12 –Тақырып. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу. Дәрістің мақсаты



бет12/16
Дата26.04.2022
өлшемі40.16 Kb.
#32399
түріҚұрамы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Ұсыным экономикасы тұжырымдамасының мәні – рынок субъектілерінің инфляциялық болжамдарын төмендетуге жеткізетін өндіріс шығындарын төмендету бойынша қаржылық және ақшалай саясат шараларының кешені есебінен ұсынымға нысаналы бағытталған ықпал жасау.Ұсынымды ынталандыру бойынша шаралар мыналарды кіріктіреді:

1) өндіріс шығындарына қосылатын салықтарды қысқарту;

2) еңбекке ақы төлеуге жұмсалатын шығындарды тоқтата тұру (еңбек өнімділігінің өсу қарқынын оған ақы төлеудің өсу қарқынынан озық жүруі);

3) өндіріс ауқымын ұлғайту бойынша ұйымдық-техникалық сипаттағы шаралар (жабдықтың тиелімін, оның жұмысының ауысымдылығын арттыру, бос тұрып қалуларды азайту, өндірістің ырғақтылығына жету);



4) өндірісті техникалық жетілдіру бойынша инновациялық бағдарламаларды енгізу.

Өндірістің өсуі тепе-теңдік сызбасындағы ұсыным сызығын оңға және төменге ауыстырады, бұл ұлттық өндіріс көлемінің ұлғаюын, бағалардың деңгейі мен инфляцияның төмендегенін білдіреді. Бұл бағытта заңдылыққа сәйкес Филлипс ауытқымасы бойынша анықталғандай тұрақтандыруға және инфляцияны төмендетуге жұмыссыздықтың өсуі есебінен жетуге болмайды.

«Ұсыным экономикасының» жаңа постулаттарының бірі экономикалық үдерістерге мемлекеттің араласуын азайту және жекеше бастама мен кәсіпкерлікті ынталандыру болып табылады. Бұл ретте мемлекет қаржыларына айрықша рөл беріледі, атап айтқанда, салықтарды қысқарту, мемлекет шығыстарын қысқарту, айналыстағы ақша санын азайту қарастырылады. Осы мақсатпен айналыстағы ақшаның белгілі бір өсімін белгілеу қажет, ол ұлттық табыстың, жұмыспен қамтылудың, бағалардың және төлем балансы сальдосының орташа өсуіне сай болуы тиіс. Бұл монетаристік мектеп ұсыныстарына сәйкес жүзеге асырылады. Ұсыным сұранымды басып озуы тиіс. Жаңа салықтық теорияның авторлары (Р.Хол, Г.Талок, И.Броузон, М.Ротбот, Л.Лаффер) екі «көңіл қанағаттанатын» түйінді тұжырымдады:

1) салық қаншалықты көбейсе, соншалықты салық салуға жатпайтын қызмет сфераларына жекелеген индивидтің еңбек сіңіруге ұмтылысын көбейтеді.

2) салық ауыртпалығы жинақақшалардың мөлшерлерін азайтады.

Сөйтіп, «ұсыным экономикасы» теориясының түйіндері экономикалық өрлеуді реттеудің басты амалдарының бірі салықтарды азайту болып табылатындығын паш етіп көрсетті.

«Ұсыным экономикасының» теориясы мәселені шешуді – экономикаға мемлекеттің араласуын азайтуды, инфляцияны бәсеңдетуді және салықтар мен мемлекет шығыстарын бірдей қысқарту жолымен экономикалық өсімнің қарқындарын көбейтуді ұйғарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет