулер, коллквиумдар,

шығармашылық кездесулер т.б. сияқты әдістердің санын саналы түрде көбейтуі

тиіс.  Оқу  бейнефильмдерін,  электрондық мәтіндерді, ғаламтор қорын  тірек

ақпараттық материал  ретінде  танып,  шығармашылық бәйгелер ұйымдастырып

өткізу,  көпшілік  алдында  жобаларды

қорғау,  эвристикалық

бақылау

жұмыстарын өткізу;  табысты  бейіндік  оқытудың рейтингідік  бағалауын



қолдану; 

мекемелерге 

саяхат 

жасау, 


мамандандырылған 

көрмелер


ұйымдастыру,  ақылы  және  оқу  жұмыс  орындарында  тәжірибеден өту, өз

бетімен  жұмысқа  орналасу  және  ақылы  жұмыстарды  орындау,  экономиканың

үшінші секторында жұмыс жасау [31].

Бейіндік  оқытудың  әдістерінің ішінде  жобалау әдісі  танымдық  қызметтің

белсенді  түрі  ретінде  орын  алуы  керек.  Бейіндік  оқыту  субъект-субъектілік

қатынас  пен  біріккен қызметтің басқа  сипатының дамуына  алғышарттар

жасайды:

оқушыны  субъекті  ретінде  ерекшелеу,  оқушыны  білім  беру үдерісінің

басты құндылығы ретінде тану; оның қабілеттерін жеке мүмкіншіліктер ретінде


48

дамыту;  білім  берудің басты  мақсаты - оқушының жеке қабілеттерін  дамыту

екендігін мойындау;

оқытатындар мен оқитындар арасындағы қарым-қатынас типінің өзгеруі,

авторитарлық

басқарудан,  бағыныштылықтан,  ынтымақтастыққа  зорлап

қосудан      бас  тарту, өзара    көмектесу,  себебі ұжымдық іс-әрекетте әр  адам

талқыланып  отырған  проблеманы  шешуге

қатысып,

өз

қабілеті  мен



қызығушылығына даму қарқынына сай өзіндік шешімдер тауып жатады;

өзіндік даму заңдарын ескере отырып оқыту технологияларын жасау және

білім  берудің басты  мақсатын  жүзеге  асыру,  бұл  ретте  оқушының  қоғамда

қабылдаған  және

әлеуметтік  маңызды  болып  табылатын  субъектілік

тәжірибесін оның келісімімен анықтау және құрылымға түсіру;

мұғалім  жұмысының сабақты әр  баланың  өзінің ішкі  дүниесін  танытуға,

ойлағанын  іске  асыра  алуына,  жеке  дербестігіне,  пән  мазмұнын  таңдай  алуы,

баланың ішкі  және  сыртқы қарай  бағытталған  түрде құру  арқылы  оқушының

оқу  мүмкіндіктерін  дамытуға  бағытталуы;  баланың субъектілік  тәжриебсін

барынша  пайдалану;  оқушының білімге  деген қатынасын  анықтау;  оқушының

түрлі  танымдық  әдіс-тәсілдерді

қолдана  алуын  ынталандыру,

қарым-


қатынастың актив  формаларын  (диалог,  талқылау,  аргументация,  піркірталас)

ынталандыру;

оқытудың жеке траекториясының көмегімен бір пәннің, тіпті бүгінгі білім

саласының шегінен асып, оқушы үшін интегарлды деңгейдегі өмірлік  маңызы

бар мәселелердің шешім таба алуы.

Бейіндік  оқытуды ұйымдастырудың  қандай  формасы  тиімділік  таныта

алады?

Жекелеген  жағдайларда  болашағы  бар  бейіндік  оқытуды ұйымдастыру



формалары ретінде сәйкес білім стандарттары мен бағдарламаларды  жекелеген

мектептен  тыс  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін  оқыту  формалары

қарастырылады [32].

Жеке мектеп, сонымен бірге мектептер желісі және басқа білім мекемелері

тек қана таңдалған бейінді жүзеге асырып қоймай, сонымен қатар оқушыларға

қызықты  және әрқайсысы үшін  маңызды  болатын  басқа  бейіндік  курстарды

жүзеге  асырады.  Мұндай  мүмкіндік әр  алуан  білім  беруді ұйымдастыру

формалары арқылы да іске асырылуы мүмкін, сонымен бірге түрліше білім беру

ұйымдарының  қауымдасуы  арқылы  да  беріледі.  Бұл  жағдай    бір  мектептегі

жоғары  сынып  оқушысына, қажет  болғанда,  басқа  мектептер  мен  ТжКБ

ұйымдарының қызметін пайдалана алуына мүмкіндік брееді.

Бұл ретте сөз мектептер желісін,  оқушылардың білімдік қажеттіліктері мен

қызығушылықтарының толықтай  жүзеге  асуын қамтамасыз  ететін қосымша

білім беру ұйымдарын, ТжКБ құру туралы болып отыр.

Осылайша,  бейіндік  оқытуды ұйымдастырудың бірнеше  нұсқасы  мен

модельдерін анықтауға болады.

1)Мектепішілік  бейінделу моделі.


49

Жекелеген  мектеп  бірбейінді  болуы  мүмкін  (таңдалған  бейіндердің бірі

бойынша ғана  оқыту),  немесе  жоғары  басқышта  бірнеше  бейіндік  оқыту  яғни

көпбейінді болуы.

Мектептің тұтастай  алғанда,  белгілі  бір  бейінге    бағдарланбай,  элективтік

курстар саныны көбейтуі белгілі бір бейіндік  және элективтік курстарды қосуы

арқылы оқушылардың жеке бейіндік білім бағдарламасын жүзеге асыруы.

2)Желілік ұйымдар моделі.

Мұндай  модельде  нақты  мектептің

оқушыларды  бейіндік  оқытуы  басқа

білім ұйымдарынан  білім ресурстарын мақсатты және ұйымдастырылған түрде

іске  асырылуы  айтылады.  Мұндай модельді құру  екі  негізгі нұсқа  арқылы іске

асырылады.

Алғашқысы  бірнеше  мектептің  қуатты  материалдық және  күшті  мамандар

әлеуеті  бар    зор  мектептің айналасына үйіріліп,  сол  мектепке  «ресурстық

орталық» қызметін жүктеуі.

Бұл  жағдайда  ол  топқа  кірген

әрбір  жеке  мектеп    бейіндік  оқытудың

қандай да бір бөлігін  және базалық жалпы білім беру пәндерін қамтамасыз ете

алатындай болуы керек. Қалған бейіндік дайындықты «ресурстық орталық»  өз

мойнына алады [33].

Екінші  нұсқа  мектептің басқа  білім  беру ұйымдарымен  және  білімдік

ресурстарымен - қосымша,  жоғары,  орта  және  бастауыш    кәсіби білім

ұйымдарымен қауымдасуына  негізделген.  Бұл  жағдайда  оқушыларға  бейіндік

білім  алуды  таңдау құқығы  не өз  мектебінің  қабырғасында,  не  ол  мектеппен

қауымдасқан  білім құрылымдарынан  (қашықтан  оқу  курстарынан,  сырттай

мектеп,  ТжКБ жүйелері ұйымдарынан) болып келеді.

Жалпы  білім  беретін ұйымдардағы  бейіндік  оқыту  түрлері қандай  болмақ

деген  сұраққа  жалпы  білім  беретін  мектептің оқу  жоспарында  көрсетілген әр

алуан бейіндер жиынтығы болуы мүмкін деп жауап беруге болады.

Мұнда  техника-технологиялық бейіндер  болуы  мүмкін,  олар  материалдық

технология,  техника,  техникалық сервис  түрлері  болып  келеді.  Сонымен  бірге

материалдық емес құндылықтарды  жасау  және қызмет  көрсету  саласымен

байланысты  болуы  мүмкін:    бұқаралық сипаттағы    мұғалім,  экономист,

психолог,  менеджер,  заңгер, әлеуметтанушы,  журналист,  елші  т.б.  сияқты

мамандықтарға даярлайтын әлеуметтік-экономикалық бейінді атауға болады.

Жоғары басқышта жалпы білім беретін ұйымдардың бейіндік оқыту моделі

оқу  пәндерінің алуан  түрлі  орын  алмасу  мүмкіндіктерін  жоққа  шығармайды

[34].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет