12-модуль. ТҰЛҒааралық Қарым-қатынас психологиясындағы психотехнологиялар



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата19.04.2022
өлшемі356,64 Kb.
#31422
  1   2   3


12-МОДУЛЬ. ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС 

ПСИХОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ПСИХОТЕХНОЛОГИЯЛАР 

 

12-ДӘРІС. ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАҒЫ САНДЫҚ  

ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС. 

 

Оқытушы Айдосова Ж. 

 

Іскерлік  қатынас  адам  өмірінің  ең  маңызды  бөлігі  жəне  бөгде 

адамдармен  қатынас  жасаудың  негізгі  түрі.Мұндай  қатынастардың  басты 

қағидаларының бірі болып этникалық нормалар есептеледі, онда адамның 

ой  өрісі,  пайымдауы,  жақсылық  пен  жамандық,  шындық  пен 

ақиқатсыздық,  дұрыстық  немесе  бұрыстық  сияқты  қылықтары  беріледі. 

Адамның  моралдық  нормаларды  түсінуімен,  оның  мазмұнымен 

сипатталады,    іскерлік  қарым-қатынасты  жеңіл  немесе  қиын  немесе  тіпті 

қиындатып алуымен байланысты болады. 

Байланыс  немесе  қатынас  дегеніміз  қоғамдық  субъектілердің, 

əлеуметтік топтардың, халық немесе жеке тұлғалардың арасында ақпарат, 

тəжірибе, іс-əрекет қабілеттері мен нəтиже алмасуы жүретін өзара қатынас 

жасау үрдісі. 

Іскерлік  қарым-қатынастың  ерекшелігі  нақты  бір  іс-əрекет 

мақсатында  немесе  негізінде  пайда  болатын,  қандайда  бір  өнім  немесе 

іскерлік қажеттілікпен байланысты. 

Байланыстың басқа түрлері сияқты іскерлік коммуникацияның тарихи 

сипаты бар, ол қоғамның түрлі жүйесінде түрлі формада байқалады. Оның 

айырмашылығы іскерлік коммуникация басқа мақсаттарға қол жеткізудің 

құралы болып табылады. 

Іскерлік 

қарым-қатынас 

дегеніміз 

қарым-қатынастың 

прагмалингвистикалық, прагмапсихологиялық сипатын анықтаушы мінез-

құлықтың  перцептивті,  коммуникативті  жəне  интерактивті  дəрежесін 

қамтитын кəсіби коммуникацияның тұлғааралық мəдениетаралық аймағы. 

Іскерлік  қарым-қатынас  дегеніміз  ресми  қарым-қатынас  саласында 

болатын  коммуниканттардың  жалпы  құқығы  мен  мақсаттарына 

байланысты  нақты  мəселені  шешуге  қабілетті  жəне  қажетті  нəтижеге 

бағытталған коммуникация. 

Іскерлік  қарым-қатынас  төмендегідей  функциялар  атқарады: 

инструменталды  (басқарудың  əлеуметтік  механизмі);  интегративті 

(іскерлік серіктестерді байланыстыру); өзіндік презентация (жеке əлеуетін 

көрсете  алу);  трансляциялық  (іс-əрекеттің  нақты  тəсілдерін  бере  алу); 

əлеуметтік бақылау (мінез-құлық пен іс-əрекеттерін шектеу); əлеуметтену 

(іскерлік  қарым-қатынастың  мəдени  тəсілдерін  жетілдіру);  экспрессивті 

(эмоциялық  əрекеттесу). 






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет